ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 54-бапта:
бірінші бөліктегі "73-1, 73-2," деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктегі "ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда" деген сөздер "айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбiрленушiмен бірге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.";
2) 64-бапта:
бірінші бөлікте:
"73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
"79 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "127-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "73, 73-1 (1-1-бөлігінде), 73-2 (1-1-бөлігінде) және 73-3-баптарда" деген сөздер "73 және 73-3-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы ", 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі" деген сөздер алып тасталсын;
3) 73-баптың бірінші бөлігіндегі "жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда" деген сөздер "тұрғын үйде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 73-1 және 73-2-баптар алып тасталсын;
5) 127-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы –";
6) мынадай мазмұндағы 127-2-баппен толықтырылсын:
"127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг)
1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет –
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
7) 461-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";
екінші бөліктің бірінші абзацындағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 593-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
9) 684-баптың бірінші бөлігінде:
"73-1, 73-2," деген цифрлар алып тасталсын;
"126," деген цифрлардан кейін "127-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінде:
"73-1, 73-2," деген цифрлар алып тасталсын;
"127," деген цифрлардан кейін "127-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "73-1, 73-2," деген цифрлар алып тасталсын;
5) тармақшадағы "73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы "127-1," деген цифрлар "127, 127-1, 127-2," деген цифрлармен ауыстырылсын;
65) тармақшадағы "135-бап" деген сөздер "127, 127-1, 127-2, 135-баптар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |