Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 42-VIII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      2-бап. Кесімді баға мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2024 – 2026 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

      2024 жыл – бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары;

      2025 жыл – бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары;

      2026 жыл – бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары.

      3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ