Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 24 қарашадағы № 159-VII ҚРЗ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 42-VIII Заңымен

      Ескерту. Заңның күші жойылды – ҚР 05.12.2023 № 42-VIII Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Баспасөз релизі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заң 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге;

      2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;

      2025 жыл – 1 900 000 000 мың теңге.

      2-бап. Кесімді баға мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2023 – 2025 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

      2023 жыл – бір баррель үшін 48,9 АҚШ доллары;

      2024 жыл – бір баррель үшін 42,2 АҚШ доллары;

      2025 жыл – бір баррель үшін 40,3 АҚШ доллары.

      3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2021 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ