ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) бүкіл мәтін бойынша "мүгедектерді", "мүгедектердің", "мүгедектер", "Мүгедектердің", "мүгедек" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адамдар", "Мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 50-баптың екінші бөлігіндегі "1 және 2-топтағы мүгедектерге" деген сөздер "бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 53-1-баптың бірінші абзацындағы "436-бабының бірінші бөлігінде," деген сөздер алып тасталсын;
4) 54-баптың бірінші бөлігіндегі "436," деген цифрлар алып тасталсын;
5) 83-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына" деген сөздер "Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 191-бап алып тасталсын;
7) 233-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен және ескертпемен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адам деп қарыздар есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысын түсінген жөн.";
8) 234-1-баптың үшінші абзацындағы "болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану –" деген сөздер "болмауынан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында жоқ объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану –";
9) 282-бапта:
үшінші бөліктің 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) техникалық регламентте белгіленбеген ыдыстағы және орамдағы алкоголь өнімінің айналымы;
3) қаңылтыр ыдыстағы (сыра қайнату өнімінен және алкоголі аз сусындардан басқа), затбелгісі жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыра қайнату өнімін түпкілікті тұтынушыға құюды қоспағанда) алкоголь өнімінің айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бөлшек саудада өткізу;";
бесінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;";
оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Техникалық регламентке сәйкес этил спиртін, арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең төмен көлемін сақтамау –";
10) 283-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"283-бап. Толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы –";
11) 409-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
"4-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді және (немесе) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етпеуі –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
12) 436-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"436-бап. Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану";
бірінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер" деген сөздер "екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "бірінші және екінші бөліктерінде", "әрекеттер" деген сөздер тиісінше "екінші бөлігінде", "әрекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не заты болып табылған зат" деген сөздер "пиротехникалық бұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе алып тасталсын;
13) 482-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
"сол сияқты электрлі қаруды," деген сөздер "электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын," деген сөздермен ауыстырылсын;
"пневматикалық қаруды," деген сөздерден кейін "олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "қару", "әкеп соғады" деген сөздер тиісінше "қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері", "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "қару", "әкеп соғады" деген сөздер тиісінше "қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері", "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе "қаруды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"484-бап. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу
1. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
лицензияның және (немесе) рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
лицензиядан және (немесе) рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қару айналымы деп қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу түсініледі.";
15) 485-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"485-бап. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану";
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды" деген сөздер "Қаруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "қырық", "әкеп соғады" деген сөздер тиісінше "қару тәркiлене отырып және қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттан айыра отырып, қырық", "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Осы бапқа және осы Кодекстің 482-бабына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымына тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.";
16) 590-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";
төртінші бөліктің екінші абзацындағы "жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе" деген сөздер "бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.";
17) 613-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
"отыз" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкеп соғады" деген сөздер "не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "алты ай мерзімге айыруға әкеп соғады" деген сөздер "бір жыл мерзімге айыруға және бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бөліктің екінші абзацында:
"елу" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкеп соғады" деген сөздер "не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 637-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
4), 7), 8) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) байланыс операторларының байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзуы –";
мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"14. Пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
ескертпенің 3-тармағы алып тасталсын;
19) 667-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.";
екінші бөліктің екінші абзацындағы "он тәулiк мерзімге" деген сөздер "он бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "қырық" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 684-баптың бірінші бөлігінде:
"409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде)" деген сөздер "409 (7-1 және 7-8-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"483," деген цифрлардан кейін "485 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"590 (төртiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "590 (2-1, төртiншi және 4-1-бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздер "613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
"191," деген цифрлар алып тасталсын;
"485" деген цифрлар "485 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
2) тармақшада:
"484," деген цифрлардан кейін "485 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"613 (бірінші және он үшінші бөлігінде)" деген сөздер "613 (он үшінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "484 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "484, 485 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 691-баптың екінші бөлігіндегі "613 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
23) 692-баптың бірінші бөлігіндегі "637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде)" деген сөздер "637 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 722-баптың бірінші бөлігіндегі "233 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "233 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 722-1-бапта:
бірінші бөліктегі "233 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "233 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "233 (үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 727-баптың бірінші бөлігінде "613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 730-баптың бірінші бөлігіндегі "409 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде)" деген сөздер "409 (екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2, бесінші, алтыншы, жетінші, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 797-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "590 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "590 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және 4-1-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
"483," деген цифрлардан кейін "485 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
"590 (төртінші бөлігі)" деген сөздер "590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 5) және 6) тармақшаларда:
"590 (төртінші бөлігі)" деген сөздер "590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздер "613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы "613 (үшінші бөлiгi)" деген сөздер "613 (бірінші, үшінші, 3-1-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы "409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктері)" деген сөздер "409 (7-1 және 7-8-бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақшадағы "409 (жетінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;
30) 829-16-баптың төртінші бөлігіндегі "436 және 484-баптарында" деген сөздер "484 және 485-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 910-1-баптың бірінші бөлігінде:
"191 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
"464 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "484 (бірінші бөлігінде), 485 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 2) тармақшаларын;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 9) тармақшасы төртінші, жетінші, сегізінші және оныншы абзацтарының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"3) қаңылтыр ыдыстағы (сырадан, сыра сусынынан және күштілігі он екі пайыздан кем болатын градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқа), затбелгісі жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыра мен сыра сусынын құюды қоспағанда) алкоголь өнімінің айналымы;";
"2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап (шарап материалын), сондай-ақ сыра мен сыра сусынын өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап (шарап материалын), сондай-ақ сыра мен сыра сусынын өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;";
"10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемін сақтамау –".
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |