Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 1 шiлдедегi № 131-VII ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 106-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "алты" деген сөздің алдынан, үшінші бөлігінің екінші абзацы "сегіз" деген сөздің алдынан, 170-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы "жеті" деген сөздің алдынан "мүлкi тәркiленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 196-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "бір жүз алпыс айлық" деген сөздердің алдынан, екінші бөлігінің екінші абзацы "екі жүз айлық" деген сөздердің алдынан "мүлкi тәркiленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 218-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "табыстар болып табылатын", "табыстар болып табылатыны" деген сөздер тиісінше "кірістер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүліктен түсетін кез келген кірістер болып табылатын", "кірістер болып табылатыны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      4) 229-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, 230-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "белгілі бір лауазымдарды" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 260-баптың екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 261-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы "жеті" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "он жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 269-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 270-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "екі" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 287-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "екі" деген сөздің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы "екі мың" деген сөздердің алдынан, үшінші бөліктің екінші абзацы "бес мың" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан, бесінші бөліктің екінші абзацы "бес" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 298-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан, 299-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, екінші бөлігінің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан, 301-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "бес" деген сөздің алдынан, екінші бөлігінің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан, үшінші бөлігінің екінші абзацы "жеті" деген сөздің алдынан, төртінші бөлігінің екінші абзацы "он жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 394-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "екі мың" деген сөздердің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы "белгілі бір лауазымдарды" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "үш" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 568-баптың бірінші бөлігіндегі "шараларды қолдануға құқылы" деген сөздер "шаралар қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 569-баптың екінші бөлігінде:

      1) тармақ "өзге де" деген сөздерден кейін "елеулі" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тергеу судьясының (сотының) санкциясы қажет етілетін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әрекетке қатысты болса;".

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      119-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      8-баптың 24-2) тармақшасындағы ", банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың" деген сөздер алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      20-баптың 13-тармағында:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Басқару органының басшысы мен мүшесі, атқарушы органның басшысы мен мүшесі осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді.

      Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысына (мүшесіне), атқарушы органының басшысына (мүшесіне) осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолданған жағдайда, осы ұйым аталған адаммен еңбек шартын бұзуға не оның өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұлттық пошта операторына қатысты осы тармақтың талаптары лауазымдық міндеттеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін атқарушы орган мүшелеріне қолданылады.".

      6. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      2) 29-баптың 2-тармағында:

      5) тармақшадағы "және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi" деген сөздер ", нотариат мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді және бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, аумақтық нотариаттық палата ұсынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын талдайды, жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      3) 33-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы "практиканы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 18) тармақшасында:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "террористiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру;";

      жетінші абзац ", сондай-ақ терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "жалдамалылық;

      жалдамалыларды даярлайтын базалар (лагерьлер) құру;

      халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау;

      Қазақстан Республикасы Президентiнің өмiрiне қолсұғушылық;

      диверсия;

      террористік әрекетке қатысу үшін террористік даярлықтан өту, оның ішінде үйрету орнына бару;

      адамды кепілге алу;

      ғимараттарға, құрылысжайларға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу;

      әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу.".

      8. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;";

      2) 12-баптың 16-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "немесе қатысушысы" деген сөздер ", қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2) тармақшадағы "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер ", жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацы "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-1) және 3-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) делдал-банк – ақша жөнелтуші банктен алынған төлемді және (немесе) ақша аударуды қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыратын банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      3-2) жария лауазымды адам:

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;

      лауазымды адам;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;

      мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;

      шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;

      шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын адам;

      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;";

      мынадай мазмұндағы 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;

      3-4) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман – заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шарты негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;";

      4) тармақшадағы "жеке немесе заңды тұлға" деген сөздер "жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) қаржы тобы – қаржы мониторингі субъектілері болып табылатын және өз арасында осы Заңға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар тобы;";

      9) тармақшадағы "немесе заңды тұлғалар" деген сөздер ", заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-2) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-3) нысаналы қаржылық санкциялар – осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы монторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;";

      2) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "орталығын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды" деген сөздермен толықтырылсын; 

      3) 4-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "жеке немесе заңды тұлға" деген сөздер "жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "қаржы мониторингiне жататын" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта:

      2) тармақшадағы "не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ" деген сөздер ", қызметінің сипатын, сондай-ақ тіркелген немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде), орналасқан жерінің мекенжайын, негізгі қызмет жүргізілетін орнын, қызметінің сипатын, ал трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар, заңды тұлға құрмайтын өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым құрылтайшыларының (қатысушыларының) және бенефициарлық меншік иелерінің (болған кезде) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайын тіркеу;";

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингі субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылар тізілімі не басқа да көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншік пен басқару құрылымын белгілейді.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Осы тармақшада көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) беретін не өзге де көздерден алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркемеуге құқылы;";

      6) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.";

      3-1-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацындағы "аспаса;" деген сөз "аспаса, қолданылмайды." деген сөздермен ауыстырылып, 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөнінде, осы баптың талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайтынын белгілеуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобының басқа қатысушылары қолданған, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға мынадай шарттар сақталған кезде сүйене алады:

      1) осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар;

      2) қаржы тобының қатысушылары тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтайды;

      3) қаржы тобының жауапты ұйымы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асырады және қаржы тобы қатысушыларының оларды сақтауын қамтамасыз етеді;

      4) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қаржы мониторингі субъектісі клиентінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты және құжаттарды осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімінің болуы.";

      7-тармақта:

      үшінші бөлік "негіз болған кезде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі жағдайларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.

      Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескеруге міндетті.";

      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды" деген сөздер алып тасталсын;

      10-тармақта:

      екінші бөліктегі "6" деген цифр "6, 6-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы мониторингі субъектілері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, осы баптың 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқылы емес.";

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі

      Осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілері іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолданады.";

      6) 7-бапта:

      1-тармақтағы "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "ұйымдар" деген сөзден кейін ", оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші және төртінші абзацтар "тұлғалар" деген сөзден кейін ", заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "ұйымдар" деген сөзден кейін ", оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 8-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "3-1)" деген цифрлар "3-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "одан әрі жалғастыруға", "рұқсатын" деген сөздер тиісінше "жалғастыруға", "жазбаша рұқсатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "клиенттің", "қаражат көздерін" деген сөздер тиісінше "осындай клиенттің", "ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша "шараларын" деген сөзден кейін "тұрақты негізде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "1-тармағының" деген сөздер "1-тармағының 1)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "3-1)" деген цифрлар "3-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      8) 9-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "респондент-шетелдік" деген сөздердің алдынан "жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 10-баптың 3-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "(заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 11-бапта:

      1-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруды" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац:

      "Қаржы мониторингі субъектілері" деген сөздер "Заңды тұлға құратын қаржы мониторингі субъектілерінің басқару органы немесе атқарушы органы және заңды тұлға құрмайтын қаржы мониторингі субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әрі орындайды" деген сөздер "және қаржы мониторингі субъектілері оларды қаржы мониторингі субъектілері көрсететін қызметтердің кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін ескере отырып, орындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді" деген сөздер "қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері осы қаржы тобы үшін оның қатысушыларының өзіндік ерекшелігі мен ерекшіліктерін ескере отырып, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге, қабылдауға және орындауға құқылы.";

      3-1-тармақта:

      екінші бөлік "хабарлауға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерді қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төлем агентімен немесе қосалқы төлем агентімен төлем қызметтерін көрсету жөнінде агенттік шарт жасасқан ұйымдар оны қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өздерінің бағдарламаларына енгізуге және оның осындай бағдарламаларды орындауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.";

      3-2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтардағы "және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды", "және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен" деген сөздер "Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.";

      6-тармақта:

      "қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды" деген сөздер "коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылаудың іске асырылуы шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттар алмасуды және оларды ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен пайдалануды мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) алмасуы осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылатын ақпарат пен құжаттарға қатысты қаржы мониторингі субъектілері қаржы тобы үшін ішкі бақылау қағидаларында белгіленген талаптарды орындаған;

      2) алмасуға және пайдалануға осы тармаққа сәйкес жол берілетін ақпарат пен құжаттардың анықтығы мен дәлдігіне күмән болмаған кезде;

      3) қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына клиент туралы ақпарат пен құжаттарды беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімі болған кезде жүзеге асыруға құқылы.";

      7-тармақтағы "олардың лауазымды адамдары" деген сөздер "олардың жұмыскерлері және лауазымды адамдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 11-1-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктердегі "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы "кірістерді" деген сөздің алдынан "технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Уәкілетті орган дереу, бірақ ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастырады және оны Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына және ұйымдарға жібереді.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға қатысты:

      атауы;

      заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген нөмірі (болған кезде);

      тіркелген және (немесе) орналасқан жерінің мекенжайы;

      заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпелер.

      1. Осы баптың мақсатында терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның отбасы мүшелері деп: зайыбы (жұбайы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) балалары; асырауындағы ата-анасы мен жұбайының (зайыбының) ата-анасы танылады.

      2. Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі.";

      13) 12-1-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.

      Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі.";

      14) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:

      "12-3-бап. Заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау

      1. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға және оларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеуге міндетті.

      2. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым:

      1) өздерінің бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеруге;

      2) жылына бір реттен сиретпей не өзгерістер енгізілген жағдайда, өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді жаңартып отыруға, сондай-ақ мұндай мәліметтерді құжаттық тіркеуге;

      3) өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы, сондай-ақ өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты алған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға міндетті.

      3. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өзінің құрылтайшыларынан (қатысушыларынан), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын тұлғалардан өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      4. Құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын, сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым осындай заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.

      5. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым уәкілетті органның сұрау салуы бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

      6. Осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға беруі, банктік құпияны қоспағанда, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.

      Ескертпе.

      Осы баптың мақсатында заңды тұлға деп, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор субъектісін қоспағанда, ұйым түсініледі.";

      15) 13-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "2-1)" деген цифрлар "2-1), 2-2)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "жеке немесе заңды тұлғамен" деген сөздер "жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, қаржы мониторингi субъектiлерi жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға мiндеттi.";

      1-1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

      осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;";

      "осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйым жасайтын не оның пайдасына жасалатын, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға міндетті.";

      2-тармақтың төртінші бөлігіндегі "жеке немесе заңды тұлғаға" деген сөздер "жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, оларды тоқтата тұру, сондай-ақ іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту немесе іскерлік қатынастарды тоқтату тиісті шарттардың (міндеттемелердің) талаптарын бұзғаны үшін қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негіздер болып табылмайды.";

      16) 14-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген тәртіппен АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.";

      17) 16-бапта:

      5-1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер "жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-6) тармақша "қаржы мониторингі" деген сөздердің алдынан "өз құзыреті шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметін талдау және мониторингтеу, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі практиканы, ұсыныстарды жинақтап қорыту туралы ақпаратты уәкілетті органға беру нысаны мен мерзімдерін белгілейді;";

      18) 18-бапта:

      2-тармақта:

      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;";

      4) тармақшадағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге және бекітуге;

      6) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, оның зайыбы (жұбайы) және жақын туыстары туралы мәліметтерді уәкілетті органға мұндай жария лауазымды адам Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органында немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға сайланған немесе тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.";

      19) 19-4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сұрау салу жіберген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары берілген ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді және оларды сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланады.".

      10. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-бап мынадай мазмұндағы 63-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "63-6) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;".

      11. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 2) тармақшасы "сақталуына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.

      Төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) төлем ұйымына қатысушының заңды тұлғасының шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.";

      2) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.";

      3) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары

      Мыналарды:

      1) өздеріне қатысты алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар;

      2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі тұлғаларды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрамайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.".

      13. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңына:

      1) 68-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 18-11) және 18-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-11) адвокаттар үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшілігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      18-12) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан адвокаттардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      2) 80-бап мынадай мазмұндағы 9-1), 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;";

      "13-1) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      13-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;".

      2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ