2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 317-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА

      (2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 1, 1-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,

      Ұйымның тұрақты жұмыс істеп тұрған жұмыс органдары қызметінің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің маңыздылығын ұғына отырып,

      1961 жылгы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысын негізге ала отырып,

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 49-бабына сәйкес,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1.1. 1-бапта:

      а) жетінші және сегізінші абзацтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүше мемлекеттердің өкілдері" - мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерін қоса алғанда, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері;

      "Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкіл" (бұдан әрі - Тұрақты өкіл) - Ұйымға мүше мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындайтын, Ұйым мәселелері жөніндегі қызмет және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты кеңестегі жұмыс үшін өзін жіберген мемлекет қажетті өкілеттіктер берген өкіл;";

      б) мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бас хатшының орынбасары" - Ұйымның жоғарғы әкімшілік лауазымды адамының орынбасары, тізбесін Кеңес айқындайтын, Хатшылықтағы лауазымдарға әрбір мүше мемлекетке бекітіп берілген квоталарға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін адамдар қатарындағы лауазымды адам;";

      в) он сегізінші - жиырма бірінші абзацтар тиісінше он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтар деп саналсын;

      г) "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1.2. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"11-бап

      Егер Бас хатшы, Бас хатшының орынбасарлары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері болу мемлекетінің азаматтары болмаса, олар 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында дипломатиялық агент және оның отбасы мүшелері үшін көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.";

      1.3. 211-бап "Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің" деген сөздерден кейін "(осы Келісімнің 11-бабында көрсетілгендерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      1.4. 23, 24, 27-33-баптардағы "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.

      3. Осы Хаттама Келісімнің 46-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Тараптардың әрқайсысы депозитарийді бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, осы Хаттаманы уақытша қолданатыны туралы мәлімдей алады.

      2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.

      ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылау
департаментінің Мемлекеттік тіл
басқармасының бірінші хатшысы
А.Бекбосынов