Кишиневте 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысы бекітілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының
Жарғысы
(2003 жылғы 18 қыркүйекте күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шартқа (бұдан әрi - Шарт) қатысушы мемлекеттер,
БҰҰ Жарғысы бойынша өз мiндеттерiмен, БҰҰ Қауіпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте әрекет етiп, халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiн басшылыққа ала отырып;
Шартқа қатысушы мемлекеттердi жан-жақты дамыту және олардың қауiпсiздiгiн, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшiн қолайлы және тұрақты жағдайларды жасауға ұмтыла отырып;
Шарттың және оның шеңберiнде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдердiң мақсаттары мен принциптерiне өзiнiң адалдығын растай отырып;
ұлттық, аймақтық және халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және нығайту мүддесiнде әскери-саяси ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдетуде шешiмдiлiкке бара отырып;
сыртқы саяси, әскери және әскери-техникалық салаларда, сондай-ақ трансұлттық сес көрсетуге және мемлекеттер мен халықтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiруге қарсы әрекет ету саласында тығыз және жан-жақты одақтық қарым-қатынастарды жалғастыру мен жетілдiрудi өзiнің алдында мақсат етiп қоя отырып;
Шарт шеңберiнде қызметтiң тиiмдiлiгiн жоғарылату ниетiн басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
I-тарау
Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымын бекiту
1-бап
Шартқа қатысушы мемлекеттер Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарттың халықаралық аймақтық Ұйымын (ҰҚШҰ) бекітеді, бұдан әрі - Ұйым деп аталады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.2-бап
Шарттың және оның дамуы үшiн қабылданған халықаралық шарттардың ережелерi мен Шарттың ұжымдық қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерi Ұйымға мүше-мемлекеттер (бұдан әрi - мүше-мемлекеттер) және Ұйымның өзi үшiн мiндеттi болып табылады.
II-тарау
Мақсаттары мен принциптерi
3-бап
Ұйымның мақсаттары бейбiтшіліктi, халықаралық және аймақтық қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негiзде мүше-мемлекеттердiң тәуелсiздігiн, аймақтық тұтастығы мен егемендiгiн қорғау болып табылады, оларға жету үшiн мүше-мемлекеттер басымдықты саяси құралдарға бередi.
4-бап
Ұйым өз қызметiнде Ұйымның мүшелерi болып табылмайтын мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды, қауіпсiздiк саласында әрекет ететiн халықаралық үкiметаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнатады. Ұйым халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiнде негiзделген әдiл демократиялық бейбiтшiлiк тәртiптi қалыптастыруға көмек көрсетедi.
5-бап
Ұйым тәуелсiздiктi мүлтiксiз құрметтеу, мүше-мемлекеттердiң қатысу еріктілігі, құқықтары мен міндеттерінің теңдігі, мүше-мемлекеттердің ұлттық юрисдикциясына жататын iстерге араласпау негiзiнде әрекет етедi.
6-бап
Осы Жарғы мүше-мемлекеттердiң олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
ІІІ-тарау
Қызметiнiң бағыты
7-бап
Ұйым мақсаттарына қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер оның шеңберінде Ұйымның коалициялық (ұжымдық) күштерін, өңірлік (біріккен) әскер (күштер) топтарын, бітімгершілік күштерін, оларды басқаратын біріккен жүйелер мен органдарын, әскери инфрақұрылымды құруды қоса алғанда, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа, аумақтық тұтастыққа және егемендікке қауіп-қатер төнген жағдайда ұжымдық қорғануды және ұжымдық қорғанысқа деген құқықты іске асыруды қамтамасыз ететін ұжымдық қауіпсіздіктің пәрменді жүйесін қалыптастырудың бірлескен шараларын қабылдайды. Мүше мемлекеттер әскери-техникалық (әскери-экономикалық) ынтымақтастық, әскери күштерді, құқық қорғау органдарын және арнайы қызметтерді қажетті қару-жарақпен, әскери, арнайы техникамен және арнайы құралдармен қамтамасыз ету, ұлттық қарулы күштер, арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары үшін әскери кадрлар мен мамандар даярлау салаларында өзара іс-қимыл жасайды.
Мүше-мемлекеттер басқа мүше-мемлекеттермен шұғыл кеңестердi (келiсiмдердi) өткiзгеннен кейiн, өз аумақтарында Ұйымның мүшелерi болып табылмайтын мемлекеттердiң әскер (күштер) топтарын, әскери инфрақұрылым объектілерiн орналастыру туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.8-бап
Мүше-мемлекеттер халықаралық терроризммен және экстремизммен, есiрткiлiк заттар мен психотроптық заттардың, қару-жарақтың заңсыз айналымымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен, жасырын көшi-қонмен және мүше-мемлекеттер қауiпсiздiгiне төнетiн басқа да қатерлермен күресуде өз күштерiн үйлестiредi және бiрiктiредi.
Мүше мемлекеттер Ұйым шеңберінде мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына және егемендігіне қауіп төндіретін дағдарыс жағдайларына ден қоятын жүйені құруға және оның жұмыс істеуіне арналған шаралар қабылдайды.
Мүше мемлекеттер мемлекеттік шекараларды қорғау, ақпарат алмасу, ақпараттық қауіпсіздік, тұрғындар мен аумақтарды табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан, сондай-ақ әскери іс-қимылдарды жүргізу немесе олардың салдарларынан туындайтын қауіптерден қорғау салаларында өзара іс-қимыл жасайды.
Мүше-мемлекеттер өз қызметiн осы бағыттарда, соның iшiнде БҰҰ басшылық рөлi жағдайында барлық мүдделi мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.9-бап
Мүше-мемлекеттер қауiпсiздiктiң халықаралық және аймақтық проблемалары бойынша, соның iшiнде Ұйымның консультациялық механизмдерi мен рәсiмдерiн пайдалана отырып, өздерiнiң сыртқы саяси позицияларын келiседi және үйлестiредi.
10-бап
Мүше-мемлекеттер ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң жұмыс істеуін регламенттейтiн шарттық-құқықтық базаны дамыту жөнiнде және қорғаныс, әскери құрылыс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде шаралар қабылдайды.
IV-тарау
Ұйымның органдары
11-бап
Ұйымның органдары мыналар:
а) Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес);
б) Сыртқы iстер министрлерінің кеңесi (бұдан әрi - СIМК);
в) Қорғаныс министрлерінің кеңесi (бұдан әрi - ҚМК);
г) Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi (бұдан әрi - ҚКХК);
д) Тұрақты кеңес;
Ұйымның тұрақты түрде істейтін жұмыс органдары Ұйым Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) және Ұйымның Біріккен штабы (бұдан әрі - Біріккен штаб) болып табылады.
Ұйымның Парламенттік ассамблеясы парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген органдардың функциялары мен жұмыс тәртібі осы Жарғымен, сондай-ақ Ұйымның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.12-бап
Кеңестің, СIМК, ҚМК мен ҚКХК рәсiмдiктен басқа мәселелерi бойынша шешiмдерi консенсуспен қабылданады.
Кез келген мүше-мемлекеттің дауыс беру кезiнде бiр дауысы болады. Дауыс беру, соның iшiнде рәсiмдiк мәселелер бойынша дауыс беру тәртiбi Кеңес бекiтетiн Ұйым органдары рәсiмдерiнiң ережелерiмен регламенттеледi.
Кеңестің шешiмдерi және олардың орындалуы үшiн қабылданатын СIМК, ҚМК және ҚКХК шешiмдерi мүше-мемлекеттер үшін мiндеттеушi болып табылады және ұлттық заңнамамен белгiленетін тәртiпте орындалады.
Мүше мемлекеттердің бірде бірі шешімнің осындай тәртіппен қабылдануына қарсы болмаған жағдайда, Кеңес шектеулі форматта шешім қабылдауға құқылы. Егер мүше мемлекеттердің бірде бірі осындай шешімге қарсы болмаса, шектеулі форматтағы шешім қабылдануы мүмкін.
Шектеулі форматта шешім қабылдау үшін дауыс бермеген мүше мемлекет қабылданған шешімнің салдарлары үшін жауапты емес.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.13-бап
Кеңес Ұйымның жоғары органы болып табылады.
Кеңес Ұйым қызметiнiң принциптiк мәселелерiн қарайды және оның мақсаттары мен міндеттерiн iске асыруға бағытталған шешiмдердi қабылдайды, сондай-ақ осы мақсаттарды iске асыру үшін үйлестіруді және мүше-мемлекеттердiң бiрлескен қызметiн қамтамасыз етедi.
Кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не, егер оларға өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кіреді.
Кеңестің отырыстарына мүше-мемлекеттердің сыртқы iстер министрлерi, қорғаныс министрлерi, қауіпсiздік кеңесiнiң хатшылары, Ұйымның Бас хатшысы, мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкілдері (бұдан әрі - тұрақты өкілдер) және шақырылған адамдар қатыса алады.
Кеңес тұрақты немесе уақытша негiзде Ұйымның жұмысшы және қосалқы органдарын құруға құқығы бар.
Егер Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, онда аумағында Кеңестің кезекті сессиясы өтетін мемлекет атынан өкілдік ететін Кеңестің мүшесі Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) болып табылады. Оның құқықтары мен мiндеттерi Кеңестiң келесi кезектi сессиясына дейiнгi кезеңге сақталады.
Егер Төраға өз функцияларын орындай алмаса, онда қалған кезеңге жаңа Төраға сайланады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV; 17.04.2020 № 318-VI Заңдарымен.14-бап
СIМК мүше-мемлекеттердің iшкi саясат саласындағы өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi жөнiндегi Ұйымның консультациялық және атқарушы органы болып табылады.
15-бап
ҚМК мүше-мемлекеттердің әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi жөнiндегi Ұйымның консультациялық және атқарушы органы болып табылады.
16-бап
ҚКХК мүше-мемлекеттердің өздерінің ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi жөнiндегi Ұйымның консультациялық және атқарушы органы болып табылады.
161-бап
Тұрақты кеңес Кеңес сессиялары аралығындағы кезеңде Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын және Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарымен бірлесіп, Кеңес, СІМК, ҚМК және ҚКХК қабылдайтын шешімдердің іске асырылуын қамтамасыз ететін Ұйымның үйлестіруші органы болып табылады.
Тұрақты кеңес мүше мемлекеттердің басшылары өздерінің мемлекетішілік рәсімдеріне сәйкес тағайындайтын тұрақты өкілдерден тұрады және Кеңес бекітетін Ережеге сәйкес іс-қимыл жасайды.
Ескерту. IV-тарау 161-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен. V-тарау
Бас хатшы. Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдары
Ескерту. V-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.
17-бап
Ұйымның Бас хатшысы (бұдан әрі - Бас хатшы) Ұйымның жоғарғы әкімшілік лауазымды тұлғасы болып табылады. Бас хатшы Хатшылыққа басшылықты, сондай-ақ Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Бас хатшы СІМК ұсынысымен мүше мемлекеттер азаматтарының арасынан Кеңес шешімімен үш жыл мерзімге тағайындалады.
Бас хатшы Кеңеске есеп береді, Кеңес, СІМК, ҚМК, ҚКХК және Тұрақты Кеңестің отырыстарына қатысады.
Бас хатшы Ұйым органдарының қарауына енгізілетін құжаттар жобаларының әзірленуі мен келісілуін үйлестіреді, оның мүшесі емес басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынастарда Ұйымды білдіреді және олармен жұмыс байланыстарын жүзеге асырады.
Бас хатшы осы Жарғыға, Ұйым шеңберінде жасалатын басқа да халықаралық шарттар мен қабылданатын құжаттарға қатысты депозитарий болып табылады.
18-бап
Хатшылық Ұйым органдарының қызметін ұйымдастыру, ақпараттық, талдау және консультативтік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Хатшылық Тұрақты кеңеспен өзара іс-қимыл жасай отырып, Ұйым органдарының шешімдері мен басқа да құжаттарының жобаларын дайындауды жүзеге асырады.
Хатшылық мүше мемлекеттердің Ұйым бюджетіне қосатын үлестік жарналарына барабар келетін квоталық негізде (лауазымды тұлғалар) мүше мемлекеттер азаматтарының арасынан және конкурстық негізде келісімшарт бойынша жалдап алынатын мүше мемлекеттер азаматтарынан (қызметкерлерінен) қалыптастырылады.
Хатшылықтың функциялары, қалыптасу және жұмыс тәртібі Кеңес бекітетін тиісті Ережемен белгіленеді.
Хатшылықтың орналасатын жері Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы болып табылады. Хатшылықтың Ресей Федерациясының аумағында болу шарттары тиісті халықаралық шарттың негізінде реттеледі.
181-бап
Біріккен штаб ҚМК қызметін ұйымдастыру және ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, Ұйымның әскери құрамдас бөлігі бойынша ұсыныстарды дайындауға, мүше мемлекеттердің әскери басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін, өзінің құзыретіне жататын әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша Ұйым органдарының шешімдерін практикалық іске асыруды ұйымдастыру мен үйлестіруге жауап береді.
Біріккен штаб мүше мемлекеттердің Ұйым бюджетіне қосатын үлестік жарналарына барабар квоталық негізде мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерінен және конкурстық негізде келісімшарт бойынша жалдап алынатын мүше мемлекеттер азаматтарынан жасақталады.
Біріккен штабтың міндеттері, функциялары, құрылымы, құрамы және ұйымдық негіздері Кеңес бекітетін тиісті ережеде белгіленеді.
Біріккен штабтың орналасатын жері Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы болып табылады. Біріккен штабтың Ресей Федерациясының аумағында болу шарттары тиісті халықаралық шарттың негізінде реттеледі.
VI-тарау
Мүшелік
19-бап
Ұйымның мүшесi болып оның мақсаттары мен принциптерiн бөлісетін және осы Жарғыда және Ұйымның шеңберiнде қолданылатын басқа да халықаралық шарттар мен шешiмдерде көрсетiлген мiндеттемелердi өзiне алуға дайын кез келген мемлекет бола алады.
Ұйымға қабылдау туралы шешiмдi Кеңес қабылдайды.
Кез келген мүше-мемлекет Ұйымнан шығуға құқылы. Ұйымның шеңберiнде өз мiндеттемелерiн реттегеннен кейiн мұндай мемлекет Жарғының депозитарийiне шығу күнiне дейiнгi алты айдан кешiктiрмей шығу туралы ресми хабарландыру жiбередi.
Ұйымға қабылдану және шығу тәртiбi Кеңес бекiткен тиiстi Ережемен анықталады.
20-бап
Мүше-мемлекет осы Жарғының ережелерiн, Кеңестiң шешiмдерiн және оларды орындау үшiн қабылданған Ұйымның басқа органдарының шешiмдерiн орындамаған жағдайда Кеңес оның Ұйым органдарының қызметiне қатысуын тоқтатуы мүмкiн.
Мүше-мемлекеттің аталған мiндеттемелердi орындамауы жалғасқан жағдайда Кеңес оны Ұйымнан шығару туралы шешiм қабылдай алады.
Мұндай мүше-мемлекетке қатысты осы мәселелер бойынша шешiмдер оның дауысын есепке алмастан қабылданады.
Мүше-мемлекеттердiң Ұйым органдарының қызметiне қатысуын тоқтата тұру немесе Ұйымнан шығару тәртiбi Кеңес бекiткен тиiстi Ережемен анықталады.
VII-тарау
Байқаушылар мен Әріптестер
Ескерту. VII-тарау жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2020 № 319-VI Заңымен.
21-бап
Ұйымның ашық нормативтік құқықтық базасын, қызмет тәжірибесі мен практикасын зерделеуге қызығушылық танытатын Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу туралы міндеттемелер қабылдамастан, Ұйым жанындағы Байқаушы мәртебесін ала алады.
Ұйымның Байқаушысы мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.
211-бап
Ұйымның мақсаты мен қағидаттарын жақтайтын, өзара қызығушылық тудыратын салаларда Ұйыммен өзара тиімді ынтымақтастық қатынасын орнату мен дамытуды қалайтын, Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу бойынша міндеттемелер қабылдап, Ұйымның Әріптесі мәртебесін ала алады.
Ұйымның Әріптесі мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.
VІІІ-тарау
Құқықтық қабiлеттілiгі,
артықшылықтары мен иммунитеттер
22-бап
Ұйым әрбiр мүше-мемлекет аумағында өзінің мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi құқықтық қабiлеттiлiктi пайдаланады.
Ұйым оның мүшесi болып табылмайтын мемлекеттермен ынтымақтастық жасай алады, қауiпсiздiк саласында әрекет ететiн халықаралық үкiметаралық ұйымдармен қарым-қатынастарды қолдайды, олармен осындай ынтымақтастық орнатуға және дамытуға бағытталған халықаралық шарттарды жасай алады.
Ұйым заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады.
23-бап
Ұйымның артықшылықтары мен иммунитеттерi тиiстi халықаралық шарттармен анықталады.
IX-тарау
Қаржыландыру
24-бап
Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарының қызметін қаржыландыру Ұйымның бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ұйым қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен тыс қаражат (қарыз қаражатынан басқа) тартылуы мүмкін, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережеде белгіленеді.
Ұйымның бюджетi мүше-мемлекеттердiң Кеңес бекiтетiн үлестiк жарналары есебiнен құралады.
Ұйымның бюджет тапшылығы болмауы тиiс.
Ұйымның бюджет жобасын Ұйымның бюджетiн қалыптастыру және атқару тәртiбi туралы Ережеге сәйкес мүше-мемлекеттердiң келiсуi бойынша әрбiр бюджеттік жылға Хатшылық әзiрлейдi. Ұйымның бюджетiн Кеңес бекiтедi.
Ұйымның бюджетiн қалыптастыру және атқару тәртiбi туралы Ереженi Кеңес бекiтеді.
Мүше мемлекеттер өз өкiлдерi мен сарапшыларының Ұйым органдарының кеңестерiне, отырыстарына және Ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн басқа да iс-шараларға қатысуымен байланысты, сондай-ақ Өкiлеттi өкiлдердің қызметiмен байланысты шығындарды дербес түрде атқарады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.28 № 499-IV Заңымен.25-бап
Мүше-мемлекеттер екi жылдың iшiнде Ұйым бюджетiнiң алдындағы берешекті өтеу жөніндегi міндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Кеңес Ұйым шеңберiнде квоталық лауазымдарға осы мемлекеттiң азаматтарын ұсыну құқығын тоқтату туралы, сондай-ақ берешекті толық өтегенге дейiн Ұйым органдарында дауыс беру құқығынан айыру туралы шешiм қабылдайды.
Х-тарау
Қорытынды ережелер
26-бап
Осы Жарғы бекiтуге жатады және оған қол қойған мемлекеттер бекіту туралы соңғы жазбаша хабарландыруды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Депозитарий бекiту туралы әрбiр хабарламаны алғандығы туралы осы Жарғыға қол қойған мемлекеттердi хабарландырады.
27-бап
Осы Жарғыға мүше-мемлекеттердiң жалпы келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген Хаттамалармен ресiмделеді.
Жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар туралы Хаттамалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Жарғының 26-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
Жарғыға ескертулер жасауға жол берілмейдi.
Осы Жарғының ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты кез келген даулар мүдделi мүше-мемлекеттер арасында консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi. Келiсiмге қол жеткізілмеген жағдайда дау Кеңестiң қарауына беріледi.
28-бап
Ұйымның ресми және жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
29-бап
Осы Жарғы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелерiне сәйкес БҰҰ Хатшылығында тiркеледi.
2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалған. Түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол осы Жарғыға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Армения Республикасы үшiн | Қырғыз Республикасы үшiн |
Беларусь Республикасы үшiн | Ресей Федерациясы үшiн |
Қазақстан Республикасы үшiн | Тәжiкстан Республикасы үшiн |