Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 294-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау";

      2) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау

      1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      3) 409-бапта:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 және 7-9-бөліктермен толықтырылсын:

      "7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;

      2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;

      4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу;

      5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –

      ескерту жасауға алып келеді.

      7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7-5. Мыналарды:

      1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту –

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –

      ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 684-баптың бірінші бөлігіндегі "409 (жетінші және 7-1-бөліктерінде)" деген сөздер "409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 730-баптың бірінші бөлігіндегі "(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "(екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 804-баптың бірінші бөлігінің 49) тармақшасындағы "7-1-бөліктері" деген сөздер "7-1 және 7-8-бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 9-10, 52-құжат):

      1) 24-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы";";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағына ие болған педагогтер "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.";

      2) 25-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" – аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге;".

      3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      118-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы "педагогикалық қызметкерлерiне" деген сөздер "педагогтеріне" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2015 ж., № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      11-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "педагог жұмыскерлерді" деген сөздер "педагогтерді" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат):

      7-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;".

      6. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) бүкіл мәтін бойынша "педагог кадрлардың", "педагог қызметкердің", "педагог жұмыскерге", "педагог кадрларды", "педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар", "педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары", "педагог қызметкерлердің", "педагог жұмыскерлердің", "педагог жұмыскерлерді", "педагог жұмыскерлер", "педагог қызметкерлерден", "педагог қызметкерлер" деген сөздер тиісінше "педагогтердің", "педагогтің", "педагогке", "педагогтерді", "педагогтер", "педагогтері", "педагогтердің", "педагогтердің", "педагогтерді", "педагогтер", "педагогтерден", "педагогтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      7-2) тармақшадағы "және оларды қайта даярлаудың" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 50-1) және 50-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50-1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

      50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;";

      3) 4-бапта:

      11) тармақшадағы ", сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін" деген сөздер алып тасталсын;

      23) тармақша алып тасталсын;

      4) 5-баптың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 23-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";

      38-1) тармақшадағы "педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын" деген сөздер "педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-2) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      46-5) тармақша алып тасталсын;

      5) 5-1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;";

      6) 22-баптың 1-тармағындағы "ғылыми-педагог кадрлар" деген сөздер "педагогтер, ғылыми қызметкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 23-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшадағы ", мамандарды қайта даярлау және олардың" деген сөздер "мамандардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары;";

      8) 26-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оның үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      9) 30-баптың 1-тармағындағы "Алты жасқа дейiнгi", "алты жасқа дейін" деген сөздер тиісінше "1-сыныпқа қабылданғанға дейін", "1-сыныпқа қабылданғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 37-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау" деген сөздер "Кадрлардың біліктілігін арттыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "педагог" деген сөз "педагогтерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;";

      12) 44-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары академияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.";

      "5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

      Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      13) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "ғылыми-педагогтік" деген сөздер "педагогтердің және ғылыми" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 48-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      15) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің мәртебесі";

      16) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі

      1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады.

      3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.";

      17) 51-бапта:

      тақырыптағы "Педагог қызметкердің" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіптік қызметіне:

      1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;

      4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.";

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Педагог жұмыскердің" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "Педагог жұмыскер" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "педагог жұмыскер атағына", "педагог жұмыскер" деген сөздер тиісінше "педагог атағына", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "педагог жұмыскерлерді" деген сөздер "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Педагог жұмыскерлердің" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 52-бапта:

      тақырыптағы "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің" деген сөздер "Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің" деген сөздер "Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің" деген сөздер "Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші абзацындағы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне" деген сөздер "Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.";

      19) 53-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Педагог қызметкерлер" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.";

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне" деген сөздер ", жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1 және 2-2-тармақтардағы "білім беру саласының педагог қызметкерлеріне" деген сөздер ", жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне" деген сөздер "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақша "мемлекеттік" деген сөзден кейін "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "грант;" деген сөз "грант төленеді." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

      20) 65-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "педагог" деген сөз "педагогтер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" және "Назарбаев Қоры" мәртебесi туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 6-баптың 6-тармағындағы "ғылыми және педагог қызметкерлер" деген сөздер "педагогтер және ғылыми қызметкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларындағы "педагог қызметкерлердің", "педагог қызметкерлерді" деген сөздер тиісінше "педагогтердің", "педагогтерді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):

      1) 35-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге – жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;";

      2) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "педагог қызметкерлерi" деген сөздер "педагогтері" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "ғылыми және педагог қызметкерлер" деген сөздер "педагогтер және ғылыми қызметкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ