Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 2-бабының 1-тармағымен.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2020 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;
2021 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;
2022 жыл – 2 600 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 76-құжат; 2019 ж., № 8, 41-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |