Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 274-VІ ҚРЗ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 378-VІ Заңымен

Күшін жойған

      Ескерту. Заңның күші жойылды – ҚР 24.11.2020 № 378-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 2-бабының 1-тармағымен.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2020 жыл – 4 770 000 000 мың теңге;

      2021 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;

      2022 жыл – 2 600 000 000 мың теңге.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.11.2020 № 371-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 21, 76-құжат; 2019 ж., № 8, 41-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ