"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2019 жылғы 21 ақпандағы № 226-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат; 2018 ж., № 24, 92-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандық сотта төраға, судьялар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісу бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.";

      2) 11-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Судья лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.";

      3) 14-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақша "отырыстарын" деген сөзден кейін ", кеңейтілген жалпы отырыстарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жоғарғы Соттың Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттер атқаруды жүктеудің күшін жоюға және облыстық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы облыстық соттың сот алқасының басқа төрағасына немесе судьясына жүктеуге құқылы.";

      4) 16-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары";

      1-тармақта:

      7) тармақша "қарайды және" деген сөздерден кейін "Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-3) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;";

      2-тармақтағы "Жалпы отырыс" деген сөздер "Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Облыстық сот кеңейтілген жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

      1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;

      2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады.

      Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады.";

      3-тармақтағы "жалпы отырысының", "анықталады" деген сөздер тиісінше "жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының", "айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.";

      5) 16-1-бап алып тасталсын;

      6) 17-бапта:

      2-тармақта:

      3) тармақша "қаулылар" деген сөзден кейін ", қаулылар" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-1) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 18-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшадағы "жалпы отырыс" деген сөздер "жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша алып тасталсын;

      8) 20-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақша "жалпы" деген сөзден кейін "және кеңейтілген жалпы" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-4) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "және сот алқалары төрағаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысында оларды талқылау нәтижелерімен бірге баламалы негізде ұсынады;";

      9) 22-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары";

      1-тармақта:

      3) тармақшада:

      бірінші бөлік "қаулылар" деген сөзден кейін ", қаулылар" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "отырысында Жоғарғы Сот" деген сөздер "отырысында Жоғарғы Соттың қатысып отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы ", Сот жюриi төрағаларының" деген сөздер "төрағаларының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-1) және 6-2) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақшадағы ", сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды" деген сөздер алып тасталсын;

      7-3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-5), 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-5) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

      7-6) соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу қағидаларын бекітеді;

      7-7) облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламентін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары жіберетін жергілікті соттардың судьялары қатысатын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамдарына, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына кандидаттарды ұсыным жасайды.

      Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберілетін судьялар алқалардың төрағалары, соттардың төрағалары болмауға тиіс.";

      3-тармақтағы "Сот жалпы отырысының", "белгiленедi" деген сөздер тиісінше "Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының", "айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 22-1-бап алып тасталсын;

      11) 23-1-баптың 1-тармағы:

      "лауазымына" деген сөзден кейін "конкурссыз" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.";

      12) 28-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Судьялар осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) кәсіптік қызметін бағалаудан өтеді.";

      13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

      1. Аудандық соттың судьясы болып:

      1) отыз жасқа толған;

      2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар;

      3) біліктілік емтиханын тапсырған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады);

      4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;

      5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама қорытындысы бойынша соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);

      6) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.

      2. Мынадай:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      2) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам судья болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін қызметтен шығарылған адам судья болып тағайындалмайды;

      3) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

      4) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      5) бұрын сотталған;

      6) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      7) судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметтен шығарылған адам судья бола алмайды.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе қасақана бұрмалау судья лауазымына тағайындаудан немесе судьяның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.

      4. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

      Жалпы отырыстың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      5. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

      Жалпы отырыстың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

      Судьялық өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.

      6. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.

      Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс.

      Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      7. Бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:

      1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза өзінен алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;

      2) атқаратын тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген судьяның;

      3) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.

      Атқаратын тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол бермеу туралы осы тармақтың талабы шалғай жерде орналасқан соттарда басқа кандидаттар болмаған кезде судья лауазымына орналасуға ниет білдірген, сондай-ақ тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының бар екендігі туралы медициналық қорытындысы бар судьяларға қолданылмайды.

      Шалғай жерлерде орналасқан соттардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.

      8. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

      9. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судьялық лауазымға орналасу құқығы беріледі.

      10. Судьялық жұмыс өтіліне судьяның осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда жұмыс істеген уақыты қосылады.

      11. Бос судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі өлшемшарттар жүйесін, оның ішінде соттағы, прокуратура органдарындағы, адвокатурадағы жұмысын ескеретін өлшемшарттарды пайдалана отырып, осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізеді.";

      14) 30-бапта:

      2-тармақтағы "облыстық сот судьясының және" деген сөздер "облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "және сот алқалары төрағаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      "отырысының шешімі негізінде" деген сөздер "отырысы оларды қарағаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөліктегі "жұмыс істеп жүрген судьялар", "ұсынылады" деген сөздер тиісінше ", әдетте, облыстық соттың судьялары", "ұсыным жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "және сот алқалары төрағаларының" деген сөздер ", сот алқалары төрағаларының және судьяларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидатты сайлау туралы ұсынуды конкурстан тыс тәртіппен енгізуге құқылы.";

      15) 30-1-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Сот жюриінің біліктілік комиссиясының" деген сөздер "Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Судьяның кәсіптік қызметін бағалауды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясы мен отставкадағы үш судьядан тұрады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.";

      16) 31-бапта:

      3-тармақта:

      "Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Облыстық соттардың сот алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "тиісті сотта өздері атқаратын лауазымына қатарынан" деген сөздер "өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттардағы ұқсас лауазымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 33-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы "қажеттігі туралы" деген сөздерден кейін "Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 34-баптың 1-тармағында:

      11) тармақшадағы "Сот жюриі біліктілік комиссиясының" деген сөздер "Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-1) тармақшадағы "Сот жюриі тәртіптік комиссиясының" деген сөздер "Сот жюриінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Президенті басқа лауазымдарға тағайындауға байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьялардың осы бапта белгіленген талаптарға сай келген жағдайда отставкаға және осы бапта көзделген төлемдер мен кепілдіктерге құқығы бар.";

      "7. Отставкаға құқықты растауды және оны тоқтатуды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды.";

      20) 38-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-1-бап. Сот жюриi

      1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады.

      Сот жюриі алты судьядан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар жұртшылық өкілдері және судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесі де кіреді.

      Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің мүшесін және жұртшылық өкілдерін Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды.

      Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы ұсыным жасаған кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.

      Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өз арасынан сайлайды.

      2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:

      1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;

      2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;

      3) тексерулердің қорытындысы бойынша расталған, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында қамтылған мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімдері.

      3. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.

      4. Сот жюриiн қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.";

      21) 38-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.";

      22) мынадай мазмұндағы 38-3-баппен толықтырылсын:

      "38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві

      Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.

      Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру және кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.";

      23) 39-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "үшiн;" деген сөз "үшiн тартылуы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      24) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi

      1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру жағдайларын қоспағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей басталуы мүмкiн.

      Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi деп есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi деп есептеледi.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу өтініш келіп түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей басталуы мүмкiн.

      2. Тәртiптiк iс жүргізу қызметтік тексеру және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, басталған күнінен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.";

      25) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері

      1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) атқаратын лауазымына сай деп тану;

      2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;

      3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау;

      4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;

      5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;

      6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыну енгізуі үшін негіз болып табылады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне – судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсыну, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыну енгізуі үшін негіз болып табылады.

      3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) отставкаға құқықты растау туралы;

      2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы;

      3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;

      4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.

      4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

      5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды.

      Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзге шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.";

      26) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      "44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері

      1. Сот жюриі тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану туралы;

      2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.

      2. Сот жюриінің шешімі Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

      3. Сот жюриінің шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

      4. Жоғары Сот Кеңесінің соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жояды.

      Жоғары Сот Кеңесінің Сот жюриі шешімінің күшін жоюы Сот жюриінің осы бапта көзделген өзге шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.";

      27) 59-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. 2019 жылғы 1 қаңтар – 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде отставкаға шыққан және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған судьялар үшін осы Конституциялық заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген бiржолғы жәрдемақы мөлшері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болатын еңбекке ақы төлеу мөлшерінен айқындалады.

      6. Осы Конституциялық заңның 35-бабы 1-1-тармағының күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін судья өкілеттігін тоқтатқан адамдарға қолданылады.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің қызметі мәселелері жөніндегі ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ