Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 126-VI ҚРЗ.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 71-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану";

      2) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және заңды тұлғалардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды.";

      3) 14-1-баптың 3-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;";

      4) 17-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;";

      5) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральдық темiржолдарды, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және магистральдық құбыржолдарды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды, энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ бекiтiлген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа да объектiлер) салуға арналған жер учаскелерi резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейін жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығымен басқа мақсаттар үшiн берiлуi мүмкiн.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мақсаттар үшін белгіленген тәртіппен резервке қойылған жер учаскелері басқа мақсаттар үшін жеке меншікке берілмейді.";

      6) 32-баптың 4-тармағының бірінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсатты, лицензияны немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын беру тиiстi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсат, лицензия алғаннан немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі.";

      "Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.

      Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға немесе кен іздеушілікке арналған лицензияның болуы, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе өндіру учаскесінің және өндіру кезеңінің не дайындық кезеңінің бекітіп берілуі көзделетін көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасу осы Кодексте көзделген тәртіппен жер учаскесін дереу беру үшін негіз болып табылады.";

      7) 33-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан кезде;";

      5) тармақшадағы "шығарылған және берілген кезде талап етілмейді." деген сөздер "берілген кезде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) республикалық және (немесе) коммуналдық меншікке өтеусіз берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне;

      7) сенімгерлік басқаруға берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне талап етілмейді.";

      8) 37-бапта:

      5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "мерзімге беріледі." деген сөздер "мерзімге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзіміне беріледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте облыстың уәкілетті органы уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісім немесе жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген лицензия және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарт негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді.";

      9) 42-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесінің шекараларындағы жер қойнауын пайдалануы осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды іске асыру мақсаттары үшін рұқсат етіледі және жер учаскесінің нысаналы мақсатына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кең таралған пайдалы қазбаларды айырып алу құқықтарын және өз мұқтаждары үшін жерасты суларын пайдалану құқықтарын беру жер қойнауының тиісті бөлігі орналасқан жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.";

      10) 43-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік мақсаттар үшін берілген жағдайда, өтінішке тиісті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.";

      11) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажет инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін;";

      12) 49-2-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

      "1. Жерді резервке қою елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, қорғаныс және қауіпсіздік, ғарыш қызметі объектілерін орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, оның ішінде қорғаныш ағаш екпелерін егу мақсатында, жеке ауласын және бақша шаруашылығын ұстау бойынша халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жерде резервтік аумақтар құру арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервке қою Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы немесе "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жерді осындай резервке қою үшін негіздер болып табылатын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ және 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдардың жерді резервке қою туралы шешімінде резервке қоюдың негізі, мақсаттары мен мерзімдері, жердің жалпы алаңы мен санаты, сондай-ақ жерді пайдалануда қойылатын шектеулер көрсетілуге тиіс. Жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелері резервке қойылған кезде жер пайдаланушылар және сервитуттарды иеленушілер көрсетіледі.";

      "Резервке қойылған жер құрамынан жер учаскелері резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейінгі мерзімге жердің аймақтарға бөлінуіне сәйкес жердің қандай да бір санатқа тиесілігіне және рұқсатпен пайдаланылуына сүйене отырып, уақытша объектілерді орналастыру немесе құрылыспен байланысты емес мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.";

      13) 64-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауында бар кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;";

      14) 69-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке меншік иесі, жер пайдаланушы немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайларда өзге жер учаскесіне де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) беруді талап етуге құқылы.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне (барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының – барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өз аумағына) басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, аса қиын болса немесе шамадан тыс шығыстарды талап етсе, көршi және (немесе) өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және көлікпен жүрiп өтудi;

      2) көршi немесе өзге де жер учаскесіне сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және (немесе) пайдалануды, сумен жабдықтауды, су бұруды, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң, жер пайдаланушының немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының басқа да мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көршi немесе өзге де жер учаскесіне жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт (жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт) немесе соттың шешімі бойынша белгiленедi.

      Жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут) субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға жекеше сервитутты белгілеу туралы шартта немесе сот шешімінде айқындалған мөлшерде сервитутқа байланысты барлық залалдарды өтеуге тиiс.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жария сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету немесе пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін қажет болған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреттері шегінде белгiленуi мүмкiн.";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсатында жер учаскесін немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалану;";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жекеше сервитут ауыртпалығы салынған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы мүдделерiне орай сервитут белгiленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Жекеше сервитут үшін төлемақы мөлшері жекеше сервитутты белгілеу туралы шартпен немесе соттың шешімімен айқындалады.

      6. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша жария сервитут белгiленген кезде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн төлемақы бюджетке түседi.

      7. Жер учаскесі жария сервитут түріндегі ауыртпалықпен бірге меншікке немесе жер пайдалануға берілген тұлғаларды қоспағанда, жария сервитут ауыртпалығы салынған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы, егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға алып келсе, жария сервитутты белгiлеген мемлекеттік органнан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

      Егер жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кезде залалдарды жария сервитутты белгілеген мемлекеттік орган толық көлемде өтей отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не құны тең жер учаскесін беруді немесе мүмкін болмаған жағдайда – басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына жатқыздырып және шеккен залалдарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы.

      Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін жария сервитут белгіленген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төлемақыны төлеуді және (немесе) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген залалдарды өтеуді тиісті жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.";

      15) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары

      1. Аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екi және одан көп аудан аумағында) атқарушы органдар уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай, жерiнен тас жол өтетiн жеке меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен, сондай-ақ мал айдау жолы пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ арқылы өтетін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылармен келiсу бойынша белгiлеуі мүмкін.

      2. Мал иелерi малды тас жолмен айдап өткен кезде келтiрiлетін залалдар үшiн жеке меншiк иелерi, жер пайдаланушылар және сервитуттарды иеленушілер алдында жауаптылықта болады.";

      16) 71-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың күші пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге қолданылмайды.";

      17) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану

      1. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерде, мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, жария сервитут негізінде жүргізе алады.

      Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерінде пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мұндай учаскелерде қажетті жұмыстарды жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай жекеше немесе жария сервитут негізінде жүргізе алады.

      2. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін белгіленетін жария сервитут жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша, тиісті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен ресімделеді.

      3. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттар – жекеше сервитутты белгілеу туралы шартпен, ал жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт болмаған кезде соттың шешімімен айқындалады.

      4. Егер жекеше сервитутты белгілеу туралы шартта өзгеше көзделмесе, жасалған жекеше сервитутты белгілеу туралы шартқа немесе соттың шешіміне сәйкес меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға сервитут үшін төлемақы төленгенге және залалдар өтелгенге дейін жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарға кірісуге құқылы емес.".

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар):

      1) бүкіл мәтін бойынша "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі", "жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі", "жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі", "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) жерасты сулары – жер қойнауындағы су шоғырланымдары;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) құбырлы сүзгіш құдық – су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісіне бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) және 56-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) өнеркәсіптік жерасты сулары – құрамындағы пайдалы қазбаларды (сирек кездесетін элементтер, галогендер және басқалар) айырып алу үшін пайдаланылатын жерасты сулары;";

      "56-1) термалды сулар – температурасы 200С-тан жоғары жерасты сулары;";

      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) шахта құдығы – су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен жерасты суларын тарту үшін; сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жерүсті суларын бұру мақсатында құрылған, тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Су объектілері

      Қазақстан Республикасының су объектілеріне шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық беті рельефтеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жерүсті және жерасты су объектілері болып табылады.";

      4) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жepасты суларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлау, жерасты құрылысжайларын судың зиянды әсерінен қорғау саласындағы қатынастар тиісінше "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.";

      5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Жерасты су объектілері

      Жерасты су объектілеріне:

      1) жерасты сулары бассейні;

      2) жерасты суларының орындары мен учаскелері;

      3) су тұтқыш қабаттар және кешендер;

      4) жерасты суларының құрлықта табиғи шығуы (бұлақтар) жатады.";

      6) 40-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 58-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып жүзеге асырады.";

      8) 66-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгіш құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылысжайларын пайдалану;";

      2) тармақшадағы "су тартуы кезінде рұқсат талап етілмейді." деген сөздер "су тартуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын алуға (айдап шығаруға) рұқсат талап етілмейді.";

      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызу;

      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар:

      1) балансында олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;

      2) суды есепке алу құралдары;

      3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;

      4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

      5) жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен су пайдалану шарттарына келісімі бар жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. Минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде келісім талап етілмейді.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;";

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды беруге міндетті.";

      9) 90-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтау үшін жарамды жерасты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.";

      10) 103-баптың 3-тармағындағы "өндірілген" деген сөз "алынған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 120-баптың 2, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтардың көмінділерін, қоқыстарды, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.";

      "4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымалары, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғылармен жабдықталуға немесе жойылуға жатады.

      Гидрологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды ұңғымалардың иелері жүзеге асырады.

      Иесіз қалған өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жерасты суларын қорғау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.".

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "зерттеу мен пайдалану", "зерттеу және пайдалану саласындағы", "зерделеу және пайдалану", "зерделеу мен пайдалану" деген сөздер "зерттеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылып, 150-баптың 2) тармақшасындағы ", жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы" деген сөздер "саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мазмұнында:

      27-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері";

      221-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 224-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар";

      255-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар";

      3) 17-бапта:

      мынадай мазмұндағы 8-3) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-3) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      "11-1) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;";

      29) тармақшаның қырық төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын;";

      4) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері

      1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссиялардың әрбір стационарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады.

      2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру кезінде шығарындылардың станционарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Белгіленген ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі І, ІІ, және ІІІ санаттардағы объектілері үшін – табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге, ІV санаттағы объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес немесе егер өтінімде сұралып отырған мерзім көрсетілмесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді.";

      5) 28-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жекелеген құжаттар (эмиссиялар нормативтерінің жобалары) түрінде негізделеді.";

      "5. Эмиссиялар нормативтерін белгілеу кезінде эмиссиялардың сандық және (немесе) сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді жобаның тапсырыс берушісімен немесе жобалау ұйымымен шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.";

      6) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет бағалаудың маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып – 4 санатқа бөлiнедi.

      I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызу жатады.

      II санатқа сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызуды қоспағанда, өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орманды пайдаланудың және арнайы су пайдаланудың барлық түрлерi жатады.

      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.";

      7) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Экологиялық сараптама түрлері

      Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама;

      2) қоғамдық экологиялық сараптама;

      3) жобалардың экологиялық сараптамасы.";

      8) 47-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілетін жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды.";

      9) 48-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағыларға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      10) 49-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы электрондық нысанда:";

      11) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркелген күннен бастап I санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспайтын, II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтаруға жатады.";

      12) 51-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.";

      "7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыруды (қайтарып алуды) оны берген орган табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші немесе келісімі негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.";

      13) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне олардың өтінімдеріне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі.";

      14) 72-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қажетті құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады.

      2. І, ІІ және ІІІ санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құжаттар топтамасы мыналарды қамтиды:

      1) рұқсат алуға өтінім;

      2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

      3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.";

      15) 74-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруашылық және өзге де қызметтің I, II және III санаттарындағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсат беретін орган өтінімді оның толықтығы тұрғысынан қарайды.

      Өтінім белгіленген мерзім ішінде қарауға қабылданады не ұсынылған құжаттардың жеткіліксіз болуы салдарынан қабылданбайды.

      Өтінім қабылданбаған кезде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері уәжді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.

      3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:

      1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаттағы объектілері үшін – өтінім тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      2) шаруашылық және өзге де қызметтің II және III санаттардағы объектілері үшін – өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      3) шаруашылық және өзге де қызметтің IV санаттағы объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";

      16) 77-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады." деген сөздер "келмеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты берген орган оның күшін жаңа рұқсат берілген күннен бастап не табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жояды.";

      17) 78-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушының атауы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда, сондай-ақ осындай эмиссияға рұқсат берілген обектіге (обектілерге) қатысты оның (олардың) меншік иесі ауысқан жағдайда, бұл қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктемені ұлғайтуға алып келмейтін кезде күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.";

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қайта ресімделетін эмиссияға рұқсат берілген табиғат пайдалану обектісіне (объектілеріне) қатысты оған (оларға) меншік құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі.";

      18) 114-баптың 9), 11), 12), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;";

      "11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;";

      "12) жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

      13) жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

      14) пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;";

      19) 117-баптың 1-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;";

      10) тармақшадағы "жүгінуге;" деген сөз "жүгінуге құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақша алып тасталсын;

      20) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жер қойнауының мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды басқаруды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарын бағалау, алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында жинақталады.";

      21) 150-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган – жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;";

      22) 154-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін ұсынады.";

      23) 156-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi – көмінділердің мемлекеттiк кадастры) жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілері мен орындарының барлығы бойынша мiндеттi болып табылады.";

      "3. Көмінділердің мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.";

      24) 195-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жер ресурстарын, жер қойнауын, жерасты және жерүстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсу бойынша белгiленедi.";

      25) 207-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғи экологиялық жүйелердiң, тiрi организмдер генетикалық қорының жойылу қатерін, қоршаған ортаның, халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi басқа да өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.";

      26) 217-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғат пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, геологиялық барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде:";

      27) 219-бапта:

      1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жердің тұтастығын сақтау мақсатында, техникалық, технологиялық, экологиялық және энономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, кен орындарын әзірлеудің арнаулы әдістерін қолдану;";

      "4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ал көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды да қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.";

      28) 220-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер қойнауын пайдалану объектілерін салуға және (немесе) орналастыруға бөлінген учаскелердің шегінен тыс жерде өсімдік және топырақ қабатын бүлдіруге;

      2) өндіріс қалдықтарын жерүсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызуға;";

      29) 221-бап алып тасталсын;

      30) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:

      "224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Жер асты суларын алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес берілетін арнайы су пайдалануға рұқсат негіз болып табылады.

      2. Тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде жерасты суларын алу мен пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      3. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын барлауды, тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізу кезінде өз есебінен жерасты суларының кен орындарын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және қолда барын жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және кезеңдік бақылау құралдарын жаңғыртуға, жерасты суларын ұтымды пайдалануда және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар шарттарында көзделмеген мақсаттар үшін немесе осы шарттарды бұза отырып жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

      5. Жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) олардың кен орындарын пайдалану арнайы су пайдалануға рұқсат шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс.

      6. Жерасты суларын барлауды, тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін табиғат пайдаланушылар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:

      1) ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер есебінен судың мүлдем жоғалуын болғызбауға және оның сапалық қасиеттерінің жойылмауына қол жеткізілетін, жерасты суларын ұтымды барлау, тарту және (немесе) пайдалану;

      2) су тұтқыш жиектерінің ластану ықтималдығын болғызбау;

      3) әртүрлі су тұтқыш жиектердегі судың араласып кету және бір жиектерден екіншіге ағып кету ықтималдығын, егер бұл жобада көзделмесе, болғызбау;

      4) жерасты суларын бақылаусыз реттелмей шығаруға жол бермеу, ал авариялық жағдайларда су ысырабын жою жөніндегі шараларды шұғыл қолдану;

      5) құрамында пайдалы құрауыштар бар жерасты суларын кешенді пайдалану;

      6) атмосфералық ауаны, жерүсті қабатын, ормандарды, суларды және басқа да табиғи объектілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды су пайдалануға байланысты жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау;

      7) жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) пайдалану процесінде жарамсыз күйге келтірілген жер учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары кешенін жүргізу.

      7. Табиғат пайдаланушы гидрогеологиялық ұңғымаларды, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе жоюға тиіс.

      8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жерасты су объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануы қажет және бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу жөніндегі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға тиіс.

      9. Ашылған жерасты су тұтқыш жиектері олардың ластануын болғызбайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс.

      10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су тұтқыш жиектері ашылған кезде бұрғылау мен цемент ерітінділерін дайындау (өңдеу) үшін қолданылатын химиялық реагенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген уыттылық сипаттамасы болуға тиіс.

      11. Қазақстан Республикасының Су кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждық үшін пайдалануға жол берілмейді.

      12. Жерасты суларының су тартуларын су реттегіш құрылғылармен, су өлшегіш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай оларды пайдалануға беруге тыйым салынды.

      13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органмен келісу бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне зиянды әсерлердің шекті жол берілетін нормативтерін сақтауға міндетті.

      14. Жерасты су объектілерін пайдалануға байланысты су тартуларды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде олардың жерүсті су объектілеріне және қоршаған ортаға зиянды әсерін (аумақты су басуын, жердің шөлейттенуін, батпақтануын, топырақтың көшуі мен шөгуін) болғызбайтын шаралар көзделуге тиіс.

      15. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында:

      1) жерасты су объектілерінен тартылатын және оларға ағызылатын судың бастапқы есебін қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді;

      2) су тарту және су ағызу құрылысжайларын су шығындарын өлшегіш құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздігінен ағатын ұңғымаларға реттегіш құрылғылар орнатады;

      3) жерасты сулары кен орындарының ағымдағы игерілуіне бақылауды, ұңғымалардың жұмысына жедел бақылауды және технологиялық режимнің орындалуына бақылауды кен орындарын әзірлеудің бекітілген жобасына немесе технологиялық схемаға сәйкес жүргізеді. Бақылаудың кезеңділігі әзірлеу жобасында (технологиялық схемада) белгіленеді;

      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жерасты суларын пайдалану туралы бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.

      16. Осы баптың 1-5, 7, 11-13 және 15-тармақтарының талаптары пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларына қолданылмайды.".

      31) 225-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне ағызуға – су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия немесе келісімшарт болған кезде жол беріледі.";

      32) 255-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерлерді болғызбау үшін табиғат пайдаланушы:";

      1) тармақшаның үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ бойынша қосалқы технологиялық жолдардың схемасын;";

      "жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта ағаштар мен бұталарды кесу және тамырымен жұлуды келісуі;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ шекараларын анық белгілеу мақсатында аншлагтар орнату арқылы шекараларды затпен айқындауы;"

      2-тармақтың 11), 13) және14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс жердегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақпен жүруге;";

      "13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ және мемлекеттік қорық аймағының аумағы бойынша қалдықтардың (желмен, жауын-шашынмен) көшуін болғызбайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинап қоюға;

      14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтағы, арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.";

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтан жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;

      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;";

      33) 259-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтық аймақта мұнай операцияларын жүргізу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      34) 286-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техногендік минералдық түзілімдерге;";

      35) 298-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.

      Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау орындары оларды қайта өңдегенге, кәдеге жаратқанға, ұзақ мерзімді сақтау орнына немесе полигонға әкеткенге не осындай операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін оларды он екі айдан аспайтын мерзімге қауіпсіз жинауға арналады.

      Осындай техногендік минералдық түзілімдердің уақытша сақтау шарттарымен мерзімдері бұзылған жағдайда, бұлар түзілген кезден бастап олар орналастырылған деп танылады.";

      36) 300-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.";

      37) 303-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады." деген сөздер "төлемақы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) жер қойнауын пайдаланушының жалдау төлемдері облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.";

      51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) жер қойнауын пайдаланушының жалдау төлемдері;".

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнында:

      140-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      345, 346, 347, 348, 349, 350, 353, 354, 356 және 687-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу

      346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу

      347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу

      348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу

      349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті ұсыну тәртібін бұзу

      350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу";

      "353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу

      354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару";

      "356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу";

      "687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган";

      мынадай мазмұндағы 687-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган";

      688-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган";

      мынадай мазмұндағы 688-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган";

      2) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн – оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      3) 140-бап алып тасталсын;

      4) 281-баптың бесінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі;";

      5) 345 және 346-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу

      Пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысыраптарына алып келген, көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу

      Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты белгіленген мерзімде құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берген мемлекеттік органды) жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы хабардар етпеу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      6) 347-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi нұқсан келтiруге алып келмесе, –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      7) 348, 349, 350, 353 және 354-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу

      Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті беру тәртібін бұзу

      Жер қойнауын пайдаланушының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу

      Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      "353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару

      Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      8) 356-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзушылық";

      бірінші – алтыншы және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды орындамау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарынсыз белгіленген тәртіппен бекітпей іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай шикі газды жағу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Жер қойнауын пайдаланушының шикі газды кәдеге жаратпай және (немесе) қайта өңдемей көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      оныншы бөлік алып тасталсын;

      он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның бекітілген мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарының болмауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Теңізге мұнайдың бірінші және екінші деңгейлерде төгілу салдарын жою үшін қажет өзінің материалдары мен жабдығынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      9) 687-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      10) мынадай мазмұндағы 687-1-баппен толықтырылсын:

      "687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган

      1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.";

      11) 688-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган

      1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.";

      12) мынадай мазмұндағы 688-1-баппен толықтырылсын:

      "688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган

      1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.";

      13) 697-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326 (бірінші және екінші бөліктерінде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      14) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      11) тармақшадағы "мен пайдалану" деген сөздер алып тасталсын;

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462 (үшінші бөлігі), 463-баптар;);";

      мынадай мазмұндағы 42-1) және 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);

      42-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);";

      15) 920-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекс:

      1) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      мұнай өнімдерін берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:

      астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын;

      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):

      1) мазмұнындағы 267-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "267-бап. Жер учаскелерiн беру";

      2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 3) қараңыз);

      3) 138-бапта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;";

      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 3) қараңыз);
      5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 3) қараңыз);

      6) 257-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жер учаскелерін беру;";

      7) 267-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "267-бап. Жер учаскелерін беру

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерiн бөлу арқылы жүзеге асырылады.";

      8) 281-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау мемлекеттік преференциялар беру болып табылады.

      Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім бойынша мемлекеттік преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.".

      7. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; №12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №10, 52-құжат; № 11,61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-4) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;";

      2) 3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу;";

      3) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;".

      8. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19- II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады.".

      9. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат):

      72-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдалы қазбаларды өндіруге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органмен келісілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімінің негізінде айрықша жағдайларда жол беріледі.".

      10. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 1-баптың 4) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;";

      "26) резервуар – мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;";

      2) 8-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "иелік етуге;" деген сөздер "иелік етуге тиіс." деген сөздермен ауыстырылып 2) тармақша алып тасталсын;

      4) 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.";

      5) 26-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;

      3) мыналар:

      астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      11. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      15-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      12. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат):

      18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2."Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленудің басым құқығына ие болады.".

      13. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат):

      1-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) терминал меншік иесі – магистральдық мұнай құбыры объектілерінің құрамына кірмейтін, резервуарларды білдіретін, өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектіге, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және басқалары) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге заңды негізде иелік ететін тұлға уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет мұнай тасымалы жөніндегі деректерді ұсынады.";

      3) 25-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1.Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға тиіс.".

      4) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Терминал меншік иелерінің өнімді сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетуі

      1. Терминал меншік иелері мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа, терминал меншік иесінің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жөнелтушілерге резервуарларды білдіретін, өзінің өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектілерінде, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналарына, автоцистерналарға, танкерлерге және басқаларына) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаларда мұнай тасымалдаудың жұмыс істеп тұрған маршруттары бойынша мұнайды сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетеді.

      2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес терминал меншік иелері өздерінің өнеркәсіптік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырады.

      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес терминал меншік иесі магистральдық құбыржол саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет мұнай қозғалысы жөніндегі деректерді ұсынуға міндетті.".

      14. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 53-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.";

      2) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Континенттік қайраң режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Заңға сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылдайды.".

      15. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат):

      73-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жататын жобалау құжаттары жатады.".

      16. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат):

      1) 28-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) көмірсутектер;";

      2) 30-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";

      3) 34-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.";

      4) 1-қосымшаның тақырыбы мен 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау

8.

Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек-тер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технология-лық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру.
2. Көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).
3. Мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.
4. Құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау.
5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).
6. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау.
7. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.
8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.
9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлудi болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау.
12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

      ";

      5) 2-қосымшада:

      96, 270 және 283-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

96.

Жер қойнауын пайдаланушының жасанды аралдарды, дамбаларды, құрылысжайлар мен қондырғыларды, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларға байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде оларды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін мемлекеттік бақылау жөніндегі органдармен келісуі

Жасанды аралдарды, дамбаларды, құрылысжайлар мен қондырғыларды, сондай-ақ көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларға байланысты өзге де объектілерді пайдалану процесінде оларды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін келісу-хат


      ";

      "

270.

Жерасты суларын барлауға рұқсат беру

Жерасты суларын барлауға рұқсат


      ";

      "

283.

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру

Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат


      ";

      285, 286 және 287-жолдар алып тасталсын;

      289 және 309-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

289.

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат


      ";

      "

309.

Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту

Көмірсутектердің кен орындарын әзірлеу жобасын бекіту туралы шешім-хат


      ";

      342-жолдың 2-бағанындағы "және бөлуді" деген сөздер алып тасталсын.

      17. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 3) қараңыз).

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 4) және 15) тармақшаларын, 10-тармағын;

      2) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) және 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. 1-баптың 6-тармағының 7) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7) 267-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ