Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 қарашадағы № 112-VІ ҚРЗ.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

Баспасөз релиз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат):

      1) мазмұнында:

      1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары";

      мынадай мазмұндағы 61-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік";

      мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Азаматтық бюджет";

      154-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу";

      155-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      161-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi тіркеу және олардың мониторингi";

      2) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік – бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған, есепке жазу әдісі бойынша таза активтердің, мiндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қаржылық жағдайы, қозғалысы және нәтижелері туралы ақпарат;";

      12-4) және 12-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-4) бюджет қаражатының игерілмеуі – бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасын қоспағанда, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кету сомасы;

      12-5) бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;";

      мынадай мазмұндағы 12-6), 30-2) және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-6) бюджет процесі саласындағы интегратор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелетін, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға;";

      "30-2) институционалдық жоба – саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипатқа ие және қарыз шартын жасасу жолымен мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;";

      "36-1) қазынашылық қолдап отыру – құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысушылардың – бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;";

      3) 4-баптың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірыңғайлық қағидаты – Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғайлық қағидаттарын қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану;";

      "4) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы;";

      4) 5-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ережелер кедендік мөлшерлемелерді, салықтық мөлшерлемелерді, салықтық база мен салық салу объектілерін өзгертуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін болжанбайтын салықтық емес басқа да түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті бюджет комиссиясы қорытындысының болуы талап етілмейді.";

      5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары

      Бюджет процесі саласындағы интегратор:

      1) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға арналған пайдалану құжаттамасын қоспағанда, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады;

      2) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;

      3) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту, оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету және оларды қолдап отыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

      4) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді;

      5) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.";

      6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)

      1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін және шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мен республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің шығыстары арасындағы айырмаға тең.

      Теріс белгімен алынған шама – республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгімен алынғаны республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.

      2. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

      Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері бекітілмейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

      Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты түсімдерге тәуелділігін төмендету үшін ұзақ мерзімді кезеңдегі мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшері экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы түрде дамыту есебінен азайтылуға тиіс.";

      7) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін уақтылы қайтармағаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес ақша алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      8) 21-баптың 1-тармағындағы "шотында" деген сөз "шоттарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 32-бапта:

      2-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді (қайта бекітеді).

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдармаларында) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері немесе кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі жергілікті бюджеттiк инвестициялардың атаулары мен жоспарлы кезеңге арналған шығыстар көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттердің кірістері бойынша шығындарды өтеуге бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы нысаналы трансферттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдарламаларында) тікелей нәтиже көрсеткіштері төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.

      Республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.

      Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.

      4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:

      бюджетті нақтылау кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша;

      бюджетті түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар жергілікті бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Бюджеттік бағдарламаларға мынадай:

      қаражат бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында қайта бөлінген;

      бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша қалыптасқан үнемдеу бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлінген жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіспей немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен үш жұмыс күні ішінде жібереді.";

      10) 34-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Өтеусіз негізде берілетін активтерге бюджет қаражатын жоспарлауға жол беріледі.";

      11) 41-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі "іске асыруға" деген сөзден кейін "және іске асыруды ұйымдастыруға" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі "бекітілген республикалық" деген сөздерден кейін "үш жылдық" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 45-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.";

      4-1, 4-2, 9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.

      Шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.

      4-2. Бюджетті атқару барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша қайта бөлуге құқылы.

      Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

      Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      "9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.

      Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептейді.

      9-1. Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері кірістерінің болжамын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.";

      13) 46-бапта:

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.";

      11, 12-1, 13 және 14-тармақтар алып тасталсын;

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жылдың қорытындылары бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.

      16. Нысаналы трансферттерді аударудың, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау мен ұсынудың тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есеп жасалғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жібереді.";

      14) 48-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу және оларды пайдалану кезінде:";

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) нысаналы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;";

      4) тармақшадағы "бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады." деген сөздер "бірінші басшысы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бюджеттік инвестицияларды нысаналы даму трансфертін аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі айқындаған мөлшерлерден төмен мөлшерде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырғаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      15) 53-бапта:

      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;

      халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысты төлемдер, берілмейтін борыштық міндеттемелер (вексельдер) және донорлық жарналар бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындау;

      үкіметтік борышты мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шығыстар.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басшысы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарда сақталады.";

      16) 54-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қоса алғанда, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;";

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";

      17) 55-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";

      18) 56-бапта:

      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау;

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауды қоспағанда, осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.";

      19) 60-баптың 2-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;";

      20) 61-бапта:

      1-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:

      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

      бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;

      бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;

      бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

      мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалауды;

      ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарының жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша болжамды көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.";

      21) мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:

      "61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік

      1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік:

      1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

      2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

      3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

      4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

      5) түсіндірме жазбаны қамтиды.

      2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      3. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің бағалануы мен болжамының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер:

      операциялық қызметтің нәтижесі;

      операциялық қызметтің нәтижесі (мұнайға қатысты емес);

      таза кредиттеу (қарыз алу);

      бюджеттің жалпы сальдосы;

      бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес);

      ақшаның профициті (тапшылығы);

      ақшаның жалпы профициті (тапшылығы);

      ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес);

      борыш;

      таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады.

      5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.

      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.";

      22) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi.

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.";

      23) 65-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.";

      24) 65-1-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, республикалық және жергілікті бюджеттер, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті құрамында мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті айқындалады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      25) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.

      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      26) 67-бапта:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар;";

      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін дербес кластерлік қордың, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      27) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Азаматтық бюджет

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады.

      Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      28) 68-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі тұрғысынан қарайды.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындылары ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстар қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған бюджеттік инвестицияларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес бюджет жобасына қосылады.";

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.";

      29) 71-бапта:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша қосымшалар бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) ақшалай мәндегі мөлшерін қамтиды;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде және жалпы ішкі өнімге пайызбен көрсетіледі.";

      30) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

      2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      3) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыштың түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

      3-1) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша, тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;

      3-2) жергілікті бюджеттік инвестициялар мен шығыстардың атауы көрсетілген төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану туралы ақпаратты;

      3-3) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын;

      есепті екі қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасын, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтерді (себептерін, салдарларын);

      республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті екі қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді;

      алдыңғы қаржы жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты қамтитын ақпаратты ұсынады.

      Түсіндірме жазбаға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.

      Түсіндірме жазбаға бюджеттік инвестициялар бөліне отырып мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде бюджет жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған инвестициялар тізбесі қоса беріледі.";

      31) 75-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;";

      32) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;";

      33) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдар айқындайтын, арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      34) 85-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:

      бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша шығыс сомасына;

      бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыс сомасына сәйкес келуге тиіс.";

      9, 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді өздері дербес енгізеді.

      Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:

      Республикалық бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;

      бюджеттік даму кіші бағдарламасында көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауымен байланысты шығыстарға қаражатты қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын тиісті бюджет комиссиясында қарамастан бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлуге құқылы;

      қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөлуге құқылы.

      9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

      Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

      9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

      9-3. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертпей, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      1) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында өздері дербес;

      2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;

      3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;

      4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.";

      35) 88-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы "байланысты операцияларды есепке алуға арналады." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) қазынашылық қолдап отыру шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны есепке жатқызуға және пайдалануға (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.";

      36) 91-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      37) 94-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      38) 96-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

      Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты грант туралы халықаралық шарт шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер:

      қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен – қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;

      республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен – қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасасады.";

      5-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.";

      39) 97-бапта:

      3-тармақта:

      екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы төлемнің қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.";

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:

      қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртiппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіп және (немесе) жаңасын әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;

      егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізбестен, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) қолдану арқылы пайдаланылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бас мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары бас мердігер бекіткен тізбе бойынша қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарына жүзеге асырылады.";

      "5-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:

      1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификатының және электрондық шот-фактураның бар-жоғына;

      2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруден тұрады.";

      6-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер және қосалқы мердігер:"

      5) тармақшадағы "қамтамасыз етеді" деген сөздер "қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Қазынашылық қолдап отыру шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыратын бас мердігерлер және қосалқы мердігерлер осы баптың 5-2-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      40) 104-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Кодекстің 45-бабы 4-2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары қаржыландырылған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының тиісті қаржы жылының соңындағы жылдық сомасынан асып кеткен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына;";

      41) 106-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "кеміген" деген сөз "кеміген немесе ұлғайған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 107-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет жүзеге асырылады.

      Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті қайтадан нақтылауға:

      1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген немесе ұлғайған;

      2) республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеген жағдайларда жол беріледі.

      1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген ережелер осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған жағдайларда республикалық бюджетті нақтылауға қолданылмайды.";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;";

      4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.";

      43) 110-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша бюджет қаражаты ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.";

      44) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген;";

      45) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-бап. Нәтижелерді бағалау

      1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың жекелеген саласының (аясының), қоғамның дамуына әсер етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.

      2. Нәтижелерді бағалау:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауға;

      2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тиімділік аудитіне;

      3) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін Жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға негізделеді.

      3. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының нәтижелерін бағалау:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын таңдаудың негізділігін, олардың түсінікті және анық жазылуын талдауды;

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау себептерін көрсете отырып, оларға қол жеткізілуін талдауды;

      3) осы Кодекстің 62-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары мақсаттарының өзара байланысының болуын талдауды;

      4) нәтижелерді бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс.

      4. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      46) 151-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";

      47) 153-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жыл сайынғы бюджеті ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға арналған инвестициялық шығындардың жалпы құнының 10 пайызынан аспайтын, ақпараттық жүйелерді дамытуды көздейтін және құқық нормаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

      Ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      48) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін бюджеттік инвестицияларды іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.

      Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.

      Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.

      Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

      Бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзету жүргізуіне жол берілмейді.";

      49) 154-1 және 154-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.

      2. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.

      154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.

      3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.";

      50) 154-3-бапта:

      1, 2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен, сондай-ақ бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.

      Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.

      Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.";

      "7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ескере отырып, жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.

      10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

      11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыруды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      51) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау

      Концессиялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін концессиялық жобаны іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:

      1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессия шартын жасасу, сондай-ақ шартты тіркеу.";

      52) 155-1-бап алып тасталсын;

      53) 155-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.";

      54) 155-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.";

      55) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.";

      56) 160-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледi.

      7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын және оның қолжетімділігі үшін төлемақыны беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      57) 161-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi тіркеу және олардың мониторингi";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелері бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда өзі айқындаған тәртiппен тiркелуге жатады.

      Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелері бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен тiркелуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша мәслихаттың шешіміне сәйкес, тек шартта белгіленген сомалар және мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      58) 162-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жекелеген ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде, өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады.";

      59) 163-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиісінше әрбiр жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.";

      60) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге белгiлейдi.";

      61) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.";

      62) 168-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының шешімдері негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.";

      63) 170-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.";

      64) 171-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегінің болмауы.";

      65) 187-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесі маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ қаржылық есеп-қисаптың нәтижелерін қамтитын, бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шаралардың өзін-өзі ақтауын, оларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін құжаттарды білдіреді.

      Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, бюджеттік кредиттеудің белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесіне және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

      Бюджеттік кредиттеудің түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.".

      66) 191-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигіне (кредиттік шартқа) сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы берешек (мерзімі өтіп кеткен берешек) болып табылады.";

      67) 196-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарын тоқтату бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады.";

      68) 199-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, валюталарда және нысандарда өздері дербес жүзеге асырады.

      Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен тарта алады.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарын тарту мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен олардың көлемдерін келісу арқылы жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен оларды бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.";

      69) 203-бапта:

      1-тармақта:

      2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындауын;";

      "4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тіркеу мен есепке алуды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуының қаржылық шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген параметрлердің негізінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      70) 206-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Несие капиталын сыртқы нарықта орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе олардың шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.";

      71) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.";

      72) 220-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың есебін жүргізеді.".

      2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат):

      127-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.".

      3. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат):

      13-баптың 1-тармағының 4-5) тармақшасындағы "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты," деген сөздер "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды," деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж. № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) концедент – осы Заңға сәйкес концессия шарттарын және (немесе) концессионердің кредиторларымен тікелей келісім жасасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;";

      "9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру – конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;";

      12) тармақша алып тасталсын;

      2) 8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-баптың 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:

      конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;

      концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;

      концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;

      концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;";

      "7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;";

      4) 10-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) концессиялық жобаны консультациялық қолдап отыруды, конкурстық құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;";

      5) 11-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 12-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына берілетін салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;";

      "3) концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешiмi негiзiнде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасады;";

      7) 13-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4000000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан мыналар:

      конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде;

      конкурсқа қатысушылар концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзген кезде ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша;

      концессия шарттарының жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар дайындайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін;";

      8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) тізбені қалыптастыру;

      2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;

      3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.";

      9) 15-1-бап алып тасталсын:

      10) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.";

      11) 17-баптың 1-тармағының 2-1) және 2-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы;

      2-2) концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты;";

      12) 18-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.";

      13) 19-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және iрiктеудi ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Конкурсты тиiстi ұйымдастырушы комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

      Ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      14) 20-бапта:

      1-тармақтың жетінші бөлігіндегі "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздер "бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.

      Егер белгiленген мерзiмдерде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтiнiмдер келiп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс өтпеген болып есептеледi.

      Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған болса, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келiссөздер барысында осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Конкурсты өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Конкурстың шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны және мемлекеттің төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасының және комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.";

      15) 20-1-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау;

      конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы және конкурстық құжаттаманы ұсынуы;

      әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;

      әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;

      біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;";

      2) тармақшаның екінші абзацы "негіздемелерімен" деген сөзден кейін "не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат):

      1) 134-баптың 3-тармағы 10) тармақшасындағы "қамтамасыз ету саласында жүзеге асырады." деген сөздер "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) сот-сараптама қызметі саласында жүзеге асырады.";

      2) 140-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олардың өздері айқындайды.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.

      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұл есептеледі.".

      6. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-баптың 5), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;";

      "7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыру – Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын көрсетілетін қызметтер;";

      "11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар – тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттау көзделетін құжат;";

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделуі мүмкін.

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті бағдарламада айқындалады.";

      3) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуі;";

      4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.";

      5) 20-баптың 4), 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;";

      "7) экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамаларын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келіседі;";

      "9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;";

      6) 23-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) экономиканың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жекеше әріптестікті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды дайындауды жүзеге асырады;";

      7) 25-бапта:

      3) тармақша алып тасталсын:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      8) 26-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      9) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:

      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;

      3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және олардың шығындарын өтеу көздерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде үш жыл мерзімге белгіленеді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      10) 28-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;

      11) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      Егер мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар;

      2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзге де тәртібін қолдануға нұсқау көзделсе, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.";

      12) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;";

      13) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;";

      14) 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      15) 44-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға сараптама жасау;";

      16) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын валюта құрамдасы бойынша іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;";

      "17-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстарын өтеу тәртібі;".

      7. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      1) 7-баптың 35) тармақшасындағы "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына" деген сөздер "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 39-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы" деген сөздер "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Өтеусіз негізде берілген бағдарламалық қамтылымда ақпараттық жүйені құрған жағдайда осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшалары қолданылмайды.

      Өтеусіз негізде берілетін бағдарламалық қамтылымда ақпараттық жүйені құру үшін уәкілетті органның оң қорытындысы талап етіледі.

      Өтеусіз негізде берілген бағдарламалық қамтылымда құрылған ақпараттық жүйені қолдап отыруға жұмсалатын шығындар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындардың есеп-қисабы әдістемесіне және нормативтеріне сәйкес жоспарланады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап.

      1. Осы Заң:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 14) тармақшасының жетінші – он бірінші абзацтарын;

      халық саны екі мың адамнан көп болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші – үшінші абзацтарын, 21) тармақшасының бірінші – тоғызыншы және он бірінші – жиырма алтыншы абзацтарын және 30) тармақшасының оныншы абзацын;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 21) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын және 31) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мен "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-2) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалар сараптамасының оң қорытындылары алынған концесиялық жобаларды іске асыру параметрлері мен шарттарын жоғарыда көрсетілген ұйымдар осы концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қабылдайды.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мен "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар сараптамасының оң қорытындылары алынған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру параметрлері мен шарттарын жоғарыда көрсетілген ұйымдар осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ