Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ленин селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне ат қою туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қазандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-92 болып тіркелді, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Самұратов