РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
Заңның күшін жою көзделген – ҚР 30.11.2018 № 196-VІ Заңымен.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2018 жыл – 2 600 000 000 мың теңге;
2019 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;
2020 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі
1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |