Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 қарашадағы № 111-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Баспасөз релиз

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2018 жыл – 2 600 000 000 мың теңге;

      2019 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;

      2020 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

      1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ