Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 310-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) мазмұнында 36-3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-3-тарау. Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арыздар бойынша іс жүргізу»;
      2) 289-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы істер жатады.»;
      3) 36-3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

       «36-3-тарау. Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

      317-9-бап. Арыз беру

      Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында сотқа бередi.

      317-10-бап. Арыздың мазмұны

      Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арызда интернет-казиноның заңсыз қызметі туралы не қандай ақпарат заңсыз деп танылуға жататыны туралы куәландыратын фактілер көрсетілуге және құжаттар қоса берілуге, сондай-ақ ақпараттық өнімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге, арызда жазылған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер жазылуға тиіс.

      317-11-бап. Арыз бойынша сот шешімі

      Сот интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, интернет-казиноның қызметін, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады. Сот шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
      1) 411-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.»;
      2) 413-баптың 1-тармағының 3)4)5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тотализатордың кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
      4) тотализатордың электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін;
      5) букмекер кеңсесінің кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
      6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды.».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 445-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «445-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы
                заңнамасын бұзу

      1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын емес үй-жайларда орналастыру туралы талапты және оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салуды сақтамау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуі, мөлшерлемелерді қабылдауы (есепке алуы), ұтысты төлеуі не заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, ақшадан басқа өзге де мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы және өткізуі –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы жөніндегі талаптарды сақтамау –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда міндетті резервтерді қалыптастыру, пайдалану, тұрақты негізде орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды орындамауы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинолардағы және ойын автоматтарының залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы не бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық орнату міндетін орындамауы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындамау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда болатын нақты оқиғаларға ғана мөлшерлеме қабылдау туралы, не букмекер кеңселерін аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі, не экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамның ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындалуына тыйым салу туралы талаптарды сақтамау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың үшінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 804-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшадағы «445 (бірінші және оныншы бөліктері)» деген сөздер «445 (бірінші және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақшадағы «және лотерея қызметі» деген сөздер алып тасталсын;
      37) тармақшадағы «445 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері)» деген сөздер «445 (үшінші, сегізінші және он екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.».
      5. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;»;
      «4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;»;
      9) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ойын автоматы – құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);»;
      «14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;»;
      17) тармақша алып тасталсын;
      19) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;»;
      «21) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;»;
      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      «22) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.»;
      3) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағында:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;
      2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;
      3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
      4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;
      5) ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыс төлеуге;
      6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне тыйым салынады.»;
      4) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады;
      7-2) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады;
      7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;»;
      5) 11-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.»;
      4-тармақтағы «бизнесі орнын» деген сөздер «мекемесін» деген сөзбен ауыстырылып, «жабдығын» деген сөзден кейін «, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.»;
      2-тармақтағы «елу» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «процентi тоқсан проценттен» деген сөздер «пайызы тоқсан бес пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы «ойын жабдықтары» деген сөздер «бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы «бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставка жасаған оқиғаның дамуы мен аяқталуын қадағалауға мүмкіндік беретін ойын жабдығын» деген сөздер «бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
      «14. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда болатын нақты оқиғаларға ғана мөлшерлемелер қабылдайды.
      15. Букмекер кеңселері аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс.
      16. Мыналар:
      1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;
      2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылған тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).
      17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.»;
      7) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      «12-1-бап. Букмекер кеңсесінің аппараттық-бағдарламалық
                  кешені

      1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
      2. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекер кеңселерінің кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.»;
      8) 13-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
      1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;»;
      4) тармақшадағы «мемлекеттік», «ережелерінің» деген сөздер тиісінше «қазақ», «қағидаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      6) өтiнiм берушiде әрбiр ойын мекемесi үшiн осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
      казино және ойын автоматтары залдарын – 60 000 мөлшерiнде;
      букмекер кеңселерiн – 40 000 мөлшерiнде;
      тотализаторларды – 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.»;
      9) 14-баптың 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.»;
      «6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.»;
      10) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың олармен танысуы үшін ойын мекемелеріндегі көрінетін жерге орнатылуға тиіс.».
      2-бап. Осы Заң:
      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;
      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші, он бесінші, он алтыншы, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 5-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші және он бесінші абзацтарын, 7) тармақшасын8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын;
      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 8) тармақшасының он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 8) тармақшасы он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге;
      2) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасы үшінші абзацының, 6) тармақшасы үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші және он бесінші абзацтарының, 7) тармақшасының8) тармақшасы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев