1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
256-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде (Республикалық ұлан), Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдарында, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.».
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
60-баптың 3-тармағының екінші бөлігі және 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-дәрігерлік сараптама органдары жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, ішкі істер органдарындағы және мемлекеттік авиациядағы қызмет үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс, ішкі істер саласындағы орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және Мемлекеттік күзет қызметі бекітеді.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 727-баптың бесінші бөлігіндегі «Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің», «ішкі әскерлердің» деген сөздер «Ұлттық ұланының», «Ұлттық ұланның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 804-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің» деген сөздер «Ұлттық ұланының» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнаулы бөлiмшелерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнаулы қызметтерi жүзеге асырады.».
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
15-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері қызметін осы Заңда және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 15 – 19, 22, 24, 29 – 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім, жұмыс тәжірибесі мен дене дайындығы деңгейі жөніндегі талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.».
6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 2-баптың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) жеке арнайы шот – арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үй төлемдерін аудару және белгіленген мақсатқа төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банк шоты;»;
2) 99-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері — зайыбы (жұбайы); ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары, жиырма үш жасқа толмаған, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары — әскери қызметін өткеру кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйге құқығын іске асыруы осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) оны «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен жекешелендіреді.».
7. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-1-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.»;
2) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің, Ұлттық ұланының, Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;».
8. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актісінің жолын кесу үшін қолдану туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.»;
2) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Терроризмге қарсы операция жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.»;
3) 14-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану»;
1-тармақта:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысу үшін қолданылады.».
9. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
14-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының негiзiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілмей Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мынадай мiндеттердi орындау үшін:»;
5) тармақшадағы «тартылуы» деген сөз «қолданылуы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібіне және шектерiне қатысты бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.».
10. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы
Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды
тарту»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мынадай негізгі міндеттерді орындау үшін:»;
5) тармақшадағы «кесу үшін» деген сөздерден кейін «Қарулы Күштер қолданылады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
1) 9-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қолдану тәртібін белгілейді және осы Заңға сәйкес олардың міндеттерін айқындайды;».
11. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан), Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары;»;
2) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;»;
3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентiнің шешімдері негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкiн.»;
4) 19-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердiң құрамына Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысының құралымдары және арнаулы құралымдар кiредi.»;
5) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздiк комитетiнiң Шекара қызметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізеді.».
12. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi
Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Ұлттық ұланының құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады.»;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсіздiк органдарында және Ұлттық ұланында құрылады.»;
3) 12-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж. № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 15 – 19, 22, 24, 29 – 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
3) 75-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық бөлімшелері мен мекемелерінде (бұдан әрі – әскери-медициналық бөлімшелер), сондай-ақ өзге де мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.».
14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
71-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің құзыреті»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз Күштері:».
15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;»;
2) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер
органдарының, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық
бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерін қолдану
Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.».
16. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
2) 9-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыныс енгізеді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев