РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-бап; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
«салық органына», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органында», «салық органының», «салық органы», «салық органдарындағы», салық органын», «салық органдарын», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органының», «салық қызметі органы», «салық қызметі органдарына», «салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органы» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органында», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарындағы», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органдарын», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдарына», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден органынан», «кеден органының», «кеден органын», «кеден органына», «кеден органы», «кеден органдары», «кеден органдарының» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік кіріс органынан», «мемлекеттік кіріс органының», «мемлекеттік кіріс органын», «мемлекеттік кіріс органына», «мемлекеттік кіріс органы», «мемлекеттік кіріс органдары», «мемлекеттік кіріс органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
282, 283 және 288-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
«288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау»;
20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
320 және 356-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу»;
«356-бап. Мұнай операцияларын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бұзу»;
23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
409, 442, 443 және 519-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу»;
«442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау»;
«519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту»;
629-баптың тақырыбы алып тасталсын;
652-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу»;
652-1, 652-2, 652-3-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
660, 689, 695, 698, 706 және 721-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау»;
«689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган»;
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
«698-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган»;
«706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
«721-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»;
3) 5-баптың бірінші бөлігіндегі «заңды күшiне енбеген» деген сөздер «орындалмаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 32-бапта:
бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 652 және 680-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
«3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен әскери және арнайы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Әкімшілік жазаны қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдарға әкімшілік жазалар қолданудың орнына кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылықтар туралы материалдарды беруге тиіс.»;
5) 50-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.»;
6) 52-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзған адамды осы Кодекстің 64-бабында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылуы мүмкін.»;
7) 58-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, ал әкiмшiлiк қамаққа алу үшін осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асыруға болмайды.»;
8) 172-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –»;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату –»;
9) 200-баптың үшінші бөлігінің бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –»;
10) 274-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –»;
11) 278-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
12) 282-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен
алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын, этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ұсынбау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лияцензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ішінде жоймау –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемін сақтамау -
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
13) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен
және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен
таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 285-бапта:
бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;»;
үшінші бөліктің 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;»;
«8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы –»;
15) 288-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың
лауазымды адамдарының заңды талаптарын
орындамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы –»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редацияда жазылсын:
«3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –»;
16) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
17) 320-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу туралы және тұрғын үй
қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің
талаптарын бұзу»;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Кондоминиум объектісін басқару органының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі тоқсан сайынғы есеп беру мерзімдерін бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаға – он, заңды тұлғаға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мұнай операцияларын және жер қойнауын пайдалану
жөніндегі жұмыстарды жүргiзу қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсыз іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Теңізге бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасасылған шартсыз теңізде мұнай операцияларын жүргізу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.»;
19) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«400-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
1) карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
2) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
3) қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
4) Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды жүзеге асыру;
5) карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;
6) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізбеу;
7) отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалану;
8) отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтамау;
9) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалану;
10) қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізбеу;
11) карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
12) карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік жете тексеру үшін ұсынбау;
13) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалану;
14) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыру;
15) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етпеу;
16) карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын карантинге жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;
2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе оған шектеулерді бұзу;
3) карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізу;
4) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге жатқызылған өнімді алып бара жатқан жолда басқа мекенжайға жіберу;
5) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі жәндіктерді дәндi, дәндi-бұршақтық, жемшөп, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен, отырғызылатын немесе тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, буып-түю және бекіту материалдарымен бір мезгілде тасымалдау;
6) карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, оны тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 402-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы жүргізбеу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 403-бапта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы;
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда сақтау;
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған кезде полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта буып-түю;
6) пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу жолымен экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын қоспаларды жою үшін уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы түрінде жасалған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмiндiлердi) салу бойынша шаралар қабылдамау –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
23) 409-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене
шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу»;
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту –
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) 412-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы –»;
25) 419-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –»;
26) 442-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп
жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде
немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
28) 449-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –»;
29) 464-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
30) 471-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –»;
31) 496-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.»;
32) 518-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – »;
33) 519-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп
келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұза отырып тарту»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
34) 571-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
35) 613-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау – »;
36) 617-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
37) 618-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қызметпен айналысу құқығынан бір жыл мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қызметпен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
38) 629-бап алып тасталсын;
39) 630-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
40) 631-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
41) 632-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
42) 652-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет
саласындағы заңнамасын бұзу»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«3. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындалу, ауыстырылу кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, ұзақтығы он тәуліктен асатын, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет өткеру қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
6. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.»;
43) 652-1, 652-2, 653-3-баптар алып тасталсын;
44) 660-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру
және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп соқпаса, –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
45) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«320,» деген цифрлар «320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«333 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «356 (он төртінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«440 (төртінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «443 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«495 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «496 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«519 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«629,» деген цифрлар алып тасталсын;
«638 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «651,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«652-1, 652-2, 652-3,» деген цифрлар алып тасталсын;
46) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
«443,» деген цифрлар «443 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«496» деген цифрлар «496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «572 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «572» деген цифрлармен ауыстырылсын;
47) 686-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
48) 688-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«688-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 356 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.»;
49) 689-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын орган
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 290, 291, 292, 293, 294 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 296 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.»;
50) 690-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
51) 691-бапта:
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтың 2) тармақшасындағы «593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 694-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«694-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
53) 695-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды
тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін
мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу
саласындағы уәкiлеттi орган
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
54) 698-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкеркерге – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
55) 705-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
56) 706-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
57) 708-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
58) 710-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші бөлігінде), 337, 338, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
59) 712-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«712-бап. Геодезия және картография саласындағы
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.»;
60) 721-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«721-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстiң 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 274, 471, 472, 473, 474, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
61) 726-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
62) 727-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
63) 728-баптың бірінші бөлігіндегі «282 (бiрiншi, екінші және бесінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 729-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491 және 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
65) 743-баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.»;
66) 759-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн.»;
67) 786-баптың бірінші бөлігінің 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар жасалған кезде – экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерi;
6) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;
7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері;
8) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар тарапынан өтiнiш болған кезде – iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.»;
68) 787-бапта:
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
11) белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдары;»;
13) тармақша алып тасталсын;
69) 796-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.»;
70) 797-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «593 (екiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «593 (екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 802-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және салық органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
72) 803-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;
73) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«442,» деген цифрлардан кейін «443 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«495 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «496 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«519 (төртінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
«629,» деген цифрлар алып тасталсын;
4) тармақшадағы «621 (үшінші бөлігі), 629, 652, 652-1, 652-2, 652-3» деген сөздер «621 (үшінші бөлігі), 651, 652» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «, 652-1, 652-2, 652-3» деген цифрлар алып тасталсын;
6) тармақшадағы «, 652-1, 652-2, 652-3» деген цифрлар алып тасталсын;
22) тармақшадағы «282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері),» деген сөздер «282 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
29), 30), 32), 38) және 42) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);»;
«30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (154, 158, 173,
174 (екінші бөлігі), 357, 465, 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);»;
«32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
(305 (газбен жабдықтау жүйелерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306 (үшінші, төртінші және бесінші бөлiктері), 307, 308,
312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
«38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);»;
«42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170, 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);»;
50) тармақшадағы «320,» деген цифрлар «320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 4) тармақшасындағы «614-баптар» деген сөздер
«614, 675-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 805-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.»;
75) 807-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;»;
76) 810-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;»;
77) 811-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.»;
78) 813-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұратын жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;»;
79) 816-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «беру туралы;» деген сөздер «беру туралы шешім қабылдайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
80) 823-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.»;
81) 848-бап мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхатта:
1) өтінішхат жолданған лауазымды тұлғаның атауы;
2) өтінішхатты беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процестік жағдай;
3) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;
4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
5) материалдық не процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінеді және өтінішхатты беруші адам өтінішінің неден тұратыны қамтылуға тиіс.
6. Өтінішхатқа өтінішхатты беруші адам немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.
7. Өтінішхатқа іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса берілуге тиіс.
8. Өтінішхат осы баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген адамдарға қайтарылуға жатады.»;
82) 872-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
83) 874-баптың төртінші және алтыншы бөліктері алып тасталсын;
84) 894-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;
85) 895-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;
86) 897-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (тапсырған) мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен адам хабарлама немесе хабардар ету алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді.»;
87) 917-баптың 2) тармақшасындағы «, 519 (төртiншi бөлiгi)» деген сөздер алып тасталсын;
88) 920-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекс, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 281-баптың бесiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасын және 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16), 17), 18), 48)тармақшаларын, 73) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282-бабының бесінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;».
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев