Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;
2) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;
3) бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті кәсіподақ – ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі;
5) кәсіподақ мүшесі – кәсіподақтың құрамына кіруге ерікті түрде ниет білдірген және кірген оның жарғысын мойындайтын және сақтайтын, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін жеке тұлға;
6) кәсiптiк одақ (кәсіподақ) – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк;
7) кәсіподақ органы – кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқарушы орган;
8) мүшелік ұйым – кәсіподақтар, қатысушылар ретінде кәсіподақтың, осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде олардың бірлестіктерінің құрамына кіретін, олардың жарғыларын мойындайтын және сақтайтын олардың бірлестіктері;
9) республикалық кәсіподақтар бірлестігі – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірлестігі;
10) салалық кәсіподақ ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты қызметтің (экономикалық қызмет түрлерінің немесе кіші түрлерінің) бір саласы және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің, жергілікті кәсіподақтардың бірлестігі.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде iссапарда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс iстейтiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүшелік кәсiподақ жарналарын төлеуі Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шарттарда жүргізіледі.
3. Жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі сайланбалы кәсіподақ органдарында бола алмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы
1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді.
2. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.
3. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.
5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары
1. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады.
2. Кәсiподақтар жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да іс-шаралар өткізеді.
3. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.
4. Кәсіподақтар осы Заңда айқындалған тәртіппен кәсіподақтар бірлестіктерін құра алады.
6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары
Кәсiподақтар жарғылық мақсаттары мен мiндеттеріне сәйкес еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін халықаралық кәсiподақтар бірлестіктеріне кіруге, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар, келiсiмдер жасасуға құқылы.
Кəсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және бірлесіп еңбекшілердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және жобаларды іске асыруға құқылы.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсiбойынша кемсiтуге тыйым салу
1. Кәсiподақтарға мүше болу азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлетiн еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына қандай да бiр шектеу қоюға әкеп соқпайды.
2. Қызметкердің кәсiподаққа мүше болу, оған кiру немесе одан шығу себебi бойынша жұмысқа қабылдау, жұмыста жоғарылату кезінде кемсітуге, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.
3. Адамдарды кәсіподаққа кіруден қалыс қалуға, бір кәсіподақтан шығып, басқасына кіруге не өз бетінше кәсіподақты таратуға қорқытып немесе басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттермен мәжбүрлеп оларға ықпал жасауға тыйым салынады.
2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
1. Кәсiподақ кемiнде он адамнан тұратын, өздерінің кәсіптік және өндірістік мүдделерінің ортақтығымен байланысты, жарғы бекiтiлетін және кәсіподақ органдары қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференцияны, жиналысты) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
2. Мүшелiкке ие болу және одан айырылу шарттары мен тәртiбi кәсiподақтың жарғысында айқындалады.
3. Кәсiподақтың заңды тұлға ретiндегі құқық қабiлеттілігі мемлекеттік тiркелген кезден бастап пайда болады.
1. Кәсіподақтың жарғысында:
1) кәсіподақтың атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
2) жеке тұлғалардың, мүшелік ұйымдардың мүшелігі, кәсіподаққа (оның бірлестігіне) кіру, одан шығу, мүшеліктен айырылу шарттары мен тәртібі;
3) кәсіподақтың ұйымдық құрылымы;
4) кәсіподақ органдарын қалыптастыру тәртібі, оның құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімдері;
5) кәсіподақ органдары есептілігінің және олардың қызметін бақылау тәртібі, мерзімдері;
6) кәсіподақтың және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде әлеуметтік әріптестіктің және өзі мүшелік ұйымы болып табылатын кәсіподақтардың органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндеттілігі;
7) кәсіподақ мүлкін қалыптастыру көздері, кәсіподақтың мүлікті басқару жөніндегі құқықтары;
8) мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу және оларды бөлу тәртібі;
9) өз мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беру тәртібі;
10) кәсіподақ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
11) кәсіподақты қайта ұйымдастыру және тарату, кәсіподақ таратылған жағдайда мүліктің тағдыры туралы шешім қабылдау тәртібі көзделуге тиіс.
2. Жарғыда басқа кәсіподақтардағы мүшелікке қатысты шектеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуі мүмкін.
10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату
1. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.
2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар тiркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, салалық кәсіподақтың қызметін оларды тіркеген органдар мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үш айдан алты айға дейінгі мерзімге сот тәртібімен тоқтата тұруға алып келеді.
4. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі
1. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.
2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады.
3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.
3-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу үшін республикалық кәсіподақтар бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.
4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтар қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың әрекеттерін үйлестіруге жәрдемдеседі.
5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:
1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;
2) өзінің мүшелік ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлеу және айқындау;
3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
4) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
5) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу;
6) шетелдік, халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау және мүшелік ұйымдардың олармен байланыстар орнатуына жәрдем көрсету;
7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
6. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын ұсынуға және бекітуге құқылы.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі
1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.
2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар және (немесе) олардың бірлестіктері құрады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кемінде екі ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың) аумағында мүшелік ұйымдары және (немесе) өкілдіктері (филиалдары) болуға тиіс.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің тиісті аумақта кемінде екі мүшелік ұйымы болуға тиіс.
3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
3-2. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың жұмысына қатысу үшін аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органын хабардар етуге тиіс.
4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары:
1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;
2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
4) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысына қатысу;
5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Салалық кәсіподақ салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады.
2. Салалық кәсіподақтың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері және (немесе) мүшелік ұйымдары болуға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана санының жартысынан астамын қамтитын аумақта құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы.
2-1. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу үшін салалық кәсіподақ тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органын хабардар етуге тиіс.
3. Салалық кәсіподақтың республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
4. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары:
1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау;
2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
4) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу;
5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
5. Салалық кәсіподақтың филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттіктері шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жергілікті кәсіподақты ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйымның қызметкерлері ерікті түрде құрады.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері ерікті түрде құратын жергілікті кәсіподақ экономикалық қызметтің бірнеше түрi (кiшi түрлері) ұйымдарының қызметкерлерін біріктіре алады.
3. Жергілікті кәсіподақ ұйым (ұйымдар) деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
4. Жергілікті кәсіподақтың салалық кәсіподақтың және (немесе) аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарымен мүшелік ұйым ретінде олардың құрамына кіруге құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы
1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, оның қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақ жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.
4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI
16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары
1. Кәсiподақтардың:
1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болуға;
2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;
3) мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға;
4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерiне сотқа шағымдануға;
5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға;
7) осы Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
8) келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға;
9) ақша қорларын қалыптастыруға;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға;
11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
12) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу және қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
14) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
15) баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге;
16) кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге;
17) жарғылық мақсаттарға сәйкес өз мүшелерінің мүддесіне орай өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға;
18) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, келiсiмдер мен ұжымдық шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері
Кәсiподақтар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға;
2) ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға;
3) өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға;
4) кәсіподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;
5) кәсiподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, сондай-ақ ұжымдық шарт ережелері бойынша сауаттылығын арттыру, келіссөздер жүргізе алу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге;
6) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге;
7) жарғыда айқындалған шарттарда және тәртіппен кәсіподақ мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;
8) кәсiподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің жазбаша өтініштері негізінде олардың мүдделерін кәсiподақ мүшелеріне арналғандай шарттарда білдіруге;
9) сайланған немесе қайта сайланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге сайланбалы кәсіподақ органдарының негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері туралы ақпарат беруге міндетті.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау
1. Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы жұмыс берушімен қарым-қатынастарда өз мүшелерiнің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн:
1) құқықтық және консультациялық көмек көрсету, оның ішінде кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету;
2) сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзудың негізділігі туралы уәжді пікір білдіру, өз мүшелерінің еңбек жағдайларын ұжымдық шартқа сәйкес келісу;
3) өз мүшелерiнiң құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшін сотқа арызбен жүгiну;
4) өз мүшелерi атынан, сондай-ақ кәсіподаққа жазбаша өтінішпен уәкілеттік берген, кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер атынан жұмыс берушiмен ұжымдық шарт, келiсiм жасасу;
5) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамына қатысу арқылы қорғайды.
2. Өз мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн барлық басқа да тәсілдерді пайдалана алады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі
1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке:
1) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссияларда жұмыс істеу;
2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу;
3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), мемлекеттік органдармен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша консультациялар (келіссөздер), қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру арқылы қатысады.
2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жоғары деңгейдегі кәсіподақтар:
1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар;
2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады.
20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру
1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ шарттық негізде өздерінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Жүргiзiлетiн қоғамдық бақылауға жұмыс берушiнің тарапынан қарсы іс-қимылдың жасалуына және кедергi келтірілуіне жол берілмейді.
2. Кәсіподақтар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға тұрақты негізде қатысады.
3. Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
4. Кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамына тепе-теңдік негізде кіреді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).21-бап. Кәсіподақтардың талаптар қоюы, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
Ескерту. 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнде айқындалған тәртіпті сақтай отырып және жағдайларда талаптар қоюға құқылы.
2. Егер татуластыру рәсiмдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi татуластыру рәсiмдерінен жалтарған не дауды шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi ол орындамаған жағдайларда, кәсiподақтар ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады.
Бұл ретте, қызметкерлерді сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыруға тыйым салынады.
3. Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
4. Кәсiподақтар бiрлескен наразылық акцияларын өткiзу үшiн өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру
Кәсiподақтардың бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру және олардың қызметі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары
Кәсiподақтар өзінің және тартылған қаражат есебiнен кәсiподақтардың жарғылық мiндеттерi мен мақсаттарын іске асыруға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруға арналған әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ақша қорларын қалыптастыра алады.
24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы
Кәсiподақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлердi қорғау жөнiндегi бағдарламаларды, ең төмен күнкөрiс деңгейін белгiлеу және оны сақтау, кірістерді индекстеу, жалақының, зейнетақылардың, стипендиялардың және жәрдемақылардың ең төмен деңгейiн арттыру жөнiндегi іс-шараларды қоса алғанда, өз мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар ретiнде енгiзедi.
25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi
1. Мақсаты кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ кәсiподақтардың осы Заңда және жарғыда көзделген қызметіне кедергi келтіретін кез келген әрекеттерге тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.
3. Келісімдерде немесе ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, жұмыс беруші кәсіподаққа мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға ақша аударады.
4. Сайланбалы қызметке сайлану нәтижесінде жұмыстан босатылған адамдардың сайланбалы қызметіндегі жұмыс кезеңіне еңбек шартының мерзімі шеңберінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер
1. Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өздері мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының уәжді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысы (төрағасы) жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды.
2. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға осы адамдар мүшелері болып табылатын кәсіподақ органының уәжді пікірі ескеріле отырып, еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысымен (төрағасымен) еңбек шарты жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылмайды.
3. Тәртіптік жаза қолдану және осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдармен еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының уәжді пікірін ескеру ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
4. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының сайланбалы және басқа мүшелері үшін басқа кепілдіктер де көзделуі мүмкін.
5. Кәсіподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделеріне орай қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуы, кәсiподақтар шақыратын съездерге (конференцияларға), сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына делегаттар ретiнде қатысуы уақытында негізгі *жұмыстан босатылады. Босату шарттары және ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттарда және келiсiмдерде көзделедi.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ
27-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi
1. Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ жарғысында айқындалған тәртіппен кәсiподақ органдарын сайлауға немесе оларға сайлануға құқығы бар.
2. Кәсіподақ органдарының өкілеттіктері кәсіподақ жарғысында айқындалады.
3. Ұжымдық шарттарға және келісімдерге сәйкес кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілер ұйымдардағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді шешеді.
28-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі үшін материалдық жағдайлар
1. Кәсiподақ органының материалдық жағдайлары жарғының, ұжымдық шарттың немесе келiсiмнің негiзiнде айқындалады.
2. Кәсiподақ мүшелерінің өздерi кәсіподаққа берген мүлiкке және мүшелік жарналарға құқықтары жоқ.
29-бап. Мүшелік кәсiподақ жарналары
1. Кәсiподақ ұйымның қызметiне нұқсан келтiрмей, жұмыс және оқу орны бойынша мүшелік кәсiподақ жарналарын жинауға құқылы.
2. Тараптардың келісуі бойынша және кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде жұмыс беруші айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей, қызметкерлердің жалақысынан мүшелік кәсіподақ жарналарын кәсіподақтың шотына аударады.
3. Мүшелік кәсіподақ жарналары кәсіподақтың меншігі болып табылады.
6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI
30-бап. Кәсiподақтардың меншiгi
1. Кәсiподақтардың меншiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған, сатып алынған немесе оған берілген мүлік құрайды.
2. Мыналар:
1) мүшелік кәсіподақ жарналары;
2) ерікті жарналар және қайырмалдықтар;
3) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де түсімдер кәсіподақ меншігін қалыптастыру көздері болып табылады.
3. Кәсiподақтар өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкті кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне орай иеленедi, пайдаланады және оған билiк етедi.
4. Кәсiподақтар мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, басқа да заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, өз кезегiнде олар кәсiподақтардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
5. Кәсіподақтардың қаржылық қызметі олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
31-бап. Кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметi
Жарғылық мақсаттарға қол жеткiзу үшін кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 33-бап алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. "Кәсiптiк одақтар туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2013 ж., № 15, 76-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |