РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2014 жыл – 1 480 000 000 мың теңге;
2015 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
2016 жыл – 1 380 000 000 мың теңге.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.03.2014 № 181-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев