Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 52-V Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 147-V Заңымен

      Ескерту. Заңның күші жойылды - ҚР 29.11.2013 № 147-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013–2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттiң мынадай мөлшерлерi бекiтiлсiн:
      2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2014 жыл – 1 188 000 000 мың теңге;
      2015 жыл – 1 188 000 000 мың теңге.
      2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012–2014 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 19, 146-құжат; 2012 ж., № 7, 54-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.НАЗАРБАЕВ