РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар, № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) мазмұнында:
20-тараудың тақырыбы «мал шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 309-5-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
309-5-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу»;
2) 20-тараудың тақырыбы «мал шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 309-5-баппен толықтырылсын:
«309-5-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру
қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын сақтамау -
лауазымды адамдарға – айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігі «309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде)» деген сөздерден кейін «, 309-5» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
елу төртінші абзац «184-1 (бесiншi бөлiгi)» деген сөздерден кейін «, 309-5 (бірінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
елу жетінші абзац «309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi)» деген сөздерден кейін «, 309-5 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат):
53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының отыз бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;».
3. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж,, № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
19-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.».
4. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарындағы аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал жасау және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, астықты қоспағанда, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – мөлшері бірдей және сапасы ұқсас азық-түлік тауарларын кейіннен немесе бір мезгілде қорға сала отырып, оларды сақтау мерзімі (кемінде бір ай) өткенге дейін тіркелген бағалар бойынша азық-түлік тауарларын өткізу;
10-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорында орналастыру және сақтау;
10-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
10-4) азық-түлік тауарларының тіркелген бағалары – азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу үшін белгіленетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының бағалары;»;
21) тармақша алып тасталсын;
23) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;»;
«25) сатып алу интервенциялары – мамандандырылған ұйымдардың, астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларын тіркелген бағалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағаның төмендеуі кезінде сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) тауар интервенциясы – бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын тіркелген бағалар бойынша iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi iс-шаралар;»;
2) 5-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерiн бекiту;
6) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;»;
8) тармақша алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
17-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау;
17-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
17-4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;»;
5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;»;
6) 11-баптың 2-тармағының 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;»;
7) 12-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
3. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
8) 16-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын;
9) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;»;
10) 19-3-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендiрiлген тамақ өнiмдерінің, құрамында генетикалық түрлендiрiлген организмдер бар азық-түлiк тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы қамтамасыз етiледi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырады және пайдаланады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
11) мынадай мазмұндағы 19-4-баппен толықтырылсын:
«19-4-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру
қорын басқару жөніндегі комиссия
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу комиссияның ұсынымы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік пен сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуға тиіс. Комиссияның хатшысы оған мүше болып табылмайды.
4. Комиссияның құзыретіне:
1) сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі мен көлемін айқындау;
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту кезінде азық-түлік тауарларының тіркелген бағасын айқындау;
4) мамандандырылған ұйымның азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын тиімді және ұтымды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады.».
5. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
13-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;».
6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат):
49-баптың 1) тармақшасында:
елу бесінші – алпыс төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.»;
алпыс алтыншы және жетпісінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын, жаңа өнімді жасау, дайындау процесінде өзінің өндірісінде пайдалану үшін әкелінетін және өткізуге, оның ішінде дайын өнім құрамында өткізуге жатпайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкетуден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады.»;
жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік төлемдер және акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.»;
жетпіс бесінші және жетпіс алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.
5-1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды.»;
жетпіс сегізінші және жетпіс тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады.».
7. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат):
22-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) iшкi және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерiне қарамастан, мемлекеттік материалдық резервті, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын басымдықпен қалыптастыруды, жаңартуды және толықтыруды қамтамасыз етуге;».
2-бап. Осы Заң:
1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 4-тармағының 1) – 5), 7) – 11) тармақшаларын, 5 және 7-тармақтарын;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 4-тармағының 6) тармақшасын;
3) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 6-тармағының екінші – он үшінші, он алтыншы – жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.