2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы
КЕЛІСІМ
(2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 1, 12-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі;
Тараптардың экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетін растай отырып;
Осы Келісім негізінде Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласындағы заңнамаларын үйлестіру қажеттілігін сезіне отырып;
мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласында келісілген саясатты жүргізуге ұмтыла отырып;
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың анықтамасы
1. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
1) «сатып алу» - мемлекеттік және муниципалдық (олар болған кезде) сатып алу - тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және Тарап мемлекетінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражат есебінен өзге де сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қарым-қатынастар;
2) «веб-портал» - бірыңғай сатып алу веб-порталы (бірыңғай ресми сайт) - егер бұл Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайда, сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің және көрсетілген ақпаратты орналастырудың бірыңғай орнын, сондай-ақ электрондық қызметтерге (сатып алуға) қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін әрбір Тараптың Интернет желісіндегі сайты (ақпараттық жүйе және электрондық ақпараттық ресурс);
3) «тапсырыс беруші» - мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым, оның ішінде мемлекеттік және муниципалдық мекемелер, сондай-ақ Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Тараптар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында мемлекеттік және муниципалдық біртұтас кәсіпорындарға және мемлекеттік немесе муниципалдық қатысуы бар өзге де заңды тұлғаларға қатысты осы Келісімнің қолданылуын алып тастауды көздеуге құқығы бар. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында қызметі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушының құрылуы (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін;
4) «сатып алу туралы ақпарат» - хабарлама, құжаттама, хабарламаның және (немесе) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген көлемде веб-порталда міндетті түрде орналастуға жатады. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай шартқа (келісімшартқа) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актілері туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген көлемде веб-порталда міндетті түрде орналастыруға жатады. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімде көзделген Тараптың веб-порталында орналастырылатын сатып алу туралы ақпараттың тізбесін кеңейтуге құқылы;
5) «ұлттық режим» — әрбір Тарап Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу мақсаттары үшін осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін Тараптар мемлекеттерінің өнім берушілері мен әлеуетті өнім берушілеріне сатып алу мақсаттары үшін өз мемлекетінің ұлттық тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне), осындай тауарлар ұсынатын, сондай-ақ жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін өнім берушілері мен әлеуетті өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз етеді деп көздейтін режим. Тауардың шыққан елі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында әрекет ететін тауарлардың шығу елін анықтау қағидаларына сәйкес айқындалады;
6) «электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы» - мемлекеттік тіркелуі Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңы (электрондық алаңы), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық - аппараттық құралдары бар және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
7) «әлеуетті өнім беруші» - әлеуетті өнім беруші (мердігер, орындаушы) - ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік нысанына, орналасқан жеріне немесе капиталдың шығу орнына қарамастан кез келген заңды тұлға немесе кез келген жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер. Тараптардың кез келгені Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптардың барлық мемлекеттерінің жеке тұлғаларының және (немесе) мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және бюджеттік ұйымдарының оның ішінде мекемелерінің сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеуге құқылы;
8) «өнім беруші» - өнім беруші (орындаушы, мердігер) - сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
9) «неғұрлым қолайлылық режимі» - Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін өнім берушілеріне және әлеуетті өнім берушілеріне үшінші елдердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ал үшінші елдердің осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін өнім берушілеріне және әлеуетті өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсыну;
10) «үшінші елдер» - үкіметтері осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер;
11) «электрондық сатып алу нысаны (форматы)» - Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық - аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алу рәсімі;
12) «электрондық сауда алаңы (электрондық алаң)» - электрондық нысанда (форматта) сатып алу жүргізу үшін Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сайт болып табылуы мүмкін деп белгіленеді.
2. Осы Келісімді қолданған кезде, егер Тарап мемлекеті заңнамаларының ұғымдары мен ережелерінен осы Келісімде белгіленгеннен өзге мағына туындамаса, Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіру талап етілмейді.
2-бап
Келісімнің әрекет ету саласы
1. Осы Келісімнің әрекеті сатып алу саласындағы қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды.
3-бап
Сатып алу саласына қойылатын талаптар
Тарап мемлекетінің заңнамасы, сондай-ақ сатып алу осы Келісімге және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) сатып алу саласындағы қарым-қатынастарды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тікелей реттеу;
2) Тараптар мемлекеттерінде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
3) ұлттық режим ұсыну;
4) неғұрлым қолайлылық режимін ұсыну;
5) сатып алудың, оның ішінде:
әрбір Тараптың ақпаратты барынша кең іздеуді қамтамасыз ететін сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз және тегін қол жеткізе отырып веб-портал құруы;
веб-порталда Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің жариялануы арқылы жүзеге асырылатын сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
6) сатып алу жүргізілуі мүмкін электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі санын белгілеу;
7) сатып алуды осы Келісімде көзделген тәсілдермен жүргізу;
8) электрондық форматта (нысанда) жүргізілетін сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге электрондық цифрлық қолтаңбаны кедергісіз беруді қамтамасыз ету;
9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына, сондай-ақ сатып алу шарттарына өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілік етілмейтін кез келген талаптарды енгізуге тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға ерікті түрде жіберуге тыйым салуды белгілеу;
10) әлеуетті өнім берушілердің оларды беру туралы талап сатып алу туралы хабарламада және (немесе) құжаттамада белгіленбеген құжаттар мен мәліметтерді осындай өнім берушілердің бермеу негіздері бойынша сатып алуға жіберуден бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
11) сатып алу шарттарын, оның ішінде өнім берушілер және әлеуетті өнім берушілер санын шектеуге әкеп соқтыратын сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) талаптарын белгілеуге тыйым салу;
12) тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындаудан бір жақты бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
13) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге тыйым салуды белгілеу. Тараптар өз мемлекетінің заңнамасынан шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде көрсетілген өзгерістерге жол берілетін нақты жағдайларды белгілей отырып, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге рұқсат ететін ережелерді алып тастауға ұмтылады. Бұл ретте инфляциялық өзгерістерге, валюталық бағамның өзгеруіне және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне жол берілмейді, сондай-ақ сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын тепе-тең төмендетусіз тауарлардың санын (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін) азайтуға жол берілмейді;
14) бағалау критерийлерін, сондай-ақ жеңімпазды объективті емес және (немесе) әкімшілік етусіз анықтауға әкеп соқтыратын конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру тәртібін белгілеуге тыйым салу;
15) өнім берушілердің және әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
16) сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органды құру (айқындау);
17) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;
18) сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.
4-бап
Ұлттық режимді қамтамасыз етудің ерекшеліктері
Ерекше жағдайларда Тараптар 2 жылдан аспайтын мерзімге біржақты тәртіппен Тарап мемлекетінің заңнамасымен ұлттық режимнен алуларды белгілей алады.
Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу саласында нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы немесе ұлттық режимнен алуларды белгілейтін Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органы немесе тиісті мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы күні бұрын, олар енгізілгенге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Кеден одағы комиссиясын және басқа да Тараптарды осындай алуларды белгілеу қажеттілігін негіздей отырып, оларды белгілеу туралы хабардар етеді.
Мұндай хабарлама алған Тараптар оны жіберген Тарапқа осы бапта көзделген алуларды белгілеуге қатысты консультациялар жүргізу туралы ұсыныспен жүгіне алады.
Осы бапқа сәйкес алулар белгілейтін Тарап басқа Тарапқа осындай консультациялар жүргізуден бас тарта алмайды.
Кеден одағы комиссиясы Тарап алуды енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған күннен бастап бір жыл ішінде Келісімнің кез келген Тарабы белгілеген ұлттық режимнен алуды жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер Кеден одағы комиссиясы ұлттық режимнен белгіленген алуды жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осындай алуды белгілеуге бастамашылық еткен Тарап 2 ай мерзімде алу белгіленген нормативтік құқықтық актінің жойылуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте Кеден одағы комиссиясы ұлттық режимнен алуларды жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай ұлттық актінің әрекеті қолдануға жатпайды.
5-бап
Сатып алуды жүргізу тәсілдері
1. Сатып алу мынадай тәсілдердің кез келгенімен жүргізіледі:
1) конкурс (ашық);
2) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату);
3) аукцион (ашық);
4) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, биржа сауда-саттығы;
5) бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, Тарап актісі негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу.
2. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сатып алу, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу 13-бапқа және № 1 қосымшаға сай тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап
Өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуге тиіс.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген мәліметтердің негізінде, егер көрсетілген тізілімді жүргізу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген және оны Тараптың уәкілетті органы жүзеге асыратын болса, әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуы шектелуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуы сондай-ақ осы Келісімнің 15-бабында көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін ақы алуға жол берілмейді.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тапсырыс берушінің сатып алу жүргізген кезде сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету туралы әлеуетті өнім берушілерге талап қоюы, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы талап белгілеуге құқығы немесе міндеті көзделген болуы мүмкін.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мөлшері мен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленуі мүмкін. Бұл ретте сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету мөлшері - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 5 пайызынан, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 30 пайызынан аспайды. Бұл жағдайда сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері аванс мөлшерінен кем болмауға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің артық мөлшері аванс мөлшерінің 30 пайызынан аспайды.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде 2 тәсілі (түрі) белгіленген болуға тиіс.
7-бап
Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қойылатын талаптар
Сатып алу туралы құжаттама және өзге де құжаттар сатып алу жүргізілген кезде, егер мұндай талаптар өнім берушілер мен әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне әкеп соқтыратын болса, сатып алынатын тауар тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен сәйкес келмеген және мұндай тауарлардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігі жағдайларын қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды қамтымауға тиіс, оның ішінде тауар өндірушіге қойылатын талаптар белгілеуге жол берілмейді.
8-бап
Конкурс
1. Тапсырыс беруші сатып алуды электрондық форматта (нысанда), оның ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беруді көздейтін конкурс өткізу жолымен жүзеге асырады.
Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындалу шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында конкурсты өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтау қажеттігіне байланысты конкурс өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
2. Конкурс мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
2) конкурстық комиссия құрамын бекіту;
3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталған күнге дейін кемінде 20 күн бұрын веб-порталда орналастыру. Тапсырыс беруші конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталған күнге дейін мұндай мерзім кемінде 15 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанын өзгертуге жол берілмейді;
4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда жариялау (орналастыру);
5) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беру;
6) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық құжаттаманы ашуы және (немесе) қарауы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашудың және (немесе) әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат берудің тиісті хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және (не) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әрбір әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу нәтижелері және (немесе) осындай өнім берушіге рұқсат берілгені (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы уақтылы хабардар ету;
7) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (ұсыныстарын), оның ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған электронды құжаттар нысанындағы баға ұсыныстарын бағалау, салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын анықтау және конкурс қорытындыларының хаттамасын веб-порталда жариялау (орналастыру);
8) конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасылатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген шарттармен, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындалу шарттарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
9-бап
Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату)
1. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу, егер осындай тәсіл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын бастапқы (ең жоғарғы) бағасынан аспайтын жағдайларда, оның ішінде № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады. Айрықша жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасына қарамастан, баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу жағдайы айқындалуы мүмкін.
2. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) жеңімпазы болып танылады.
3. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде оны өткізу туралы хабарлама Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгілеуді сұратуға) қатысуға арналған өтінімдерді (ұсыныстарды) беру аяқталған күнге дейін кемінде 4 жұмыс күні бұрын веб-порталда жарияланады (орналастырылады).
4. Тараптардың кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгілеуді сұратудан) артықшылығы бар электрондық форматта (нысанда) аукциондар өткізуге көшуге тырысады.
10-бап
Аукцион
1. Аукцион тәсілімен сатып алу, осы Келісімге № 2 қосымшада көзделген тізбе бойынша электрондық форматта (нысанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукцион өткізу жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым кеңірек тізбесін белгілеуге құқылы.
Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
2. Аукциондарға қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес кем дегенде 3 жыл мерзімге веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.
3. Аукцион мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
1) аукцион туралы құжаттаманы бекіту;
2) аукциондық комиссия құрамын бекіту;
3) аукцион өткізу туралы хабарламаны және аукцион туралы құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде 20 күн бұрын орналастыру. Егер Тапсырыс беруші аукцион өткізу туралы хабарламаға және (немесе) аукцион туралы құжаттамаға өзгерістер енгізсе, аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) енгізілген өзгерістер жарияланған (орналастырылған) күннен бастап аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін осы мерзім кемінде 15 күнді құрайтындай мерзімге ұзартылуға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Егер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукционды қысқа мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасы көзделген болса, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы тармақта белгіленген мерзімге қарағанда аукцион өткізудің неғұрлым қысқа мерзімдерін қолдану белгіленуі мүмкін;
4) тапсырыс берушінің аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
5) электронды құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінімдерді Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталға және (немесе) электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға) беру;
6) аукцион өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтай отырып, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімдер мен аукциондық құжаттаманы қарауы (бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға әлеуетті өнім берушінің сәйкестігі бөлігінде өтінімдер мен аукцион туралы құжаттаманы қарау аукцион аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады);
7) әрбір әлеуетті өнім берушіні осындай өнім берушінің аукционға қатысуға рұқсат алғаны (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы хабардар ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтінімдерді қарау хаттамаларын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
8) аукционды сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын төмендету жолымен өткізу. Егер аукционды өткізу кезінде сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасы нөлге дейін төмендейтін болса, аукцион, егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу құқығына сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын көтеру жолымен жалғасады;
9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аукцион хаттамасын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
10) аукцион қорытындысы бойынша, онымен шарт (келісімшарт) жасалатын әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімінде және аукциондық құжаттамада көрсетілген шарттармен осындай әлеуетті өнім беруші ұсынған баға бойынша, Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған жағдайларда аукционды өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің заңнамасында сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім берушімен шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігіне сүйене отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ аукцион өтпеді деп танылған жағдайда тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
11-бап
Комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар
Сатып алу нәтижелеріне жеке мүдделілігі бар жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукционға немесе баға белгілеуді сұратуға қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукционға немесе баға белгілеуді сұратуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің қызметкерлері, не әлеуетті өнім берушілердің оларға ықпал етуге қабілеті бар жеке тұлғалар (оның ішінде әлеуеті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар), сондай-ақ сатып алу саласындағы бақылаушы органның осы саладағы тікелей бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары комиссия мүшелері (оның ішінде конкурстық, аукциондық және баға белгілеу) бола алмайды.
12-бап
Биржалық сауда-саттық жүргізу жолымен сатып алу
Биржалық тауарларды сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осындай, оның ішінде осы Келісімге № 2 қосымшада көзделген тауарды сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларының шектеулі саны белгіленуге (не бір тауарлық биржа анықталуға) тиіс. Сатып алынуы тауар биржасында жүзеге асырылуы мүмкін тауар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен айқындалады.
13-бап
Осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді
өткізбестен, сондай-ақ Тарап актісінің негізінде нақты сатып
алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып, бір көзден
(жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) алу
тәсілімен сатып алу
Егер осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей, сондай-ақ Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып, бір көзден (жалғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден) алу тәсілімен сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделсе, осындай сатып алу осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тарап осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген тізбені толықтыру қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Келісімге № 1 қосымшаның 26-тармағында көзделген актіні қабылдау қажет болған жағдайда, Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органы не Тараптың тиісті мемлекетінің жоғары атқарушы билік органы күні бұрын, бірақ оларды қабылдағанға дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Кеден одағы комиссиясын және Тараптардың әрқайсысын хабардар етеді.
Осы Келісімге № 1 қосымшаның 11 және 12-тармақтарында көрсетілген акті қабылданған жағдайда, Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органы не көрсетілген актіні қабылдайтын Тараптың тиісті мемлекетінің жоғары атқарушы билік органы бұл туралы Кеден одағы комиссиясын және Тараптардың әрқайсысын оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелі 30 күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы Келісімге № 1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілерді қабылдау Тарап оны қабылдаған күннен бастап 1 жыл ішінде, ұлттық режимнен алып тастау бөлігінде осы Келісімнің 4-бабында көзделген тәртіппен жойылуы мүмкін. Бұл ретте осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген тізбені қысқартуды, сондай-ақ осы Келісімге № 1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілердің күшін жоюды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында әрбір Тарап бір жақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
Осы Келісімге № 1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілерді қабылдау ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Сатып алу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаудың өндірістік циклының ұзақтығы 2 жылдан астам уақытты құрайтын жағдайды қоспағанда, мұндай актілердің қолданылу мерзімі 2 жылдан аспауы тиіс.
Әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген сатып алуды жүргізу тәртібін белгілеуге құқылы.
14-бап
Сатып алу туралы шарт (келісімшарт)
Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) сатып алу туралы осындай шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін барлық тараптардың жауапкершілігі туралы міндетті шартты қамтуға тиіс.
Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) ақы төлеу тәртібі туралы, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің оның осындай шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға, оның ішінде саны, жиынтығы, көлемі және сапасы жағынан сәйкестігіне қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібі туралы міндетті шартты қамтуға тиіс.
Тараптың веб-порталында сатып алу туралы, оның ішінде сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай шарттарға (келісімшарттарға) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтерді және тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған сатып алу нәтижелерін тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді қамтитын шарттардың (келісімшарттардың) тізілімі жариялануға (орналастырылуға) тиіс.
Тараптар сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) электрондық форматта (нысанда) жасауға көшуге, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды), қосымша келісімдерді, сатып алу нәтижелерін төлеу және оларды тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) тізіліміне енгізуге тырысады.
15-бап
Жосықсыз өнім берушілер тізілімі
1. Әрбір Тараптың уәкілетті органы жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыруы мүмкін, оған осы Тараптың сатып алуы бойынша жосықсыз деп танылған өнім берушілер, әлеуетті өнім берушілер және өзге де адамдар туралы мәліметтер енгізіледі.
2. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады және жүргізіледі, сондай-ақ осы Тараптың веб-порталында жарияланады (орналастырылады).
3. Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне тиісті фактілер болған кезде мынадай:
1) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
2) олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы міндетті мәліметтер енгізіледі.
4. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне осы Тараптың сатып алу бойынша жосықсыз деп танылған өзге де адамдары туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
5. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес соттың және (немесе) ұлттық бақылаушы органның шешімі негізінде осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер расталған (фактілер анықталған) кезде қалыптастырылады.
Осы бапта көзделген мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген, бірақ 2 жылдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
6. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптың тапсырыс берушісінің осы бір Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізілімінде қамтылған мәліметтерге сүйене отырып, сатып алуға қатысуға рұқсат беруді жүзеге асыруға құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
7. Тарап мемлекетінің заңнамасында Тараптың тапсырыс берушісінің басқа да барлық Тараптардың жосықсыз өнім берушілер тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сүйене отырып, сатып алуға қатысуға рұқсат беруді жүзеге асыруға құқығы (немесе тиісінше міндеті) белгіленуі мүмкін.
8. Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізілген адам осы тізілімге енгізілгенін сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
16-бап
Сатып алуға қатысу кезінде адамдардың құқықтары мен
заңды
мүдделерін
қамтамасыз
ету
Тараптардың әрқайсысы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
Адамдардың осы бапқа сәйкес қамтамасыз етілетін сатып алу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің көлемі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталады.
Адамдардың сатып алу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұлттық бақылаушы орган құрады (айқындайды), оның құзыретіне, оның ішінде:
сатып алу саласында, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен бақылауды жүзеге асыру;
тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі) операторларының, тауар биржаларының, комиссияның және өзге де адамдардың сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау. Бұл ретте тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-портал (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі) операторларының, тауар биржаларының, комиссияның және өзге де адамдардың сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін жасаған іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) кез келген әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысуға арналған өтінімді беру-бермеуіне қарамастан, шағымдануға құқылы;
Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату бойынша, оның ішінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаманы беру жолымен шаралар қабылдау және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту;
жосықсыз өнім берушілер тізілімін Тарап мемлекетінің заңнамасымен көзделген жағдайда жүргізу жатады.
17-бап
Келісімді іске асыру
1. Осы Келісімді іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
1-кезең (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы үшін) Тарап мемлекеттері әрқайсысының заңнамасына әрбір Тарап мемлекеттерінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізу, сатып алуды электрондық форматта осы Келісімге сәйкес жүргізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы үшін ұлттық режим енгізу - 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін;
2-кезең - (Қазақстан Республикасы үшін) Тарап мемлекетінің заңнамасына Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізу, сатып алуды электрондық форматта осы Келісімге сәйкес жүргізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу - 2012 жылғы 1 шілдеге дейін;
3-кезең - (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы үшін) Тараптардың барлық мемлекеттері үшін ұлттық режим енгізу - 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін.
2. Әрбір кезеңнің аяқталуы туралы әрбір Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесін (Кеден одағының жоғары органын) дереу хабардар етеді.
3. Егер Тараптардың бірі Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелерді орындамаса, басқа Тараптар осы мәселені Кеден одағы комиссиясының отырысында қарау үшін Кеден одағы комиссиясына жүгінуге құқылы. Кеден одағы комиссиясы қарау нәтижелері бойынша мынадай:
а) іске асыру бойынша міндеттемелерді бұзу фактісінің жоқтығы;
б) Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелердің бұзылу фактісін тану және Тараптың анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Егер осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін оған қатысты тиісті шешім шығарған Тарап Кеден одағы комиссиясының шешімін орындамаса, онда әрбір басқа Тарап бір жақты тәртіппен осы баптың 5-тармағында көзделген жауап қайтару шараларын қабылдауға құқылы.
5. Тараптар осы Келісімде көзделген міндеттемелерді, бұл туралы басқа Тараптарға және Кеден одағының комиссиясына дереу хабарлама жібере отырып, Келісім бойынша міндеттемелерді орындамайтын Тарапқа (Тараптарға) таратпауға құқылы.
18-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімді қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бірінші кезекте мүдделі Тараптардың консультациялары және (немесе) келіссөздері арқылы шешіледі, ал даудың бір Тарабы даудың екінші Тарабына оларды жүргізу туралы жазбаша ресми өтініш жіберген күннен бастап 1 жыл өткен соң келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даудың кез келген Тарабы осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беруі мүмкін.
19-бап
Қосымшалардың мәртебесі және осы Келісімге өзгерістер енгізу тәртібі
1. Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге және оған қосымшаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, Тараптардың Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамаларымен ресімделеді.
2. Егер осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актісімен бір жақты тәртіппен енгізілсе және Кеден одағы комиссиясы осы Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен осындай нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы шешім қабылдамаса, онда осындай толықтыру автоматты түрде осы Келісімге № 1 қосымшаны өзгерту болып табылады және жеке хаттамамен ресімдеуді талап етпейді. Осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар осы тармақта белгіленген тәртіппен енгізілген жағдайда, депозитарий бұл туралы барлық Тарапты дереу хабардар етеді.
20-бап
Қорытынды ережелер
Осы Келісім, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың барлығы орындауы туралы хабарламаларды олардың алғаны туралы депозитарийдің ақпараты болған жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының Жоғары органы) үкімет басшылары деңгейінде оның күшіне енуі туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күшіне енеді
Осы Келісім оған Кеден одағының мүшелері болған басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
Осы Келісім Тараптарға осы Келісімнің Тараптары болып табылмайтын мемлекеттермен сатып алу саласындағы халықаралық шарттарды жасасуға кедергі жасамайды.
2010 жылғы «9» желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.
Депозитарий осы Келісімге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей Республикасының Республикасының Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мемлекеттік (муниципалдық)
сатып алу туралы келісімге
№ 1 ҚОСЫМША
Бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайларының
ТІЗБЕСІ
I. Сатып алулар
1. Сұйытылған газды өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті қоспағанда, сумен жабдықтау, суды бұру, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес реттелетін баға (тариф) бойынша инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосу (бірігу) қызметтерін көрсету, электрмен жабдықтау немесе электр энергиясын кепілдік берушімен электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін көрсету, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметі саласына жататын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу
2. Мәдени құндылықтарды, оның Ішінде мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорды және өзге де ұқсас қорларды толықтыруға арналған, тарихи, көркем немесе өзге де мәдени маңызы бар көшірмелерді қоса алғанда, мұражайлық заттар мен мұражайлық коллекцияларды, сондай-ақ сирек кездесетін және бағалы басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағаттық құжаттарды жеткізу
3. Жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар
4. Орындауды немесе көрсетуді өкілеттіктеріне сәйкес тек атқарушы билік органдары немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, тиісті өкілеттіктері Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар жүзеге асыра алатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер
5. Еңсерілмес күштің, оның ішінде төтенше жағдайдың (төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және/немесе жою), аварияның, шұғыл медициналық араласу қажеттілігіне байланысты уақыт шығынын талап ететін өзге сатып алу тәсілдерін қолданудың орынсыздығы туындауы салдарынан белгілі бір тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
6. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай тауарларды өндіруді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарынан сатып алуы
7. Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша өткізілмеген деп танылған сатып алу
8. Ел қорғанысы, мемлекеттің қауіпсіздігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждары үшін байланыс қызметтерін көрсету
9. Тарап мемлекетінің заңнамасында бір көзден (жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін мәмілелердің шекті сомасы (не шекті тоқсандық немесе жылдық көлемі), бұл ретте көрсетілген мөлшер жеке сипатта болмауы тиіс (осы Келісімнің Тараптары сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қолжетімділігін барынша кеңейту мақсатында көрсетілген шекті барынша азайтуға ұмтылуда)
10. Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жалғыз өнім берушіден қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуге тапсырыс орнату
11. Тарап мемлекеті Президентінің жарлығымен немесе өкімімен анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу
12. Тарап мемлекеті Президентінің шешімі немесе тапсырмасы бойынша Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органының өкімімен анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу
13. Киножобаларды прокаттау мақсатында сатып алу жағдайларын қоспағанда, белгілі бір авторлардың әдебиет және өнер шығармаларын нақты орындаушылардың орындауларында және егер жалғыз тұлғаға осындай шығармаларға, орындауларға және фонограммаларға айрықша құқығы тиесілі болған жағдайда, нақты өндірушілердің фонограммаларын сатып алу
14. Белгілі бір мерзімді баспа және электрондық басылымдарына жазылу, сондай-ақ белгілі бір авторлардың баспа және электрондық басылымдарын сатып алу, егер аталған баспагерлерге осындай басылымдарды пайдалануға тікелей құқық тиесілі болған жағдайда, мемлекеттік және муниципалдық білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және муниципалдық кітапханалардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық басылымдарға қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтер көрсету
15. Хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге, спорттық іс-шараға баруға арналған тапсырысты орналастыру
16. Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысуға төлем төлеу
17. Жеке тұлғалардан оқытушылық қызмет көрсетулерді сатып алу
18. Концерттік қызметті жүзеге асыратын театр, мекеме, оның ішінде концерттік ұжым (би ұжымы), хор ұжымы, оркестр, ансамбль, телерадио тарату мекемесі, цирк, мұражай, мәдениет үйі, мәдениет сарайы және клуб, Тарап мемлекетінің әрқайсысының мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес нақты жеке тұлғадан немесе нақты жеке тұлғалардан - сценарий авторы, орындаушы артист, балетмейстер, теле немесе радио бағдарламаны жүргізуші, дизайнер, дирижер, драматург, қолға үйретуші, цирк нөмірлерінің инженері, композитор, концертмейстер, либреттист, кино-бейне, дыбыс жазба операторы, жазушы, ақын, режиссер, репетитор, мүсінші, хореограф, хормейстер, суретші не орындаушыға жалғыз өнім берушіден тапсырысты орналастыру тізбесіне енгізілген әдебиет немесе өнер туындыларын жасауға тапсырыс орналастыру
19. Күрделі құрылыс объектілерінің жобалық құжаттамаларын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу
20. Тарап мемлекеті халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткіші) сақтау бойынша жұмысты жүргізуді техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуге тапсырыс орналастыру
21. Қызметкерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді (қызметтік іссапарға бару және кері жол жүру, тұрғын үй-жайды жалдау, көліктік қызмет көрсету, тамақпен қамтамасыз ету) сатып алу, сондай-ақ өкілдік шығыстарды жүзеге асыру
22. Шетел мемлекеттері басшыларының, шетел мемлекеттері үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар, парламенттік делегациялар, үкіметтік делегациялар, шет мемлекеттер делегациялары басшыларының сапарларын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерге (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) тапсырыс орналастыру
23. Тарап мемлекетінің Президенті, заң шығару палаталары, Тарап мемлекетінің жоғарғы атқарушы билік органы өткізетін көшпелі іс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерге (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) тапсырыс орналастыру
24. Тарап мемлекетінің олимпиядалық және параолимпиядалық спорт түрлері бойынша спорт құрама командаларын дайындау, сондай-ақ Тарап мемлекетінің спорт құрама командаларының олимпиядалық ойындарда және параолимпиядалық ойындарда қатысуы үшін қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарын, спорт киім-кешегін жеткізуге тапсырысты орналастыру
25. Жазаларды орындайтын мекемелер, тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қажет көрсетілген шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алу көрсетілген азаматтық-құқықтық шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда заңды тұлғалармен жасалған азаматтық құжаттар негізінде сотталғандарды жүмысқа орналастыру мақсатында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін осындай мекемелер шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алса, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жеткізуге жалғыз өнім берушіге тапсырысты орналастыру
26. Нақты тапсырмаларды орналастырудың ерекшеліктерін Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органының нормативтік құқықтық актісімен белгілеу
27. Мемлекеттік және жұмылдыру материалдық резервтерінен іске асырылатын материалдық құндылықтар
28. Белгілі бір өнім берушіден сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіде, ұйымдастырушыда, уәкілетті ұйымда осындай тауарлардың қосымша санына қажеттіліктің туындауы, бұл ретте қосымша сатып алынатын тауар саны келісімшартта көзделген тауарлар санының он пайызынан аспайды (қосымша жеткізілетін тауар бірлігінің бағасы келісімшартта көзделген осындай тауар санына келісімшарттың бастапқы бағасын бөлуден жеке меншік ретінде анықталуы тиіс)
II. Ресей Федерациясы үшін, бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайлары
29. Егер көппәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес көппәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көппәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру
30. Егер осы қызметтер басқа тұлғаға немесе өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын тұлғаларға көрсетілген жағдайда, мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушіге қайтарусыз пайдалануға берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй немесе үй-жайларды техникалық ұстау, күзету және оларға қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру
IIІ. Қазақстан Республикасы үшін, бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1 тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайлары
31. Егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың 1 айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мұқтаждықты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік. Бұл жағдайда сатып алу көлемі сатып алуды өткізу, бірақ 2 айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер санынан аспайды.
32. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
33. Табиғат пайдалану құқығын сатып алу
34. Шетелдерде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
35. Егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақшалай қаражаты бойынша операциялар бөлігінде дербес анықтаған жағдайда алушылардың (жеке тұлғалар) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде рейтингтік агенттіктердің қызметтерін және қаржы қызметтерін сатып алу
36. Зағип және нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу
37. Заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын және жарғылық капиталындағы үлестерін сатып алу
38. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген осы қосымшамен анықталған тәсілдермен сатып алу тізбесін, сайлау туралы заңнамада көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
39. Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органы бекіткен тізбе бойынша Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Тараптар мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
40. Тарап мемлекетінің ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
41. Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органы, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне өтеусіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
42. Жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетінше таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу
43. Тарап мемлекетінің азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау және бірге ілесіп жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
44. Сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
45. Тарап мемлекетінің шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы
46. Халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуы
47. Монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөнінде көрсетілетін қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
48. Тарап мемлекетінің Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметінен бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
49. Халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу
50. Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
51. Тарап мемлекетінің заңдарында анықталған нақты тұлғаның тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін (оның ішінде, егер тұлға мемлекеттік монополия болып табылған жағдайда және Тарап мемлекеті заңымен мемлекеттік монополиясы болып айқындалған жағдайда), сондай-ақ орындалуы немесе көрсетілуі атқарушы билік органдарымен олардың өкілеттіктеріне немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік (біртұтас) кәсіпорындарға, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға сәйкес айрықша жүзеге асырылуы мүмкін болатын, тиісті өкілеттіктері (жоғарыда аталған барлық ұйымдардың) Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін жұмыстар немесе қызметтер сатып алынған жағдайда) сатып алу
52. Статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
53. Тараптар мемлекетінің әрқайсысының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары Тараптар мемлекеттерінің банкроттық туралы заңнамасына, жер заңнамасына және мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сататын мүлікті (активтерді) сатып алу
54. Адвокаттардың Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу
55. Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген жағдайда нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу
56. Осы жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымнан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
57. Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген жағдайда ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
58. Мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
59. Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырау белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін, азаматтық ахуал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы билік органы анықтаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша арнайы қорғаныс дәрежесін талап ететін баспа өнімдерін сатып алу
IV. Беларусь Республикасы үшін бір көзден алу тәсілімен, не жалғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден), не Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана сатып алудың, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алудың жағдайы
60. Көркем кәсіпшілік бұйымдарын сатып алуға Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі ұйымдарының (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), емдеу-өндірістік (еңбек) профилакторийлерінің және Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханаларының, сондай-ақ мүгедектер саны қызметкерлерінің тізім санының кемінде 50 пайызын құрайтын ұйымдардың (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), «Белхудожпромыслы» мемлекеттік өндірістік сауда бірлестігі мен оның құрамына кіретін ұйымдардың (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда) жеке өндіріс тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) сатып алу
61. Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарды президенттік, үкіметтік, жедел, арнайы байланыстың басқа да түрлерімен қамтамасыз ету, Тараптар мемлекеттерінде және Тараптар мемлекеттерінің одан тысқары жерлердегі ұйымдарында осындай байланыстың қауіпсіздігін, ақпаратты жасырын алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу
62. Алып қойылған, тыйым салынған, тәркіленген немесе өзге тәсілмен мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлікті, оның ішінде орындалмаған салықтық міндеттемелер мен төленбеген өсімпұлдар есебінен өндіріп алуға айналдырылған мүлікті сатып алу
63. Егер көп пәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, көп пәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көп пәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
64. Мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушінің өтеусіз пайдалануына берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй емес үй-жайларды техникалық күтіп ұстау, қорғау және қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді, егер осы қызметтер өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимаратта тұрған тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын басқа адамға немесе адамдарға көрсетілген жағдайда сатып алу
65. Егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың 1 айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мұқтаждықты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік. Бұл жағдайда сатып алу көлемі сатып алуды өткізу, бірақ 2 айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер санынан аспайды.
66. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
67. Табиғат пайдалану құқығын сатып алу
68. Шетелде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
69. Егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақшалай қаражаты бойынша операциялар бөлігінде дербес анықтаған жағдайда алушылардың (жеке тұлғалар) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде рейтингтік агенттіктердің қызметтерін және қаржы қызметтерін сатып алу
70. Заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын немесе жарғылық капиталындағы үлесін сатып алу
71. Осы қосымшада анықталған тәсілдермен сатып алу тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген сайлауға байланысты қызметтерді сатып алу
72. Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес Тарап мемлекетінің жоғары атқару билік органы бекіткен тізбе бойынша, сондай-ақ Тарап оның мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
73. Тарап мемлекетінің ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды дайындау, сақтау, жеткізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
74. Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде Тарап мемлекетінің жоғары атқару билік органына, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне беретін гранттар ақшаларын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінетін ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
75. Тарап мемлекетінің азаматтарын шетелде емдеу жөніндегі, сондай-ақ оларды тасымалдау және бірге ілесіп жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
76. Зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы бар тұлғадан сатып алу
77. Халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсынуы жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуы
78. Монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөнінде көрсетілетін қызметті жүзеге асыруға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
79. Тарап мемлекеті Президентінің, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметіне бейнемұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
80. Халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу
81. Статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу
Мемлекеттік сатып алу туралы
(мунициналдық) келісімге
№ 2 ҚОСЫМША
Аукцион тәсілімен электрондық форматта жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай ең аз тізбесі
1. Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілігі өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылық қызметтері
2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру және ағаш дайындау үшін көрсетілетін қызметтер
3. Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты көрсетілетін қызметтер
4. Таскөмір және лигнит, торф
5. Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер
6. Металл рудалары
7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері
8. Тамақ өнімдері және сусындар
9. Темекі бұйымдары және темекі өнеркәсібі өнімдері, басқалар
10. Тоқыма бұйымдары
11. Бала киімдерін қоспағанда, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар
12. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім
13. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер
14. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар
15. Жарнама материалдары, суреттер, сызбалар, басып шығарылған фотосуреттер, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері
16. Кокс пештерінің өнімдері
17. Мұнайды қайта өңдеу өнімдері, мұнайды қайта өңдеу газы мен пиролиза, газды қайта өңдеу зауыттарының өнімдері
18. Органикалық және бейорганикалық синтез өнімдері
19. Резеңке және пластмасса бұйымдары
20. Шыны шаруашылық-тұрмыстық және интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералды өнімдер
21. Металлургия өнеркәсібінің өнімі
22. Машиналар мен жабдықтардан басқа, металды қайта өңдеу өнімдері (ядролық реакторлардан басқа)
23. Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың бөлшектерінен, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш қондырғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар
24. Кеңселік, бухгалтерлік және электрондық-есептеу техникасы
25. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электротехникалық аппаратура
26. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура
27. Медициналық жабдық және аппаратура, өлшеу құралдары, фото- және киноаппаратура, сағаттар
28. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған бөлшектер мен керек-жарақтар, гараж жабдығы
29. Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен бөлшектерінен басқа, өзге көлік құралдары
30. Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам, жануарлар шашынан, синтетикалық материалдардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар
31. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар
32. Табиғи су және мұз
33. Күрделі құрылыстың аса қауіпті, техникалық күрделі объектілерінен, егер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы ерекшеліктер белгіленген және Тарап мемлекетінің заңнамасында осындай объектілердің толық тізбесі берілген жағдайда автомобиль жолдарының құрамына енгізілген жасанды жол құрылыстарынан басқа, күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері
34. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер
35. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері
36. Бөлшек сауда жөнінде көрсетілетін қызметтер
37. Қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтері
38. Темір жол көлігі қызметтерінен, метрополитен қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерінен басқа, құрлықтағы көлік қызметтері
39. Су көлігі қызметтері
40. Көліктік көмекші және қосымша қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі өзге де қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы қызметтер
41. Ұлттық пошта қызметтерін, электр байланыс қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтер көрсетуден басқа байланыс
42. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтер
43. Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын қызметтер көрсету
44. Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер
45. Кеңселерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер
46. Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер
47. Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер
48. Кәріз, қоқыстарды жою, санитарлық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер
49. Шаштараз, косметикалық салондар мен емдік косметикалық ұйымдардың қызметтерінен, жерлеу, көму және кремациялауды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері
50. Осы тізбеге енгізілмеген коксты, мұнай мен ядролық отынды қайта өңдеу өнімдерін өндіру қызметтерінен, жиһаз өндіру қызметтерінен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, өңдеуші өнеркәсіптің қызметіне байланысты қызметтер
Осымен, аталған мәтін 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында: Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.В.Кобяков, Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасының Бірінші орынбасары И.И.Шувалов қол қойған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім түпнұсқасының толық және тең түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынына куәландырамын.
Түпнұсқа дана Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.
Барлығы тігілгені, қолмен
және мөрмен бекемделгені
49 парақ
ЕурАзЭқ Интеграциялық
Комитеті Хатшылығының
Құқықтық департаменті
Басшысы В.С.Князев
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский