РҚАО-ның ескертпесі!
Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).
2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербургте жасалған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім
(2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 1, 4-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы шартты, 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы мен қуатын тасымалдау туралы келісімді, 2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық объектілеріндегі авариялар жағдайында және басқа да төтенше жағдайларда өзара көмек туралы келісімді, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын құру тұжырымдамасын, 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімді, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
электр энергиясын өндіру және беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
өзара сенім мен Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикалық жүйелерін басқаруға араласпау негізінде электр энергетикасы саласында тең құқықты ынтымақтастыққа әзірлікті білдіре отырып,
Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі - БЭК) қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
«ішкі электр энергиясы нарығының субъектісі» - БЭК-ке қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің электр энергиясы (қуаты) нарығының субъектілері болып табылатын, электр энергетикасы саласындағы қызметті, оның ішінде электр энергиясын (қуатын) өндіруді, электр энергиясын (қуатын) алуды және сатуды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқаруды, электр энергиясын (қуатын) өткізуді, электр энергиясын сатып алу-сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлғалар;
«табиғи монополиялар субъектілерінің электр энергетикасындағы қызметтері» - электр энергетикасын электр желісі арқылы беру, электр энергетикасындағы жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі қызметтер және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған өзге де қызметтер;
«табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу» - бір Тарап мемлекетінің ішкі нарық субъектісінің басқа Тарап мемлекетінің аумағында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
«БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы» - жалпы қағидалар және тиісті шарттар негізінде іс-қимыл жасайтын, электр энергиясын (қуатын) және ілеспе қызметтерді сатып алуға-сатуға байланысты Тараптар мемлекеттерінің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасындағы қарым-қатынастар жүйесі;
«Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктері» - Тараптардың тиісті мемлекеттерінің аумағында тұтыну үшін қажетті электр энергиясының (қуатының) көлемі;
«электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» - Тараптардың уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) өткізу және/немесе алмастыру жөнінде қызметтер көрсетуі. Электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне байланысты тиісті қарым-қатынастар транзитшарттарымен немесе өзге де шарттармен ресімделеді;
«электр энергиясын (қуатын) өткізу» - басқа Тарап мемлекетінің желісі арқылы оның шекарасында (шекараларында) орналасқан жеткізу нүктелері арасында бір Тарап мемлекетінің аумағында өндірілген электр энергиясының (қуатының) ағындарын қамтамасыз ету;
«электр энергиясын (қуатын) алмастыру» - Тарап мемлекетінің шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы электр энергиясының (қуатының) тең көлемін энергия жүйесіне және ол жерден өзара байланысты және бір уақытта жеткізу.
2-бап
Электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттары
1. Тараптардың электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мынадай қағидаттарға негізделеді:
- Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикалық жүйелерінің (бұдан әрі - Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйелері) қатар жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
- қатар жұмысты жүзеге асыру кезінде экономикалық нұқсан келтірмеу;
- электр энергиясына (қуатына) сұранысты қанағаттандырудың орнықты жүйесін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді пайдалану;
- Тараптар мемлекеттерінің электр энергиясы (қуаты) нарықтарының қазіргі модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттердің қатар жұмыс істеп тұрған энергия жүйелері негізінде БЭК-тің ортақ электр энергетикалық нарығын кезеңімен қалыптастыру;
- Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикасы саласындағы заңнамаларын кезеңімен үйлестіру;
- техникалық нормалар мен қағидаларды үйлестіру.
2. Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде айқындалған бірыңғай қағидаттар, қағидалар және әдістер негізінде жүзеге асырылады.
3. Тараптар ұзақ мерзімді перспективада электр энергетикасы саласында тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттерінің электр энергетикасын дамыту бағдарламасын үйлестіруге жәрдемдеседі.
3-бап
Электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттары
Мынадай қағидаттар негізінде Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін аталған қызметтерді басым пайдалану шартымен Тараптар қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
- аумағында мұндай қызметтер ұсынылатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген ішкі электр энергиясы нарығының субъектілеріне қатысты талаптардың теңдігі;
- Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін аталған қызметтерді басым пайдалану шартымен электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну кезінде ұлттық заңнаманы ескеру;
- табиғи монополиялар субъектілері қызмет көрсеткен кезде энергия жүйелерінің қатар жұмыс істеу режимдеріне әсер ететін электр энергетикасы объектілерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;
- БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтары субъектілері арасында туындайтын қатынастарды шарттық ресімдеу;
- табиғи монополиялар субъектілерінің өтеусіз қызмет көрсетуі.
4-бап
Электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беру қағидаттары, қамтамасыз ету шаралары және практикалық іске асыру
4.1. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету қағидаттары
4.1.1. Тараптар БЭК-ке қатысушы шектес мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін басым қамтамасыз ету шартымен қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде қамтамасыз етеді.
4.1.2. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынадай басымдықтар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
- энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған Тарап мемлекетінің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
- Тараптың шектес мемлекетінің энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
- БЭК-ке қатысушы бір мемлекеттің энергия жүйесінен БЭК-ке қатысушы басқа мемлекеттің энергия жүйесіне БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
- БЭК-ке кірмейтін өзге елдердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету.
4.1.3. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде Тараптардың уәкілетті ұйымдары Тарап мемлекетінің қолданыстағы заңнамасының ерекшеліктеріне сүйене отырып, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру құнын өтеу қағидатын басшылыққа алады.
4.1.4. БЭК-ке кірмейтін өзге елдердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы ескеріле отырып, екіжақты негізде реттеледі.
4.2. БЭК шегінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйелері арқылы электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында Тараптар келісілген дайындық іс-шараларының кешенін жүзеге асырады:
- электр энергиясын (қуатын) жеткізудің күнтізбелік жылы басталғанға дейін Тараптардың уәкілетті ұйымдары электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды баланстарында есепке алу үшін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тарифтерін есептеу кезінде мұндай жеткізілімдерді есепке алу мақсатында мемлекетаралық берілмекші электр энергиясының (қуатының) жоспарлы көлемдері туралы мәлімдейді;
- электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы құнын есептеу негізінде Тараптар уәкілеттік берген ұйымдар қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында келісімшарттар жасасады.
Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың уәкілетті органдары электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық шарттары мен көлемін айқындау тәртібі, сондай-ақ электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты қызметтерге баға белгілеуге келісілген тәсілдер кіретін БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің бірыңғай әдістемесін пайдаланады. Бұл әдістеме осы Келісімге қосымша болып табылады.
4.3. Электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді практикалық іске асыру
4.3.1. Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдар осы Келісімнің 4-бабының 4.2-тармағында көзделген бірыңғай әдістемеге сәйкес және ұлттық заңнаманы ескере отырып, өз мемлекетінің аумағы арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етеді.
4.3.2. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін қажетті электр желілік шаруашылық объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге байланысты қызмет көрсететін Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
4.3.3. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруден бас тартылған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті ұйымдары бас тарту себептері туралы негізделген материалдар ұсынуды қамтамасыз етеді.
5-бап
Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне баға белгілеу (тариф белгілеу) қағидаттары
Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне баға белгілеу (тариф белгілеу) Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығында табиғи монополиялар субъектілерінің электр энергетикасындағы қызметтерінің тарифтері ішкі электр энергиясы нарығының субъектілері үшін осындай ішкі тарифтерден аспауға тиіс.
6-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу, дауларды шешу
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар бірінші кезекте келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
Егер дау Тараптарының бірі даудың басқа Тарапына оларды жүргізу туралы жіберген ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, онда дау Тараптары арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде дау Тарапының кез-келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бере алады.
Электр энергиясын беру жөніндегі қарым-қатынастарды реттеу басқа да халықаралық келісімдер мен шарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7-бап
Келісімнің қолданылу мерзімдері
Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамада айқындалады.
2010 жылғы «19» қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде, бір түпнұсқа данада жасалды.
Келісімнің түпнұсқа данасы депозитарий болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей Республикасының Республикасының Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Баға белгілеу мен тарифтік саясат
негіздерін қоса алғанда, электр
энергетикасы саласындағы табиғи
монополиялардың қызметтеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ету туралы
келісімге қосымша
БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН (ҚУАТЫН) МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ӘДІСНАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
1. Электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгеріміне енгізілуі тиіс, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді есептеген кезде ескерілетін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің өтінімдер беру және жылдық болжамды көлемін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері
1.1. Беларусь Республикасының аумағында
1.2. Қазақстан Республикасының аумағында
1.3. Ресей Федерациясының аумағында
2. Жоспарлауды үйлестірушінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін және жоспарлы көлемін айқындау тәртібі
2.1. Терминология
2.2. Жалпы ережелер
2.3. Жоспарлауды үйлестіруші мен қалған жүйелік операторлардың функциялары мен өкілеттіктері
2.4. Жылдық жоспарлау
2.5. Айлық жоспарлау
2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау
3. Әрбір ұйым мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету шеңберінде орындайтын функцияларды көрсете отырып, Тараптардың электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің тізбесі
3.1. Беларусь Республикасының аумағында
3.2. Қазақстан Республикасының аумағында
3.3. Ресей Федерациясының аумағында
4. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрамдас бөліктердің тізбесі
4.1. Беларусь Республикасының аумағында
4.2. Қазақстан Республикасының аумағында
4.3. Ресей Федерациясының аумағында
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға байланысты құрамдас бөліктердің тізбесі
5.1. Беларусь Республикасының аумағында
5.2. Қазақстан Республикасының аумағында
5.3. Ресей Федерациясының аумағында
6. Тараптардың заңнамасына сәйкес электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Беларусь Республикасының аумағында
6.2. Қазақстан Республикасының аумағында
6.3. Ресей Республикасының аумағында
7. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының сағаттық нақты көлемі туралы коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды ұйымдастыру тәртібі
8. Тараптардың электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша электр энергиясы ағынының нақты сальдосын айқындау тәртібі
9. БЭК шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың жоспарлы ағындардан ауытқу көлемі мен құнын есептеу тәртібі
1. Электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгеріміне енгізілуі тиіс, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді есептеген кезде ескерілетін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің және өтінімдер беру жылдық болжамды көлемін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері
1.1 Беларусь Республикасының аумағында
1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемін берілген өтінімнің негізінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым анықтайды.
1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей беріледі. Өтінімде электр энергиясын мемлекетаралық беру мен айларға бөліп көрсетіліп, ең жоғарғы қуаттың жылдық көлемі көрсетіледі.
1.1.3. Өтінімді қараған кезде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы осы әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасын басшылыққа алады. Тұтастай алғанда жыл бойынша немесе жылдың қайсыбір айында электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асқан жағдайда Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту жібереді.
1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі электр энергиясын беруге арналған шартқа қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу кезінде ескеріледі.
1.1.5. Мемлекетаралық беруге болжанған электр энергиясының көлемі жоспарланған мемлекетаралық беру жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде Тараптардың уәкілетті ұйымдарының келісімі бойынша түзетілуі мүмкін.
1.2. Қазақстан Республикасының аумағында
1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемі электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Жүйелік операторымен келісілген мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Жүйелік операторына берген өтінімінің негізінде айқындалады.
1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей беріледі. Өтінімде айларға бөлінген және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау мен беру нүктелерін көрсете отырып, электр энергиясын мемлекетаралық берудің жылдық көлемі көрсетіледі.
1.2.3. Өтінімді қараған кезде Қазақстан Республикасының Жүйелік операторы осы әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасын басшылыққа алады. Тұтастай алғанда жыл бойынша немесе жылдың қайсыбір айында электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасынан асқан жағдайда Қазақстан Республикасының Жүйелік операторы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту жібереді.
1.2.4. Қазақстан Республикасының Жүйелік операторымен келісілген электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі электр энергиясын беруге арналған шартқа қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу кезінде ескеріледі.
1.2.5. Қазақстанның БЭЖ бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 қазанына дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемі айқындалады және көтерме нарығының субъектілерімен келісіледі.
1.2.6. Мемлекетаралық беруге болжанған электр энергиясының көлемі электр энергиясын мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілетті Субъектілердің ұсынысы бойынша жоспарланған жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде түзетілуі мүмкін.
1.3. Ресей Федерациясының аумағында
1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей Федерациясының Бірыңғай энергетикалық жүйесі (Ресейдің БЭЖ) шеңберінде Болжамды жиынтық теңгерім қалыптастыру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының бірыңғай ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйым) (БҰЭТ) - «ФЖК БЭЖ» ААҚ) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі Федералдық қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және «Бірыңғай энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы» ашық акционерлік қоғамына («БЭЖ ЖО» ААҚ) жібереді.
1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресейдің ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімде Ресей Федерациясының субъектілері бойынша келесі күнтізбелік жылға арналған электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімін қалыптастыру кезінде ескеріледі.
1.3.3. Мемлекетаралық беруге болжанған, Ресей Федерациясының субъектілері бойынша жеткізудің бір жылына электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген электр энергиясы мен қуатының көлемі электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.
1.3.4. Мемлекетаралық беруге болжанған электр энергиясы мен қуатының көлемі электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзетулер жасай отырып, жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) келісімі болған жағдайда уәкілетті ұйымның (бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйымның) ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.
2. Жоспарлауды үйлестірушінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін және жоспарлы көлемін айқындау тәртібі
2.1. Терминология
Осы әдіснаманың 2-бөлімінің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Бақыланатын қима - қуат ағындары жұмыстың орнықтылығын, энергия жүйелерінің сенімділігі мен өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын электр беру желілері (ЭЖЖ) мен жүйелік операторлардың диспетчерлік орталықтары айқындайтын электр желісінің басқа да элементтерінің жиынтығы.
Қуаттың ең жоғары қолжетімді ағыны - қалыпты режимге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын желі қимасындағы аса көп ағын.
Мемлекетаралық қима - көрші мемлекеттердің энергия жүйелерін (жекелеген энергетикалық аудандарын) байланыстыратын мемлекетаралық ЭЖЖ-да орналасқан, қатар жұмыс істеу электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттеріне технологиялық негізделген, жүйелік операторлар айқындайтын нүкте немесе жеткізу нүктелерінің тобы.
Басқа да пайдаланылатын ұғымдардың Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімде айқындалған мәні бар.
2.2. Жалпы ережелер
2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:
Жылдық жоспарлау: БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің мәлімделген көлемін іске асырудың және экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жөндеудің жылдық жоспарлы кестелерін ескере отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған жағдайда оларды түзету;
Айлық жоспарлау: жеткізудің мәлімделген көлемін іске асырудың және экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жөндеудің айлық жоспарлы кестелерін ескере отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жылдық болжамды теңгерімдерінде ескерілетін БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет жағдайда оларды түзету;
Режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: нақты схемалық-режимдік ахуалды, экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратуды, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық беру көлемін ескере отырып, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық берудің алдын ала бір тәулікке мәлімделген сағаттық көлемін іске асырудың техникалық мүмкіндіктерін тексеру.
2.2.2. Жоспарлау (БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарланған көлемінің іске асырылуын есептеу) Ресейдің БЭЖ мен Қазақстанның БЭЖ арасында және Ресейдің БЭЖ мен Беларусьтің Біріккен энергетикалық жүйесі (Беларусьтің БЭЖ) арасында қатар жұмыс істейтін энергия жүйелерінің есептік моделі (бұдан әрі - есептік модель) пайдаланыла отырып жүргізіледі.
2.2.3. Есептік модель жоспарлау үшін қажетті көлемде Ресейдің БЭЖ-інің, Қазақстанның БЭЖ-і мен Беларусьтің БЭЖ-інің технологиялық өзара байланысты бөліктерінің математикалық моделін білдіреді және оған мына сипаттама кіреді:
- электр желісін алмастыру схемасының бағаны мен параметрлері;
- активті және реактивті тораптық жүктемелер;
- тораптардағы активті және реактивті өндіру;
- өндірудің ең төменгі және ең жоғары активті және реактивті қуаттары;
- желілік шектеулер.
2.2.4. Есептік модель әдетте қысқы ең жоғары және ең төменгі жүктемелер мен жазғы ең жоғары және ең төменгі жүктемелердің келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептеу схемалары) үшін жүйелік оператормен келісілген алмастыру схемасының негізінде қалыптастырылады. Ерекше схемалық-режимдік жағдаяттар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималарда, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималарда, егер олар мемлекетаралық жеткізуді (алмасуды) жүзеге асыруға елеулі әсер ететін болса, ең жоғары рұқсат етілетін ағындар көрсетілуі тиіс.
2.2.5. Жоспарлауды үйлестіруші «БЭЖ ЖО» ААҚ болып табылады.
2.2.6. Жоспарлаудың әр кезеңдері үшін есептік модельдер мен өзекті етілген ақпараттың құрамы, соның ішінде есептік модельге енгізілетін және энергия объектілері мен энергия жүйелерінің (энергия жүйелерінің баламалары) тізбелері, оларды қалыптастыру мен өзекті ету тәртібі және уақытша регламенті, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау үшін деректер алмасу форматтары мен тәсілі «БЭЖ ЖО» ААҚ және «ОДУ» республикалық біртұтас электр энергетикасы кәсіпорнымен (бұдан әрі - «ОДУ» РБК) «ФЖК БЭЖ» ААҚ бірге, «БЭЖ ЖО» ААҚ және «КЕGОС» АҚ-ның филиалы - «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығымен» (бұдан әрі - ЖО ҰДО) «ФЖК БЭЖ» ААҚ бірге бекітетін құжаттармен белгіленеді.
2.3. Жоспарлауды үйлестіруші мен қалған жүйелік операторлардың функциялары мен өкілеттіктері
2.3.1. Жоспарлауды үйлестіруші мыналарды жүзеге асырады:
- базалық есептік модельдерді қалыптастыру;
- жоспарлау мақсаттары үшін «ОДУ» РБК-мен, ЖО ҰДО-мен ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
- «ОДУ» РБК-дан, ЖО ҰДО-дан алынған деректер негізінде электр энергетикасы режимдеріне есептеу жүргізу;
- Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Баға белгілеу негіздері мен тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімнің 4.1.2-тармағымен айқындалған басым қағидаттарды қамтамасыз етуді ескере отырып, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі кезінде есептік модельдің бақыланатын қималарындағы электр режимдерінің іске аспауы немесе ең жоғары рұқсат етілетін ағындардың артуы анықталған жағдайда БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелері (энергия жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағынды түзету:
1) энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған Тарап мемлекетінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
2) электр энергиясын қуатын Тараптың шектес мемлекетінің энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
3) электр энергиясын (қуатын) БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттің бір энергия жүйесінен БЭК-ке қатысушы мемлекеттің басқа энергия жүйесіне мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
4) электр энергиясын (қуатын) БЭК-ке кірмейтін өзге мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
- жоғарыда көрсетілген есептердің нәтижелерін «ОДУ» РБК-ға және ЖО ҰДО-ға жеткізу.
2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырылмауы немесе есептік модельдің бақылау қималарында ең жоғары рұқсат етілетін ағындардың артып кетуі анықталған жағдайда жоспарлауды үйлестіруші ЖО ҰДО-ға, «ОДУ» РБК-ға және «ФЖК БЭЖ» ААҚ-ға энергия жүйелерінің сальдо-ағындары (теңгерімдері) шамаларының қажетті түзетулер шамасын жібереді.
ЖО ҰДО, «ОДУ» РБК және «ФЖК БЭЖ» ААҚ барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізу көлемін, оның ішінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемін жоғарыда көрсетілген басымдық негізінде түзетеді не жоспарлауды үйлестіруші есептеулер қорытындысы бойынша айқындаған бақылау қималарындағы рұқсат етілген ағындардың бұзылуын алып тастау жөнінде өзге де шараларды қолданады.
Барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің түзетілген шарттық көлемі туралы, оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру туралы ақпаратты ЖО ҰДО, «ОДУ» РБК және «ФЖК БЭЖ» ААҚ Тарап мемлекеттерінің - жасалған шарттар бойынша тараптардың ішкі электр энергиясы нарығының субъектілеріне жеткізеді.
2.3.3. Жоспарлауды үйлестіруші «ОДУ» РБК-дан және ЖО ҰДО-дан жоспарлау үшін өзекті деректерді алмаған жағдайда не техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу дұрыс емес берілген деректерді алған жағдайда мазмұны мен қолданылу тәртібін «БЭЖ ЖО» ААҚ мен «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ мен ЖО ҰДО бекітетін құжаттарда белгіленетін орнын алмастыратын ақпаратты пайдалануға құқылы.
2.4. Жылдық жоспарлау
2.4.1. Жылдық жоспарлау «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО айқындайтын мерзімде және тәртіппен орындалады.
2.4.2. «ОДУ» РБК, ЖО ҰДО мен «ФЖК БЭЖ» ААҚ жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу кестелерінің жобаларын қалыптастырады және оларды жоспарлауды үйлестірушіге ұсынады. Жоспарлауды үйлестіруші жоспарланған күнтізбелік жылға арналған электр желілік жабдықтарды жөндеу кестесін келіседі және оны «ОДУ» РБК-ға, «ФЖК БЭЖ» ААҚ мен ЖО ҰДО-ға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу кестесінің шеңберінде келісілуі тиіс электр желілік объектілердің тізбесін және оны құрудың уақытша регламентін «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ мен ЖО ҰДО белгілейді.
2.4.3. «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлауды үйлестірушіге олар кәдімгі жұмыс күніне тән ең көп сағатына электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне сүйене отырып, құрған тиісті ұлттық энергия жүйесі бойынша (тұтыну, өндіру, ағындар сальдосы, желілік жабдықты жөндеу) жылдық жоспарлауға арналған ақпаратты табыс етеді.
2.4.4. Ресейдің БЭЖ - Қазақстанның БЭЖ және Ресейдің БЭЖ - Беларусияның БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.
2.4.5. Жоспарлауды үйлестіруші режимдердің есебін жүргізеді және «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО-ға есептеулердің нәтижелерін жібереді.
2.5. Айлық жоспарлау
2.5.1. Айлық жоспарлау жылдық жоспарлау сияқты схема бойынша айлық бөліністегі деректермен және нәтижелермен алмаса отырып, «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО айқындаған мерзімде және тәртіппен орындалады.
2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау
2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО айқындаған мерзімде және тәртіппен орындалады.
2.6.2. Тәулік сайын «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлауды үйлестірушіге құрамына мыналар кіретін 24 сағаттық өзекті етілген деректердің (00:00-ден 24:00-ге дейін) жиынтығы түрінде жоспарланған тәуліктерге (бұдан әрі - X тәуліктер) есептік модельді өзектендендіруге арналған деректерді ұсынады:
- энергия жүйесінің 220 кВ және одан да жоғары электр желілік жабдық элементтерін жоспарлы жөндеу;
- жиынтығында жүйесі бойынша (соның ішінде есептік модельдің құрамын құрған кезде «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО белгілеген жекелеген энергия аудандары бойынша) тұтыну мен өндірудің сағаттық кестелері энергия;
- ағындар сальдосының сағаттық кестелері (энергия жүйесі ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы қабылданады).
«ФЖК БЭЖ» ААҚ жоспарлауды үйлестірушіге «ОДУ» РБК-мен және ЖО ҰДО-мен келісілген шарттардың барлық түрлері бойынша Ресейдің БЭЖ, Қазақстанның БЭЖ және Белоруссияның БЭЖ арасында электр энергиясын жеткізу көлемінің, оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің сағаттық кестелерінің жиынтық мәнін ұсынады.
2.6.3. Егер есептік модельді өзектендіруге арналған деректерді «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлауды үйлестірушіге табыс етпеген болса, соңғысы есептік модель құрамын құрған кезде «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО арасында келісім бойынша өздері белгілеген орнын алмастыратын ақпаратты пайдаланады.
2.6.4. Жоспарлауды үйлестіруші есептік модельді өзектендіруді және электрлік режимдерді есептеуді орындауды жүзеге асырады.
2.6.5. Жоспарлауды үйлестіруші режимдерге есеп жүргізеді және есептеудің нәтижелерін келісілген форматта «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО-ға табыс етеді.
2.6.6. Егер жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында мемлекетаралық беру көлемінің мәлімделген мәндері іске асырылмайтындай болған жағдайда, «ОДУ» РБК, ЖО ҰДО және «ФЖК БЭЖ» ААҚ осы Бөлімнің 2.3.1-тармағында айқындалған басымдықты ескере отырып, жеткізілімдер мен мемлекетаралық беру көлемін түзету жөнінде шаралар қолданады.
2.6.7. Егер электр тұтыну және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжанбаған өзгерістері нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген кезде жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы көлемін жедел тәулік ішінде түзету талап етілген жағдайда, «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлауды үйлестірушіге мыналарды ұсынады:
- тәулік бұрын жоспарлау мақсаттары үшін табыс етілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде X тәуліктердің қалған сағаттарына өзектендірілген сағаттық деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік модельді өзектендіруге арналған деректер;
- БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және мемлекетаралық берудің жоспарлы көлемі өзгерісінің ұсынылған көлемі бар өтінім.
2.6.8. Тәуліктер ішіндегі әрбір уақытша кезең үшін деректерді берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептер нәтижелерін жеткізудің шектеулі уақыты белгіленеді. Деректерді «қақпаларды жабу уақытынан» кейін беруге рұқсат етілмейді. Жоспарлауды үйлестіруші есептік модельді өзектендіруді және X тәуліктердің қалған сағаттарына электр режимдерін есептеуді орындауды жүзеге асырады.
2.6.9. Жоспарлау нәтижесі X тәуліктердің қалған сағаттарына БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық беру көлемінің нақтыланған жоспарлы сағаттық кестесі болып табылады. Режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттардың өзгеруіне орай нақтыланған жоспарлы сағаттық кестелерді орындау мүмкін емес болған жағдайда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық беру көлемін өзгертуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын жеткізуге арналған тиісті арнаулы шарттарға сәйкес авариялық жәрдем беру немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында рұқсат етіледі.
3. Әрбір ұйым мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету шеңберінде орындайтын функцияларды көрсете отырып, Тараптардың электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің тізбесі
3.1. Беларусь Республикасының аумағында
3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру «Белэнерго» мемлекеттік электр энергетикасы өндірістік бірлестігіне («Белэнерго» МӨБ) және «ОДУ» РБК-ға бұл ретте мына функциялар орындай отырып жүктеледі:
- жеткізетін электр желісі бойынша («Белэнерго» МКО жалпы үйлестірген жағдайда «Белэнерго» МКО-ға бағынатын ұйымдар) электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
- электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсету («ОДУ» РБК);
- қатар жұмысты басқару мен орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша шекаралас мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау («ОДУ» РБК).
3.2. Қазақстан Республикасының аумағында
3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру мына функциялар орындала отырып, Жүйелік операторға жүктеледі:
- Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
- электр энергиясын желіге жіберу мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсету;
- электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;
- шекаралас мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау.
3.3. Ресей Федерациясының аумағында
3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мыналарға байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді:
3.3.1.1. электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөнінде, оның ішінде Ресейдің энергия жүйесінің және БЭК-ке қатысушы басқа да мемлекеттердің энергия жүйелерінің қатар жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) ауыстыруды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету;
3.3.1.2. бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде, оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсету;
3.3.1.3. Ресей Федерациясының электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктері, оның ішінде электр энергиясының (қуатының) тең көлемін Ресейдің энергия жүйесіне және одан Ресей Федерациясының БЭК-ке қатысушы мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әр түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланысты және бір уақытта жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда.
3.3.2. БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді мына уәкілетті ұйымдар қамтамасыз етеді:
3.3.2.1. «Бірыңғай энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы» ААҚ («БЭЖ ЖО») - Ресейдің БЭЖ-ның Қазақстанның БЭЖ мен Беларусьтың БЭЖ-мен қатар жұмыс режимдерін ұйымдастыру және басқару бөлігінде;
3.3.2.2. «Федералдық желілік компания» ААҚ («ФЖК БЭЖ» ААҚ) - Ресейдің БЭЖ арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру және Ресейдің БЭЖ-ның Қазақстанның БЭЖ мен Беларусьтың БЭЖ-мен қатар жұмысын ұйымдастыру кезінде электр энергиясының орнын ауыстыруға (ауыстыру қағидатын қолданып) байланысты қызмет көрсету, оның ішінде мемлекетаралық беруді жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл, Ресей Федерациясының және БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылған электр энергиясының нақты сағаттық көлемін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемді ескере отырып тарату, Ресей Федерациясы мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекара арқылы орны ауыстырылған нақты көлемінің жоспарлы көлемнен сағаттық ауытқуын анықтау; БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асыру бөлігінде;
3.3.2.3. «ӘСЖ» ААҚ - электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығында айналымға жіберілген тауарлар мен қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бөлігінде;
3.3.2.4. «ҚЕО» ЖАҚ - көтерме сауда нарығына Қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу жөнінде қызметтер көрсету бөлігінде;
3.3.2.5. Коммерциялық агент - электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы қарым-қатынастарда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясы (қуаты) көлемінің қатысуына және ағынның нақты сальдосының жоспарлыдан ауытқуына байланысты қарым-қатынастарды реттеуге қатысты қол жеткізуді ұйымдастыру бөлігінде экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығына қатысушы.
4. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрамдас бөліктердің тізбесі
4.1. Беларусь Республикасының аумағында
4.1.1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының беру желісі (бұдан әрі - БЖ) бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге Шжелі шығындар БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде мына формула бойынша есептеледі:
Шжелі = Ш(1+ИҚ)(1+ПА)(1+С),
мұнда:
Ш - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалатын БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге жататын БЖ-ны ұстау мен пайдалануға арналған жалпы шығындар;
ИҚ - инновациялық қорға аударымдардың үлесі;
ПА - Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;
С - салықтарға аударымдар үлесі;
Ш жалпы шығындар мыналарды қамтиды:
- пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге арналған шығындар;
- жалақы;
- амортизация;
- өзге де ақшалай шығыстар (қосымша материалдар, сырттан келетін энергия, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар және басқалар);
- электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар.
4.1.2. Беларусьтың БЭЖ желілер арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Т - Беларусьтың БЭЖ желілері арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф;
Эт - Беларусьтың БЭЖ желілері арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық берудің жиынтық көлемі.
4.2. Қазақстан Республикасының аумағында
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беруді ұлттық электр желісінің (бұдан әрі - ҰЭЖ) желілері арқылы жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
Z + P
Т = --------- (теңге/кВт.сағ.),
Wжиын
мұнда:
Т - ҰЭЖ желілері арқылы электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тариф (теңге/кВт.сағ.);
Z - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған ҚР ҰЭЖ-ның жалпы шығындары (млн. теңге);
Р - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөнінде қызметтер көрсеткен кезде ҰЭЖ-ның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайданың деңгейі (млн. теңге);
Wжиын - шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген ҰЭЖ электр энергиясын берудің жиынтық көлемі (млн. кВт.сағ.).
4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифті есептеген кезде тарифтік табысқа ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге жұмсалған жалпы шығындар мен электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсеткен кезде тиімді жұмыс істеу үшін қажетті пайданың деңгейі (активтердің іске қосылуына сүйене отырып, айқындалады) қамтылады.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
4.3. Ресей Федерациясының аумағында
4.3.1. Жалпы ережелер.
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған тариф екі ставка түрінде белгіленеді: электр желілерін ұстауға арналған мөлшерлемелер және БҰЭЖ-дағы электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлемелер.
Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін ұқсас құрамдас шығыстар БҰЭЖ объектілерін ұстауға БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің құрамдас шығыстарына және БҰЭТ-да электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің құрамдас шығыстарына бөлінеді.
4.3.2. БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр желілері (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін шығыстарды айқындау.
4.3.2.1. БҰЭЖ объектілерін ұстауға БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің құрамдас шығыстарының тізбесі.
БҰЭЖ объектілерін ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша электр желілері арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге мәлімделген БЭК қатысушы мемлекеттері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жүзеге асырылатын мемлекеттің энергия жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуат төленеді.
БҰЭЖ объектілерін ұстауға арналған мөлшерлемені есептеген кезде ұлттық реттеуші орган тиісті есептік кезеңге белгілеген мынадай экономикалық жағынан негізделген шығыстар есепке алынады:
- операциялық шығыстар,
- бақылаудағы емес шығыстар,
- инвестицияға инвестицияланған капиталды (амортизациялық аударымдар) қайтару,
- инвестицияланған капиталға кіріс.
4.3.2.2. БҰЭЖ-дағы электр энергиясы мен қуаттың ысырабын өтеуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің құрамдас шығыстарының тізбесі.
БҰЭЖ-дағы электр энергиясының және қуаттың ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған, электр энергиясына тең салмақты бағада есепке алынған БҰЭЖ-дағы электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдары қызметтерінің құнын ескере отырып, электр желілері арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жүзеге асырылатын мемлекеттің энергия жүйесінен шығатын электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін ГТП бойынша әр есептік кезеңнің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатты сатып алу бағаларына сүйене отырып айқындалады.
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға байланысты құрамдас бөліктердің тізбесі
5.1. Беларусь Республикасының аумағында
Беларусь Республикасында Шжүйе жүйелік шығындары уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, Беларусьтың БЭЖ желілері арқылы берілетін қуаттың жалпы шамасындағы мемлекетаралық беру қуатының үлесін ескере отырып айқындалатын, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін өндіру қуаттарының резервін қолдауға, сондай-ақ БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерге арналған шығындарды қамтиды.
5.2. Қазақстан Республикасының аумағында
БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығыстар есепке алынбайды.
5.3. Ресей Федерациясының аумағында
Электр энергиясының (қуатының) алмасуын қамтамасыз ету мақсатында БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында мемлекетаралық берілуге жататын электр энергиясының көлемі көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік бұрын баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, Ресей энергия жүйесінің шекарасында (шекараларында) жеткізудің әртүрлі нүктелерінде нарықтық бағаларды және электр энергиясының (қуатының) тең көлемінің өзара байланысты және оны бір мезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындардың үлесін анықтау кезінде ескерілуі тиіс. Жүйелік шығындар мынадай құрауыштардан қалыптасады:
5.3.1. БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы (тораптық бағалардың айырмасы) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабы мен жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш:
мұнда:
hшығ _ мемлекетаралық беру шеңберінде Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға ұсыныстарына бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
hkip - мемлекетаралық беру шеңберінде Ресей Федерациясының энергия жүйесіне электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға ұсыныстарына бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
VhМАБ _ Ресей федерациясының энергия жүйесі арқылы m айының h сағатында мемлекетаралық беру көлемі
5.3.2. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ететін энергия жүйесі жұмысының режимдерін іске асыру үшін өндіруші қуаттар резервінің болу қажеттілігіне байланысты құрауыш:
Sm2 = ЕЖm х (Кжосп,ЕААірез - 1)х комБЕААі
мұнда:
ЕЖm - m айында электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген ең жоғары сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең жоғары қуат;
Крезжосп.ЕААі - тиісті жылға қуатқа бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор ескеретін ЕААі резервтеудің жоспарлы коэффициенті;
БЕААібас.алд.ала - тиісті жылға ЕААі-дегі тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда қағидаларына сәйкес Жүйелік оператор анықтайды);
ЕААі - еркін ағын аймағы, оған мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін жеткізу нүктелері жатқызылды.
Мемлекетаралық беру құнын анықтау кезінде мемлекетаралық берудің «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарында (еркін ағын аймақтарының топтарында) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша белгіленген сатып алушыларға арналған жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.
6. Тараптардың заңнамасына сәйкес электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Беларусь Республикасының аумағында
Беларусь Республикасының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында мемлекетаралық электр энергиясын (қуатын) беру осы Әдіснаманың 1-бөлімі мен 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына сәйкес мемлекеттік берілуге ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемі келісілген жағдайда және Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен электр энергиясын мемлекетаралық беруге арналған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір шарт бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтердің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
СМАБ = Шжелі + Шжүйе.
6.2. Қазақстан Республикасының аумағында
Қазақстан Республикасының аумағында БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша жасалатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескеріледі.
6.3. Ресей Федерациясының аумағында
Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
6.3.1. табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және Ресей энергия жүйесінің шекарасында (шекараларында) әртүрлі жеткізу нүктелерінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемін өзара байланысты және оны бір мезгілде жеткізу мақсатында Беларусь Республикасынан немесе Қазақстан Республикасынан уәкілетті ұйыммен жасалған коммерциялық агенттің шарттары.
Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру (алмастыру) құны m айында осындай шарттарда мынадай формула бойынша анықталады:
QmМАБ = QmМАБ ФЖК + QmМАБ ЖО + QmМАБ КО,
мұнда:
QmМАБ ФЖК - Ресей заңнамасына сәйкес төленетін «ФЖК БЭЖ» ААҚ қызметтерінің құны;
QmМАБ ЖО - заңнамасына сәйкес төленетін «БЭЖ ЖО» ААҚ қызметтерінің құны;
QmМАБ КО - электр энергиясын Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты қызметтердің m айындағы құны.
QmМАБ КО = Sm1 + Sm2 + QmМАБ СЖӘ + QmМАБ ҚЕО + QmМАБ АГЕНТ,
мұнда:
QmМАБ СЖӘ - электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығында айналымға жіберілген өзге де тауарлармен және қызметтермен көтерме сауданы ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор қызметінің m айындағы құны;
QmМАБ ҚЕО - Көтерме нарықтың сауда жүйесіне қосылу туралы шартта анықталатын талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызметтің m айындағы құны;
QmМАБ АГЕНТ - коммерциялық агентпен жасалатын шарттарда екіжақты тәртіппен анықталатын коммерциялық агенттің шығындары.
6.3.2. электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру (орнын ауыстыру) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің ұйымдары арасында электр энергетикасы жүйелерінің қатар жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);
6.3.3. мемлекетаралық жеткізілім қималары бойынша нақты ағындардың Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясының орнын ауыстыру кезінде туындайтын жоспардағыдан ауытқу шамасын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.
7. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының сағаттық нақты көлемі туралы коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды ұйымдастыру тәртібі
7.1. Осы Тәртіп мына бөлікте екі жақты өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттарын айқындайды:
- коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу;
- коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін толық есептеудің келісілген әдістемелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша (бұдан әрі - ЭБМАЖ) электр энергиясының жедел1 сағаттық ағынын анықтау тәртібі;
- коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге келтірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіп.
ЭБМАЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру және алмасу шарттары мен тәртібі ЭБМАЖ-да есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының сағаттық шамасының деректерімен алмасу туралы екі жақты келісімдерге сәйкес анықталады.
7.2. Ақпаратты жедел алмасу.
Тәулік сайын (немесе өзге уақыт аралығында Тараптардың келісімі бойынша) Тараптар мемлекеттерінің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері ЭБМАЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректермен алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
ЭБМАЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәні қамтылған ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.
7.3 Сағаттық мәндерді жеткізу нүктесіне есептеу.
Сағаттық мәндерді жеткізу нүктесіне есептеу екі жақты Келісімдерде келісілген берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
---------------------
1 жедел сағаттық ағындар деп коммерциялық есепке алу кешендерінің техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) ағынға қосылған барлық есепке алу нүктелеріне қатысты алынған коммерциялық есепке алу сағаттық деректері (жарты сағаттық немесе сағаттық) түсініледі.
8. Тараптардың электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша электр энергиясы ағынының нақты сальдосын айқындау тәртібі
Күнтізбелік айдағы электр энергиясының мемлекетаралық қимасы арқылы орын ауыстырылатын нақты көлемді анықтайтын осы тәртіп Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.
Тараптар мемлекеттерінің мемлекетаралық қимасы арқылы орын ауыстырылатын электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір жеткізу нүктесінде (WСальдо_шекара) әрбір күнтізбелік ай үшін электр энергиясының қабылданған (WП1_шекара) және/немесе берілген (WО1_шекара) мөлшерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.
«Қабылдау», «Беру» режимдерінде барлық ЭБМАЖ жұмысына қосылған кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) сәйкестендірілген электр энергиясының күнтізбелік айдағы мәні және сальдо мынадай формулалар бойынша есептеледі:
WСальдо_шекара = WП1_шекара + W01_шекара
мұнда:
W (нақҚ1)і - күнтізбелік айдағы і-ші ЭБМАЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданған электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға ауыстыру үшін мән белгіні (ағын бағытын) ескере отырып алынады.
W (нақБ1)і - күнтізбелік айдағы i-ші ЭБМАЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілген электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға ауыстыру үшін мән белгіні (ағын бағытын) ескере отырып алынады.
R - күнтізбелік ай ішінде жұмысқа енгізілген мемлекетаралық қимадағы ЭБМАЖ мөлшері.
9. БЭК шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың жоспарлы ағындардан ауытқу көлемі мен құнын есептеу тәртібі
Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізуге мынадай құрауыштар кіреді: электр энергиясының (қуатының) мемлекетаралық беру көлемі, тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері жасайтын коммерциялық шарттардың көлемі, авариялық көмектің көлемі және сальдо-ағынның нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына негізделген көлем.
Нақты сальдо-ағынның жоспардағыдан сағаттық ауытқуларының шамасын есептеуді және ауытқулар көлемін олардың бастамасына қарай анықтауды «ФЖК БЭЖ» ААҚ, «Белэнерго» МӨБ, «КЕGОС» АҚ және «БЭЖ ЖО» ААҚ мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
а) Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергиясын мемлекетаралық беру көлемінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік кестеде ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады.
б) Есептеу кезеңінің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемі белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді ескере отырып, тәуліктік диспетчерлік кестеде ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады.
в) БЭК-ке қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің энергия жүйелерімен қарым-қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) БЭК шеңберіндегі ауытқу көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемін анықтау тәртібі БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің аралас энергия жүйелерінің жүйелік операторларымен (бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі.
г) Авариялық көмек көрсету көлемі авариялық көмек көрсету кезінде ішкі ұлттық нарық субъектілері арасында жасалатын электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен анықталады.
Сағаттық ауытқу көлемі жасалуы 6-бөлімде көзделген Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекетаралық беруді қамтамасыз ететін шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттеуге жатады.
Электр энергетикасы жүйелерінің қатар жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің), оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстау бөлігіндегі талаптарын сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, ауытқулардың құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарықтағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысуы нәтижесінде көтерген негізделген шығындарды өтеуі тиіс.
Ауытқулардың құнын есептеу электр энергетикасы жүйелерінің қатар жұмысы туралы шарттарда немесе БЭК-ге қатысушы мемлекеттер арасындағы электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемде энергия жүйелерінің қатар жұмысын технологиялық қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемін есепке алудың айрықша тәртібі ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.
Ауытқуларды өтеу мақсатында есепте қолданылатын сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуаттың сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылымы ұйымдарының есепті құжаттарымен расталады.
Шарттар бойынша жеткізілімдердің құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуаттың) көлемін қайта есепке алуға жол берілмейді.
Осымен 2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Баға белгілеу негіздерін мен тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімнің мемлекеттік тілдегі осы аудармасы орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
Әкімшілік-кадр
жұмысы департаменті
директорының міндетін атқарушы
Мемлекеттік тілді дамыту
басқармасының бастығы Ж. Жұмбергенов
Осымен, аталған мәтін Санкт-Петербург қаласында 2010 жылдың 19 қарашада Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасы Премьер-Министрі С.С.Сидорский, Қазақстан Республикасы Үкіметінен - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов, Ресей Федерациясы Үкіметінен - Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.В.Путин қол қойған Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімнің түпнұсқасының толық және дәлме-дәл көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық Интеграциялық Комитетінде сақталады.
Тігілген, қол және мөр қойылып
бекітілген барлығы 40 парақ
ЕурАзЭС Интеграциялық
Комитеті Хатшылығының
Құқықтық департаменті басшысы
2011 жылдағы 14 желтоқсан В.С.Князев
2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Баға белгілеу негіздері мен тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский