Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 395-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.».

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз екінші абзацпен толықтырылсын:
      «156-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау»;

      2) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы «ұлғайту,» деген сөзден кейiн «дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуіне, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруына және басқа да мiндеттердi орындауына арналған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.»;

      4) 151-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қатысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «қатысуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылады.»;

      5) 30-тарау мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:

      «156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн
                  құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге
                  асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау

      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау осы Кодекстiң 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi арқылы жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 4-тармағын қоспағанда, дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды iске асыру осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу тек қана дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға жарна арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Дербес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын аталған қорға жарна арқылы салу жолымен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы бір жүз алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «135-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарына салық салу»;

      2) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «135,» деген цифрлардан кейін «135-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «шығыстарды азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «шығыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын азайтуға құқығы бар.»;

      4) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

      «135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу

      1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
      1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
      2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
      жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мынадай деңгейлер:
      бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
      қосымша білім беру бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
      3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
      осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын;
      осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түрiндегi табыстарын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызметтің бір немесе бірнеше түрін:
      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
      бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
      қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді;
      ғылым саласындағы қызметтi, атап айтқанда: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметiн;
      осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құрайтын ұйым дербес бiлiм беру ұйымы деп танылады.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған және жұмсалған құрылтайшының түсімдері де жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
      5) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не тек қана осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын ұйым дербес бiлiм беру ұйымы деп танылады;
      осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ғылым саласындағы мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады:
      ғылыми-техникалық;
      инновациялық;
      іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу.
      Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
      Ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
      бастауыш, негізгі және жоғары мектеп;
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
      қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді;
      аталған қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды.
      2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
      Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.»;

      5) 141-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.» деген сөздер «салық төлеушiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;

      6) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      «41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент шетелдiк тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай:
      тұруға;
      медициналық сақтандыруға;
      Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда.»;

      7) 193-баптың 5-тармағының 14) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) мынадай:
      осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
      осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар салық салуға жатпайды.»;

      8) 198-бапта:
      1-тармақ «Егер осы Кодекстiң» деген сөзден кейiн «осы бабында және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:
      1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден;
      2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.»;

      9) 201-баптың 8-тармағының 13) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармақшасында аталған дербес бiлiм беру ұйымының резидент емес жеке тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай:
      тұруға;
      медициналық сақтандыруға;
      Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда салық салуға жатпайды.»;

      10) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «жүргізілсе, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «жүргізілсе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) жұмыстар мен қызметтер:
      осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
      осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.»;

      11) 274-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ету күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;»;
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1) тармақшасында» деген сөздер «1) және 1-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 357-баптың 3-тармағындағы «34) тармақшаларында» деген сөздер «34), 41) тармақшаларында және 201-бабы 8-тармағының 14) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 387-баптың 3-тармағы «3-тармағында» деген сөздерден кейiн «және 135-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 398-бапта:
      1-тармақтағы «3-тармақтарында» деген сөздер «3, 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi.».

      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағында:
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;»;
      мынадай мазмұндағы 122) тармақшамен толықтырылсын:
      «122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.»;

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «27-1) Қазақстан Республикасында ядролық медицинаны дамыту тұжырымдамасын бекiтедi;»;

      3) 170-бапта:
      5-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 172-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 176-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсiптік медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған бiлiктiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын санат берілмей-ақ маман сертификатына теңестіріледі.».

      5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

      1) 16-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
      2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.»;

      2) 17-баптың 2-тармағындағы «Нотариалдық» деген сөз «Дербес білім беру ұйымдары, нотариаттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.»;

      4) 23-баптың 3-тармағы «мекеменi» деген сөзден кейiн «, дербес бiлiм беру ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi дербес бiлiм беру ұйымдарына қолданылмайды.».

      6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат):

      11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
      Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;
      дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».

      7. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16,99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 34-баптың 4-3-тармағы «Қазақстан» деген сөздiң алдынан «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады.
      Қоғам «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.».

      8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):

      4-баптың 9-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.».

      9. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.»;

      2) 26-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;»;

      3) 39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.»;

      4) 40-бапта:
      2-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «Бiлiм» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» бітіргеннен кейін білім туралы құжат алған адамдарға білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар береді. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.».

      2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев