Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "электрондық үкіметті" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 337-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат):
      1) 328-бапта:
      екінші бөліктегі «не компьютерлік» деген сөздер «компьютерлік не электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «9. Сот тараптардың немесе осы баптың сегізінші бөлігінде аталған адамдардың өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.»;

      2) 329-баптың бірінші сөйлемі «хаттамаға» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар):
      1) 83-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа қалпында беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот, қажет болған жағдайда, түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында тек электрондық құжатты ғана пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар түпнұсқадағы жазбаша құжаттармен бірдей болады.»;

      2) 150-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
      «5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
      Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.»;

      3) 151-бапта:
      бірінші абзацтағы «Талап» деген сөз «1. Талап» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
      Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.»;

      4) 257-бапта:
      үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Хаттама қолмен, мәшинкемен, компьютермен немесе электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) тәсілмен жазылып, дайындалуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «7. Сот іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.»;

      5) 258-бапта:
      «тұлғалар хаттама» деген сөздер «адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жазбаша түрде» деген сөздерден кейін «немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.

      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      6-баптың 2-тармағы «Ұлттық почта операторының,» деген сөздерден кейін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының,» деген сөздермен толықтырылсын.

      4. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

      Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.»;

      2) 22-бап «жеке мөрі,» деген сөздерден кейін «электрондық цифрлық қолтаңбасы, » деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 27 және 29-баптардың 3-тармақтары «аумақтық әділет органына», «Әділет министрлігіне» деген сөздерден кейін «қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 32-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгілейді;»;

      5) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «49-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу

      Нотариус және лауазымды адамдар жасайтын, осы Заңның 34 - 36-баптарында көрсетілген барлық нотариаттық іс-әрекеттер тізілімдерде (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) тіркеледі.»;

      6) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-бап. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу
               тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай
               нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық
               тізілімінің), нотариаттық куәліктердің,
               куәландыратын жазбалардың нысаны

      Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;

      7) 57-бап «тіркеу тізіліміне» деген сөздерден кейін «(оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне)» деген сөздермен толықтырылсын.

      5. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;».

      6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат):
      1) 1-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы «оларды ресімдеу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-7-тармақпен толықтырылсын:
      «2-7. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.»;

      2) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Мемлекеттік органдар өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде қамтамасыз етеді.»;

      3) 15-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

      7. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
      24-баптың 3) тармақшасындағы «қажетті ақпарат пен» деген сөздер «қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және» деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
      2) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
      4) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
      5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
      6) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      7) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
      8) тіркеу куәлігінің иесі – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
      9) уәкілетті орган – ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      10) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      11) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
      12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
      13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      14) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
      15) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
      16) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.»;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында бағдарламаны әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
      2) электрондық құжат айналымының тәртібі мен шарттарын айқындайды;
      3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды;
      4) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуден өткізу ережелерін бекітеді;
      5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      3) 5-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Уәкілетті органның құзыреті»;
      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекітеді;
      9) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталықты және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын айқындайды;
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      4) 10-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады.»;

      5) 12-баптың 2-тармағындағы «және корпорациялық» деген сөздер алып тасталсын;

      6) 17-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті органнан» деген сөздер «куәландырушы орталықтан» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      3-баптың 2-тармағында:
      6) тармақшада «мемлекеттік тізілімін» деген сөздерден кейін «, лицензиардың электрондық тізілімін» деген сөздермен толықтырылып, «берілген лицензиялар мен» деген сөз «берілетін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 10-баптың 11) тармақшасындағы және 11-баптың 12) тармақшасындағы «заң актілеріне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 12-бапта:
      9) тармақшадағы «бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар» деген сөздер «лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақшадағы «заң актілеріне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 9) тармақшасындағы «заң актілеріне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат):
      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) лицензиардың электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
      9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі – лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей код;»;
      «14) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.»;

      2) 4-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «сақтандыру қоғамдары,» деген сөздерден кейін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 6-баптың 8) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу тәртібін белгілеу;
      10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін дамытуды, оған қол жеткізу құқықтарын белгілеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді басқару;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

      5) 8-бапта:
      5) тармақшада:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
      Лицензиардың электрондық тізілімінде және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде мынадай мәліметтер:»;
      бесінші абзац «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және берілген күні;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      «бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»;
      7) тармақшадағы «қызмет көрсетуді жүзеге асырады.» деген сөздер «қызмет көрсетуді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.»;

      6) 42-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтініш жасай алады.
      Мемлекеттік органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш берушінің ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексеруді дербес жүргізеді. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттік органдар құжаттардың қағаз жеткізгіште берілуін талап етуге құқылы.».

      12. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
      5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
      6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі – депозитке беру) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
      8) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
      9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
      10) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
      12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
      13) ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      14) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
      15) ашық кілттер инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
      16) бағдарламалық өнім – ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
      17) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) – жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;
      18) домендік атау – Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;
      19) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
      20) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
      21) интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
      22) компьютерлік оқиға – ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
      23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы – «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
      24) құжатталған ақпарат – материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
      25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар – мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;
      26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      27) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын басқару және ұйымдастыру мақсаттарын іске асыруға арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желіден және мемлекеттік органдардың өздерінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын ақпараттық-коммуникациялық желілерден тұратын, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
      28) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы – мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының аппараттық-бағдарламалық кешені бар және мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын байланыс қызметін көрсететін заңды тұлға;
      29) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      30) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
      31) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
      32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
      33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау – ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
      34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
      35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
      36) «электрондық әкімдік» – жергілікті атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;
      37) электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
      38) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, лауазымды адамдарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      39) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету;
      40) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері – мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар;
      41) «электрондық үкімет» – мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
      42) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы – «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
      43) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
      44) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      45) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) иемденушілері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;
      46) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.»;

      2) 5-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын айқындау;»;
      16) тармақшадағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу ережелерін бекіту;
      18) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеу;
      19) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту;
      20) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
      4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
      5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
      7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
      11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;
      14) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
      15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
      16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
      20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
      21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;
      22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;
      24) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін әзірлеу;
      25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
      26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;
      27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
      28) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу ережелеріне сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау;
      29) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
      31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

      4) 9-бапта:
      4) тармақшадағы «енгізуді және» деген сөздер «енгізуді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;

      5) 9-1-баптың 7) тармақшасы «мемлекеттік ақпараттық жүйелердің» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 9-2 және 9-3-баптармен толықтырылсын:
      «9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік
                ортасы операторының өкілеттіктері

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
      1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
      3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
      4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады.

      9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының
               өкілеттіктері

      «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:
      1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.»;

      7) 10-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.»;

      8) 12-баптың 3-тармағы:
      «сондай-ақ электрондық» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.»;

      9) 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тілдерінде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегі қазақ тіліндегі ақпараттың көлемі орыс тіліндегі ақпараттың көлемінен кем болмауға тиіс.»;

      10) 25-баптың 9-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) авторлық құқықтармен қорғалғандарынан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;
      2) ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакеті;»;

      11) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемденушісі мен әзірлеушісі арасындағы келісілген шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.»;

      12) 28-баптың 2) тармақшасындағы «оның құрылымында тиісті мемлекеттік органдарға шарттық негізде қызмет көрсету үшін ақпараттандыру жөніндегі қызметтерді құру туралы» деген сөздер «тиісті инфрақұрылымды құру және дамыту кезінде ақпараттандыру саласында ұлттық оператордың шарттық негізде қызметтер көрсетуі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету

      1. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетеді.
      Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету олардың көрсетілу түрлері бойынша – ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық болып, автоматтандыру дәрежесі бойынша толық автоматтандырылған және ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.
      2. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету осы Заңға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеуге және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындауға тиіс. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін құзыретіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін мемлекеттік органдар уәкілетті органның келісімімен бекітеді.
      3. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алуға өтініші пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардан анықтамалар және мемлекеттік электрондық ресурстардан алуға болатын өзге де ақпаратты талап етуге жол берілмейді.
      5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.»;

      14) 31-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;»;
      6) тармақшадағы «инфрақұрылымы жатады.» деген сөздер «инфрақұрылымы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жатады.»;

      15) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері ведомстволық желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді.».

      13. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;»;

      2) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.».

      2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 5) тармақшасының тоғызыншы – он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев