РҚАО-ның ескертпесі!
Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының
деректерін беру тәртібі туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді іске асыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттама Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығына (бұдан әрі - Орталық) Тараптардың Орталыққа деректер беруге жауапты уәкілетті органдарының кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін (бұдан әрі - сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректері) беруді жүзеге асырудың негіздерін анықтайды.
2-бап
Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін Орталыққа беру үшін дайындауды және оларды қалыптастыруды Тараптардың уәкілетті органдары сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады.
Тараптардың уәкілетті органдары сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін Орталыққа беруді сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін берудің техникалық шарттарына (бұдан әрі - техникалық шарттар) сәйкес жүзеге асырады.
Техникалық шарттарды Тараптардың уәкілетті органдарының келісімімен Кеден одағының комиссиясы әзірлейді және бекітеді. Техникалық шарттарда осы Хаттаманың 4-бабында келтірілген сыртқы және өзара сауда көрсеткіштері тізбесіне сәйкес берілетін ақпараттың пішіміне және деректер беру құралдарына қойылатын қажетті талаптар болуы тиіс.
Осы Хаттамаға сәйкес деректерді беруді Тараптардың уәкілетті органдары күнтізбелік жылдың басынан бастап деректерді есепті кезеңнен кейінгі 40-шы күні өзекті ете отырып, ай сайын электронды түрде жүзеге асырады. Алдыңғы деректерді өзекті ету ол аяқталғаннан кейінгі 180-ші күні жүзеге асырылады. Есепті кезең деп күнтізбелік ай түсініледі.
3-бап
Тараптардың уәкілетті органдары техникалық шарттарға сәйкес берілетін деректердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды.
Тараптардың уәкілетті органдары өзектілендірілген нормативтік-анықтамалық ақпаратты Орталыққа уақытылы жеткізілуін жүзеге асырады.
4-бап
Тараптардың уәкілетті органдары Орталыққа беретін статистикалық деректерде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
сыртқы сауда бойынша:
КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес тауар коды (10 белгі);
өткізу бағыты; кезең (айы);
статистикалық құны (АҚШ долларында);
таза салмағы (кг);
КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;
межелі елі;
шығарған ел; жөнелтуші ел;
сатушы ел;
шекарадағы көлік түрі;
өзара сауда бойынша:
КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес тауар коды, өткізу бағыты;
кезең (айы);
құны (АҚШ долларында және ұлттық валютада);
таза салмағы (кг);
КО СЭҚ бірыңғай ТН сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;
межелі елі;
шығарған ел;
жөнелтуші ел;
сатушы ел.
5-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
Егер даулы Тараптардың бірінің екінші даулы Тарапқа жіберген консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы жазбаша ресми өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде солар арқылы Тараптар дауды реттемеген болса, онда дауды шешу тәсіліне қатысты Тараптар арасында өзгеше уағдаластық болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына бере алады.
6-бап
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
7-бап
Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табыла отырып, әрбір Тарапқа куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі Үкіметі Үкіметі
үшін үшін үшін
Сыртқы сауда статистикасы және өзара сауда статистикасы деректерін беру тәртібі туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.
Қаржы министрі Б. Жәмішев
Аталған мәтін үкімет басшысы деңгейіндегі 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған «2008 жылғы 25 қаңтарда Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімнің негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі халықаралық шарт туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі № 31 шешімінің (кеден одағының жоғары органы) толық және тең түпнұсқа көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Беларусь Республикасы Үкіметінің атынан - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскии;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;
Ресей Федерациясы Үкіметінің атынан - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путин.
Түпнұсқалық данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.
Барлығы тігілген, қолымен және
мөрмен бекітілген 6 парақ
Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының
Құқықтық департамент директоры Н.Б.Слюсарь