РҚАО-ның ескертпесі!
Заң 2011.01.01 бастап күшін жояды - ҚР 2010.11.30 № 358-IV Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2010 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
2011 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
2012 жыл - 1 200 000 000 мың теңге.
2-бап. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 110-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев