Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 368-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 42-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы «нотариаттық» деген сөздің алдынан «атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті,» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 471-бап мынадай мазмұндағы 1.47-1. жолмен толықтырылсын:

1.47-1.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

      3) 565-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацы «адвокаттық қызметпен» деген сөздерден кейін «, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат):

      1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «50-1) уәкілетті заңды тұлға - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы заңды тұлға;»;

      2) 167-баптың 2-тармағындағы «, жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті заңды тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «168-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін кедендік
                төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектің
                есебіне өткізу тәртібі

      1. Билік ету шектелген мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.
      2. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».

      3. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-3) атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеу;»;

      2) 5-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацында
«органдарын» деген сөзден кейін «қамтитын әділет органдарынан» деген
сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен
толықтырылсын:
      «атқарушылық іс жүргізу органдарын қамтитын әділет органдарынан;»;

      3) мынадай мазмұндағы 11-1 және 21-1-баптармен толықтырылсын:

      «11-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі

      Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;
      2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
      3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлімдері (аумақтық бөлімдер) құрайды.»;

      «21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың
                 орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған
                 (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және
                 одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың
                 ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласындағы
                 функциялары

      Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласында мынадай:
      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
      2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыру (біліктілік, тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, лицензиядан кейінгі бақылау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
      3) атқарушылық құжаттарды орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
      4) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті (тәркіленген мүлікті) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.».

      4. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат):

      1) 42-бапта:
      1) тармақша «борышкерді» деген сөзден кейін «немесе өндіріп алушыны» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшадағы «өтініш жасаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс» деген сөздер «өтініш жасаған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе өзге де құқық қорғау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.»;

      2) 44-бапта:
      1) тармақша «борышкердің» деген сөзден кейін «немесе өндіріп алушының» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы «тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «тоқтатылғанға дейін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайларда - оны талап еткен орган атқарушылық іс жүргізуді қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

      3) 81-баптың 6 және 7-тармақтарындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 85-баптың 2-тармағы «сақтай отырып,» деген сөздерден кейін «алғашқы аукционды өткізген күннен бастап бір айдан кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 129-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Президенті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Әділет министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлік білімі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне мемлекеттік сот орындаушысы қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды.
      3. Мемлекеттік сот орындаушыларына қызметтік куәліктер беріледі, олар үлгілерін уәкілетті орган бекітетін нысанды киіммен, жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етіледі.»;

      7) 134-бапта:
      тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      «134-бап. Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы

      Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы:»;
      1) тармақшадағы «орындаушылары мен сот приставтарына» деген сөздер «орындаушыларына» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшадағы «және сот приставтарының» деген сөздер алып тасталсын;

      8) 140-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; сот актісі бойынша борышкер болып табылатын, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»;

      9) 142-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      10) 156-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                                 Н. Назарбаев