1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 ж., N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымдық куәлік - аттестацияланған асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық беретін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат;
2) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің төлдің шаруашылыққа пайдалы белгілеріне ықпал ететін деңгейі;
3) асыл тұқымды мал - өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне, тұқым стандартына сай келетін, құжатпен расталған шығу тегі бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнімділігі жоғары мал;
4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегі, өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгілі бір тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы;
5) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы;
6) асыл тұқымды мал зауыты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желіге, кроссқа, белгілі бір тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсірумен, жетілдірумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъект;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесімен қамтылған, тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған саласы;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын орталық атқарушы орган;
9) асыл тұқымды өнім (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары;
10) асыл тұқымды өнім (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлік орталық (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға;
11) аттестат - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы беретін, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттің тануын куәландыратын құжат;
12) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді кезең-кезеңімен жүргізілетін комиссиялық бағалау;
13) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейін тиісті сынып бере отырып, оларды белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімдік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша бағалау арқылы анықтау;
14) ен салу (таңбалау) - тиісті малды дәл сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгілеу;
15) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнімділігі, тұрқы мен бітімінің сипаты жөнінен өзінің кейбір айрықша ерекшеліктері бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейімделген, ауруға төзімді ауыл шаруашылық малының тобы;
16) кросс - малдың бір тұқымдық желісін басқа бір тұқымдық желісімен шағылыстырудан тарайтын мал тобы;
17) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке іріктеліп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
18) мал - адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрі;
19) малды асылдандырушы орталық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға;
20) малды асылдандырушы шаруашылық - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, белгілі бір түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
21) малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
22) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында аттестаттаудан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
23) малдың ата-тегі - бірнеше буын төлдің ата-енесі және арғы тегі туралы мәліметтер келтірілген, асыл тұқымды малдың шығу тегі;
24) тұқым - адамның шығармашылық қызметінің ықпалымен белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз ішінде" өсіру үшін саны жеткілікті және іріктеп алып, іріктеп бөліп, тектік типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің белгілі бір өзгешелігі бар шығу тегі ортақ бір түріне жататын ауыл шаруашылық малының тобы;
25) тұқымдық желі - бір немесе бірнеше үздік тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бір тұқым ішіндегі немесе тұқымаралық тобы;
26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнімділігі, тұрқының типі мен шығу тегі жөнінен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құжаттарда белгіленген ең төмен талаптар;
27) тұқым тобы - тұқымдағы үздік аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал тобы;
28) шектеулі тектік қоры бар тұқым - сирек кездесетін және дүние жүзінде өзіне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшін қажет және құрып кету қаупі төнген отандық тұқымға жататын мал тобы;
29) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық;
30) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық тәсілі.";
2) 6-бапта:
бірінші бөліктегі "заңды және жеке тұлғалардың ғана сатуына" деген сөздер "жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғана сатуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
екінші бөлікте:
"аккредитацияланған және уәкілетті органдары тиісінше берген" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органы беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
"тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"куәлік пен сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "және асыл тұқымдық куәліктер немесе оларға балама құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
15) тармақшадағы "сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәлік нысандарын және олардың берілу тәртібін әзірлейді және бекітеді.";
5) 11-баптың 2-тармағы 6) тармақшасындағы "қадағалауды жүзеге асыруға;" деген сөздер "бақылауды жүзеге асыруға құқылы." деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-бапта:
тақырыбындағы "сәйкестік сертификатын (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"асыл тұқымдық куәлігі болса;";
үшінші және төртінші абзацтардағы "сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлігі)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "асыл тұқымдық куәлікті" деген сөздерден кейін "немесе оған балама құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"олардың асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда пайдаланылады.";
9) 19-баптың екінші бөлігіндегі және 20-баптың екінші бөлігіндегі "аккредитацияланған" деген сөз алып тасталсын;
10) 24-баптың төртінші абзацындағы "шығару болып табылады." деген сөздер "шығару;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.";
11) 25-баптың үшінші абзацындағы "жетілдіру болып табылады." деген сөздер "жетілдіру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.";
12) 26-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.";
13) 27-баптағы "сату болып табылады" деген сөздер "сату, сондай-ақ асыл тұқымдық куәліктерді беру болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 31-бапта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат; 2004 ж., N 11-12, 62-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"қадағалау", "қадағалауға", "қадағалауды", "қадағалаудың" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауға", "бақылауды", "бақылаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"техникалық реттеу және метрология жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бапта:
1) тармақшадағы "құқықтылығын ресми тануы" деген сөздер "құзыреттілігін ресми тану рәсімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
3) 5-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;";
13) тармақшадағы "және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздер алып тасталсын;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
5) 17-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "партиялармен әкелуге арналған" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-баптың 2-тармағындағы "техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 19-баптың 4-тармағындағы "тексеру құқығына" деген сөздер "тексеруге" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы
Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау олардың нәтижелері:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) қоршаған ортаның жай-күйін бақылау;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
5) еңбек және көлік жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
6) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіру;
7) ғылыми зерттеулер жүргізу;
8) геодезияда, геологияда және гидрометеорологияда қызметтерді жүзеге асыру;
9) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
10) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу;
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шығару, өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
12) мемлекеттік органдардың, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.".
3. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша "мен қадағалау", "мен қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бапта:
1) тармақшадағы "заңды тұлғаның" деген сөздер "өтініш берушінің" деген сөздермен, "құзыретті және құқылы екенін" деген сөздер "құзыреттілігін" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;";
9) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
31) тармақшадағы "сәйкестікті бағалау рәсімі" деген сөздер "рәсім" деген сөзбен ауыстырылсын;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;";
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
3) 6-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-баптың үшінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "және аккредиттеу" деген сөздер алып тасталсын;
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақшадағы "аккредиттеу аттестатының" деген сөздер "өтініш-декларацияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;";
7) тармақшадағы "жұмыстарды ұйымдастырады" деген сөздер "жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бапта:
1-тармақта:
"өнімді, көрсетілетін қызметті өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер мен тұтынушылардан" деген сөздер "өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уәкілетті орган белгілеген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.";
3-тармақтың 4) тармақшасы "тіркейді" деген сөздің алдынан "және өтініш-декларацияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
8-тармақта:
"меншік" деген сөзден кейін ", шаруашылық жүргізу, оралымды басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын" деген сөздер "уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-баптың 1, 2 және 3-1-тармақтары алып тасталсын;
8) 16-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
9) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.";
10) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "инспекциялық тексеру" деген сөздер "инспекциялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 28-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы "инспекциялық тексеру" деген сөздер "инспекциялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Аккредиттеу
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
14) 37-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.".
4. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат):
1) 9-тараудың тақырыбындағы және 42-баптың 1-тармағындағы "және аккредиттеуді" деген сөздер алып тасталсын;
2) аталған Заңға қосымшаның 4-тармағында:
екінші абзац "техникалық реттеу" деген сөздердің алдынан "1)" деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев