Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 259 Заңы

Қолданыстағы

      Стокгольмде 2001 жылғы 22 мамырда қол қойылған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ОРНЫҚТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ЛАСТАҒЫШТАР ТУРАЛЫ СТОКГОЛЬМ КОНВЕНЦИЯСЫ

(2008 жылғы 7 ақпанда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

       Осы Конвенцияның тараптары.
      орнықты органикалық ластағыштардың уытты қасиеттері болатынын, ыдырауға беріктік көрсететінін, биологиялық жинақталым мен сипатталатынын және ауа, су және көші-қон түрлері бойынша трансшекаралық тасымал объектісі болып табылатынын, сондай-ақ құрылықтағы экожүйелер мен су экожүйелерінде жинақтала келіп, олардың шығарылу көздерінен үлкен қашықтықта шегетінін
тани отырып,
      адам денсаулығының жай-күйіне, әсіресе дамушы елдерде алаңдаушылық туғызатынын, жергілікті халықтың орнықты органикалық ластағыштар әсеріне ұшырайтынына байланысты, атап айтқанда әйелдер жағдайында кездесіп, олар арқылы келесі ұрпаққа берілетінін  сезіне отырып,
      арктикалық экожүйелер мен байырғы қауымдардың орнықты органикалық ластағыштар әсерінің биологиялық күшеюі салдарынан ерекше қауіпті тұрғанын, сондай-ақ олар пайдаланатын дәстүрлі тағам өнімдерінің зақымдануы халық денсаулығын қорғау мәселесі болып табылатынын  тани отырып,
      орнықты органикалық ластағыштарға қатысты ғаламдық шаралар қабылдау қажет екенін  сезіне отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесінің 1997 жылғы 7 ақпандағы орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуға және/немесе жоюға мүмкіндік беретін жүзеге асырылатын шаралар негізінде адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға бастамашы болуы туралы 19/13 С шешімін  назарға ала отырып,
      осы мәселеге жататын тиісті халықаралық табиғат қорғау, әсіресе Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы  Роттердам конвенциясының, сондай-ақ Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы  Базель конвенциясының, оның 11-бабының шеңберінде әзірленген аймақтық келісімдерді қоса алғанда, тиісті халықаралық табиғат қорғау конвенцияларының ережелеріне  сүйене отырып,
      сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының тиісті ережелеріне және XXI ғасырға арналған Күн тәртібіне  сүйене отырып,
      сақтандыру шараларының барлық Тараптар алаңдаушылығының негізіне алынатынын және осы Конвенцияда бекітілетінін  тани отырып,
      осы Конвенцияның және сауда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да халықаралық келісімдердің өзара толықтырып тұратын сипат алатынын  тани отырып,
      мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес өздерінің қоршаған ортаны қорғау және дамыту саласындағы жүргізетін саясатына сай өзінің жеке ресурстарын әзірлеуге егеменді құқығы болатынын және өздерінің юрисдикциясы шеңберінде немесе өздерінің бақылауымен жүзеге асырылатын іс-шаралар нәтижесінің өздерінің ұлттық юрисдикциясына жатпайтын басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтірмеуін қамтамасыз етуде жауапты болатынын  тағы да қуаттай отырып,
      дамушы елдердің және әсіресе олардың ішінен аз дамыған елдердің, сондай-ақ өтпелі экономикасы бар елдердің жағдайларын және ерекше қажеттерін, атап айтқанда химиялық заттарды реттеу саласындағы өздерінің ұлттық мүмкіндіктерін, оның ішінде Тараптар арасында технологиялар беру, қаржы және техникалық көмегін ұсыну және ынтымақтастыққа жәрдемдесу арқылы кеңейтулері қажет екенін  назарға ала отырып,
      шағын аралдардағы дамушы елдердің тұрақты дамуы үшін іс-қимылдарды қамтамасыз етуі жөнінде 1994 жылғы 6 мамырда Барбадоста қабылданған Бағдарламаны толық дәрежеде  назарға ала отырып,
      дамыған және дамушы елдердің тиісті мүмкіндіктерін, сондай-ақ мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 7-принципінде бекітілген ортақ, бірақ әр түрлі жауапкершіліктерін  атап өте отырып,
      жеке сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуды және/немесе жоюды қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қоса алатынын  тани отырып,
      орнықты органикалық ластағыштар өндірушілердің өздерінің өнімдерімен келтіретін зиянды зардаптарды азайтуы және тұтынушыларға, үкіметтерге және жұртшылыққа осындай химиялық заттардың зиянды қасиеттеріне қатысты ақпарат ұсынуы үшін өздеріне жауапкершілік қабылдауының маңызды екенін  атап көрсете отырып,
      орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерлерін олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде болдырмау үшін шаралар қабылдау қажеттігін  тани отырып,
      ұлттық өкіметтердің ластағыштың, принципінде ластауға байланысты шығындарды қоғамдық мүдделерді тиісті түрде ескере отырып және халықаралық сауда мен инвестициялауды бұзбай жабуға тиіс болатын көзқарасты назарға ала отырып, экологиялық шығындарды интернализациялауға және экономикалық қаражаттарды пайдалануға жәрдемдесуге ұмтылуға тиіс деп жариялаған қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 16-принципін тағы да қуаттай отырып,
      пестицидтер мен өнеркәсіптік химиялық заттарды реттеу мен бағалау бағдарламалары жоқ Тараптарды осындай бағдарламалар әзірлеуге  көтермелей отырып,
      экологиялық қауіпсіз балама процестер мен химиялық заттарды әзірлеудің және пайдаланудың маңызды мәнін  тани отырып,
      адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз етуде  қатаң шешімге келе отырып,
       төмендегілер туралы Уағдаласты:

  1-бап
Мақсат

      Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде бекітілген сақтық шараларын қабылдау принципін ескере отырып, осы Конвенцияның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардан қорғау болып табылады.

  2-бап
Анықтамалар

      Осы Конвенцияның мақсаты үшін:
      а)»"Тарап" осы Конвенцияның міндеттемелерімен байланысты болуға келісімін берген және олар үшін бұл Конвенция күшіне енгізілген мемлекетті немесе экономикалық кірігудің аймақтық ұйымын білдіреді;
      b)»"экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы" қайсыбір аймақтың егеменді мемлекеттері құрған, оның мүше мемлекеттері осы Конвенциямен реттелетін мәселелермен айналысуды тапсырған және өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, бекітуге, қабылдауға немесе мақұлдауға немесе оған қосылуға тиісті түрде уәкілеттік берген ұйымды білдіреді.
      с)»"Дауыс беруге қатысушы және қатысқан Тараптар" қатысушы және»"жақтап" немесе»"қарсы" дауыс берген тараптарды білдіреді.

  3-бап
Біле тұра өндіру немесе пайдалану нәтижесінде шығаруды қысқарту немесе жою жөніндегі шаралар

      1. Әрбір Тарап:
      а) жою үшін қажетті:
      і) А қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелеріне сәйкес өндіруге және пайдалануға; және
      іі) А қосымшасында аталған химиялық заттардың, 2-тармақтың ережелеріне сәйкес өз импортына және экспортына құқықтық және әкімшілік шараларға тыйым салады және/немесе оларды қабылдайды; және
      b) В қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелеріне сәйкес өзінің өндіруін және пайдалануын шектейді.
      2. Әрбір Тарап мыналарды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды:
      а) А немесе В қосымшаларына енгізілген химиялық заттарды:
      і) 6-баптың 1 b) тармағында көрсетілгендей экологиялық қауіпсіз жою мақсаттары үшін; немесе
      іі) А немесе В қосымшаларына сәйкес Тараптардың рұқсатымен пайдаланылуы немесе осы мақсаттар үшін ғана импортталуын;
      b) А қосымшасына енгізілген, оған қатысты кез келген өндіруге немесе пайдалануға нақты алып тастау қолданылатын немесе оны пайдалануға қатысты В қосымшасына енгізілген химиялық заттарды кез келген өндіру немесе нақты алып тастау алдын ала негізделген келісімнің қазіргі кез келген халықаралық рәсімдерді ескере отырып, ыңғайлы экспортталатын химиялық заттарды ғана:
      і) 6-баптың 1 d) тармағында көрсетілгендей экологиялық қауіпсіз жою мақсаттары үшін;
      іі) А немесе В қосымшаларына сәйкес осы химиялық затты пайдалануға рұқсат берілген Тарапқа; немесе
      ііі) экспортталатын Тарапқа жылдық сертификат ұсынған осы Конвенцияның Тарапы болып табылмайтын мемлекетке. Мұндай сертификат химиялық заттарды көзделетін пайдалануды айқындайды және импорттайтын мемлекеттің:
      а. шығару минимумына немесе болдырмауға дейін
         апаратын қажетті шараларды қабылдау арқылы адам денсаулығы
         мен қоршаған ортаны қорғауға;
      b. 6-баптың 1-тармағының ережелерін сақтауға; және
      с. тиісті жағдайларда В қосымшасы II бөлігі 2-
         тармағының ережелерін орындауға осындай химиялық заттарға
         қатысты міндеттенетіні туралы мәлімдемесін қамтиды;
         Сондай-ақ мұндай сертификат кез келген тиісті көмекші
         құжаттаманы, мысалы заң актілерін, нормативтік құжаттарды
         немесе әкімшілік немесе директивалық нұсқауларды қамтиды.
         Экспорттаушы Тарап бұл сертификатты оны алғаннан кейін
         алпыс күн ішінде хатшылыққа жібереді;
      с) А қосымшасына енгізілген, оған қатысты кез келген өндіруге немесе пайдалануға нақты алып тастау барлық Тараптар үшін химиялық заттарды, 6-баптың 1 а) тармағында көрсетілгендей, экологиялық қауіпсіз жою мақсаттары үшін экспорттаудан басқа, енді қолданылмайды;
      d) осы тармақтың мақсаты үшін "осы Конвенцияның Тарапы болып табылмайтын мемлекет" осы химиялық заттарға қатысты осы Конвенцияның ережелеріне байланысты өз келісімін бермеген нақты химиялық заттарға қатысты мемлекетті немесе экономикалық кірігудің аймақтық ұйымын қамтиды.
      3. Жаңа пестицидтерге немесе жаңа өнеркәсіптік химиялық заттарға қатысты бір немесе бірнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетін әрбір Тарап D қосымшасының 1-тармағында аталған критерийлерді ескере отырып, жаңа пестицидтерді немесе жаңа өнеркәсіптік химиялық заттарды өндіру мен пайдаланудың алдын алу мақсатында реттеу шараларын қабылдайды, орнықты органикалық ластағыштар сипаттамасын көрсетеді.
      4. Пестицидтерге немесе өнеркәсіптік химиялық заттарға қатысты бір немесе бірнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетін әрбір Тарап қазіргі кезде пайдаланылатын пестицидтерге немесе өнеркәсіптік химиялық заттарға қатысты бағалау жүргізу кезінде қажет болған жерде D қосымшасының 1-тармағында аталған осы бағдарламалар шеңберіндегі критерийлерді назарға алады.
      5. Егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, 1 және 2-тармақтар зертханалық ауқымда зерттеуге, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдалануға жататын химиялық заттар көлеміне қолданылмайды.
      6. Оған қатысты А қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе В қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе ыңғайлы мақсат қолданылатын кез келген Тарап осындай алып тастау шеңберінде кез келген өндіру немесе пайдалану немесе оның мақсаты адамға және қоршаған ортаға шығару әсерінің алдын алатын немесе ең аз болатын түрде жүзеге асырылатындай қамтамасыз етілуі үшін тиісті шаралар қабылдайды. Алып тастау немесе ыңғайлы мақсатта қамтылатын және қалыпты пайдалану жағдайларында қоршаған ортаға біле тұра шығаруға байланысты пайдалануға қатысты шығарулар кез келген қолданылатын нормалар мен басшылыққа алатын принциптерді ескере отырып, мүмкіндігінше барынша аз болуға тиіс.

  4-бап
Нақты алып тастаулар тізілімі

      1. А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулары болатын Тараптарды анықтау мақсаттары үшін осы Тізілім құрылады. Ол барлық Тараптар жүзеге асыратын А немесе В қосымшаларының ережелерін пайдаланатын Тараптарды айқындамайды. Тізілімді хатшылық жүргізеді және жұртшылық үшін ашық болады.
      2. Тізілім:
      а) А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулар түрлерінің тізбесін;
      b) А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулар болатын Тараптар тізбесін;
      с) әрбір нақты алып тастау тіркелген іс-қимылдар мерзімінің тізбесін қамтиды.
      3. Кез келген мемлекет Тарапқа айнала отырып, хатшылықты жазбаша хабарлау арқылы А немесе В қосымшаларында аталған нақты алып тастаулардың бір немесе бірнеше түрін тіркей алады.
      4. Егер Тарап тізілімде неғұрлым ерте күнді көрсетпесе немесе қолданылу мерзімі 7-тармаққа сай ұзартылмаған болса, нақты алып тастауларды кез келген тіркеу нақты химиялық затқа қатысты осы Конвенция күшіне енгізілгеннен күннен кейін бес жыл өткен соң мерзімі бітеді.
      5. Өзінің бірінші Конференциясында Тараптар Тізілімге енгізілген деректерді қайта қарау процесі туралы шешім қабылдайды.
      6. Тізілімге енгізілген қандай бір деректерге шолу жүргізгенге дейін тиісті Тарап осы алып тастау тіркелімінде сақталған қажеттіктерді негіздей отырып, баяндаманы хатшылыққа ұсынады. Бұл баяндаманы хатшылық барлық Тараптарға жібереді. Тіркеуді шолу барлық қолда бар ақпарат негізінде жүргізіледі. Содан Тараптар Конференциясы тиісті Тарапқа қатысты өзі қажет деп тапқан ұсынымдарды енгізе алады.
      7. Тиісті Тараптың өтініші бойынша Тараптар Конференциясы нақты алып тастаудың қолданылу мерзімін бес жылға дейінгі кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдай алады. Өз шешімін назарға ала отырып, Тараптар Конференциясы дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың ерекше мән-жайларын тиісті түрде ескеруге тиіс.
      8. Кез келген Тарап кез келген сәтте елдегі нақты алып тастауға қатысты енгізілген деректерді хатшылықты жазбаша хабарлау арқылы Тізілімнен қайтарып ала алады.
      9. Нақты алып тастаудың осы түріне қатысты тіркелген бірде-бір Тарап қалмағанда оған қатысты ешқандай жаңа тіркеуді жүзеге асыруға болмайды.

  5-бап
Біле тұра өндіру нәтижесіндегі шығарындыларды қысқарту немесе жою жөніндегі шаралар

      Әрбір Тарап С қосымшасында аталған әрбір химиялық заттардың антропогендік көздерінен жиынтық шығарындыларды қысқартуға бағытталған оларды біржола жоюды жүзеге асыруға болатындай барынша тұрақты түрде барынша азайту мақсатында минимум ретінде мынадай шараларды қабылдайды:
      а) іс-қимыл жоспарын немесе, егер бұл қажет болса, осы Конвенция күшіне енгізілгеннен кейін екі жыл ішінде осы Тарап үшін аймақтық немесе аймақтық қосалқы іс-қимыл жоспарын әзірлейді және кейіннен оны С қосымшасында аталған, сондай-ақ b)-е) тармақшаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін химиялық заттардың қасиеттерін айқындауға және шығару мәселелерін сәйкестендіруге арналған оны 7-бапта көрсетілген жүзеге асыру жоспарының құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асырады. Іс-қимыл жоспары мынадай элементтерді:
      і) көздер кадастрын әзірлеу мен жүргізуді және С қосымшасында
         аталған көздер санаттарын ескере отырып, шығаруды
         бағалауды қоса, қазіргі бар және болжамданатын шығаруды
         бағалауды;
      іі) осындай шығаруды реттеуге бағытталған заңдардың
          тиімділігін және Тараптар саясатын бағалауды;
      ііі) ііі) і) және іі) тармақшаларында айтылған бағалауларды
          ескере отырып, міндеттемелерді орындауға бағытталған
          стратегияны;
      іv) осы стратегияларға қатысты мәселелер бойынша сипаттауға
          жәрдемдесу, кадрлар әзірлеу және хабардарлықты арттыру
          шараларын;
      v) стратегияларды іске асыру барысында әрбір бес жылда шолу
         жүргізуді және осы тармақтың шеңберінде көзделген
         міндеттемелерді орындау ісінің арқасында қол жеткізген
         табысты қамтиды; мұндай шолулар 15-бапқа сәйкес ұсынылған
         баяндамаға енгізіледі;
      vі) іс-қимылдар жоспарын орындау кестесін, оның ішінде
          белгіленген стратегиялар мен шараларды қамтиды;
      b) шығару деңгейін жедел түрде қамтамасыз етуі не жоюы, не
         нақты және елеулі қысқартуы мүмкін қазіргі бар жүзеге
         асырылатын және практикалық шараларды қолдануға
         жәрдемдеседі;
      с) егер бұл қажет деп есептесе, әзірлеуге жәрдемдеседі, С қосымшасында аталған химиялық заттардың түзілуін және шығарылуын болдырмау мақсатында С қосымшасында жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөніндегі шараларға, сондай-ақ Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес қабылданатын басшылыққа алынатын принциптерге қатысты жалпы нұсқауларды ескере отырып, алмастыратын немесе түрі өзгертілген материалдарды, өнімдер мен процестерді пайдалануды қажет етеді;
      d) өзінің іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру кестесіне сәйкес жәрдемдеседі, Тарап бастапқы кезеңде С қосымшасының II бөлігінде аталған көздер санаттарына ерекше назар аудара отырып, өзінің іс-қимыл жоспарының шеңберінде осындай шараларды қажет ету ретінде айқындаған көздер санаттарының шеңберіндегі жаңа көздер үшін қазіргі бар ең үздік әдістерді пайдалануды талап етеді. Осы қосымшаның II бөлігінде аталған санаттар шеңберінің жаңа көздеріне қатысты қазіргі бар ең үздік әдістерді пайдалану тұрғысындағы кез келген жағдайдағы талап ету мүмкіндігіне қарай біртіндеп енгізілуге тиіс, бірақ осы Тарап үшін Конвенцияны күшіне енгізуге байланысты төрт жылдан кешіктірілмей енгізілуге тиіс. Аталған санаттарға қатысты Тараптар осы қосымшада жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөніндегі шаралар тұрғысында жалпы нұсқауларды және Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес қабылданатын табиғат қорғау қызметінің қазіргі бар ең үздік әдістері мен үздік түрлері тұрғысында басшылыққа алынатын принциптерді ескеріп отырады;
      е) қазіргі бар ең үздік әдістерді және табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлерін қолданудағы өзінің іс-қимыл жоспарына сәйкес:
      і) С қосымшасының II бөлігінде аталған және осы қосымшаның
         III бөлігінде келтірілетін көздерге қатысты көздер
         санаттарының шеңберіндегі қазіргі бар көздерге; және
      іі) С қосымшасының III бөлігінде аталған, Тарап
          d) тармақшасының шеңберінде қарастырмаған санаттар
          көздерінің жаңа көздеріне қатысты жәрдемдеседі.
      Қазіргі бар ең үздік әдістерді және табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлерін пайдалануда Тараптар С қосымшасында жазылған шығаруды болдырмау және қысқарту жөніндегі шараларды және Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес қабылданатын қазіргі бар ең үздік әдістер және табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлері жөнінде басшылыққа алатын шараларды қабылдауға қатысты жалпы нұсқауларды ескеруге тиіс;
      f) осы тармақтың және С қосымшасының мақсаты үшін:
      і) "қазіргі бар ең үздік әдістер" тұтас алғанда С
         қосымшасының I бөлігінде аталған химиялық заттарды
         шығаруды және тұтас алғанда қоршаған ортаға олардың әсерін
         қысқартуды қамтамасыз етуді жүзеге асырылатын сақтандыруға
         тиіс шығаруды шектеу үшін негіздер принципінде қамтамасыз
         етудің нақты әдістерін практикалық қолдануды көрсететін
         оларды қолданудың іс-шаралары мен әдістерін әзірлеудің ең
         бір тиімді және алға қойылған кезеңін білдіреді. Бұл
         тұрғыда:
      іі) "әдістер" қабылданатын технологияны да, қондырғының
          қандай түрде жобаланатынын, салынатынын,
          пайдаланылатынын, жұмыс істейтінін және пайдаланудан
          шығарылатынын да қамтиды;
      ііі)»"қазіргі бар әдістер" оператор үшін жетімді, сондай-ақ
           тиісті өнеркәсіп секторында шығындар мен артықшылықтарды
           ескере отырып, экономикалық және техникалық тұрғыдан
           жүзеге асырылатын жағдайлар кезінде қолдануға жол
           берілетін ауқымда әзірленген әдістерді білдіреді;
      іv) "ең үздік" тұтас алғанда қоршаған ортаның жалпы жоғары
          деңгейіне ең бір тиімді қол жеткізуді білдіреді;
      v)» "табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлері" табиғат
          қорғау қызметін реттеу шаралары мен стратегиясын ең бір
          ыңғайлы ұштастыра қолдануды білдіреді;
      vі) «"жаңа көз" кем дегенде:
      а. осы Тарап үшін күшіне енгізілу; немесе
      b. осы Тарап үшін осы көз осы түзетуге байланысты ғана осы
         Конвенцияның ережелеріне тура келетін С қосымшасына
         түзетулердің күшіне енгізілу күнінен кейін бір жылдан соң
         басталған кез келген көзді, салуды немесе едәуір
         түрлендіруді білдіреді;
      g. шекті шығару немесе тиімділік стандарттарының мәнін Тарап 3-тармақ шеңберіндегі қазіргі бар ең үздік әдістер міндеттемелерін орындау үшін пайдалануы мүмкін.

  6-бап
Запастар мен қалдықтарға байланысты шығаруды қысқарту немесе жою жөніндегі шаралар

      1. Не А қосымшасында, не В қосымшасында аталған химиялық заттардан тұратын запастарды немесе олар құрамында болатын А, В немесе С қосымшаларына енгізілген химиялық заттардан тұратын, құрамында ол бар немесе оны жұқтырған қалдықтарға айналған өнімдер мен бұйымдарды қоса, қамтамасыз ету үшін, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды реттеуді осындай түрде қамтамасыз ету үшін, әрбір Тарап:
      а) мыналарды:
      і) А немесе В қосымшаларында аталған немесе олар құрамында
         болатын химиялық заттардан тұратын запастарды; және
      іі) А, В немесе С қосымшаларына енгізілген химиялық заттардан
          тұратын, құрамында ол бар немесе оларды жұқтырған
          қолданылуда болатын өнімдер мен бұйымдарды және
          қалдықтарды анықтау үшін тиісті стратегияларды әзірлейді;
      b) А немесе В қосымшаларында аталған химиялық заттардан
         тұратын немесе олар құрамында болатын запастарды а)
         тармақшасында аталған стратегия негізінде мүмкіндік
         дәрежесіне қарай анықтайды;
      с) запастарды қауіпсіз, тиімді және экологиялық ұтымды реттеуді тиісті түрде қамтамасыз етеді. А немесе В қосымшаларында аталған химиялық заттар запастарын оларды А қосымшасындағы қандай бір нақты алып тастауға немесе В қосымшасында бар нақты алып тастауға немесе қолайлы мақсатқа сәйкес пайдалануға рұқсат бермегеннен кейін, 3-баптың 2-тармағы негізінде экспортқа рұқсат берілген запастарды қоспағанда, қалдықтар деп есептеледі және d) тармақшасының ережелеріне сәйкес реттелуге тиіс;
      d) қалдықтарға айналған өнімдер мен бұйымдарды қоса, осындай қалдықтарды;
      і) экологиялық қауіпсіз түрде өңделуін, жиналуын,
         тасымалдануын және сақталуын;
      іі) олардың құрамында бар орнықты органикалық ластағыштардың
          осындай түрде жойылуын немесе қайтарымсыз қайта
          жаңғыртылуын және орнықты органикалық ластағыштар
          қасиеттерін көрсетпеуін немесе, егер жою немесе
          қайтарымсыз қайта жаңғыртылу 2-тармаққа сәйкес әзірленуі
          мүмкін және қауіпті қалдықтарды реттеуді айқындайтын
          тиісті ғаламдық және аймақтық режимдерді қоса,
          халықаралық ережелерді, стандарттарды және басшылыққа
          алатын принциптерді ескере отырып, экологиялық тұрғыдан
          артықшылық нұсқа болмаған немесе орнықты органикалық
          ластағыштар құрамы төмен болған жағдайда өзге де
          экологиялық қауіпсіз түрде жойылуын;
      ііі) рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, орнықты
           органикалық ластағыштарды тікелей қайта пайдалануға
           немесе пайдаланудың балама түрлеріне әкеп соғуы мүмкін
           түрде жоюға рұқсат берілмеуін; және
      іv) халықаралық ережелерді, стандарттарды және басшылыққа
          алатын принциптерді ескерусіз халықаралық шекаралар
          арқылы алып өтілмеуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар
          қабылдайды;
      е) А, В немесе С қосымшаларында аталған химиялық заттар жұқтырылған учаскелерді анықтау жөнінде тиісті стратегиялар әзірлеу үшін күш-жігерлерін қолданады; осы учаскелерді қалпына келтіру жөнінде жұмыстар жүргізілген жағдайда мұндай жұмыстар экологиялық қауіпсіз түрде жүргізілуге тиіс.
      2. Тараптар Конференциясы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының тиісті органдарымен тығыз ынтымақтастықта болады, атап айтқанда:
      а) D қосымшасының 1-тармағында көрсетілгендей, орнықты органикалық ластағыштар қасиеттерін көрсетпеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жою және қайтарымсыз қайта жаңғырту деңгейін белгілейді;
      b) ол жоғарыда айтылған, экологиялық қауіпсіз жою әдісі деп есептеген әдістерді айқындайды; және
      с) 1-тармақтың d) іі) тармақшасына сәйкес орнықты органикалық ластағыштардың төмен құрамын айқындау үшін А, В және С қосымшаларында аталған химиялық заттар шоғырланымының деңгейін белгілеуде тиісті түрде жұмыс істейді.

  7-бап
Орындау жоспары

      1. Әрбір Тарап:
      а) осы Конвенцияда көзделген өз міндеттемелерін орындау жоспарын әзірлейді және жүзеге асыруға ұмтылады;
      b) ол үшін осы Конвенция күшіне енгізілгеннен кейінгі екі жыл ішінде Тараптар Конференциясының орындауы үшін өз жоспарын жібереді; және
      с) өзінің орындау жоспарын және Тараптар Конференциясының шешімімен айқындалатын рәсімге сәйкес тиісті түрде дүркін-дүркін қайта қарайды және жаңартады.
      2. Тараптар дұрыс болған жағдайда тікелей арналар бойынша немесе ғаламдық, аймақтық және қосалқы аймақтық ұйымдар арқылы ынтымақтасады және әйелдер ұйымдары мен балалар денсаулығын қорғаумен айналысатын топтарды қоса, өздерінің орындау жоспарларын әзірлеу, жүзеге асыру және жаңарту мақсатымен өздерінің ұлттық мүдделі тараптарымен консультациялар өткізеді.
      3. Тараптар дұрыс болатын жерде өздерінің тұрақты даму стратегиясына орнықты органикалық ластағыштар бойынша орындауға ұлттық жоспарларын енгізу үшін қаражат пайдалануға, қажет жағдайда, жасауды ұмтылады.

  8-бап
А, В және С қосымшаларына химиялық заттарды енгізу

      1. Тарап А, В және/немесе С қосымшаларына қандай бір химиялық заттарды енгізу үшін хатшылыққа ұсыныс бере алады. Ұсыныста D қосымшасында аталған ақпарат болуға тиіс. Ұсынысты берген кезде Тарапқа басқа Тараптар немесе хатшылық көмек көрсете алады.
      2. Хатшылық D қосымшасында аталған осы ұсыныста ақпарат бар ма дегенді тексереді. Егер хатшылық ұсыныста аталған ақпарат бар деп есептесе, ол оны орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөніндегі Комитетке жібереді.
      3. Комитет ұсынысты қарайды және D қосымшасында жазылған іріктеу критерийін икемді және транспаренттік әдіс негізінде, барлық ұсынылған ақпаратты тексере отырып, кешенді және теңдестірілген түрде пайдаланады.
      3. Егер Комитет, ол:
      а) іріктеу критерийінің орындалуына қанағаттандық деп есептесе, ол хатшылық арқылы ол Комитеттің осы ұсынысы мен бағалауын барлық Тараптар мен байқаушыларға жібереді және Е қосымшасында аталған ақпаратты беруді ұсынады; немесе
      b) іріктеу критерийінің сақталуына ол қанағаттанбаған жағдайда хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларды хабардар етеді және Комитеттің ұсынысы мен бағалауын барлық Тараптарға табыс етеді де, ұсыныс қабылданбайды.
      5. Кез келген Тарап ол 4-тармаққа сәйкес қабылдамаған ұсынысты Комитетке қайта ұсынуы мүмкін. Ұсынысқа қайта ұсынылған жағдайда осы Тараптың кез келген алаңдаушылығы, сондай-ақ оны Комитетте қосымша қарау үшін негіздеме енгізілуі мүмкін. Егер осы рәсімді пайдаланғаннан кейін Комитет ұсынысты тағы да қабылдамаса, Тарап Комитеттің бұл шешімімен дауласа алады, ал Тараптар Конференциясы бұл мәселені өзінің келесі сессиясында қарайды. Тараптар Конференциясы D қосымшасында бар іріктеу критерийін негізге ала отырып және Комитеттің бағалауы мен кез келген Тарап немесе ұсынысқа бағыт беру керек екендігі туралы байқаушы ұсынған кез келген қосымша ақпаратты ескере отырып шешім қабылдай алады.
      6. Егер Комитет іріктеу критерийінің сақталғандығы туралы шешім қабылдаса немесе Тараптар Конференциясы ұсынысқа бағыт берілуге тиіс деп қаулы қабылдаса, Комитет кез келген тиісті алынған қосымша ақпаратты ескере отырып, ұсынысты қарауды жалғастырады және Е қосымшасына сәйкес тәуекелдер сипаттамасының жобасын әзірлейді. Ол осы жобаны хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларға табыс етеді, олардың техникалық ескертпелерін жинап, осы ескертпелерді ескере отырып, тәуекелдер сипаттамасын әзірлеуді аяқтайды.
      7. Егер Е қосымшасына сәйкес әзірленген тәуекелдер сипаттамасы негізінде Комитет:
      а) осы химиялық зат оның қоршаған ортаға үлкен қашықтыққа көшуі нәтижесінде адам денсаулығы және/немесе қоршаған орта үшін ғаламдық іс-қимылды қажет ететін елеулі қолайсыз салдарлар туғызуы мүмкін деген тұжырымға келсе, ұсынысқа бағыт берілуі тиіс. Толық ғылыми анықтылықтың болмауы тәуекелдерді реттеуді бағалауды әзірлеуге кедергі келтірмеуге тиіс. Комитет хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушылардан F қосымшасында аталған пайымдауларға қатысты ақпаратты сұратып алады. Содан соң ол тәуекелдерді реттеуді бағалауды әзірлеп, осы қосымшаға сәйкес осы химиялық заттарды реттеудің мүмкін болатын шараларын талдауды қамтиды; немесе
      b) ұсынысқа бағыт берілуі тиісті емес, ол хатшылық арқылы барлық Тараптар мен байқаушыларға тәуекелдер сипаттамасын табыс етеді және осы ұсынысты қабылдамайды.
      8. Тарап 7 b) тармағына сәйкес қабылданбаған кез келген ұсынысқа қатысты Комитетке ұсынған Тарап пен басқа да Тараптардан бір жылдан аспайтын мерзім ішінде қосымша ақпаратты сұратып алу үшін тапсырма беру үшін мәселені қарау өтінішімен жүгіне алады. Осы кезең өтуі бойына және алынған кез келген ақпарат негізінде Комитет Тараптар Конференциясы айқындаған басым тәртіппен жоғарыдағы 6-тармаққа сәйкес ұсынысты қайта қарайды. Егер осы рәсімді пайдаланғаннан кейін Комитет ұсынысты тағы қабылдамаса, Тарап Комитеттің осы ұсынысына дауласа алады, ал Тараптар Конференциясы бұл мәселені өзінің келесі сессиясында қарайды. Тараптар Конференциясы Е қосымшасына сәйкес әзірленген тәуекелдер сипаттамасын негізге ала отырып және Комитеттің бағалауы мен Тарап немесе байқаушы ұсынған ұсынысқа бағыт берілуі тиіс екені туралы кез келген қосымша ақпаратты ескере отырып шешім қабылдай алады. Егер Тараптар Конференциясы ұсынысты қарауды жалғастырған жөн деп есептесе, онда Комитет тәуекелдерді реттеуді бағалауды әзірлейді.
      9. 6-тармақта аталған тәуекелдер сипаттамасы және 7 а) тармағында немесе 8-тармақта аталған тәуекелдерді реттеуді бағалау негізінде Комитет Тараптар Конференциясы осы химиялық заттарды А, В және/немесе С қосымшаларына енгізу туралы мәселені қарауға қатысты ұсыным шығарады. Тараптар Конференциясы Комитет ұсынымдарын тиісті түрде ескере отырып, ғылыми анықтықтың болмауын қоса алғанда, сақтық негізінде осы химиялық заттарды А, В және/немесе С қосымшаларына енгізу жөн екендігі туралы шешім қабылдайды және ол бойынша тиісті реттеу шараларын айқындайды.

  9-бап
Ақпараттар алмасу

      1. Әрбір Тарап:
      а) өндірісті қысқартуға немесе жоюға, орнықты органикалық ластағыштарды пайдалану мен шығаруға; және
      b) орнықты органикалық ластағыштарға, олармен байланысты тәуекелдерге қатысты ақпаратты, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік шығындарды қоса, баламаларға қатысты ақпараттар алмасуды жеңілдетеді немесе жүзеге асырады.
      2. Тараптар 1-тармақта аталған ақпараттар алмасуды тікелей бір-бірімен немесе хатшылық арқылы жүзеге асырады.
      3. Әрбір Тарап осындай ақпараттар алмасу мақсаты үшін ұлттық үйлестіру орталығын тағайындайды.
      4. Хатшылық үкімет аралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар Тараптарға ұсынатын ақпаратты қоса, орнықты органикалық ластағыштар туралы ақпаратқа қатысты делдалдық тетігінің функциясын орындайды.
      5. Осы Конвенцияның мақсаты үшін адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты ақпарат құпия ретінде қаралмайды. Осы Конвенцияға сәйкес өзге де ақпарат алмасуды жүзеге асыратын Тараптар өзара уағдаластықтар негізінде кез келген құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

  10-бап
Жұртшылықты хабардар ету, хабардарлықты
және ағартушылықты арттыру

      1. Әрбір Тарап өз мүмкіндіктерінің шеңберінде:
      а) орнықты органикалық ластағыштар мәселелері бойынша өздерінің директивалық және басшылық органдарының хабардарлығын арттыруға;
      b) 9-баптың 5-тармағын ескере отырып, жұртшылыққа қазіргі бар ақпараттарды ұсынуға;
      с) әсіресе әйелдер, балалар және білімдері кемірек адамдар үшін - орнықты органикалық ластағыштар мәселелері бойынша, сондай-ақ адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін олардың зардаптары және олардың баламалары бойынша оқу және қоғамдық-ағарту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруға;
      d) орнықты органикалық ластағыштарға және олардың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін зардаптарына қатысты, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға ұлттық деңгейде үлес қосуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер жасауды қоса, жауап берудің тиісті шараларын әзірлеу мәселелерін шеше отырып жұртшылықтың қатысуына;
      е) жұмысшы, ғылыми, оқытушылық, техникалық және басқару кадрларын даярлауға;
      f) жұртшылықты ағарту және хабардар ету және олардың алмасуы үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде материалдар әзірлеуге; және
      g) ұлттық және халықаралық деңгейлерде ағарту және оқу бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға жәрдемдеседі және ықпал етеді.
      2. Әрбір Тарап өз мүмкіндіктері шеңберінде 1-тармақта аталған қоғамдық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін, сондай-ақ бұл ақпараттың ұдайы жаңартылып тұруын қамтамасыз етеді.
      3. Әрбір Тарап өз мүмкіндіктері шеңберінде 1-тармақта аталған ақпаратты ұлттық, ал бұл қажет болған жерде қосалқы аймақтық, аймақтық және ғаламдық деңгейлерде ұсынуға өнеркәсіптік және кәсіби пайдаланушыларды жәрдемдесуге және ықпал етуге шақырады.
      4. Орнықты органикалық ластағыштар және олардың баламалары туралы ақпаратты қамтамасыз ете отырып, Тараптар қауіпсіздік жөніндегі деректер, баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктері және басқа да байланыс құралдары нысандарын пайдалана алады және ұлттық және аймақтық деңгейлерде ақпарат орталықтарын құра алады.
      5. Әрбір Тарап А, В немесе С қосымшаларында аталған, шығарылатын немесе жойылатын химиялық заттардың жыл сайынғы көлемдерінің есептік көрсеткіштеріне қатысты ақпараттарды жинау және тарату үшін ластағыштарды шығару және көшу тіркелімі сияқты тетіктер құру туралы мәселеге оң қарайды.

  11-бап
Ғылыми зерттеулер, әзірлемелер және мониторинг

      1. Әрбір Тарап өз мүмкіндіктері шеңберінде орнықты органикалық ластағыштарға және бұл қажет болған жағдайда олардың баламалары мен әлеуетті орнықты органикалық ластағыштарға қатысты тиісті ғылыми зерттеулерді, әзірлемелерді, мониторинг пен ынтымақтастықты, атап айтқанда:
      а) қоршаған ортаға тасталатын көздер және шығарулар;
      b) адамдар ағзалары мен қоршаған ортаға қатысуы, олардың деңгейлері және тиісті бағыттар;
      с) қоршаған ортаға көшуі, "тағдыры" және қайта жаңғыртылуы;
      d) адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсері;
      е) әлеуметтік-экономикалық және мәдени зардаптары;
      f) шығаруды қысқарту және/немесе жою; және
      g) шығу көздерін есепке алудың біріздендіру әдістемесі және шығаруды өлшеудің талдамалы әдістері сияқты мәселелер бойынша ұлттық және халықаралық деңгейлерде көтермелейді және/немесе жүзеге асырады.
      2. 1-тармақты орындау шараларын назарға ала отырып, Тараптар өз мүмкіндіктері шеңберінде:
      а) қонымды жағдайда халықаралық бағдарламаларды, желілер мен ұйымдарды қолдауды және одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді, олардың міндеттері ғылыми зерттеулерді жүргізуді, бағалауды және қаржыландыруды, күш-жігерлерді қайталауды барынша азайтуға апаратын қажеттілікті ескере отырып, деректерді және мониторингті жинауды айқындау болып табылады;
      b) ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу, әсіресе дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерде жүргізу, сондай-ақ талдау деректері мен нәтижелеріне және оларды алмасуға қол жеткізуге жәрдемдесу жөніндегі ұлттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған ұлттық және халықаралық күш-жігерлерді қолдайды;
      с) дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдердің, атап айтқанда қаржылық және техникалық құралдарға мұқтаждығы мен қажеттілігін ескереді және а) және b) тармақшаларда жоғарыда аталған күш-жігерлерді іске асыруға қатысу үшін өздерінің мүмкіндіктерін кеңейту ісінде ынтымақтасады;
      d) орнықты органикалық ластағыштардың өнімді қызметке әсер ету зардаптарын жұмсартуға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізеді;
      е) осы тармақта аталған зерттеу, әзірлеу және мониторинг саласындағы өздерінің іс-шараларының нәтижелерін жұртшылықтың кеңінен қол жеткізуіне тұрақты және дер кезінде ұсынып отырады; және
      f) ғылыми зерттеулер, әзірлеу және мониторинг нәтижесінде алынған ақпараттық деректерді сақтау және қолдау саласындағы ынтымақтастықты көтермелейді және/немесе жүзеге асырады.

  12-бап
Техникалық көмек

      1. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың өтініштеріне жауап ретінде дер кезінде және тиісті техникалық көмек көрсетудің осы Конвенцияны табысты жүзеге асырудың аса маңызды шарты болып табылатынын таниды.
      2. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға дер кезінде және тиісті көмек көрсетуге осы Конвенцияның шеңберінде өз міндеттемелерін орындау саласындағы олардың ерекше қажеттіліктерін, олардың әлеуетін әзірлеу мен нығайтуға назар аудара отырып, оларға жәрдемдесу үшін ынтымақтасады.
      3. Осы тұрғыдан алғанда дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, басқа да Тараптардың техникалық көмегі осы Конвенция шеңберіндегі міндеттемелерді орындауға байланысты әлеуетін құру үшін тиісінше өзара уағдаластық негізіндегі де техникалық көмегін қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда қосымша нұсқауларды Тараптар Конференциясы ұсынады.
      4. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты техникалық көмек көрсету және технологиялар беруді кеңейту мақсатында тиісінше тетіктер жасайды. Бұл тетіктер дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға олардың осы Конвенция шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындауына жәрдемдесу үшін әлеуетті және технологиялар беруді нығайту жөніндегі аймақтық және қосалқы аймақтық орталықтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда қосымша нұсқауларды Тараптар Конференциясы ұсынады.
      5. Осы баптың мәтінінде Тараптар техникалық көмек көрсетуге қатысты азырақ дамыған елдердің және дамушы шағын аралдық мемлекеттердің нақты қажеттіліктері мен ерекше жағдайын толық дәрежеде назарға алады.

  13-бап
Қаржы ресурстары мен қаржыландыру тетіктері

      1. Әрбір Тарап өздерінің ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес осы Конвенцияның мақсатына жетуіне бағытталған ұлттық іс-шараларға қатысты өз мүмкіндіктерінің шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуге және жәрдемдесуге міндеттенеді.
      2. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға Тарап-реципиенттың және 6-тармақта айтылған тетік қызметіне қатысатын құрылымның арасындағы уағдаластыққа сәйкес осы Конвенция шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты өздері келіскен барлық қосымша шығындарды жабу үшін қажетті мүмкіндіктер ұсыну мақсатында жаңа және қосымша қаржылық ресурстарды ұсынады. Басқа Тараптар өздерінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, осындай қаржылық ресурстарды ерікті негізде ұсынуы мүмкін. Сонымен бірге, басқа көздерден жарналарды көтермелеп отырған жөн. Осы міндеттемелерді орындау кезінде жарналар енгізген Тараптардың қаражат тасқынын барабар, анық, дер кезінде қамтамасыз ету қажеттілігі мен қаржы ауыртпалығын бірлесіп енгізуінің маңыздылығы ескеріледі.
      3. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар мен басқа да Тараптар өз мүмкіндіктерін негізге ала отырып және өздерінің ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес ұсынуы мүмкін, ал дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптар осы Конвенцияны басқа екі жақты, аймақтық және көп жақты көздер немесе арналар арқылы жүзеге асыруға оларға жәрдем көрсетуге арналған қаржылық ресурстарды алуы мүмкін.
      4. Дамушы елдер болып табылатын Тараптардың осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты дәрежеде тиімді орындауы дамыған елдер болып табылатын Тараптардың қаржылық ресурстарға, техникалық көмек пен технологияларды беруге қатысты осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін тиімді орындауына байланысты. Тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму және қайыршылықты жою дамушы елдер болып табылатын Тараптардың негізгі және ең бір өзекті басымдықтары болып табылады, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне тиісті назар аударумен қатар толық дәрежеде ескерілуге тиіс.
      5. Тараптар толық дәрежеде қаржыландыру саласында шаралар қабылдау кезінде азырақ дамыған елдердің және дамушы шағын аралдық мемлекеттердің нақты қажеттіліктері мен ерекше жағдайын толық дәрежеде ескеріп отырады.
      6. Дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға Конвенцияны жүзеге асыруға оларға жәрдем көрсету үшін өтемсіз немесе жеңілдікті негізде барабар және тұрақты негізде қаржылық ресурстар ұсыну үшін осы арқылы тетік құрылады. Осы Конвенцияның мақсаты үшін осы тетік Тараптар Конференциясының басқаруымен және тиісінше басшылығымен жұмыс істейді және оған есеп беріп отырады. Оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету Тараптар Конференциясы қабылдауы мүмкін шешімге сәйкес елеулі халықаралық құрылымдарды қоса, бір немесе бірнеше құрылымға тапсырылады. Осы тетік көп жақты, аймақтық және екі жақты негізде қаржылық және техникалық көмек көрсетумен айналысатын басқа құрылымдарды қамтуы да мүмкін. Осы тетікке жарналар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға 2-тармаққа сәйкес жіберілетін басқа да қаржылық қаражатқа қатысты алғанда қосымша болып табылады.
      7. Осы Конвенцияның мақсаттарына және жоғарыдағы 6-тармақтың ережелеріне сәйкес Тараптар Конференциясы өздерінің алғашқы кеңесінде тетік үшін арналған тиісті басшылыққа алатын нұсқауларды қабылдайды және қаржыландыру тетігі қызметіне, оларды орындау шараларына қатысатын құрылыммен немесе құрылымдармен келіседі. Басшылыққа алатын нұсқаулар:
      а) саясат, стратегия және бағдарламалық қызмет саласындағы басымдықтарды, сондай-ақ қаржылық ресурстарға және оларды пайдалануға қол жеткізу құқықтарын ұсынуға қатысты, тұрақты негізде осы ресурстарды пайдалануға мониторинг пен бағалауды қоса, кең құлашты айқын критерийлер мен басшылыққа алатын принциптерді айқындау;
      b) Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты барабар және тұрақты іс-шараларды қаржыландыру туралы құрылымның немесе құрылымдардың Тараптар Конференциясының тұрақты баяндамаларын ұсынуы;
      с) әр түрлі көздерден қаржыландыруды пайдалануға негізделген әдістерді, тетіктер мен уағдаластықтарды қолдануға жәрдемдесу;
      d) осы Конвенцияны жүзеге асыру үшін қажетті және қазіргі бар қаржыландыру қаражатының болжамдалған және айқындалған көлемін орнықты органикалық ластағыштардан бас тартудың осы көлемді ұзақ уақыт қаржыландыруды және оқтын-оқтын қайта қарау жағдайларын талап ететінін ескере отырып, айқындауға мүмкіндік беретін схемалар; және
      е) мүдделі Тараптардың өздерінің күш-жігерлерін үйлестіру мақсатында қазіргі бар қаржыландыру көздері мен жүйелері туралы тұтынушыларды бағалау, ақпаратпен қамтамасыз ету ісінде көмек көрсету нысандары сияқты қырларға қатысты.
      8. Тараптар Конференциясы өзінің екінші кеңесінен кешіктірмей, содан соң осы бапқа сәйкес құрылған тетіктің тиімділігіне, дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптардың өзгеріп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға оның қабілетіне, 7-тармақта жоғарыда аталған критерийлер мен басшылыққа алатын нұсқауларды, қаржыландыру деңгейлеріне, сондай-ақ қаржыландыру тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылған ұйымдық құрылымдар қызметінің тиімділігіне тұрақты негізде шолу жүргізеді. Осындай шолу нәтижелерінің негізінде ол қажет жағдайда, Тараптар қажеттіліктерін қанағаттандыру мүдделерін барабар және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларға қатысты ұсынымдар мен басшылыққа алатын нұсқауларды қоса алғанда, тетік қызметінің тиімділігін арттыру үшін тиісті шараларды қабылдайды.

  14-бап
Қаржыландырудың уақытша көздері

      Ғаламдық қоршаған орта қорын уақытша негізде құрылымдық қайта құруды жүргізу туралы Құжатқа сәйкес қолданылатын Ғаламдық қоршаған орта қорын ұйымдастыру құрылымы осы Конвенцияның күшіне енгізілуі және Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесі аралығындағы кезеңде 13-бапта аталған қаржыландыру тетігі қызметін жүзеге асыру тапсырылған негізгі құрылым ретінде немесе Тараптар Конференциясы әзірше 13-бапқа сәйкес қандай ұйымдық құрылымның тағайындалғаны туралы шешім қабылдамағанға дейін болады. Ғаламдық қоршаған орта қорын ұйымдастыру құрылымы нақты орнықты органикалық ластағыштарға қатысты осы салада жаңа шаралардың қажет болуы мүмкін екенін назарға алып, жедел шараларды жүзеге асыра отырып, осы қызметтерді орындайды.

  15-бап
Ақпаратты ұсыну

      1. Әрбір Тарап Тараптар Конференциясына осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру жөніндегі өзі қабылдайтын шаралар туралы және осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу тұрғысынан мұндай шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады.
      2. Әрбір Тарап хатшылыққа:
      а) А және В қосымшаларында аталған химиялық заттардың әрқайсысын оны өндіру, импорты мен экспортының жиынтық көлемдері туралы статистикалық деректерді немесе осындай деректердің нақты бағасын; және
      b) бұл практикалық жағынан қаншалық мүмкін болғанынша, ол осы заттардың әрқайсысын импорттаған мемлекеттер және оған осы заттардың әрқайсысы экспортталған мемлекеттер тізілімін ұсынады.
      3. Мұндай ақпаратты ұсыну Тараптар Конференциясы өзінің алғашқы кеңесінде айқындайтын осындай кезең-кезеңімен және осындай нысанда жүзеге асырылады.

  16-бап
Тиімділікті бағалау

      1. Осы Конвенция күшіне енгізілгеннен кейін төрт жыл өткеннен бастап, содан соң Тараптар Конференциясы айқындайтын кезеңділікпен осы Конвенцияның тиімділігін бағалау жүргізіледі.
      2. Осындай бағалауға жәрдемдесу мақсатында Тараптар Конференциясы өзінің алғашқы кеңесінде А, В және С қосымшаларына енгізілген химиялық заттардың қатысуын және қоршаған ортаға аймақтық және ғаламдық араласуын бағалау туралы салыстыру деректерімен өзін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға кіріседі. Бұл шараларды:
      а) Тараптар аймақтық негізде, егер бұл қажет болса, өздерінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес аймақтық негізде қазіргі бар бағдарламалар мен мониторинг тетіктерін барынша пайдалану кезінде және келісілген көзқарастарды қамтамасыз етуді көтермелеу кезінде жүзеге асырады;
      b) қажет жағдайда аймақтар арасында қазіргі бар айырмашылықтарды және мониторинг бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескере отырып, толықтыруы мүмкін; және
      с) Тараптар Конференциясы кезеңділікпен айқындайтын аймақтық және ғаламдық негіздегі мониторинг бойынша шаралар нәтижелері туралы ұсынуды Тараптар Конференциясының баяндамасына енгізеді.
      3. 1-тармақта айтылған бағалау:
      а) 2-тармақтың ережелеріне сәйкес ұсынылатын баяндама мен мониторинг туралы басқа да ақпаратты;
      b) 15-бапқа сәйкес ұсынылатын ұлттық баяндамаларды; және
      с) 17-бапқа сәйкес белгіленген рәсімге сай алынған ақпаратты сақтамау туралы ақпаратты қамтитын қазіргі бар ғылыми, экологиялық, техникалық және экономикалық ақпарат негізінде жүргізіледі.

  17-бап
Сақтамау

      Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның ережелерін сақтамау фактісін және Конвенцияны сақтамау ретінде танылуға тиісті Тараптардың өтініштерін айқындау үшін рәсімін және ұйымдастыру тетіктерін мүмкін болғанынша аса қысқа мерзімдерде әзірлейді және бекітеді.

  18-бап
Дауларды реттеу

      1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында дау болған жағдайда олар келіссөздер немесе өз қалауынша өзге де бейбіт әдіс арқылы оны реттеуге ұмтылады.
      2. Осы Конвенцияны бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде немесе осыдан кейінгі кез келген уақытта экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы болып табылмайтын кез келген Тарап осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау төңірегінде Депозитарийге жазбаша өтініш жіберуі мүмкін, ол осындай міндеттемелерді өзіне қабылдаған кез келген Тарапқа қатысты міндеттілік ретінде дауды реттеудің бір немесе екі мынадай құралын:
      а) Тараптар Конференциясы мүмкіндігінше тезірек қабылдауға және рәсімдерге сәйкес қосымшаға енгізілуге тиіс төрелікті;
      b) дауды Халықаралық Сотқа беруді таниды.
      3. Экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы болып табылатын Тарап 2 а) тармағында аталған тәртіппен төрелікке қатысты осындай өтініш жасай алады.
      4. 2 немесе 3-тармаққа сәйкес жасалған өтініш оның шарттарына сәйкес қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе оның күшін жою туралы жазбаша хабарламаны Депозитарийге сақтауға тапсырғаннан кейін үш ай ішінде күшінде қалады.
      5. Күшін жою туралы өтініштің, хабарламаның қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе жаңа өтініш, егер тараптар бұл туралы өзгеше уағдаласпаса, төрелік немесе Халықаралық Сотта іс қарау барысындағы іс жүргізуге ешқандай түрде ықпал етпейді.
      6. Егер дау тараптары 2-тармаққа сәйкес осыны немесе рәсімдердің кез келгенін қабылдамаса немесе тараптардың бірі олардың арасында даудың бар екендігі туралы басқа тарапқа хабарлама жібергеннен кейін он екі ай ішінде олар өз дауын реттей алмаса, бұл дау оның тараптарының кез келгенінің өтініші бойынша келісім комиссиясының қарауына беріледі. Келісім комиссиясы ұсыныстарымен бірге баяндаманы айқындайды. Келісім комиссиясына қатысты қосымша рәсімдер Тараптар Конференциясы оны екінші кеңесінен кешіктірмей бекітетін қосымшаға енгізеді.

  19-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Осымен Тараптар Конференциясы құрылады.
      2. Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры осы Конвенция күшіне енгізілгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Кейіннен Тараптар Конференциясының кезекті кеңестері Конференция белгілейтін кезеңділікпен шақырылады.
      3. Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңестері Конференция мұны қажет деп тапқан жағдайда немесе Тараптардың бірінің жазбаша өтініші бойынша бұл өтінішті кемінде Тараптардың үштен бірі қолдаған жағдайда шақырылады.
      4. Тараптар Конференциясы өзінің алғашқы кеңесінде өзі және кез келген көмекші органдар үшін рәсім ережелері мен қаржылық ережелерді, сондай-ақ хатшылық жұмысын реттейтін қаржылық ережелерді бәтуаластықпен келіседі және қабылдайды.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның орындалуын тұрақты бақылайды және бағалайды. Ол Конвенцияға сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындайды және осы мақсатпен:
      а) осы Конвенцияны орындау үшін өздері қажет деп тапқан 6-тармақта айқындалған талаптарды толықтырып, көмекші органдарды құрады;
      b) тиісті жағдайларда білікті халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ үкіметаралық және үкіметтік емес органдармен ынтымақтасады; және
      с) 3-баптың 2 b) ііі) тармағы тиімділігін қарауды қоса алғанда, 15-бапқа сәйкес Тараптарға ұсынылатын барлық ақпаратқа тұрақты шолу жүргізеді;
      d) осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшін қажет болуы мүмкін кез келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.
      6. Тараптар Конференциясы өзінің алғашқы кеңесінде осы Конвенцияның Комитетіне тапсырылған міндеттерді орындау мақсатында "Орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөніндегі комитет" деген атаумен көмекші орган құрады. Осы тұрғыда:
      а) Орнықты органикалық ластағыштарды қарау жөніндегі комитетті Тараптар Конференциясы тағайындайды. Комитеттің мүшелік құрамы химиялық заттарды бағалау және реттеу саласында тағайындалатын үкіметтік сарапшыларды қамтиды. Комитет мүшелері әділетті географиялық бөлу негізінде тағайындалады;
      b) Тараптар Конференциясы Комитеттің қарауы, ұйымдастыру және жұмыс істеу шеңбері туралы шешім қабылдайды; және
      с) Комитет өз ұсыныстарын бәтуаластық негізінде қабылдауға барлық күш-жігерін жұмсайды. Егер бәтуаластыққа қол жеткізу үшін барлық құралдар сарқылып, ал келісімге қол жеткізілмесе, онда соңғы шара ретінде дауыс беруге қатысушы және қатысып отырған мүшелердің үштен екі көпшілік даусымен осындай ұсыныс қабылданады.
      7. Тараптар Конференциясы өзінің үшінші кеңесінде 3-баптың 2 b) тармағында бар рәсімде қажеттілік сақталды ма дегенге, оның тиімділігін қарауды қоса алғанда, баға береді.
      8. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемесі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, сондай-ақ осы Конвенцияның Тарапы болып табылмайтын кез келген мемлекет Тараптар Конференциясының кеңестерінде байқаушылар ретінде өкіл болуы мүмкін. Осы Конвенция қамтитын мәселелерде құзыреттілігі болатын, Тараптар Конференциясының кеңесінде байқаушылар ретінде өкіл болуға өзінің тілегі туралы хатшылыққа хабарлаған кез келген басқа органдар немесе ұлттық немесе халықаралық, үкіметтік немесе үкіметтік емес мекемелер, егер бұған Тараптар кеңесіне қатысушылардың аз дегенде үштен бірі қарсылық білдірмесе, оған қатысуға жіберілуі мүмкін. Байқаушыларды жіберу және олардың қатысуы Тараптар Конференциясы қабылдаған рәсім ережелерімен реттеледі.

  20-бап
Хатшылық

      1. Осымен хатшылық құрылады.
      2. Хатшылыққа мынадай міндеттер:
      а) Тараптар Конференциясының кеңестерін және оның көмекші органдарын ұйымдастыру және қажет жағдайларда оларға қызмет көрсету;
      b) Тараптарға, әсіресе дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелі экономикасы бар елдер болып табылатын Тараптарға жәрдемдесу, олардың өтініші бойынша осы Конвенцияны жүзеге асыруға көмек көрсету;
      с) басқа да тиісті халықаралық органдардың хатшылықтарымен қызметті қажетті үйлестіруді қамтамасыз ету;
      d) Тараптарға 15-бапқа сәйкес алынған ақпаратқа және басқа да қазіргі бар ақпаратқа негізделген кезеңдік баяндамаларды әзірлеу және ұсыну;
      е) Тараптар Конференциясының жалпы басшылығымен оның міндеттерін тиімді орындау үшін қажет болуы мүмкін осындай әкімшілік және шарттық келісімдер жасасу;
      f) хатшылықтың осы Конвенцияда айқындалған басқа да міндеттерін және Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкін осындай басқа да міндеттерді орындау жүктеледі.
      3. Осы Конвенция хатшылығының міндеттерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры, егер Тараптар Конференциясы хатшылық міндетін орындауды қандай бір халықаралық ұйымға немесе бірнеше басқа да осындай ұйымдарға тапсыру шешімі Тараптардың дауыс беруіне қатысушылардың және қатысып отырғандардың төрттен үшінің көпшілік дауыс беруімен қабылданбаса, орындайды.

  21-бап
Конвенцияға түзетулер

      1. Тараптардың кез келгені осы Конвенцияға түзетулерді ұсына алады.
      2. Осы Конвенцияға түзетулер Тараптар Конференциясының кеңесінде қабылданады. Кез келген ұсынылатын түзетулердің мәтінін оны қабылдауға ұсынылатын кеңес өткізілгенге дейін алты айдан кешіктірмей хатшылық Тараптарға жібереді. Хатшылық сондай-ақ ұсынылған түзетулер мәтінін осы Конвенцияға қол қойған Тараптарға және оның мәлімет алуы үшін Депозитарийге жібереді.
      3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылатын кез келген түзетулерге қатысты келісімге бәтуаластық арқылы қол жеткізуге барлық күш-жігерлерін салады. Егер бәтуаластыққа қол жеткізудің барлық мүмкіндіктері сарқылса, ал келісімге қол жеткізілмесе, онда соңғы құрал ретінде түзету Тараптардың дауыс беруіне қатысушылардың және қатысып отырғандардың төрттен үшінің көпшілік дауыс беруімен қабылданады.
      4. Түзетуді бекіту, қабылдау немесе мақұлдау үшін барлық Тараптарға Депозитарий жібереді.
      5. Депозитарийге түзетулерді бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. 3-тармаққа сәйкес қабылданған түзету оны аз дегенде Тараптардың төрттен үші бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарды тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні оны қабылдаған Тараптар үшін күшіне енеді. Бұдан кейін түзету осы Тарап осы түзетулерді бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарды тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні кез келген басқа Тарап үшін күшіне енеді.

  22-бап
Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгізу

      1. Осы Конвенцияға қосымшалар, егер тікелей өзгеше көзделмесе, оның ажырамас бөлігі болып табылады, осы Конвенцияға сілтемелер сонымен бірге оған кез келген қосымшаларға сілтеме болып табылады.
      2. Кез келген қосымша қосымшалар рәсімдік, ғылыми, техникалық немесе әкімшілік мәселелермен шектеледі.
      3. Осы Конвенцияға қосымша қосымшалардың қабылдануына немесе күшіне енгізілуіне байланысты ұсыныстарға қатысты мынадай рәсім қолданылады:
      а) қосымша қосымшалар 21-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында ескертілген рәсімге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) қосымша қосымшаны қабылдай алмайтын кез келген Тарап Депозитарийдің қосымша қосымшаны қабылдағаны туралы хабарламасы түскен күннен бастап бір жыл ішінде бұл туралы Депозитарийге жазбаша хабарлайды. Депозитарий осындай кез келген хабарландыруды алғаны туралы барлық Тараптарға кідіріссіз хабарлайды. Кез келген Тарап кез келген қосымша ұсынысты қабылдамағаны туралы бұрын жіберілген хабарландырудың кез келген уақытта күшін жоюы мүмкін, бұдан кейін бұл қосымша с) тармақтарының қосымшаларын сақтаған жағдайда осы Тарап үшін күшіне енгізіледі; және
      с) Депозитарийдің қосымша қосымшаны қабылдағаны туралы хабарламасы түскен күннен бастап бір жыл өту бойына b) тармақшасының ережелеріне сәйкес хабарландыру ұсынбаған барлық Тараптар үшін күшіне енгізіледі.
      4. А, В немесе С қосымшаларына түзетулерге ұсыныстар, қабылдау және күшіне енгізу, 25-баптың 4-тармағына сәйкес осы қосымшаларға түзетулерге қатысты мәлімдеме жасаған кез келген Тарап үшін күшіне енгізілмейтін А, В немесе С қосымшаларына түзетулерді қоспағанда, осы Конвенцияға қосымша қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшіне енгізудің сол рәсімімен реттеледі, бұл орайда осындай Тарап үшін кез келген түзету Депозитарийге сақтауға осы түзетулерді бекіту, қабылдау немесе мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      5. D, Е немесе F қосымшаларына түзетулерге ұсыныстарды, қабылдауға және күшіне енгізуге қатысты мынадай рәсім қолданылады:
      а) түзетулер 21-баптың 1 және 2-тармақтарында жазылған рәсімге сәйкес ұсынылады;
      b) Тараптар D, Е немесе F қосымшаларына түзетулер енгізу туралы бәтуаластық шешім қабылдайды; және
      с) D, Е немесе F қосымшаларына түзетулер енгізу туралы шешімді Депозитарий Тараптарға кідіріссіз жібереді. Түзету барлық Тараптар үшін шешімде аталған мерзімдерде енгізіледі.
      6. Егер қосымшаға қосымша ұсыныс немесе түзету осы Конвенцияға түзету енгізуге байланысты болса, онда мұндай қосымша ұсыныс немесе түзету осы Конвенцияға тузетулер күшіне енгізілгеннен кейін ғана күшіне енгізіледі.

  23-бап
Дауыс беру құқығы

      1. 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияның әрбір Тарапы бір дауысқа ие болады.
      2. Экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы өзінің құзыретіне кіретін мәселелерде осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын оның мүше мемлекеттерінің санына тең дауысқа ие бола отырып, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйым, егер оның мүше мемлекеттері өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырса және керісінше болса, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.

  24-бап
Қол қою

      Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен экономикалық кірігудің аймақтық ұйымдары үшін 2001 жылғы 23 мамырда Стокгольмде, сондай-ақ Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде 2001 жылғы 24 мамыр - 2002 жылғы 22 мамыр аралығында қол қою үшін ашық.

  25-бап
Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу

      1. Осы Конвенция мемлекеттер мен экономикалық кірігу аймақтық ұйымдарының бекітуіне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Ол мемлекеттер мен экономикалық кірігудің аймақтық ұйымдарының қосылуы үшін Конвенция қол қою үшін жабылғаннан кейінгі келесі күннен бастап ашық. Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      2. Осы Конвенцияның Тарапы болып табылатын экономикалық кірігудің кез келген ұйымы, сонымен бірге оның мүше мемлекеттерінің бірде-біреуі Конвенциядан туындайтын барлық міндеттемелерге байланысты оның Тарапы болмайды. Осындай ұйымның мүшесі - бір немесе бірнеше мемлекет осы Конвенцияның Тараптары болған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше мемлекеттері Конвенциядан туындайтын өз міндеттемелерін орындау жөнінде тиісті міндеттерге қатысты шешім қабылдайды.
      3. Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында экономикалық кірігудің аймақтық ұйымдары осы Конвенция реттейтін мәселелерге қатысты өз құзыреті саласында мәлімдейді. Кез келген осындай ұйым өз құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгерістер туралы да Депозитарийге хабардар етеді, ол өз кезегінде бұл туралы Тараптарды хабардар етеді.
      4. Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатында кез келген Тарап ол үшін А, В немесе С қосымшаларына кез келген түзету бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырғаннан кейін ғана күшіне енетінін мәлімдей алады.

  26-бап
Күшіне енгізу

      1. Осы Конвенция бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуінші құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енгізіледі.
      2. Осы Конвенцияны бекіткен, қабылдаған немесе мақұлдаған не оған бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуінші құжатты сақтауға тапсырған әрбір мемлекет немесе экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы үшін Конвенция осындай мемлекет немесе экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енгізіледі.
      3. 1 және 2-тармақтардың мақсаты үшін экономикалық кірігудің аймақтық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген құжат осындай ұйымның мүше мемлекеттері сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретінде қаралмайды.

  27-бап
Ескертпелер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берілмейді.

  28-бап
Шығу

      1. Тараптар үшін осы Конвенция күшіне енгізілген күннен бастап үш жыл өту бойына кез келген уақытта осы Тараптар Депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, Конвенциядан шыға алады.
      2. Кез келген осындай шығу Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап бір жыл өту бойына немесе шығу туралы хабарламада көрсетілуі мүмкін неғұрлым осындай кешірек мерзімде күшіне енгізіледі.

  29-бап
Депозитарий

      Осы Конвенция Депозитарийінің функциясын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы орындайды.

  30-бап
Бірдей мәтіндер

      Осы Конвенцияның мәтіндерінің ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бірдейге тең болатын түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
       ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қойғандар осыған уәкілетті тиісті түрде осы Конвенцияға қол қойды.
      Екі мың бірінші жылғы жиырма екінші мамырда Стокгольмде жасалды.

                            А қосымшасы
                              ЖОЮ

                               I бөлім

Химиялық заттар Қызметі Нақты алып тастау

Альдрин*
N. КАС: 309-00-2

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Жергілікті
эктопаразитицидтер      

Хлордан*
N. КАС: 57-74-9

Өндіру

Тізілімде аталған Тараптар
рұқсаты бойынша

Пайдалану

Жергілікті эктопаразитицидтер
Инсектицидтер
Термицидтер
Ғимараттар мен тоғандардағы
термицидтер
Жол құрылыстарындағы
термицидтер
Фанерлерді желімдеу үшін
құралдарды дайындауға
қосымшалар

Дильдрин*
N. КАС: 60-57-1

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Ауылшаруашылық жұмыстарында

Эндрин*
N. КАС: 72-20-8

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Жоқ

Гептахлор*
N. КАС:
76-44-8

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Термицидтер
Тұрғын үйлердің құрылыс
конструкцияларындағы
термицидтер
Термицидтер (жер асты)
Сүректерді өңдеу
Жер асты кабель муфталарында
қолдану

Гексахлор-
бензол
N. КАС:
118-74-1

Өндіру

Тізілімде аталған Тараптар
рұқсаты бойынша

Пайдалану

Аралық бұйымдар
Пестицидтердегі ерітінділер
Жабық жүйедегі оқшаулау әсері
бар аралық заттар

Мирекс*
N. КАС:
2385-85-5

Өндіру

Тізілімде аталған Тараптар
рұқсаты бойынша

Пайдалану

Термицидтер

Токсафен* N. КАС:
8001-35-2

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Жоқ

Полихлор-
ланған
дифенилдер (ПХД)*

Өндіру

Жоқ

Пайдалану

Осы қосымшаның II бөлімінің
ережелеріне сәйкес қолдануда
болатын бұйымдар

       Ескерту :
      і) әдейі болмайтын микроластағыш ретінде өнімдер мен бұйымдарда бар химиялық заттар мөлшері, осы Конвенцияда өзгеше ескертілген жағдайларды қоспағанда, осы қосымшада аталуға тиіс ретте қарастырылмайды;
      іі) осы ескерту 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшін өндіру мен пайдалануға қатысты нақты алып тастау болып есептелмейді. Осы химиялық затқа қатысты тиісті міндеттемелер күшіне енгізілгенге дейін немесе күшіне енгізілген күні өндіруде немесе қолдануда болған бұйымның бір бөлігі болып табылатын химиялық заттардың мөлшері Тарап бұйымның нақты түрі осы Тарапта қолдануда болуын жалғастырып жатқаны туралы хатшылықты хабарландырған жағдайда осы қосымшада аталған ретте қарастырылмайды. Хатшылық мұндай хабарламаға жариялылық береді;
      ііі) осы қосымшаның I бөлігіндегі "Химиялық заттар" бағанасында сілтеме белгісі бар химиялық затқа жатпайтын осы ескерту 3-баптың 2-тармағының мақсаты үшін өндіру мен пайдалану тұрғысындағы нақты алып тастау болып есептелмейді. Оқшаулайтын әсері бар жабық жүйедегі аралық заттарды өндіру мен пайдалану барысында адамдармен және қоршаған ортамен химиялық заттардың елеулі мөлшерінің байланыста болуы күтілмейтінін ескере отырып, хатшылықты хабардар еткеннен кейін Тарап осы қосымшада аталған басқа химиялық заттарды өндіру кезінде химиялық тұрғыдан жаңғыртылмайтын оқшаулайтын әсері бар жабық жүйедегі аралық заттар ретіндегі химиялық заттардың белгілі бір мөлшерін өндіру мен пайдалануға D қосымшасындағы 1-тармақта аталған орнықты органикалық ластағыштар сипаттамасын көрсетпейтін критерийлерді ескере отырып, өндіру мен пайдалануға рұқсат бере алады. Осындай хабарландыру осындай химиялық заттарды өндіру мен тұтынудың жалпы көлемі немесе осындай ақпаратты және ол толық емес жаңғыртылу нәтижесінде орнықты органикалық ластағыштар болып табылмайтын бастапқы материалдың түпкі бұйымының кез келген әдейі емес микроластану көлемін қоса, өз жүйесі бойынша жабық пайдалануға негізделген және процестің шектеулі жерінде өтіп жататын сипатқа қатысты ақылға қонымды ақпаратты қамтуға тиіс. Осындай рәсім осы қосымшада өзгеше көзделмеген жағдайларда қолданылады. Хатшылық осындай хабарландыруды Тараптар Конференциясының назарына жеткізеді және оларға жариялылық береді. Осындай өндіру немесе пайдалану өндіру немесе пайдалануға қатысты қандай бір елдер үшін нақты алып тастау ретінде қаралмайды. Осындай өндіру мен пайдалану, егер тиісті Тарап хатшылыққа жаңа хабарландыруды ұсынбаса, он жылдық кезең аяқталу бойына тоқтатылады, бұл жағдайда, егер Тараптар Конференциясы өндіру мен пайдаланудың осы түрін қарағаннан кейін өзге шешім қабылдамаса, осы кезең тағы да он жылға ұзартылады. Хабарландыру рәсімі қайталануы мүмкін;
      іv) осы қосымшаға енгізілген заттарға қатысты барлық нақты алып тастауларды өздеріне қатысты 4-бапқа сәйкес алып тастауларды тіркеген Тараптар, барлық Тараптар пайдалануы мүмкін осы қосымшаның II бөлімінің ережелеріне сәйкес қолдануда болатын бұйымдардағы полихлорланған дефинилдерді пайдалануды қоспағанда, пайдалануы мүмкін.

  II бөлім
Полихлорланған дифенилдер

      Әрбір Тарап:
      а) Тараптар Конференциясы қайта қарау мүмкін болған жағдайда жабдықтардағы полихлорланған дифенилдерді пайдалануды тоқтатуға қатысты (яғни трансформаторлар, конденсаторлар немесе заттардың сұйық қалдықтары бар басқа да қабылдағыштар) 2025 жылға қарай мынадай басымдықтарға сәйкес:
      і) шоғырланымында 10 проценттен астам және 5 литрден астам көлемде полихлорланған дифенилдер бар жабдықтарды айқындау, таңбалау және пайдалануды тоқтату жөнінде белсенді күш-жігерлерін жұмсауға;
      іі) 0,05 проценттен астам және 5 литрден астам көлемде полихлорланған дифенилдер бар жабдықтарды айқындау, таңбалау және пайдалануды тоқтату жөнінде белсенді күш-жігерлерін жұмсауға;
      ііі) 0,005 проценттен астам және 0,05 литрден астам көлемде полихлорланған дифенилдер бар жабдықтардың болуын айқындауға және пайдалануды тоқтатуға тырысуға шаралар қабылдайды;
      b) а) тармақшасында аталған басымдықтарға сәйкес осындай полихлорланған дифенилдерді пайдалануды жүзеге асыру және бақылау мақсатымен әсерлер мен тәуекелдердің қаупін азайту жөнінде мынадай шараларды қабылдауға:
      і) зақымдалмаған және герметикалық жабдықтарда ғана және қоршаған ортаға шығару тәуекелі барынша аз болуы мүмкін, ал осындай шығарудың зардаптары жедел түрде жойылатын жерлерде ғана пайдалануға;
      іі) азық-түліктерді немесе мал азықтарын өндіру мен ұқсатуға байланысты жерлерде қолданбауға;
      ііі) елді аудандарда пайдалану кезінде өрт пайда болуына әкеп соғуы мүмкін электр жолсыздықтарының алдын алу және жабдықтардың герметикалығына тұрақты тексерулер жүргізу үшін ақылға қонымды шаралар қабылдауға жәрдем көрсетеді;
      с) 3-баптың 2-тармағының ережелеріне қатыссыз а) тармақшасында сипатталған полихлорланған дифенилдер бар жабдықтардың, қалдықтарды экологиялық ұтымды жоюдан басқа, қандай бір басқа мақсаттар үшін экспортталмауын және импортталмауын қамтамасыз етеді;
      d) жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, басқа жабдықта қайтадан пайдалану үшін құрамында 0,005 проценттен астам полихлорланған дифенилдер бар сұйық заттарды рекуперациялауға жол берілмейді;
      е) полихлорланған дифенилдер бар сұйықты және полихлорланған дифенилдермен ластанған жабдықтарды полихлорланған дифенилдер 0,005 проценттен жоғары шоғырланған кезде 6-баптың 1-тармағына сәйкес, барынша қысқа мерзімде, бірақ 2028 жылдан кешіктірмей, Тараптар Конференциясының мерзімдерді қайта қарауы мүмкін болған жағдайда экологиялық қауіпсіз жоюды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді күш-жігерлерін жұмсайды;
      f) I бөлімнің іі) ескертулеріне қарамастан, 0,005 проценттен астам полихлорланған дифенилдер бар басқа да тауарларды анықтауға (мысалы, кабельдің қабығы, қатып қалған тығыздағыш құрамдар мен боялған бұйымдар) және оларды 6-баптың 1-тармағына сәйкес реттеуге ұмтылады;
      g) полихлорланған дифенилдерді өндіру мен пайдалануды тоқтату жөніндегі қызметтің барысы туралы әрбір бес жыл сайын баяндама ұсынады және оларды 15-бапқа сәйкес ұсынады;
      h) Тараптар Конференциясы полихлорланған дифенилдерге қатысты g) тармақшасында сипатталған баяндамаларды өзінің шолуларында тиісті түрде қарайды. Тараптар Конференциясы полихлорланған дифенилдерді жою барысына бес жыл аралығында немесе қажет болған жағдайда осындай баяндамаларды назарға ала отырып, басқа да аралықтарда шолу өткізеді.

  В қосымшасы
ШЕКТЕУ

  I бөлім

Химиялық заттар Қызметі Қолданылу мақсаты немесе нақты алып тастау

ДДТ
(1-1-1 трихлор-
2,2-бис (n-хлорфенил) этан)
N. КАС: 50-29-3

Өндіру

Қолданылу мақсаты:
Осы қосымшаның II бөлімінің
ережелеріне сәйкес ауру
жұқтырғыштарға күрес үшін
қолданылады
Нақты алып тастау:
Дикофол өндірісінде аралық
материал
Аралық материалдар

Пайдалану

Қолданылу мақсаты:
Осы қосымшаның II бөлімінің
ережелеріне сәйкес ауру
жұқтырғыштармен күрес
Нақты алып тастау:
Дикофол өндірісінде аралық
материал
Аралық материалдар

       Ескерту :
      і) Конвенцияда әдейі микроластағыштар ретінде өнімдерде бар химиялық заттардың өзгеше мөлшері көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы қосымшада аталуға тиісті ретте қаралмайды;
      іі) осы қосымша 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшін өндіру мен пайдалануға қатысты ыңғайлы мақсат немесе нақты алып тастау ретінде қаралмайды. Бұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы химиялық заттарға қатысты тиісті міндеттеме күшіне енгізілген күні немесе енгізілгенге дейін шығарылған немесе қолдануда болған химиялық заттардың мөлшері Тарап бұйымның нақты түрінің қолданысты болуын осы Тараптың жалғастырып келе жатқаны туралы хатшылыққа хабарлаған жағдайда осы қосымшада аталған ретте қаралмайды;
      ііі) осы қосымша 3-баптың 2-тармағының мақсаттары үшін өндіру мен пайдалануға қатысты нақты алып тастау ретінде қаралмайды. Оқшау әсер ететін аралық заттардың жабық жүйесіндегі болатын өндіру мен пайдалану барысында адамдармен және қоршаған ортамен химиялық заттардың едәуір мөлшерінің байланыста болуы күтілмейтінін ескере отырып, кез келген Тарап D қосымшасының 1-тармағында аталған орнықты ластағыш заттар сипаттамасы болып көрінбейтін критерийлерді ескере отырып, басқа химиялық заттарды өңдеу кезінде химиялық тұрғыдан жаңғыртылған оқшау әсер ететін аралық заттардың жабық жүйесінде болатын ретте осы қосымшада аталған химиялық заттар мөлшерінің хатшылық хабарлағаннан кейін өндірілуі мен пайдаланылуын шеше алады. Мұндай хабарландыру осындай химиялық заттарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлемі туралы ақпаратты немесе осындай ақпаратты және оны толық емес жаңғырту нәтижесінде орнықты ластағыш заттар болып табылатын бастапқы материалдың түпкі бұйымының кез келген әдейі микроластағышын қоса, жабық жүйені және оқшаулағыш процесті пайдалануға негізделген ақпаратты ақылға қонымды бағалауды қамтуға тиіс. Мұндай рәсім осы қосымшада өзгеше көзделмеген жағдайларда қолданылады. Хатшылық мұндай хабарландыруды Тараптар Конференциясының назарына жеткізіп, оларға жариялылық береді. Осындай өндіру немесе пайдалану өндіруге немесе пайдалануға қатысты қандай бір елде нақты алып тастау ретінде қаралмайды. Осындай өндіру мен пайдалану, егер тиісті Тарап хатшылыққа жаңа хабарландыру ұсынбаса, он жылдық мерзім өту бойына тоқтатылады, мұндай жағдайда, егер Тараптар Конференциясы өндіру мен пайдаланудың осы түрін қарағаннан кейін өзгеше шешім қабылдамаса, қажет жағдайда бұл кезең тағы да он жылға ұзартылады. Хабарландыру рәсімі қайталануы мүмкін;
      іv) өздеріне қатысты 4-бапқа сәйкес алып тастауларды тіркеген Тараптар осы қосымшадағы барлық нақты алып тастауларды пайдалана алады.

  II бөлім
ДДТ (1.1.1-трихлор-2.2-бис(n-хлорфенил)этан)

      1. ДДТ өндіру мен қолдану, ДДТ өндіру және/немесе қолдану ниеті туралы хатшылыққа хабарлаған Тараптарды қоспағанда, тоқтатылуға тиіс. Осы арқылы жұртшылыққа кеңінен ашық ДДТ Тізілімі жасалады. Хатшылық ДДТ Тізілімін жүргізеді.
      2. ДДТ өндіретін және/немесе қолданатын әрбір Тарап осы Тарап үшін ДДТ қауіпсіз және тиімді және жеткілікті балама құралдар болмаған жағдайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оны қолдану жөніндегі ұсыныстарына және басшылыққа алынатын принциптерге сәйкес ауру жұқтырғыштарға қарсы күресте осындай өндіруді және/немесе қолдануды шектейді.
      3. ДДТ Тізіліміне енгізілмеген Тарап қандай бір ауруларға қарсы күрес үшін ДДТ қолдануға мұқтаждық жөнінде тұжырымға келген жағдайда ол осы кезден бастап ДДТ Тізіліміне енгізілуге тиіс екенін хатшылыққа қысқа мерзімде хабарлауға тиіс. Сонымен бір мезгілде ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бұл туралы хабарлауға тиіс.
      4. Әрбір үш жыл сайын ДДТ қолданатын Тарап хатшылыққа және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына осындай қолданудың көлемдері, жағдайлары және Тараптар Конференциясы бекіткен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы консультациясындағы форматқа сәйкес ауруларға қарсы күрес жөніндегі осы Тарап жүргізетін стратегия үшін оның қажеттігі туралы ақпаратты ұсынды.
      5. ДДТ-ті қысқарту және түпкі қорытындысында тоқтату мақсатында Тараптар Конференциясы:
      а) ДДТ қолданатын әрбір Тараптың 7-бапта ескертілген жүзеге асыру жоспарының бір бөлігі ретінде іс-қимыл жоспарын әзірлеуіне және жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Мұндай іс-қимыл жоспары:
      і) ДДТ-ті ауру жұқтырғыштарға қарсы күресте қолдануды шектеу
         болуын қамтамасыз ету үшін нормативтік және басқа да
         тетіктерді әзірлеуді;
      іі) тиісті балама өнімдерді, әдістерді және стратегияларды,
          осы баламаларды одан әрі пайдалануды және тиімділігін
          қамтамасыз ету үшін қарсы қолданылатын факторларды жеңу
          жөніндегі стратегияны қоса, енгізуді;
      ііі) адам денсаулығын нығайту және ауруларды қысқарту
           жөніндегі шараларды қамтуға тиіс;
      b) Тараптар өз мүмкіндіктері шектерінде ДДТ қолданатын Тараптар үшін ғылыми зерттеулерге және қауіпсіз балама химиялық және химиялық емес өнімдерді, әдістер мен стратегияларды осы елдердің жағдайларын ескере отырып әзірлеуге және халық үшін аурулар және экономика туғызатын ауыртпалықтарды жеңілдету мақсатында жәрдемдеседі. Баламаларды немесе баламалар құрамдастықтарын қарау кезінде ерекше назар аударылатын факторлар қатарына осындай баламаларды енгізуге байланысты адам денсаулығы үшін тәуекелдер мен экологиялық зардаптар жатады. ДДТ қолданылатын баламалар адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді аз туғызады, осы елдердегі жағдайларды ескере отырып, ауруларға қарсы күрес үшін ең ыңғайлысы болып табылады және мониторинг деректеріне негізделеді.
      6. Тараптар Конференциясының алғашқы кеңесінен бастап, содан соң Тараптар Конференциясы кемінде үш жылда бір рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы консультациясында қазіргі бар ғылыми, техникалық, экологиялық және экономикалық ақпарат негізінде, мыналарды:
      а) 2-тармақта жазылған жағдайларда ДДТ өндіруді және қолдануды;
      b) ДДТ болуын, қолданылуын және енгізілуін; және
      с) ел әлеуетін нығайтуға осындай баламаларды қолдануға қандай бір тәуекелсіз көшуге мүмкіндік беретін прогресті қоса, ауру жұқтырғыштарға қарсы күрес мақсаттары үшін ДДТ-ке сақталып отырған қажеттілікті бағалауды жүргізеді.
      7. Хатшылықты жазбаша хабарландырғаннан кейін кез келген Тарап кез келген уақытта өзін ДДТ Тізілімінен шығара алады. Алып тастау хабарландырудағы аталған күні күшіне енгізіледі.

  С қосымшасы
ӘДЕЙІ ЕМЕС ӨНДІРУ

  I бөлім: Оларға қатысты 5-бапта көзделген талаптар
сақталуы тиіс орнықты органикалық ластағыштар

      Осы қосымша олар әдейі пайда болған және антропогендік көздер шығарылған жағдайда төменде аталған орнықты органикалық ластағыштарға қатысты:

Химиялық заттар

Полихлорланған дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандар (ПХДД/ПХДФ)
Гексахлорбензол (ГХБ) (N. КАС: 118-74-1)
Полихлорланған дифенилдер (ПХД)

  II бөлім: Көздер санаты

      Дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандардың, гексахлорбензол мен полихлорланған дифенилдердің әдейі емес пайда болуы немесе оларды шығару химиялық реакциялардың толық немесе жануы немесе өтуі нәтижесінде органикалық заттардың және хлордың қатысуымен термиялық процестер жүзеге асырылған кезде өтеді. Төменде келтірілген санатқа осындай химиялық заттардың пайда болуының және олардың қоршаған ортаға шығарылуының салыстырмалы жоғары деңгейіне әкелуге қабілетті өнеркәсіп көздері:
      а) тұрмыстық, қауіпті немесе медициналық қалдықтарды немесе сарқынды сулар шөгіндісін бірлесіп жағу үшін қондырғыны қоса алғанда, қалдықтарды өртеу үшін қондырғылар;
      b) қауіпті қалдықтарды жағу үшін цемент пештер;
      с) қарапайым хлорды немесе әктеу үшін қарапайым хлор құрайтын химиялық заттарды пайдаланып, целлюлоза өндіру;
      d) металлургиялық өндірістегі мынадай термиялық процестер:
      і) қайталама мыс өндірісі;
      іі) шүген және болат өнеркәсібі кәсіпорындарындағы
          агломерациялық қондырғылар;
      ііі) қайталама алюминий өндірісі;
      іv) қайталама мырыш өндірісі енгізілген.

  III бөлім: Көздер нысаны

      Полихлорланған дибензо-п-диоксиндер мен дибензофурандарды, гексахлорбензол мен полихлорланған дифенилдерді әдейі емес өндіру мынадай санаттарға тура келетін:
      а) қоқыс үйінділерін қоса, қалдықтарды ашық жағуды;
      b) II бөлімде аталмаған металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындарындағы термиялық процестерді;
      с) үй шаруашылықтарындағы жағу процестеріне байланысты көздерді;
      d) коммуналдық жүйе қазандықтары мен өнеркәсіп қазандықтарындағы отынның қазбалы түрлерін жағуды;
      е) ағаш сүректері мен биомассадағы отынның өзге де түрлерін жағуды;
      f) әдейі құрайтын орнықты органикалық ластағыштарды шығарумен қоса жүретін химиялық заттар өндірісінің, ең алдымен хлорфенолдар мен хлоранил өндірісінің нақты процестерін;
      g) крематориді;
      h) ең алдымен этилді бензинде жұмыс істейтін көлік құралдарын;
      і) жануарлардың кесек еттерін жоюды;
      j) тоқыма және былғары өнеркәсібінде бояуды (хлоранилді пайдалана отырып) және әшекейлеуді (сілтіні экстрактілеу көмегімен);
      k) өзінің қызмет мерзімін өтеген автомобильдерді өңдеу үшін қондырғыларды;
      l) ұшқындата от шашатын мыс кабелдерін өңдеуді;
      m) пайдаланып біткен майларды өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды қамтитын көздер жағдайында да орын алуы мүмкін.

  IV бөлім: Анықтамалар

      1. Осы қосымшаның мақсаты үшін:
      а) "полихлорланған дифенилдер" дифенил молекуласындағы сутегі атомдары (бір көміртегі-көміртегі байланысының орнына екі бензол сақинасы қосылған) саны онға дейін жететін хлор атомымен араласуы мүмкін ароматтық қосылыстарды білдіреді;
      b) "полихлорланған дибензо-п-диоксиндар" мен "полихлорланған дибензофурандар" полихлорланған дибензо-п-диоксиндар жағдайында оттегінің екі атомымен және полихлорланған дибензофурандар жағдайында оттегінің бір және бір көміртегі-көміртегі байланысымен қосылған екі бензол сақинасынан құралған және сутегі атомдары саны сегізге дейін жететін хлор атомымен алмасуы мүмкін ароматтық қосылыстарды болып келеді.
      2. Осы қосымшада полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандардың уыттылығы балама уыттылық көмегімен беріліп, ол диоксиндар сияқты тектес полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандардың және планарлы полихлорланған дифенилдердің 2,3,7,8-тетрахлордибензо-п-диоксиндарға қатысы жағынан салыстырмалы түрдегі уыттылық белсенділігін өлшеуге мүмкіндік береді. Осы Конвенцияның мақсаты үшін пайдаланылатын уыттылық баламасы факторының маңызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1998 жылы қабылдағаннан бастап полихлорланған дибензо-п-диоксиндар мен дибензофурандарға және планарлық полихлорланған дифенилдерге қатысты сүтқоректілер үшін уыттылық баламасы факторының маңызының белгіленген халықаралық стандарттарымен сәйкес келеді. Шоғырланым уыттылық баламаларымен беріледі.

  V бөлім: Ең үздік қазіргі бар әдістерге және табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлеріне қатысты жалпы басшылыққа алатын нұсқаулар

      Осы бөлімде I бөлімде аталған химиялық заттарды болдырмауға немесе қысқартуға қатысты Тараптар үшін арналған жалпы басшылыққа алатын нұсқаулар келтіріледі.

       А. Ең үздік әдістерге де және табиғат қорғау қызметінің ең
       үздік түрлеріне де қатысты болдырмау жөніндегі жалпы шаралар

      I бөлімде аталған химиялық заттардың пайда болуын және шығарылуын болдырмауға әдістерді қарауға басым назар аударылуға тиіс. Тиімді шараларға мыналар:
      а) аз қалдықты технологияларды пайдалану;
      b) қаупі азырақ химиялық заттарды пайдалану;
      с) қандай бір процесс шеңберінде құралатын және пайда болатын қалдықтар мен заттар рекуперациясының және рециркуляциясының практикасы қолданылуына жәрдемдесу;
      d) бастапқы материалдарды олар орнықты ластағыш заттар болып табылатын немесе көздерден орнықты ластағыш заттар материалдары мен шығарулары арасындағы тікелей байланысы болатын жағдайларда ауыстыру;
      е) профилактикалық жөндеу саласындағы ұтымды шаруашылық жүргізу және бағдарламалар;
      f) қоқыс үйінділерін жағуды қоса, қалдықтарды ашық немесе өзге де бақылаусыз жағуды тоқтату мақсатында қалдықтарды реттеу әдістерін жетілдіру. Қалдықтарды жою жөніндегі жаңа қондырғыларды салу туралы ұсыныстарды қарау кезінде, қалдықтардың аз көлемінің пайда болуына әкеп соғатын ресурстарды қалпына келтіруді, қайталап пайдалануды, рециркуляцияны, қалдықтарды бөлуді және өнімдерді пайдалануға жәрдемдесуді қоса, тұрмыстық және медициналық қалдықтардың пайда болуын барынша қысқарту жөніндегі шаралар ретіндегі осындай баламаларға назар аударған жөн. Осы көзқарас негізінде адам денсаулығын қорғау мәселелері мұқият қаралуға тиіс;
      g) өнімдерде ластағыштар түрінде қатысатын осы заттардың барынша қысқаруы;
      h) қарапайым хлор пайда болатын әктейтін агент ретінде қатысатын қарапайым хлорды немесе химиялық заттарды пайдаланудан қашу қажеттігі жатуы мүмкін.

  В. Ең үздік бар әдістер

      Ең үздік бар әдістер тұжырымдамасы қандай бір нақты әдістерді немесе технологияларды көздемейді, керісінше тиісті қондырғының техникалық сипаттамаларын, оның географиялық орнын және жергілікті табиғат жағдайларын есепке алуды қамтамасыз етуге бағытталған. I бөлімде аталған химиялық заттар шығарылуын азайтуға бағытталған тиісті реттеу шаралары жалпы алғанда бірдей. Ең үздік бар әдістерді айқындау кезінде тұтас алғанда да және нақты жағдайларда да, бұл орайда қандай бір шарамен байланысты ықтимал шығыстар мен пайдалар туралы ұмытпай және сақтандыру мен профилактика пайымдауларын есепке алу туралы келесі факторларға ерекше назар аударған жөн:
      а) жалпы пайымдаулар:
      і) тиісті шығарулар зардаптары мен массасы: әдістер көздердің
         мөлшеріне қатысты түрленуі мүмкін;
      іі) жаңа немесе бұрыннан бар қондырғыларды пайдалануға қосу
          мерзімі;
      ііі) ең үздік бар әдісті енгізу үшін қажет уақыт;
      іv) нақты процесте пайдаланылатын шикізат материалдарын тұтыну
          көлемі және сипаты және оның энергиялық тиімділігі;
      v) қоршаған ортаға шығарудың және ол үшін тәуекелдердің
         жиынтық әсерлерінің алдын алу немесе барынша азайту
         қажеттігі;
      vі) авариялардан сақтану және қоршаған орта үшін олардың
          зардаптарын барынша азайту қажеттігі;
      vіі) жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық талаптарды және
           техника қауіпсіздігі ережелерін қамтамасыз ету қажеттігі;
      vііі) өнеркәсіптік кәсіпорындар деңгейінде табысты сыналған
           салыстыруға болатын процестер, қондырғылар немесе
           пайдалану әдістері;
      іх) ғылыми білімдер саласындағы техникалық жаңалықтар мен
          өзгерістер және қандай бір мәселелерді түсіну;
      b) шығаруларды азайту жөніндегі жалпы сипаттағы шаралар: осы қосымшада аталған химиялық заттар шығарылуы болатын кездегі жаңа қондырғыларды салу немесе бұрыннан бар қондырғыларды пайдалана отырып, түрлендіру кезінде ұқсас пайдалылығы болатын, бірақ олардың кезінде осындай химиялық заттардың пайда болуы мен шығарылуын болдырмайтын балама процестерге, әдістер мен практикаға бірінші кезекте назар аударған жөн. Осындай қондырғыларды салу немесе елеулі түрлендіру жүргізу жағдайларында А бөлімінің V бөлігінде жазылған шығарулардың алдын алу жөніндегі шараларға толықтыруға шығаруларды қысқарту жөніндегі мынадай шаралар да ең үздік бар әдістер айқындау кезінде ескерілуі мүмкін:
      і) түтіндік газды тазалаудың жетілдірілген әдістерін, мысалы
         термиялық және каталиттік жағу немесе қышқылдандыру,
         шаңның шөгу немесе сорып алу әдістерін пайдалану;
      іі) қалдықтарды, сарқынды суларды, сарқынды сулар қалдықтары
          мен шөгінділерін, мысалы, термиялық әсер ету немесе
          оларды инертті жүйеге ауыстыру арқылы немесе оларды
          детоксификациялау жөніндегі химиялық процестерді қолдана
          отырып, өңдеу;
      ііі) шығаруларды қысқартуға немесе жоюға апаратын процестер
           сипатындағы өзгерістер, мысалы тұйық жүйелерге ауысу;
      іv) толық жануды қамтамасыз ету үшін технологиялық
          процестерді түрлендіру, мұның өзі осы қосымшада аталған
          химиялық заттардың пайда болуын, жану температурасы
          немесе сақтау кезеңі сияқты бақылау негізінде болдырмауға
          мүмкіндік береді.

  С. Табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлері

      Тараптар Конференциясы табиғат қорғау қызметінің ең үздік түрлеріне қатысты нұсқаулар әзірлей алады.

  D қосымшасы
АҚПАРАТҚА ЖӘНЕ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

      1. А, В және/немесе С қосымшаларына қандай бір химиялық заттарды енгізу туралы ұсыныс білдірген Тарап химиялық заттарды а) тармақшасында көрсетілген әдіспен сәйкестендіреді және осы химиялық заттар, егер бұл қажет болса, b) - е) тармақшаларында жазылған іріктеу критерийлеріне сәйкес, оның өтпелі өнімдері туралы ақпаратты ұсынады:
      а)  осы химиялық заттарды сәйкестендіру деректері:
      і) саудалық атын немесе атауларын, коммерциялық атауын немесе
         атауларын, және синонимдік атауларын, Химия жөніндегі
         талдау шолуларды әзірлеу қызметінің тізіліміндегі нөмірін
         (КАС), Теориялық және қолданбалы химия халықаралық одағы
         (ТҚХХО) берген атауды қоса алғанда, атаулары; және
      іі) құрылымы, оның ішінде онда осы қолданылатын өлшем
          шамаларының сипаттамасы және химиялық сынып құрылымы;

      b)  орнықтылық :

      і) химиялық заттардың суда жартылай ыдырау кезеңі екі айдан
         асатынын немесе оның топырақта жартылай ыдырау кезеңі алты
         айдан асатынын немесе оның шөгінділердегі жартылай ыдырауы
         алты айдан аспайтынын көрсететін нақты деректер; немесе
      іі) осы химиялық заттардың қалған параметрлер бойынша
          осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберінде оны қарау
          негізді деп есептеу үшін жеткілікті дәрежеде орнықты
          болатынын көрсететін нақты деректер;

      с)  биожиналым :

      і) химиялық заттардың су түрлері жағдайында биошоғырланым
         факторы (БШФ) немесе биожиналым факторы (БЖФ) 5 000-нан
         асатынын көрсететін нақты деректер немесе log Kow
         көрсеткіші кемінде 5-тен астам болатын БШФ және БЖФ-ті
         сипаттайтын деректердің болмауы;
      іі) химиялық заттардың мазасыздық туғызатын басқа қасиеттерге
          ие болатынын, мысалы, басқа түрлер биожиналымының жоғары
          деңгейін, жоғары уыттылығын немесе экоуыттылығын
          көрсететін нақты деректер; немесе
      ііі) биот мониторингінің деректері химиялық заттар
           биожиналымының әлеуеті осы Конвенцияның қолданылу саласы
           шеңберінде оны қарау негізді деп есептеу үшін жеткілікті
           дәрежеде елеулі болып табылатынын көрсетеді;

              d) қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшу қабілеті:

      і) оның босатылу көздерінен алыста болатын аудандардағы
         химиялық заттардың өлшенген деңгейлері әлеуетті мазасыздық
         туғызады;
      іі) химиялық заттардың қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуін
          көрсететін мониторинг деректері қабылдайтын ортаға көшу
          мүмкіндігі кезінде ауада, суда немесе көші-қон түрлері
          арқылы жүруі мүмкін; немесе
      ііі) химиялық заттардың ауада, суда немесе көші-қон түрлері
           арқылы қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуін
           көрсететін экологиялық»"тағдырын" және/немесе моделдеу
           нәтижелерін және оның босатылу көздерінен алыста болатын
           аудандардағы қабылдайтын ортаға көшуге әлеуеттік
           қабілетін сипаттайтын факторлар. Ауада елеулі қашықтыққа
           көшетін химиялық заттар жағдайында ауа ортасындағы
           жартылай ыдырау кезеңі екі күннен асуға тиіс; және

      е)  қолайсыз зардаптар :

      і) осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберінде бұл
         химиялық заттарды қарау негізді деп есептеуге негіз
         беретін адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қолайсыз
         әсерін көрсететін нақты деректер; немесе
      іі) адам денсаулығы немесе қоршаған орта үшін әлеуетті залалды
          көрсететін уыттылық немесе экоуыттылық туралы деректер.
      2. Ұсынушы Тарап, осы жерде мүмкін болғанынша, оның қоршаған ортада үлкен қашықтыққа нақты немесе көзделетін көшуі нәтижесіндегі қандай бір химиялық заттардың айқындалған және болжамданған деңгейлерімен бірге уыттылығы немесе экоуыттылығы туралы деректерді салыстыруды қоса, мазасыздық туғызатын себептерді баяндауды, сондай-ақ ғаламдық бақылау қажеттігі туралы қысқаша мәлімдемені ұсынады.
      3. Ұсынушы Тарап мүмкін болғанынша және жеке әлеуетін ескере отырып, 8-баптың 6-тармағында аталған ұсыныстарды қарауды қолдауға қосымша ақпарат ұсынады. Тарап мұндай ұсынысты әзірлеу кезінде кез келген көздің техникалық сарапшылық көмегін пайдалана алады.

  Е қосымшасы
ТӘУЕКЕЛДЕР СИПАТТАМАСЫ ҮШІН ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      Шолудың мақсаты қаралатын химиялық зат ғаламдық шаралар қабылдауды ақтайтындай оның қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуі нәтижесінде адам денсаулығы және/немесе қоршаған орта үшін елеулі қолайсыз зардаптар туғызады ма дегенді бағалау болып табылады. Бұл үшін тәуекелдер сипаттамасы әзірленіп, онда D қосымшасында аталған ақпарат егжей-тегжейлі қаралады және бағаланады әрі қаншалықты мүмкін болғанынша, мынадай ақпарат келтіріледі:
      а) қажет жағдайда, қоса, мына көздер:
      і) өндіру туралы деректер, оның ішінде мөлшері және
         тұрған жері;
      іі) пайдаланылу түрлері; және
      ііі) шығарулар, мысалы, тастаулар, ағулар мен газ тәрізді
           қалдықтар;
      b) бірнеше химиялық заттардың қатысуымен уытты өзара
         әсерлерді қоса, тиісті соңғы тармақ немесе тармақтар үшін
         тәуекелдерді бағалау;
      с) химиялық заттардың химиялық және физикалық қасиеттері мен орнықтылығы туралы және олардың оның қоршаған ортаға көшуімен, табиғи орталар шегінде және олардың арасында араласуымен, құрылымы бұзылуымен және басқа химиялық заттарға айналуымен қалай байланысатыны туралы деректер мен ақпаратты қоса, экологиялық»"тағдыры". Өлшенген шамаларға негізделген биожиналым факторының және биошоғырланым факторының мәні мониторинг деректері жеткілікті болып есептелетін жағдайларды қоспағанда, міндетті түрде ұсынылуға тиіс;
      d) мониторинг деректері;
      е) жергілікті аудандардағы әсерлер туралы, атап айтқанда, биологиялық ортада болуына қатысты ақпаратты қоса, қоршаған ортада үлкен қашықтыққа көшуі нәтижесіндегі әсерлер туралы деректер;
      f) тәуекелдерді ұлттық және халықаралық бағалаулар, талдаулар және олардың сипаттамалары, егер олар бар болса, тәуекелдерді таңбалау ақпараты және сыныптау; және
      g) халықаралық конвенцияларға сәйкес химиялық заттар мәртебесі.

  F қосымшасы
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙЫМДАУЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Осы Конвенцияға енгізу үшін қарауда болатын химиялық заттарға қатысты өтінішті және жоюды қоса, нұсқалардың толық жиынтығын көздейтін мүмкін болатын реттеу шараларын жүргізген жөн. Бұл мақсаттар үшін мүмкін болатын реттеу шараларымен байланысты әлеуметтік-экономикалық пайымдауларға қатысты тиісті ақпаратты қамтамасыз ету қажет, мұның өзі Тараптар Конференцияларына тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік берген болар еді. Осындай ақпаратта Тараптардың мүмкіндіктері мен жағдайларындағы айырмашылықтар тиісті түрде ескерілуге, сондай-ақ мәселелердің мынадай үлгі тізбесі бойынша пайымдаулар келтірілуге тиіс:
      а) міндеттерді шешуді реттеудің тәуекелдерді азайту жөніндегі мүмкін болатын шараларының пәрменділігі мен тиімділігі;
      і) техникалық жүзеге асырылуы; және
      іі) қоршаған ортаны қорғауға және денсаулық сақтауға
          шығындарды қоса, шығындар;
      b) баламалар (өнімдер мен процестер):
      і) техникалық жүзеге асырылуы;
      іі) қоршаған ортаны қорғауға және денсаулық сақтауға
          шығындарды қоса, шығындар;
      ііі) тиімділігі;
      іv) тәуекелдер;
      v) бар болуы; және
      vі) қол жетімділігі;
      с) қоғам үшін реттеудің мүмкін болатын шараларын жүзеге асыруға байланысты оң және/немесе жағымсыз салдарлар:
      і) денсаулық сақтау, оның ішінде қоғамдық денсаулық сақтау,
         қоршаған орта санитариясы және еңбек гигиенасы;
      іі) ауыл шаруашылығы, оның ішінде аква мәдениеті мен орман
          шаруашылығы;
      ііі) биота (биологиялық алуан түрлілік);
      іv) экономикалық аспектілер;
      v) тұрақты дамуға қол жеткізу ісіндегі прогресс; және
      vі) әлеуметтік шығындар;
      d) қалдықтарға және оларды жоюға байланысты салдарлар (атап айтқанда, пестицидтердің ескірген запастары және ластанған жерлерді тазарту);
      і) техникалық жүзеге асырылуы; және
      іі) шығындар;
      е) ақпаратқа қол жетімділік және жұртшылықты ағарту;
      f) реттеу және мониторинг жай-күйі; және
      g) тәуекелдерді басқару туралы балама және басқа да кез келген тиісті ақпаратты қоса, ұлттық және аймақтық деңгейлерде қабылданатын кез келген реттеу шаралары.

       РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының ағылшын тіліндегі мәтіні беріліп отыр.