"Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына қосылуы және оны ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 17 қазандағы N 998 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
      10-тармақтың үшiншi абзацы 5) тармақшадағы "трафигiн" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) IР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі