Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 174 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 48-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы "мөлшерiмен" деген сөзден кейiн "не монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының процентiмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 69-баптың екiншi бөлiгi "салық салу" деген сөздерден кейiн ", табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "147-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi
                (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық)
                 жағдайды терiс пайдалану

      Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалану, -
      дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) мынадай мазмұндағы 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптармен толықтырылсын:

      "147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезiнде нарық
                  субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi

      Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектiлерiнiң оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      147-3-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiн орындамау.
                 Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және
                 үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасау

      Шешiмдi (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кiруiне кедергi жасау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      147-4-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi,
                 жосықсыз бәсеке

      1. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жосықсыз бәсеке -
      дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу

      Табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар туралы заңнамамен белгiленген шектеулердi сақтамауы, табиғи монополия субъектiсiнiң мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзге де бұзуы -
      дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "147 (үшіншi бөлiгiнде), 147-1," деген сөздер алып тасталсын;

      6) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "565-бап. Монополияға қарсы орган

      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147, 147-2, 147-3, 147-4-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";

      7) мынадай мазмұндағы 565-1-баппен толықтырылсын:

      "565-1-бап. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды
                  және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган

       1. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-5-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";

      8) мынадай мазмұндағы 565-2-баппен толықтырылсын:

      "565-2-бап. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған
                  қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын
                  уәкiлеттi орган

      Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";

      9) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
      отыз бiрiншi абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы отыз үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (356-бап);";

      10) 638-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "дереу," деген сөзден кейiн "монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      134-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 6-баптың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.";

      2) 14-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.";

      3) 16-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.".

      4. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):
      1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiпорындардың (мемлекеттiк монополия субъектiлерiн қоспағанда) монополиялық түрде өткiзетiн тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) бағалардың көтерiлуiне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган мұндай бағаларды белгiлеу тәртiбiн айқындайды.";

      2) 40-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазыналық кәсiпорындардың (мемлекеттiк монополия субъектiлерiн қоспағанда) монополиялық түрде өндiретiн тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) бағалардың көтерiлуiне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган мұндай бағаларды белгiлеу тәртiбiн айқындайды.";

      3) 49-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктегi "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi орталық атқарушы" деген сөздер "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық органның" деген сөздер "монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
      19-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап монополияға қарсы органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы қоса тiркеледi.".

      6. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "табиғи монополист кәсiпорындардың қызметiн монополияға қарсы реттеудi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж. N 9-10, 84-құжат; 2000 ж., N 21, 397-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-баптың сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "монополияға қарсы орган - бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту және жосықсыз бәсекенiң алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";

      2) 5-бапта:
      4), 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) бәсекенi жою және шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер).";

      3) 5-1-бапта:
      3-тармақтың екiншi абзацындағы "өтiнiшi" деген сөз "арызы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "бағдарламасын" және үшiншi бөлiктегi "бағдарламасы" деген сөздер тиiсiнше "жоспарын", "жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобының құрылуы, оның құрамы бекiтiлуi, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары белгiленуi мүмкiн.
      Тексерiлетiн субъeкт тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу үшiн қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
      Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себептерiнiң жазбаша негiздемесiн бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.
      Тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексерудi болдырмауға негiз болып табылмайды.";
      5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тексеру жүргiзу жоспары:";
      6-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi "бағдарламасына" деген сөз "жоспарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Монополияға қарсы органға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажет коммерциялық құпия ақпарат беруден бас тарту үшiн негiздеме бола алмайды.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Монополияға қарсы орган тексеру жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар тартуға құқылы.
      Тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюға және өтiнiштер жасауға тыйым салынады.";

      4) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Монополияға қарсы органның құзыретi";

      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Монополияға қарсы орган:";
      1) тармақшадағы "шекарасы бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен шығатын" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 7-1-бап алып тасталсын.

      8. "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат; 1999 ж., N 21, 763-құжат; 2005 ж., N 11, 40-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      10-баптың 7-тармағындағы "монополияға қарсы саясат саласындағы уәкiлеттi атқарушы өкiмет органының" деген сөздер "монополияға қарсы органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тауарларды (мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер атқаратын жұмыстарды, көрсететiн қызметтердi) мемлекеттiк реттеу мақсатында монополияға қарсы орган мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтерге баға белгiлеу тәртiбiн айқындайды.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-6) тармақшасы алып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      68-баптың 6-тармағының екiншi бөлiгiндегi "монополияға қарсы заңдардың нормалары мен ережелерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөнiндегi қызметтерiне, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өткiзуге, сақтауға арналған тарифтердi бекiтедi.".

      13. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):
      6-бап алып тасталсын.

      14. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      26-баптың 1-тармағындағы "оның құрылымын монополияға қарсы орган" деген сөздер "оны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті