"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі N 597 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бапта:
      4) тармақшадағы "аттестаттау" деген сөз "мемлекеттiк аттестаттay" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;";

      5) тармақшадағы "мен бiлiктiлiк" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) бiрыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында жоғары сатыда бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi;";

      19) тармақшадағы ", нәтижелерi бойынша бiлiмi туралы құжат (куәлiк, аттестат, мамандық куәлiгi, диплом) берiлетiн" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;";

      20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;";

      22) тармақшадағы "жоғары сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 27-1), 28-1), 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "27-1) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, бiлiм алушылар контингентiнiң, бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйiн және өзгерiстер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;";

      "28-1) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiр оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
      28-2) аралық мемлекеттiк бақылау - бiлiм сапасын бiлiм беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi;";

      39) тармақшадағы "толық көлемiнде" деген сөздер "осы Заңда белгiленген шекте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "39-1) штаттағы оқытушы - бiлiм беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және жеке еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "40) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ бiлiм беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бiрi;";

      41-1) тармақшадағы "жұмыс iстейтiн орта оқу орны" деген сөздер "бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";

      3) 4-бапта:
      2-тармақ "осы деңгейлердiң" деген сөздерден кейiн "(олардың сатыларының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацы ", мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-баптың 1-тармағының төртiншi және алтыншы абзацтары алып тасталып, бесiншi абзацтағы "деңгейiне" деген сөз "қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей стандарттары белгiленедi." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Бiлiм беру ұйымдары

      1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң күтiмi мен тәрбие алуын қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып табылады.
      Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
      Бiлiм беру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.
      2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
      3. Бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.
      Бiлiм беру ұйымдарының мәртебесiн растау немесе өзгерту мемлекеттiк аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      4. Бiлiм беру ұйымдары:
      1) мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi және бiлiм беру кәсiпорындары);
      2) жеке меншiк болуы мүмкiн.
      5. Бiлiм беру ұйымдары:
      1) мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;
      2) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк және қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары болып бөлiнедi.
      Бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      6. Жеке адамды тәрбиелеуде, оқытуда, кәсiби қалыптастыруда аса зор үлес қосқан жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ерекше мәртебе берiлуi мүмкiн.
      Жекелеген жағдайларда ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.";

      6) 12-бапта:
      1-тармақтағы "мамандықтар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы бiрiншi сөйлем "филиалдары" деген сөзден кейiн "олар үшiн лицензияға жеке қосымшалар берiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) штаттағы оқытушылардың бар екенiн растайтын құжат;
      7) дербес оқу-материалдық базасының бар екендiгiн растайтын құжаттар.";

      8-тармақта:
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "көрсеткiштердiң бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарымен белгiленгеннен төмендеп кетуi;";

      үшiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "негiз болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
       "лицензиаттың лицензия алу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат беруi негiз болып табылады.";

      7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Бiлiм беру ұйымдарына бiлiм алушылар мен
               тәрбиеленушiлердi қабылдауға қойылатын
               жалпы талаптар

      1. Азаматты бiлiм беру ұйымына қабылдау кезiнде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн бiлiм беру ұйымының жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиямен, қабылдау тәртiбiн және оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
      Қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдау ережелерiне сәйкес белгiленедi.
      2. Осы аумақта тұратын және тиiстi сатыда бiлiм алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн бастауыш жалпы, негiзгi жалпы және орта жалпы бiлiм беру сатыларындағы бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың тәртiбiн құрылтайшы белгiлейдi.
      3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм алу үшiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiп, неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.
      Конкурс:
      1) ағымдағы жылғы бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
      2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында аталғандарға жатпайтын адамдар үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде өткiзiледi.
      Бiлiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда - кредиттердi) алуға конкурс өткiзiлген кезде:
      1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылардың;
      2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандығының олар жеңiмпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңiмпаздарының басым құқығы болады.
      Бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн алуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.
      4. Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.
      5. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде:
      1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;
      2) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;
      4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн қабылдау квотасы көзделедi.
      6. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      Мамандықтардың және арнаулы немесе шығармашылық емтихандар еткiзу тәртiбiнiң тiзбесi Yлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi.  (РҚАО-ның ескертуі:  V001118  ;  V001245  ;  V022136  қараңыз)
      7. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау орта бiлiмi бар азаматтар арасынан жүзеге асырылады.
      8. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Мамандықтардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      9. Бiлiм беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртiбiн осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде құрылтайшы белгiлейдi және ол бiлiм беру ұйымының жарғысында бекiтiледi.";

      8) 14-бапта:
      1-тармақтағы "Барлық деңгейдегi" деген сөздер алып тасталып, олардан кейiнгi "бiлiм" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

      2-тармақтағы "бiтiрушiлердi" деген сөз "бiлiм алушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру

      Оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгiзу, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.";

      10) 15-бапта:
      2-тармақтағы "бiлiм беру ұйымдарының оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздер "бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "олармен" деген сөз "олармен келiсiлген" деген сөздермен, "келiседi" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Лицензиясы бар, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен және жалпы бiлiм беру (мектепке дейiнгiнi қоспағанда) мен (немесе) кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткен азаматтарға бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар бередi.";

      12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi бiрлестiктер

      Бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған олардың бiрлестiктерi бiлдiре алады.";

      13) 18-баптың 8-тармағы "бiлiм беру ұйымдарында" деген сөздерден кейiн "(эксперименттiк алаңдарда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 20-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiндегi "кәмелетке толмағандар iстерi" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 23-баптың 4-тармағындағы "мектепке дейiнгi ұйымда немесе мектепте" деген сөздер "мектепке дейiнгi ұйымның мектеп алдындағы топтарында немесе жалпы бiлiм беретiн мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 24-бапта:
      4-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған сатылар бiрге немесе дербес жұмыс iстей алады. Олар тиiсiнше жалпы бастауыш, негiзгi жалпы, жалпы орта бiлiм берудi iске асырады. Жалпы бiлiм беретiн оқу орнының мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi және жоғары сатыларының бiлiм беру бағдарламалары сабақтас болып табылады, әрбiр келесi бағдарлама алдыңғысына негiзделедi.";
      6-тармақтың төртiншi бөлiгi "Кәсiптiк оқыту" деген сөздерден кейiн "бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған кезде," деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 25-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жоғары оқу орындарының филиалдары мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асырады.
      Бiлiм алушылардың мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарының жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер жөнiндегi оқу бағдарламаларын меңгеруi филиал құрған жоғары оқу орындарында жалғастырылады.";

      6-тармақта:
      "алуы мүмкiн" деген сөздер "алуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      "қысқартылған, жеделдетiлген бiлiм бағдарламалары" деген сөздер "жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қысқартылған мерзiмде" деген сөздер "жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Қосымша кәсiптiк бiлiм беру

      1. Кәсiптiк бiлiм берудiң әрбiр сатысының шегiнде қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерi технологиялар мен өндiрiсте болып жатқан өзгерiстерге байланысты оларға қойылатын талаптарды ұдайы арттыруды ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшiлердiң, мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз арттыру, еңбек нарығы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша мамандықтар алу арқылы кәсiби бiлiмдi, дағдылар мен iскерлiктi тереңдету және кәсiби мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.
      2. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгi нысандары бiлiктiлiктi арттыру мен кадрларды қайта даярлау болып табылады.
      3. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын бiлiм беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен қосымша бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ нысанасы бiлiм беру қызметi болып табылатын тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi бар өзге де заңды тұлғалар бекiтедi және iске асырады.
      4. Қосымша кәсiптiк бiлiм беру республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      5. Бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру кемiнде бес жылда бiр рет жүзеге асырылады.";

      19) 29-бап:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және болашақтағы қажеттiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн құрады;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестердiң кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етедi және кәсiптiк жоғары бiлiмi мен жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi бар, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаражат алатын ұйымдарда кәсiптiк орта бiлiмi бар мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) мемлекеттiк атаулы стипендияны белгiлейдi;
      8) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi.";

      20) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) бiлiм беру сапасын басқаруды жүзеге асырады, бiлiм беру сапасын бағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi, техникалық және технологиялық нормаларды қабылдайды;
      3-2) бiлiм беру мониторингiн және бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережесiн бекiтедi;
      3-3) бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
      3-4) сырттай, кешкi және экстернат нысанында бiлiм алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
      3-5) жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында бiлiм алуға рұқсат бередi;";

      5) және 8) тармақшалардағы "мемлекеттiк комитеттермен," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) бiлiм алушылардың үлгерiмiне, оларды аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттауға ағымдағы бақылау жүргiзудiң нысанын әзiрлейдi және тәртiбiн бекiтедi;
      8-2) бiрыңғай ұлттық тестiлеудi және кешендi тестiлеудi өткiзудiң ережелерi мен технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
      8-3) санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға алып келетiн аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың шектi санын бекiтедi;
      8-4) техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсiптiк дайындық деңгейiн растаудың және бiлiктiлiк берудiң тәртiбiн әзiрлеп, бекiтедi;";

      9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-1) бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) оқу-ғылыми жабдықтарды әзiрлеу мен өндiрудi, шығармашылық сайыс негiзiнде оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарын дайындау мен басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және бiлiм беру ұйымдарына оқу әдебиеттерiн таңдаудың тетiгiн жасайды;";

      11) тармақша "басқа да әдебиеттердi" деген сөздерден кейiн ",  соның iшiнде электрондық жеткiзгiштегi әдебиеттердi" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) жалпы бiлiм беру пәндерi бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылардың және кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын өткiзудi ұйымдастырудың ережесiн бекiтедi;";

      13) тармақшадағы "республикалық бюджеттен қаржыландыру" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақша "үлгi ережелерiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бiлiм беру қызметтерiн ақылы көрсету шартының үлгiлiк нысанын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 16-1), 16-2), 19-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн бекiтедi;
      14-2) күндiзгi оқыту нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;";

      "16-1) бiлiм алуды аяқтамаған азаматтарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
      16-2) бiлiм беру қызметiнде бiлiм беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;";

      "19-1) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесiн бекiтедi;";

      "21-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау ережесiн бекiтедi;";

      21) 31-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк құралдарын алуды және жеткiзудi ұйымдастырады, соның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарының мiндеттi данасымен қамтамасыз етедi;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) кәсiптік бiлiм беру және кадрларды даярлау мәселелерi бойынша оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасында әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға жәрдемдеседi;";

      22) 33-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар етедi.";

      3-тармақта:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарының бiлiм алушылар контингентiн қалыптастыру тиiстi үлгiдегi Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң, кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары конкурсының негiзiнде жүзеге асырылады; (РҚАО-ның ескертуі:  V001118  ;  V001245  қараңыз) ";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) бiлiм беру процесi мен бiлiм беру технологияларының әдiстемелерiн, оның iшiнде дистанциялық бiлiм беру технологияларын пайдалану және жетiлдiру;
      6) бiрыңғай ұлттық тестiлеудi және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi берудi қоспағанда, бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) қоғамдық өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер органдарының қызметiне жәрдемдесу;";

      23) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Бiлiм беру ұйымдарын басқару

      1. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымы қызметiнiң үлгiлiк ережелерi мен бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Бiлiм беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары бiлiм беру ұйымының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) кеңестер және басқа да нысандар болып табылады, олардың жұмысын ұйымдастыру ережелерiн, оларды сайлау тәртiбiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      3. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды меңгерушi, директор, ректор немесе өзге де басшы жүзеге асырады.
      4. Бiлiм беру ұйымының басшысын құрылтайшы тағайындайды.
      5. Бiлiм беру ұйымы басшысының мәртебесi, бiлiм беру ұйымының алқалы органдарының құрамы, өкiлеттiгi, сайлау тәртiбi және қызметi, олардың арасындағы өкiлеттiктiң ара-жiгiн ажырату тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен айқындалады және олардың жарғыларымен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
      6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының басшыларына өздерiнiң қызметтерiн бiлiм беру ұйымдары iшiндегi немесе одан тыс жерлердегi басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) қызметтермен қоса атқаруға рұқсат етiлмейдi.
      7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары, олардың филиалдары (бөлiмдерi) басшыларының қызметтiк мiндеттерiн қоса атқаруға болмайды.";

      24) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау

      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң азаматтардың бiлiм алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн, мемлекеттiк жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары оны өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау объектiлерi:
      1) негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      2) бiлiм алушылардың тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру деңгейi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк бақылаудың негiзгi түрлерi:
      1) аралық мемлекеттiк бақылау;
      2) бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау;
      3) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
      4) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу;
      5) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
      6) бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк бақылау түрлерi мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) ауызша;
      2) жазбаша;
      3) бiрыңғай ұлттық тестiлеу;
      4) кешендi тестiлеу;
      5) тестiлеу;
      6) тексерулер.
      Мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезiнде көрсетiлген нысандар аралас атқарылуы мүмкiн.
      5. Аралық мемлекеттiк бақылау:
      1) тиiстi сатыдағы бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын бiлiм алушылардың меңгергенiн тексеру мақсатында жалпы орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында;
      2) бiлiм алушылардың кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандартының әлеуметтiк-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейiндi пәндер циклына кiретiн жекелеген пәндердi игергенiн олар екiншi курсты бiтiргеннен кейiн (медициналық оқу орындарында - үшiншi курсты бiтiргеннен кейiн) тексеру мақсатында кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындаған тәртiпте аралық мемлекеттiк бақылаудан қайтадан өтуге құқығы бар.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан екiншi рет өтпеген студенттер - мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң иелерi мемлекеттiк бiлiм беру гранты мен кредитi бойынша бiлiм алуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан екiншi рет өтпеген ақылы бөлiмдердiң студенттерi ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қала алады.
      Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.
      Аралық мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң ережелерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      6. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу кәсiптiк орта бiлiм немесе жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына ағымдағы жылы түсуге тiлек бiлдiретiн жалпы орта бiлiм беру ұйымының жоғары сатысында бiлiм алушылар үшiн жыл сайын жүзеге асырылады.
      Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырудан босатылады.
      7. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.
      Бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау бiлiм беру ұйымдары үшiн көзделген тәртiппен бiлiм беру ұйымының құрамында өткiзiледi.
      Алғашқы мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
      1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
      2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бiрiншi бiтiруiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрiлмей;
      3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейiн өткiзiледi.
      Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Жоғары оқу орындарын акредиттеу олардың өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк аттестаттау негiзiнде жүзеге асырылады.
      Акредиттеу ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

      25) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:

      "35-1-бап. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын
                 ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында бiлiм берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және жұмыс iстейдi.
      2. Бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi белгiленген көрсеткiштер бойынша бiлiм беру жүйесiндегi есептiң деректерiн, бiлiм беру мониторингiнiң деректерiн және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi мемлекеттiк органдары, бiлiм беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.";

      26) 36-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Азаматтар ақылы оқуға түскен кезде бiлiм беру ұйымы олармен бiлiм беру қызметiн ақылы көрсету шартын жасасуға мiндеттi.";

      3-тармақтың 6) тармақшасы "оқулықтармен" деген сөзден кейiн ", оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда бiлiм алушыға Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген мерзiмге және тәртiппен академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.";

      7-тармақта:
      "Мемлекеттiк бiлiм беру" деген сөздер "Бiлiм бepy" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мейлiнше дарынды аспиранттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушы студенттерiне жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленедi.
      Жеке және заңды тұлғалар белгiлейтiн атаулы стипендиялар кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндiзгi нысанында бiлiм алушыларға тағайындалады.
      Атаулы стипендиялардың мөлшерiн және оларды төлеу тәртiбiн оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.";

      10-тармақтың бiрiншi бөлiгi "балалар үйлерiн" деген сөздерден кейiн "және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарын, Жасөспiрiмдер үйлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 39-баптың 2-тармағы "педагогтiк қызметпен" деген сөздерден кейiн "(жоғары оқу орындарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 40-бапта:
      2-тармақ "айлықақылары" деген сөзден кейiн "мамандығы бойынша жұмыс стажы ескерiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "еңбекке ақы төлеу" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасы "ұйымдар" деген сөзден кейiн ", жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алдындағы сыныптары" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 41-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт" деген сөздер "бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-1. Селолық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагогикалық қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша, қызметтердiң осы түрлерiмен қала жағдайында айналысатын педагогикалық қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленуi мүмкiн.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтуге;";

      30) 42-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.";

      31) 43-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 48-бап алып тасталсын;

      33) ресми тiлде түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті