Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жедел-iздестiру қызметi мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 592 Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Кеден кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат):

      1) 16-баптағы "кеден iсiн" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 23-баптың 9) тармақшасындағы "сатып алуға" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және "құқылы." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқылы.".

      2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат):

      1) 6-баптың бiрiншi бөлiгiнiң и) тармақшасындағы "органдары" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және "жүзеге асырады;" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:
      "к) кеден органдары жүзеге асырады.";

      2) 10-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн ", кеден" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 12-баптың 2-тармағында:
      екiншi бөлiктiң а) тармақшасындағы "және қаржы полициясы" деген сөздер ", қаржы полициясы және кеден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік "қаржы полициясы" деген сөздерден кейін ", кеден" деген сөзбен толықтырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті