Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы N 537 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар, N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат):

      1) 520-1-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "Салық төлеушiнi мемлекеттiк тіркеу" деген сөздерден кейін ", осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық төлеушiлердi - заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттiк тіркеуді статистика жөніндегi уәкiлетті орган ұсынатын хабарламалардың негiзiнде салық төлеушiнің тіркеу нөмірін бере отырып, уәкілетті мемлекеттiк орган аталған хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      Хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкiлеттi органның ұсыну тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган мен статистика жөніндегі уәкiлетті органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекітедi.
      Салық төлеушiнiң куәлігін тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкілдiкке салық төлеушiнің тіркеу нөмірін берген күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде беру үшін оны салық органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен келісiм бойынша уәкiлетті мемлекеттiк орган айқындайтын тәртіппен әдiлет органына жіберуге тиiс.";

      2) 522-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "1 және 2-тармақтарының" деген сөздер "1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 523-баптың 1-тармағы "Салық төлеушiлердi" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстiң 520-1 бабының 1-1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 524-баптың 1-тармағының екiнші бөлiгi алып тасталсын;

      5) 527-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу осы Кодекстің 520-1 және 523-баптарының белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізiледi.".

      2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат, N 15, 139-құжат):

      1) 1-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "есептiк тiркеу" деген сөздерден кейін "есептік" деген сөзбен толықтырылсын; "заңдарына" деген сөз "заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта:
      екiнші абзац "және таратылу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшiншi абзац "тұлғаларды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-баптың бірінші бөлiгі "қатысушылар" деген сөзден кейiн "(мүшелер)" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 5-бапта:
      тақырыбы "мемлекеттiк тіркеуді" деген сөздерден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;";

      үшiншi абзацтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi және алтыншы абзацтар "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздерден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 6-бапта:
      тақырыбындағы "Мемлекеттiк" деген сөз "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi бөліктегі "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.";

      алтыншы бөлiктегі "тауар рыногында" деген сөздер "тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетiншi бөліктегі "заңдарда белгiленгeн тәртiппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізiншi бөлікте:
      бiрiншi абзацтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:";

      екiншi және үшiншi абзацтардың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

      тоғызыншы бөлiктегi "Заңның осы бабында" деген сөздер "осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы бөлiктiң бiрiншi сөйлемiндегі ", оның филиалы немесе өкiлдiгiнің" деген сөздер алып тасталсын;

      он бiрiнші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады.";

      6) 6-1-бапта:
      екiншi бөлiктегi "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген" тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиiс. Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады.";

      төртiншi бөлiк алып тасталсын;

      7) 7-бапта:
      тақырыбындағы "Өздерiн заңды тұлғалар ретiнде" деген сөздер "Заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi бөлiк "Егер" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiк осы бөлiктегi "шарты" деген сөзден кейiн "және" деген сөзбен толықтырылсын; "серiктестiктерi, акционерлік қоғамдар мен" деген сөздер "серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiк "заң актiлерiнде" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 8-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 9-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)
              және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу
              (қайта тiркеу) мерзiмдерi

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептік тіркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тіркелiп өтiніш берілген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірiлмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажетті құжаттары қоса тiркелiп өтініш берiлген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.";

      10) 10-баптың тақырыбы "Мемлекеттік" деген сөзден кейін "(есептік)" деген сөзбен толықтырылсын;

      11) 11-бапта:
      тақырыбы мен бiрінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Мемлекеттік (есептiк) тiркеуден және қайта
               тiркеуден бас тарту

      Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ табыстау актісiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.";

      екiнші бөліктегі "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегі "мемлекеттiк тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден немесе қайта тiркеуден" деген сөздер "мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдіктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден" деген сөздермен, "жазбаша түрде нақты заңға сәйкес келмеуiне сiлтеме жасалған дәлелдi" деген сөздер "ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заң актілерiнің талаптарына сәйкес келмейтiндігiне сiлтеме жасалған дәлелдi жазбаша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiнші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден немесе қайта тiркеуден өткiзу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген реттерде жүргiзіледi.";

      12) 12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеу немесе қайта тіркеу
               немесе қайта тіркеу туралы куәлік";

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші түзетуде мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      екінші бөлік "куәлік" деген сөзден кейін "немесе филиалды және өкілдікті есептік тіркеу туралы куәлік" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші сөйлеміндегі "заң актілерімен белгіленген тәртіпте" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Мемлекеттік статистикалық есеп

      Тіркеуші орган заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені, қызметінің тоқтатылғанын тіркеу туралы және орналасқан жерінің өзгергені туралы мемлекеттік статистика органдарына тіркеген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.
      Хабарламаның нысаны мен оны мемлекеттік статистика органдарынан ұсыну тәртібін уәкілетті мемлекеттік статистика органымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
      Мемлекеттік статистика органдары тіркеуші орган хабарламаларының негізінде заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге біріздендіріліп, бірдейлендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтарды екі жұмыс күні ішінде береді, олар туралы мәліметтерді Мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізеді.
      Біріздендіріліп, бірдейлендірілген  және басқа да жүйелік-есептік кодтардың берілгенін және Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қойылғанын растайтын құжат статистикалық карточка болып табылады, оны есепке қойылған күннен бастап мемлекеттік (есептік) тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға, филиалға және өкілдікке беру үшін тіркеуші органға бір жұмыс күні ішінде жібереді.
      Мемлекеттiк статистика органдары заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге бiрiздендiріліп, бiрдейлендiрiлген және басқа да жүйелiк-есептiк кодтар берілген күннен бастап бiр жұмыс күні ішінде caлық төлеушінің мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асыру үшiн салық органдарына хабарлама жiбередi.";

      14) 14-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады.";

      екiншi бөлiктегi "өкiлеттi органның" деген сөздер "заңды тұлғаның уәкiлеттi органының" деген сөздермен ауыстырылсын; "заң актiлерiнде" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салықтар, алымдар және бюджетке төленетін бacқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқ екендiгi туралы" деген сөздер "жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық серiктестiктерiн, жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.";

      алтыншы бөлiк алып тасталсын;

      жетiншi бөлiктегi "мемлекеттiк статистика органына және" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу

      Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi.
      Заңды тұлғаның таратылу негiздемесi бойынша қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi белгілеген нысан бойынша таратылуды тiркеу туралы өтініш;
      2) заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
      3) құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;
      4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
      5) таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
      6) тарату балансы;
      7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;
      8) заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжат;
      9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
      10) салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
      11) кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
      12) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
      13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
      Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      Егер тексеру процесінде таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын он күн ішінде тіркейді. Тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісі, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері қызметінің тоқтатылғанын тіркеуді монополияға қарсы органмен алдын ала келісе отырып, тіркеуші орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
      Заңды тұлға қызметін тоқтатқандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілгеннен кейін ол өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
      Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, уәкілетті органның осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымдарының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.";

      16) 16-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін, осы баптың бірінші бөлігінде аталған құжаттардан басқа, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы талап етіледі.";

      17) 18-баптың төртінші бөлігіндегі "эмиссиясын" деген сөз "шығарылымын" деген сөзбен ауыстырылсын; "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж. N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат):

      1) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "жарғының не" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:".

      4. "Жауапкершiлігі шектеулi және қосымша жауапкершiлігі бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж, N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат):

      67-баптың 2 және 5-тармақтары алып тасталсын.

      5. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):

      1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Коммерциялық емес ұйымның филиалы мен өкілдiгiнiң атауы өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның атауын көрсетуді қамтуға тиіс.";

      2) 27-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "берешектерiн алуға" деген сөздерден кейін ", филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығаруға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 30-бап алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi