Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440-II Заңы

Қолданыстағы

      Осы Заң аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудиттеу субъектiсi - аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен
аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға;
      2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
      3) аудитордың және аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi; 
      4) сақтанушы - сақтандырушымен аудитордың немесе аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру  шартын жасасқан аудитор немесе аудиторлық ұйым;
      5) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      6) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы аудитордың немесе аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      8) сақтандыру жағдайы - басталуына орай аудитордың немесе аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
      9) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
      10) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату.

      2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлар мен
             аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
             жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру
             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен,  осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi
             сақтандыру объектiсi

      Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.

      4-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың
             мақсаты және негiзгi принциптерi

      1. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк зиян келтiрiлген аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
      2. Мыналар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
      аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бар болған кезде жүзеге асыру;
      тараптардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.

      5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi
             сақтандырылуға жататын тұлғалар

      1. Аудиторлық қызметтi жеке кәсiпкер ретiнде жүзеге асыратын аудиторлардың және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
      2. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның кәсiби қызметтi жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiне ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оларды аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

      6-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын
             жасаспай аудитордың және аудиторлық ұйымның
             қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу

      1. Аудитор және аудиторлық ұйым аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
      2. Қызметтi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын аудитор немесе аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      7-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
             саласындағы мемлекеттiк қадағалау
             және бақылау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың осы Заңның аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау және осы талапты бұзған аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi.

2-тарау. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

      8-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты,
             оны жасасу тәртiбi

      1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне  сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
      3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
      4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының мазмұны мен ресiмделуi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
      5. Егер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.

      9-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
             жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының
             қолданылуы

      1. Егер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
      Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi аудиторлармен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi.
      3. Егер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

      10-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
              жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
              шартының қолданылуын тоқтату

      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
      1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
      3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

      11-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
              жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
              шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

      1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      2. Егер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын орындамаған сақтандырушының кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға мiндеттi. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың өзге жағдайларында сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн сақтандырудың қолданылуы iшiндегi уақытқа барабар алуға құқығы бар.

      12-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
              жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
              шартының жарамсыздығы

      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың талаптары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.

      13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтанушы:
      1) сақтандырушыдан аудиторлармен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      2) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайларда алуға құқылы.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтанушы:
      1) сақтандыру сыйлықақысын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға;
      3) аудиттi өткiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап, шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
      4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi пайда болған оқиғаның себептерi, барысы және салдары,
сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
      5) аудиттеу субъектiсiнiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
      6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға;
      7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

      14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушы:
      1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;
      3) аудиттеу субъектiлерiнiң сақтанушының аудиттi өткiзуге байланысты өз мiндеттерiн орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянын өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;
      4) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянға жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
      5) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе ішінapa жүзеге асырудан бас тартуға
құқылы.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
      2. Сақтандырушы:
      1) сақтанушыны аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;
      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге;
      4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
      5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы

      15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi

      Сақтандыру сомасының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сомасының мөлшерi:
      1) жеке кәсiпкер болып табылатын аудитормен жасасқан аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасқан күнгi белгiленген 2000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен;
      2) аудиторлық ұйыммен жасасқан аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасқан күнгi белгiленген 10 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиіс.

      16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

      Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен аспауға тиiс.

      17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен
              мерзiмдерi

      1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
      2. Егер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде  белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі

      18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң
              мөлшерiн айқындау

      1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi сақтандыру жағдайы деп танылады.
      2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушы аудиттеу субъектiлерiнiң зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi.
      3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы аудиттеу субъектiсi талап еткен сомаға орай немесе соттың осы Заңның 8-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.
      4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында  шеккен  шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе   сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
      Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi.
      5. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте франшиза мөлшерi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс.
      Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кететiн жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.

      19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары
              және тәртiбi

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы не аудиттеу субъектiсi сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса жазбаша нысанда ұсынады.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
      2) аудиттеу субъектiсiнiң келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын, зиянды өтеу туралы сақтанушы таныған құжаттар
қоса берiлген талабы немесе соттың аудиттi өткiзу кезiнде сақтанушы
келтiрген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген шешiмi;
      3) заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат;
      4) сақтанушы мен аудиттеу субъектiсi арасында жасалған, аудит жүргiзуге арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      5) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (бар болса);
      6) аудиторлық есеп-қисаптың көшiрмесi, аудиттеу субъектiсiнiң келiсiмiмен.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып анықтама беруге мiндеттi.
      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап eтугe құқылы eмec.
      5. Аудиттi өткiзу нәтижесiнде сақтанушы зиян келтiрген аудиттеу субъектiсi, ал аудиттеу субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда - оның құқық мирасқоры пайда алушы болып табылады.
      Аудиттеу субъектiсiне (оның құқық мирасқорына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығыстарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табылуы мүмкiн.
      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
      7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
      Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi
iшiнде не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуге тиiс.
      8. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн  мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.
      9. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде  белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

      20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде мынадай жағдайларда:
      1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған, не
оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасағанда;
      2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттер жасағанда;
      3) сақтанушы сақтандыру жағдайы кезiндегi шығынды азайту жөнiнде шараларды қасақана қолданбағанда;
      4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы бiле тұра жалған мәлiметтердi хабарлағанда;
      5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарын беруден бас тартқанда керi талап қоюға құқығы бар.
      2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар  үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығы төленген сома шегiнде ауысады.

      21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге
              асырудан босатудың негiздерi

      1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:
      1) аудиттеу субъектiсiнiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
      2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да:
      1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы
хабарламау;
      3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi;
      4) аудиттеу субъектiсiнiң аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген мiндеттердi бұзуы;
      5) сақтанушының аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарында белгiленген функцияларына және мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруы;
      6) аудиттеу субъектiсiнiң сақтанушыға аудит жүргiзу үшiн қажеттi толық емес және (немесе) расталмаған құжаттаманы және басқа да ақпаратты ұсынуы негiз болуы мүмкiн.
      3. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы.
      4. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi.
      5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi

      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      23-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлар мен
              аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
              жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
              заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi