Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 57-II

Қолданыстағы
      1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне Z970208_ (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 жылғы 11 және 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 12 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Z000047_ Заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 57-баптың 1-тармағында "қаржы" деген сөз "салық" деген сөзбен

ауыстырылсын. 
     2. 60-бапта: 
     1) тақырыбында және 1-тармақта "қаржы" деген сөз "салық" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     2) 2-тармақтағы "қаржы органдарына беру тәртібін Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігі мен Әділет министрлігі белгілейді" деген 
сөздер "салық органдарына беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігімен және Әділет министрлігімен келісе отырып, Мемлекеттік кіріс 
министрлігі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     3. 61-баптың 1-тармағында "қаржы" деген сөз "салық" деген сөзбен 
ауыстырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Икебаева А.Ж.
       Орынбекова Д.Қ.