Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында

Қостанай облыстық мәслихаты мен облысы әкімінің міндетін атқарушының (он тоғызыншы сессия) 1999 жылғы 2 шілдедегі шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 26 тамызда N 110 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-аумақтық құрылымы жайындағы" Заңның 11, 16 баптарына және "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 82, 83 баптарына сәйкес облыстық мәслихат пен Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ :
 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінен мыналар сұралсын:
      - Қостанай қаласының шегіне Жамбыл ауылдық округінің "Тепличное" ауылының аумағын, "Ақ-құдұқ" ЖШС 420 гектар жерін және Қостанай ауданы "Майкөл" ӨК 83 гектар қосу;
      - Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының атқарушы және уәкілетті органдары ұсынған схемалық картасына сәйкес Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының жаңа шекараларын бекіту.

Сессия төрағасы  Н. Алашбаев

Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы В. Мейстер

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы  В. Семенова