Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында

Қостанай облыстық мәслихаты мен облысы әкімінің міндетін атқарушының (он тоғызыншы сессия) 1999 жылғы 2 шілдедегі шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 26 тамызда N 110 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-аумақтық құрылымы жайындағы" Заңның 11, 16 баптарына және "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 82, 83 баптарына сәйкес облыстық мәслихат пен Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ :
 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінен мыналар сұралсын:
      - Қостанай қаласының шегіне Жамбыл селолық округінің "Тепличное" селосының аумағын, "Ақ-құдұқ" ЖШС 420 гектар жерін және Қостанай ауданы "Майкөл" ӨК 83 гектар қосу;
      - Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының атқарушы және уәкілетті органдары ұсынған схемалық картасына сәйкес Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының жаңа шекараларын бекіту.

Сессия төрағасы  Н. Алашбаев

Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы В. Мейстер

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы  В. Семенова