Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктеріне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 25 желтоқсан N 435 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1047

Қолданыстағы
      Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 V990894_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктерiне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк

тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және 
кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және 
сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерiстер 
мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық 
филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
                                               Қазақстан Республикасының
                                                      Ұлттық Банкі
                                                Басқармасының 1999 жылғы 
                                                 25 желтоқсандағы N 435    
                                                       қаулысымен
                                                       Бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
    1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысымен бекiтiлген Кредиттi  
   серiктестiкке арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға
      мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге
             өзгерiстер мен толықтырулар
     
     1. 4-тармақ "ай сайын" сөздерден кейiн "есеп берiлiп отырған айдан 
кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. 8-тармақтың:
     - 1) тармақшасындағы "плюс 3205 есепшоты "деген сөздерден кейiн 
"(минус 3002, 3003, 3026, 3027);" деген сөздермен толықтырылсын;
     - 3) тармақшасындағы "3599" саны алынып тасталсын;
     - 4) тармақшасы "(3599 есепшоты);" деген сөздермен толықтырылсын;
     - 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "5) Қайта бағалау бойынша резервтер (3540, 3561, 3581, 3585 
есепшоттары);",
     - 7) тармақшасындағы "3599" саны "3580" санымен ауыстырылсын;
     - 8) тармақша "(3599 есепшоты);" деген сөздермен толықтырылсын;
     - 9) тармақша алынып тасталсын.
     3. 9-тармақтың соңғы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:


      "Кредиттiк серiктестiктiң таза активтерi (ТА) есептелген сыйақыларды

(мүдделердi) (1705 және 1715 есепшоттарын алып тастағанда 1700 тобының 
есепшоттары) және төлемдер бойынша есеп айырысу сомаларын шегерiп 
тастағандағы баланстық есепке сәйкес кредиттiк серiктестiктiң барлық 
активтерiнiң сомасы ретiнде есептеледi".
     4. 14-тармақтың үшінші, төртінші азат жолдары мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "мұндағы: ӨА - өтімділік активтері: (1001, 1002, 1003, 1050, 1051, 
1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары);
     М - талап ету міндеттемелері (2203, 2211 есепшоттары), сондай-ақ 
2229, 2552, 2870 есепшоттары, талап ету сомасына қатысты 2850 есепшоттары 
тобы."
     
     Ұлттық Банктің
     Төрағасы
     
      Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Орынбекова Д.Қ.