Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 894. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 223 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалану мен шаруашылық қызмет көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыру - Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Уәкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      3) Кәсiпорынның әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013  № 796қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі