"Заңды тұлғаларға табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқауына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1573

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған "Заңды тұлғаларға табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының N 33 V950078_ Нұсқауына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Әдістеме департаменті (Н.Үсенова):
      - аталған Нұсқауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін;
      - келісілген Нұсқауды мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау С.Қанатовқа жүктелсін.
 
      Министр
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс Министрінің 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1573 бұйрығымен бекітілген
 
 
               "Заңды тұлғалардан табыс салығын бюджетке
                    есептеу мен төлеу тәртiбi туралы"
      N 33 Нұсқауға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
 
      I-бөлiмде:
      1-тармақтың бесiншi бөлшегiндегi "олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге" деген сөздер "олардың орналасқан жерi бойынша Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
      II-бөлiмде:
      8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-5 бөлшектерiмен толықтырылсын:
      "9 Шетел валютасындағы есеп операциялары" бухгалтерлiк есеп стандарттарының ережелерiне сәйкес курстық айырым - бұл курстың өзгеруi кезiнде есептiк валютадағы қаржылық есеп берудің бiр және дәл сондай бiрлiк санының және бухгалтерлiк есеп жүйесiндегi көрiнiс нәтижесiнде туындайтын айырым.
      Теңгеде соманы тiркеумен операциялар жасау кезiнде валюталық эквивалентте сомалық айырым туындайды, ол оны нақты алу сәтiнде жылдық жиынтық кiрiске енгiзуге жатады.
      4-12 бөлшектерi тиiсiнше 6-14 бөлшектерi деп саналсын.
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлшекпен толықтырылсын:
      "Өнiмдерiн (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату нәтижесiнде туындайтын талаптарға, ұстап қалуларға салық мақсаттарында салық төлеушi күмәндi талаптарды жатқызу кезiнде белгiленген тәртiпте ресiмделген тиiстi мынадай құжаттармен расталуы тиiс: ұстап қалуға күмәндi талаптарды жатқызу сәтiнде заңды тұлғалар арасында жасалған салыстырып тексеру актiлерiмен, заңды тұлғалардың тауарлық-материалдық запастарды алу фактiсiн растайтын, тауарлық-материалдық запастарды алуға сенiмхаттармен, құжаттармен. Осы ереже халықпен есеп айырысу жөнiндегi коммунальдық қызмет көрсететiн заңды тұлғаларға таралады.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттардан (салыстара тексеру актiсiнен басқа) басқа дебитор заңды тұлғаны тарату жағдайында қосымша осы заңды тұлғаны таратуды тіркеу туралы әділет органдары бұйрығының 50-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi бөлшекпен толықтырылсын:
      "- негiзгi қызметпен байланысты кiрiстер бойынша "Байқоңыр" кешенiнің объектiлерiнің мүлкi базасында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын;";
      7-19 бөлшектер тиiсiнше 8-20 бөлшектерi деп саналсын.
      52-тармақта "мемлекеттiк құнды қағаздарға зейнетақылық қаражаттарды орналастырудан алынған инвестициялық кiрiс есебiнен қалыптастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық төлемдер" деген сөздер алып тасталсын.
      54б тармағының бiрiншi бөлшегi мынадай редакцияда жазылсын:
      "54б. Салық төлеушiлерге инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шартқа сәйкес салық салынатын кiрiстi алу сәтiнен бес жылға дейiнгi мерзiмге табыс салығын төлеуден босату берiлуi мүмкiн, бiрақ келiсiм-шарт жасау сәтiнен 8 жылдан астам емес.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табыс салығы бойынша жеңілдiктердi ұсынудың нақты мерзiмдерi экономиканың басым бағыты мен инвестициялардың негiзгi капитал көлемiне байланысты және келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша белгiленедi.";
      екiншi бөлшек тиiсiнше үшiншi бөлшек деп саналсын.
      YI-бөлiмде:
      62-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-10 бөлшектерiмен толықтырылсын:
      "Салық салу мақсатында айқындалатын сатылған қаражаттардың өзiндiк құнымен және өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сатудан туындаған кiрiс арасындағы терiс айырма сататын (беретiн) тұлғаның кiрiсi болып табылады.
      Мұның өзiнде, Заңның 5-бабына сәйкес салық мақсатындағы өзiндiк құны қызмет көрсетудi және жұмыстарды, тауарларды сату және өндiрумен, сатып алумен байланысты шығыстардың өзiне енгiзiледi, оның iшiнде:
      - сатылған өнiм (жұмыс, тауар) бойынша шығыстар;
      - алынған кредиттер үшiн сыйақы (мүдде);
      - ғылыми-зерттеуге, жобалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстар;
      - негiзгi қаражаттардың амортизациялық аударымдары;
      - жөндеуге шығыстар;
      - геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстарына шығыстар;
      - материалдық емес қаражаттардың амортизациялық аударымдары.
      Осы тармаққа сәйкес салық салу мақсатында туындайтын кiрiс салық жылы үшiн заңды тұлғаның жүргiзiлген ұстап қалуларында және Жиынтық жылдық кiрiс туралы декларация мәлiметтерi бойынша айқындалады."
      2-6 бөлшектерi тиiсiнше 11-15 бөлшектерi деп саналсын.
      63-тармақта:
      бiрiншi бөлшектiң "Заңды тұлғалар" деген сөзiнен кейiн ", осы нұсқаудың 1-тармағына сәйкес дербес болып табылатын дербес салық төлеушiлер олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын";
      екiншi бөлшектегi "Заңды тұлғалар" деген сөздер "салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      65-тармақта:
      бiрiншi бөлшектің "заңды тұлғалар" деген сөздерiнен кейiн ", сондай-ақ осы Нұсқаудың 1-тармағына сәйкес дербес салық төлеушi болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлшекпен толықтырылсын:
      "заңдармен белгiленген мерзiмнің соңғы күнiнен 24 сағатқа дейiн байланыстың өзге ұйымына немесе почтаға тапсырылған салық декларациялары.";
      8-бөлшек тиiсiнше 9-бөлшек деп саналсын.
      67-тармақтағы "Заңды тұлғалар соңғы есеп айырысуды жүргiзедi және төлейдi" деген сөздер "Заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Нұсқаудың 1-тармағына сәйкес дербес салық төлеушiлер болып табылатын филиалдар, өкiлдiктер және өзге де құрылымдық бөлiмшелер соңғы есеп айырысуды жүргiзедi және төлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "68. Салық қызметi органдарының тексерiс актiлерi бойынша есептелген салықтарды, алымдарды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдарды және өсiмдердi төлеуге салық төлеушi келiскен кезде аталған сомаларды төлеудің мерзiмi 60 күнге ұзартылады және аумақтық салық органымен келiсiлген және еркiн нысанда салық төлеушi жасаған кестеге сәйкес әрбiр 15 күн сайын тең үлестермен осы кезең мерзiмi iшiнде төлеуге жатады.
      Салық қызметi органдарымен тексерiс актiлерi бойынша есептелген салықтарды, алымдарды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдарды және өсiмдердi төлеу мерзiмiн ұзарту осы тармақтың ережелерiне сәйкес Заңның 70-бабы 3-тармағында және 152-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа бюджетке салықты уақтылы төлемегенi үшiн өсiм төлеуден салық төлеушiнi босатпайды.
      Осы тармақтың ережелерi салық қызметi органдарының тексерiс актiлерi бойынша есептелген төлем көзiнен ұстап қалуға жататын заңды тұлғаның кiрiсiнен табыс салығы сомасына қатысты қолданылмайды.
      Салық төлеушi өтеу кестесiмен белгiленген тексерiс актiлерi бойынша есептелген салықтарды, алымдарды, басқа да мiндеттi төлемдердi, айыппұлдарды және өсiмдердi төлеу мерзiмiн бұзған кезде өтеу кестесiн қолдану тоқтатылады және аумақтық салық органдары тексерiс актiлерi бойынша есептелген және төленбеген соманы салық төлеушiнің банк шотынан өндiрiп алуды жүргiзедi.
      71-тармақтың 1) тармақшасындағы "асу" деген сөз "табыс салығының артық төленген сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      74-тармақта:
      д) тармақшасында "мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерi" деген сөздер "оның аяқталуына дейiнгi бюджетке төлемдер" деген сөздермен ауыстарылсын;
      мынадай мазмұндағы з) және и) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "з) осы Нұсқауға сәйкес пайдаланылатын салық декларациясы, төлемдiк (векселден басқа) және басқа да құжаттарда салық төлеушi өз тiркеу нөмiрiн көрсетуi тиiс және кiрiс төлейтiн кез-келген тұлғаға өз нөмiрiн хабарлауы тиiс;
      и) тiркеу (құру) күнiнен 10 күн iшiнде тiркеу нөмiрi үшiн аумақтық салық органына жүгiнедi. Басқа салық төлеушiлер, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасы аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға - резидент еместер еңбек келiсiм-шарты (шарты) бойынша немесе мердiгер келiсiм-шарты бойынша немесе салықтар бойынша басқа да мiндеттемелер туындағанда жұмыс басталғаннан кейiнгi 10 күн iшiнде өз тiркеу нөмiрi үшiн аумақтық салық органына жүгiнуге міндетті.". 81-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлшекпен толықтырылсын: "Салық төлеушi салық декларациясын ұсынғаннан кейiн аймақтық салық органдары айыппұл санкцияларын салады." IХ-бөлiмде: 86-тармақтағы бiрiншi және екiншi бөлшектердегi "30" саны "10" санымен ауыстырылсын. 1-қосымшада: "____ жыл үшiн жүргiзiлген ұстап қалулар және жылдық жиынтық кiрiс туралы декларация" 100 нысанындағы: мынадай мазмұндағы 14-2 жолымен толықтырылсын: "14-2 Айппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық төлемдерi және санкциялардың басқа түрлерi бойынша кiрiстер"; сiлтемедегi "6" деген сөзден кейiн "6-1," деген сөздерiмен толықтырылсын.
      "1995 жылғы 1 қаңтарынан кейiн берiлген кредиттер бойынша резервтi (провизияны) қалыптастыру есебi" 8б қосымшасының бiрiншi жолындағы "субстандарттық" деген сөз "стандарттық емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Заңды тұлғаның жүргiзiлген ұстап қалулары мен жылдық жиынтық кiрiс туралы декларацияны толтыру бойынша нұсқаулықта:
      "100 нысанын тағайындау" бөлiмiнде:
      бiрiншi бөлшектiң "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Заңның 6-бабы 7-тармағына сәйкес дербес салық төлеушi болып табылатын заңды тұлғаның (бұдан әрi - заңды тұлға) құрылымдық бөлiмшелерiне" деген сөздермен толықтырылсын.
      "Декларацияны ұсыну орны" бөлiмiнде:
      "Салық комитетiмен" және "Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңдармен белгiленген мерзiмнің соңғы күнiндегi 24 сағатқа дейiн почтаға немесе байланыстың өзге де ұйымына тапсырылған салық декларациялары.".
      "Табыс салығы бойынша аванстық төлемдер - 51 бап" бөлiмi мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық төлеушi салық декларациясын ұсынғаннан кейiн аумақтық салық органдары айыппұл санкцияларын ұсынады."
      "Жиынтық жылдық кiрiс" бөлiмiнің 5-тармағы 1-тармақшасы "борышкер таныған немесе тағылған айыппұлдар, өсiмдер және санкциялардың басқа да түрлерінің есебiмен" деген сөздермен толықтырылсын.
      "14-1 жолы. 138-1 бабына сәйкес бағаны түзетуден кiрiс" бөлiмiнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "14-2 жол. Айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары және басқа да санкциялар бойынша кiрiстер"
      Борышкер таныған және (немесе) сотпен тағылған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары және басқа да санкциялар бойынша кiрiстер осы жол бойынша көрсетiледi.
      "8-қосымша. Күмәндi талаптар" бөлiмiнің он екiншi бөлшегi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық төлеушi өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сату нәтижесiнде туындайтын ұстап қалуларға, талаптарға салық мақсаттарында күмәндi талаптарды жатқызу кезiнде белгіленген тәртiпте ресiмделген тиiстi мынадай құжаттармен расталуы тиiс: ұстап қалуға күмәндi талаптарды жатқызу кезi сәтiнде заңды тұлғалар арасында жасалған салыстыра тексерiс актiлерiмен, заңды тұлғаның тауар-материалдық запастарды алуға сенiмхаттармен, шот-фактуралармен. Осы ереже халықпен есеп айырысу жөнiндегi коммунальдық қызмет көрсететiн заңды тұлғаларға таралады.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттардан (салыстара тексеру актiсiнен басқа) басқа дебитор заңды тұлғаны тарату жағдайында қосымша осы заңды тұлғаны таратуды тiркеу туралы әдiлет органдары бұйрығының көшiрмесiн, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және оны Тiзiмнен алып тастау туралы куәлiктi ұсыну қажет.
      Осы дебиторлық берешек Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бухгалтерлiк есеп әдiстемесi және аудитi департаментінің 1997 жылғы 24 қарашадағы N 72 бұйрығымен бекiтiлген сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу есебi бойынша ведомоста - заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп тiзiлiмiнде көрсетiлуi тиiс.
      Мұның өзiнде, күмәндi қарыздар деп танылған дебиторлық берешек немесе өндiрiп алу үшiн және (немесе) күмәндi борыш бойынша резерв құру бухгалтерлiк есепте шығыстарға жатқызу салық салу мақсатында есепке алынбайды.
      "34-жол. 34-бапқа сәйкес салық салудан босатылған кiрiстер" бөлiмiнiң 11-тармақшасы мынадай мазмұндағы жетiншi бөлшекпен толықтырылсын:
      "негiзгi қызметпен байланысты кiрiстер бойынша "Байқоңыр" кешенi объектiлердiң мүлкi базасында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын;";
      7-9 бөлшектерi тиiсiнше 8-10 бөлшектерi деп саналсын.
      "Салық мақсатында амортизацияны есептеу және негiзгi қаражаттарды есептеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға 2-қосымшаның 7-тармағындағы "және жалдау келiсiм-шарттарының қағидалары" деген сөздер алып тасталсын.
      "Қазақстан Республикасындағы жүзеге асырылатын инвестициялық қызмет бойынша стандарттық салық жеңiлдiктерiн алу кезiнде табыс салығын есептеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға 2-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шартқа сәйкес салық төлеушiлерге салық салынатын кiрiстi алу сәтiнен бес жылға дейiнгi мерзiмге табыс салығын төлеуден босату, бiрақ келiсiм-шартты жасау сәтiнен 8 жылдан астам емес мерзiмге ұсынылуы мүмкін. Табыс салығы бойынша жеңiлдiктердi ұсынудың нақты мерзiмдерi экономиканың басым бағыты мен инвестициялардың негiзгi капитал көлемiне байланысты және келiсiм-шартта әрбiр салық төлеушi бойынша белгiленедi."; Заңды тұлғаның өз филиалдары, өкілдіктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс салығын төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқаудың 2-қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 28 мамырдағы N 33 Нұсқауына 6-қосымша" Заңды тұлғаның өз филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi үшiн 1 табыс салығын төлеу тәртiбi _______________ 1
       Өзге де құрылымдық бөлiмшелер деп олардың заңды тұлға құқығын алмай әдiлет органдарында есептiк тiркеуде тұратын құрылымдық бөлiмшелердi, сондай-ақ жеке балансы мен банк шоттары бар құрылымдық бөлiмшелердi түсiну керек.
 
      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952235_ (бұдан әрi - Заң) 6-бабы 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалар өз филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) үшiн табыс салығын төлеудi Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстардың бюджеттерiне олардың орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.
      Осы ереже жеке балансы және банк шоты бар құрылымдық бөлiмшелерге таралмайды, олар Заңның 6-бабы 7-тармағына сәйкес дербес салық төлеушiлер болып табылады.
      Құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiс табыс салығы сомасы (оның iшiнде тоқсан сайынғы алдын-ала есептер мәлiметтерi бойынша төленуге тиiс табыс салығы сомасы және аванстық төлемдер анықтамалығында көрсетiлгендер) мынадай көрсеткіштердiң бiр негiзiнде өз тiркеу орны бойынша аумақтық салық комитетiмен келiсу жөнiндегi өз қызмет спецификасын ескере отырып заңды тұлға айқындайды:
                              1
      - еңбекақы төлеу қоры,".
      ________________
      1
       Еңбекақына төлеу қорына енгiзiлген төлемдердi айқындау кезiнде 716 тiркеу нөмiрiмен 1999 жылғы 26 наурызда ҚР Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен, 1999 жылғы 10 ақпанда ҚР Қаржы министрлiгiмен келiсiлген, ҚР Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде 1999 жылғы 10 ақпанда N 49 бұйрықпен бекiтiлген "Әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 46 Нұсқауға N-5 қосымшаны басшылыққа алу қажет.
 
      - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiс.
      Мұның өзiнде, құрылымдық бөлiмшелер төлеуге тиiс табыс салығының сомасын бөлу жалпы заңды тұлға бойынша есептi кезеңде есептелген әрбiр құрылымдық бөлiмшенің пайдаланылатын көрсеткiшiнің (еңбекақы төлеу қорынан немесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiстен) үлес салмағын ескере отырып жүргiзiледi.
      Өз құрылымдық бөлiмшелерi үшiн заңды тұлға төлеуге тиiс салық сомасы осы Нұсқауға 6А қосымшасында белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаның бас ұйымы жүргiзген, құрылымдық бөлiмшелер бөлшегiнде табыс салығы сомасы есебiнің негiзiнде айқындалады.
      Астана немесе Алматы қалаларына, бiр облысқа жататын аумақтық салық комитеттерiнің есебiнде тұратын құрылымдық бөлiмшелер үшiн табыс салығы облыстың, Астана немесе Алматы қалаларының тиiстi бюджетiне, аталған құрылымдық бөлiмшелерге келетiн жалпы сомамен төленедi. Бұл үшiн, бас ұйымға әлеуметтiк салық бойынша есептердi жүргiзу үшiн Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнде, тиiстi облыстық салық комитеттерiнде жеке шоттарды ашу қажет.
      Табыс салығы сомасын бөлу есебi мынадай құжаттарды тапсыра отырып, салық заңдарымен белгiленген мерзiмдерде бас ұйымның тiркеу орны бойынша салық комитетiне ұсынылуы тиiс:
      анықтамада көрсетiлген аванстық төлемдердi құрылымдық бөлiмшелер бойынша бөлумен - табыс салығының күтiлетiн сомасы туралы анықтаманы;
      құрылымдық бөлiмшелер бойынша тиiстi тоқсан үшiн төленуге тиiс салық сомасын бөлумен - алдын-ала есептердi;
      жиынтық жылдық кiрiс туралы декларацияны және құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық сомасын есептi кезең үшiн декларация бойынша есептелгендердi бөлумен - жүргiзiлген ұстап қалуларды.
      Мұның өзiнде, бас ұйымның тiркеу орны бойынша салық органы басшысының қолы мен мөрi қойылған есеп айырысу көшiрмесi тиiстi салық есеп берулерiн (жүргiзiлген ұстап қалулар мен жылдық жиынтық кiрiс туралы декларация және алдын-ала есептеулер, күтiлетiн табыс салығы туралы анықтамалар) тапсыру үшiн белгiленген мерзiмдерде Астана мен Алматы қалаларының салық комитеттерінің, облыстық салық комитеттерiнің ұсынуына жатады.
      Табыс салығы сомасын төлеу өз банк шотынан тiкелей табыс салығы сомасы есебiнiң мәлiметтерi негiзiнде заңды тұлғаның бас ұйымы жүргiзедi.
 
           Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері
       бөлшегінде табыс салығы сомасы есебінің мысалы
 
      А заңды тұлғасының құрылымы әртүрлi салық комитеттерінің есебiнде тұратын бас ұйым басқармасы мен алты филиалдардан тұрады. Табыс салығының сомасын бөлудi А заңды тұлғасы еңбекақы төлеу қорының негiзiнде жүргiзедi.
      А заңды тұлғасының 1999 жылдың І тоқсаны үшін төлеуге тиіс табыс салығының сомасы алдын-ала есепке сәйкес 500,0 мың теңге құрады. Мұның өзінде, құрылым бойынша жалпы 1999 жылдың І тоқсаны үшін есептелген жалпы еңбекақы төлеу қоры 2000,0 теңге құрады. Өз құрылымдық бөлімшелері үшін төленуге тиіс табыс салығы сомасын айқындау үшін А заңды тұлғасының бас ұйымы 1999 жылдың І тоқсаны үшін мынадай есепті жүргізеді: ________________________________________________________________________ Заңды тұлғаның ! Салық ! Салық ! Еңбекақы ! %-гі ! Құрылымдық бас ұйымның және төлеу комитетінің төлеу қоры, еңбекақы бөлімшелер құрылымдық жүргізі. атауы және мың теңге төлеу үшін төленуге бөлімшелерінің летін мекен-жайы қорының тиіс салық атауы және бюджет үлес сомасы, мың мекен-жайы салмағы теңге ________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ________________________________________________________________________ Бас ұйым, Астана Астана Астана қаласы 120,0 қаласының Алматы қаласы бойынша салық ауданы комитеті ________________________________________________________________________ Астана қаласының Астана Астана қаласы 80,0 Сарыарқа ауданы қаласы бойынша N 1 филиал салық комитеті ________________________________________________________________________ Астана қаласы 180,0 36,0% 72,0 бойынша жиынтығы ________________________________________________________________________ Алматы қаласының Алматы Алматы қаласы 85,0 Жетісу ауданы, қаласы бойынша N 2 филиал салық комитеті ________________________________________________________________________ Алматы қаласының Алматы Алматы қаласы 90,0 Алмалы ауданы, N қаласы бойынша 3 филиал салық комитеті ________________________________________________________________________ Алматы қаласы 175,0 35,0% 700,0% бойынша жиынтығы ________________________________________________________________________ Ақмола Ақмола Ақмола облысы 65,0 облысының облысы бойынша салық Атбасар ауданы, салық комитеті N 4 филиал ________________________________________________________________________ Ақмола облысы 65,0 13,0% 260,0% бойынша жиынтығы ________________________________________________________________________ Қостанай облысы. Қостанай Қостанай 50,0 ның Амангелді облысы облысы ауданы, N 5 бойынша филиал салық комитеті ________________________________________________________________________ Қостанай облысы 50,0 10,0% 200,0% бойынша жиытығы ________________________________________________________________________ Жамбыл облысының Жамбыл Жамбыл 30,0 Қордай ауданы, облысы облысы N 6 филиал бойынша салық комитеті ________________________________________________________________________ Жамбыл облысы 30,0 6,0% 120,0% бойынша жиынтығы ________________________________________________________________________ Жиынтық 500,0 100% 2000,0 ________________________________________________________________________
      2. Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Заңының 6-бабы 7-тармағына сәйкес заңды тұлғаның өтініші бойынша жеке баланстар мен банк шоттары бар кезде оның құрылымдары дербес салық төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
      Табыс салығы бойынша бюджетпен дербес есеп айырысуды жүргізуге құқық алу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелермен бас ұйым Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне ұсынуы тиiс:
      - есептi салық жылында айды көрсете отырып, мөрi басылған және заңды тұлға басшысының қолы қойылған өтiнiш табыс салығы бойынша құрылымдық бөлiмшенiң дербес есеп айырысулары жүргiзiледi;
      - тиiстi құрылымдық бөлiмшеде жеке баланс пен банк шоттарының барлығы туралы аумақтық салық комитетiнің растауы.
      Табыс салығы бойынша дербес есеп айырысуларды құрылымдық бөлiмшелер жүргiзуге ҚР Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң рұқсатын алу кезiнде аталған құжаттың көшiрмесi тиiстi құрылымдық бөлiмшелердi тiркеудiң және оны тiркеу орны бойынша аумақтық салық комитетiнің бас ұйымы ұсынылуы тиiс.
      Тиiстi салық жылында бюджетпен дербес есеп айырысу құқығын алған құрылымдық бөлiмшелердің табыс салығын есептеу және төлеу осы Нұсқаумен белгiленген тәртіпте жүргiзiледi. Мұның өзiнде, мынадай құрылымдық бөлiмшелер осы Нұсқаумен белгiленген мерзiмдерде өз тiркеу орны бойынша салық органына табыс салығы бойынша декларацияны ұсынуы тиiс.
      Табыс салығы бойынша бюджетпен дербес есеп айырысу жүргiзуге құқық құрылымдық бөлiмшеге берiлетiн шешiм өзгертiлген кезде заңды тұлға тиiстi құрылымдық бөлiмшенi және бас ұйымды тiркеу орны бойынша салық органдарын хабардар етуге мiндеттi және құрылымдық бөлiмшенiң дербес есеп айырысуы аяқталатын айды көрсете отыра мөр қойылған және заңды тұлға басшысының қолы қойылғандығын растайтын құжатты ұсынуы тиiс. Әлеуметтiк салық бойынша дербес есеп айырысуды жүргiзуге құрылымдық бөлiмшенiң өз құқығын заңды тұлға өзгерткен сәтiнен бастап табыс салығын есептеу мен төлеу осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тәртiпте жүргiзiлуi тиiс. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша табыс салығын есептеудің дұрыстығын, сондай-ақ төлемнің толықтығы мен уақтылығын бақылау құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органына жүктеледi." N 33 Нұсқауға 6А қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 28 маусымдағы N 33 Нұсқауына N 6А қосымша Заңды тұлға атауы _________________ СТТН_________________________ Мекен-жай, телефон ________________ Аудан ________Қала, облыс____ Банк ______________________________ Банк шоттары ________________ Салық органының атауы _____________ Салық органының мекен-жайы __ Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелер бөлшегіндегі табыс салығы сомасының есебі _________________________________________________________________________ N ! Заңды тұлғаның бас ! Салық ! Тиісті салық ! Тауарларды ұйымның және төлеу органдарының (жұмыстарды, құрылымдық жүргізі. атауы және қызмет көрсетулерді) бөлімшелерінің летін мекен-жайы сатудан кіріс немесе атауы және бюджет еңбекақы төлеу мекен-жайы көрсеткіші, мың теңге _________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ Заңды тұлға бойынша барлығы _________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы _________________________________________________________________________ %-гі заңды тұлға бойынша ! Құрылымдық бөлімшелер үшін жалпы көлемдегі үлес салмақ. төленуге тиіс салық сомасы, тың көрсеткіші мың теңге _________________________________________________________________________ 100,0 _________________________________________________________________________ Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы есепте келтірілген мәліметтердің шындығы мен толықтығы үшін Заң алдында Заңды тұлғаларға салық жауап береміз салу бөлімінің бастығы _____________ Басшы ______________ ____________ (күні, қолы) (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ___________ _________________ (аты-жөні) (қолы) Күні _____________ МО Оқығандар: Омарбекова А.Т. Орынбекова Д.Қ.