1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында жүзу ережелерi (бұдан әрi - Ережелер), олардың кiмге тиiстi екенiне тәуелсiз барлық кемелер, құрамдар, салдар мен басқа жүзу құралдарына таралады.
2. Кейбiр бассейiндердiң және олардың учаскелерiнiң ерекшелiктерiн бейнелейтiн жергiлiктi жүзу ережелерi, сондай-ақ министрлiктермен, ведомствалармен және ұйымдармен жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiмiнде шығарылатын құжаттар осы Ережелерге қарама-қарсы болмау керек.
3. Кемелердегi жазбалар (литерлер және тiркеу нөмiрлерi) Қазақстан Республикасында Өзен кемелерiн тiркеу ережелерiне сәйкес жазылуы керек.
4. Осы Ережелерде мына ұғымдар қолданылады:
кеме - адамдарды, жүктердi тасымалдау немесе су бетiнде басқа жұмыстар орындау үшiн әдейi арналған жүзу құралы;
өзi жүзетiн кеме (механикалық қозғалтқышы бар кеме) механикалық қондырғымен қозғалысқа келтiрiлетiн кез-келген кеме;
өздiгiнен жүзбейтiн кеме - өз бетiнше қозғалу үшiн механикалық қондырғысы жоқ кеме;
жылдам кеме - су ығыстырғыштардан басқа, жылдамдығын 35км/сағатқа дейiн дамытуға қабiлеттi кез-келген өзi жүзетiн кеме;
шағын өлшемдi кеме - ұзындығы 7 м кем кеме, ал ескектi кеме - мөлшерiне тәуелсiз;
желкендi кеме - кез-келген желкен астындағы кеме, соның iшiнде механикалық қозғалтқышы бар, соңғысы пайдаланылмаған кезде;
сал - өзара қосылған бөренелерден, трубалардан және басқа заттардан тұратын, оларды сумен тасымалдау жасау үшiн арналған жүзу құралы;
буксир құрамы - сүйрейтiн кеменi (кемелердi) қосып санағанда бiр немесе бiрнеше өзара жалғасқан, темiр арқанмен сүйретiлетiн кемелер, салдар және басқа жүзу құралдары;
итеру құрамы - итеретiн кеменi (кемелердi) қосып санағанда бiр немесе бiрнеше өзара жалғасқан кемелер;
кеме ұзындығы, кеме енi, кеме отыруы және кеме биiктiгi - оның ең үлкен сәйкес ұзындығы, енi, отыруы және биiктiгi;
жүру барысындағы кеме - зәкiрде тұрмаған, жағаға, айлаққа қойылмаған және қайырда тұрмаған кез-келген кеме;
қауiпсiз жылдамдық - қалыптасқан жағдай талап ететiн ара-қашықтық шегiнде қауiпсiз қозғалысты, маневр жасауды және тоқтауды қамтамасыз ететiн таңдап алынған жылдамдық;
ең аз жылдамдық - берiлген шарттар мен жағдайларда басқаруды сақтайтын кеменiң ең аз жылдамдығы;
айырылу - қарама-қарсы қозғалыс кезiнде кеменiң басқа кемеге қатысты маневр жасап өтуi;
өткiзу - кемелердiң ең болмағанда бiреуi тоқтап немесе жылдамдықты ең аз жылдамдыққа дейiн түсiретiн айырылудың жеке түрі;
айналым - кеменiң керi жолға бұрылуы;
кеме жолы - кемелер қозғалысы үшiн арналған, жерде және (немесе) сызбада белгiленген iшкi су жолдарындағы су кеңістiгi;
кеме жолының жиегi - кеме жолын енi бойынша шектейтiн шартты сызық;
кеме жолының осi - кеме жолының ортасында өтетiн немесе навигациялық белгiлермен белгiленген шартты сызық;
қозғалыс белдеуi - кеме жолының оның осi мен оң немесе сол жақ жиегi арасындағы бөлiгi;
негiзгi кеме жолы - берiлген аудандағы басқа кеме жолдарына қарағанда негiзгi болып саналатын кеме жолы;
қосымша кеме жолы - негiзгi жолдан тарайтын және жағаға, рейдiге, айлақтарға, шығанақтарға және т.б. жақындап келу үшiн арналған кеме жолы; тармақтың негiзгi кеме жолы, осы тармақ құйылатын өзеннiң негiзгi кеме жолына қатысты алғанда қосымша болып табылады; сондай-ақ негiзгіден тарап, кейiн қайта қосылатын кеме жолы да қосымша болып табылады;
жоғары жүрiп бара жатқан кеме - мынадай қозғалысты жүзеге асырушы кеме: өзендерде - сағасынан басына қарай; негiзгi және негiзгiмен қосылатын қосымша кеме жолындағы су қоймаларында - бөгеттен тiреулердi сыналау аумағына қарай, басқа қосымшаларда - негiзгi кеме жолынан жағаға қарай; арналар мен өзендерде - жергiлiктi ережелер бойынша қабылданған шартты ағысқа қарсы; төмен жүрiп бара жатқан кеме - жоғары жүрiп бара жатқан кемеге қарама-қарсы бағытта қозғалысты жүзеге асыратын кеме.
1-тарау. Бақылау және УҚТ радиобайланысты пайдалану
5. Әрбiр кеме өзiнiң қандай жағдайға түскендiгiн (соқтығысу, ұрылу, бастырылу, қайырға отыру қауiптерi) толық бағалау үшiн басым жағдайлар мен шарттарға қатысты барлық қолдағы құралдардың көмегiмен бақылау жүргiзген сияқты, үнемi көзбен шолу және тың бақылауды да жүргiзу керек.
6. УҚТ радиостанциялармен жабдықталған барлық кемелер оларды өзара әрекеттердiң алдын-ала келiсiлуiн қажет ететiн жағдайларда қолдану керек. Ол үшiн УҚТ радиостанциялар қозғалыс, маневр жасау және зәкiрде тұрған кездерiнде үнемi сәйкес арнада қосулы тұру керек.
УҚТ радиобайланысты пайдалану бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында УҚТ радиобайланыс бойынша тілдесу жүргiзу ережелерiмен сәйкес жүзеге асырылады.
Шетел суларында жұмыс жасаған кезде, радиобайланыс кеме пайдаланылып жатқан елдiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Осы Ережемен дыбыстық немесе жарықтық белгiлермен ауысу қажет болған жағдайларда кемелердiң УҚТ радиобайланыс бойынша өзара қимылдарын келiсу, осы белгiлер берiлгенге дейiн жасалу керек, бұл кезде УҚТ радиобайланысқа шақыруды әдетте, бiрiншi болып белгi беруге мiндеттi кеме жасау керек.
8. УҚТ радиобайланыс бойынша шақыруына жауап алмаған кеме, басқа кемеде УҚТ радиостанция жоқ деп есептеп және осы жағдайды ескерiп әрекет жасау керек.
9. Кемелер өз әрекеттерiн УҚТ радиобайланыс бойынша ұйғарған кезде, осы Ережелермен бұндай жағдайларда көзделген дыбыстық белгiлердiң берiлмеуi мүмкiн.
10. Кеме көрiнбейтiн және реттелмейтiн қиын учаскелерге жақындағанда және олармен қозғалғанда, көру нашарлағанда және шектеулi көрiнiс жағдайында жүзгенде УҚТ радиобайланыс бойынша басқа кемелерге өзiнiң орналасқан орны мен өзiнiң iс-әрекеттерi туралы мезгiлде түрде мәлiмдеп тұру керек. Бұл кезде кеме осындай жағдайлармен қарастырылған дыбыстық және жарықтық белгiлер беруi керек.
11. Қауiптi жүгi бар кеме УҚТ радиобайланыс бойынша басқа кемелермен өзара қимылдарын ұйғарған кезде, оларға осындай жүгi бар екендiгi туралы мәлiмдеуiне болады.
2-бөлім. Кемелердің қозғалысы, маневр жасауы және
тұрақтары
12. Осы бөлiмде белгiленген ережелер шағын өлшемдi және желкендi кемелерден басқа барлық кемелерге, ал осы Ережелердiң 2,4 және 5 бөлiмдерiмен белгiленген ережелерi - шағын өлшемдi және желкендi кемелерге қатысты.
13. Осы бөлiмде "кеме" терминi жалғыз кемелердi және құрамдар немесе салыларды (егер басқасы ескерiлмесе) сүйрейтiн немесе итеретiн кемелерді ұғындырады.
2-тарау. Қауiпсiз жылдамдық
14. Әрбiр кеме қазiргi жағдайларда жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, тиісті және әсерлi әрекеттерге кiрiсіп, Қауiпсiз жылдамдықпен қозғалу керек.
15. Қауiпсiз жылдамдықты таңдаған кезде басқа факторлардың iшiнде мыналарды:
жол мен кеменiң өлшемдер қатынасын;
берiлген аудандағы кемелердiң бар екендiгiн және қозғалыс үдемелiлiгiн;
кеменiң маневр жасау мүмкiндiктерi, әсiресе кеменiң толық тоқтауы үшiн қажет ара-қашықтық және берiлген жағдайдағы бұрылу мүмкiндiктерiн;
ағыстың, желдiң және толқудың бағыты мен күшiн;
көру жағдайын және әрi жағалық, әрi өз шамдары есебiнен жарық фонының болуын, навигациялық белгiлердiң болуын ескеру керек.
16. Радиолокаторды пайдаланатын кемелер қауiпсiз жылдамдықты таңдаған кезде қосымша мыналарды:
радиолокациялық жабдықтардың мiнездемелерiн, тиiмдiлiгiн және шектеулерiн;
қолданылып жүрген радиолокациялық алыстық шәкiл қоятын кез-келген шектеулердi;
су бетi жағдайының, метереология құбылыстарының, сондай-ақ басқа кедергi көздерiнiң радиолокациялық табуға әсерiн;
радиолокатордың жеткiлiктi ара-қашықтықта шағын кемелердi, мұз және басқа жүзу объектiлерiн, навигация жабдықтарының белгiлерiн, төменгi жағалауларды және басқаларды таба алмау мүмкiндігін;
радиолокатормен табылған кемелердiң санын, орналасу орнын және орын ауыстыруын;
жақында орналасқан кемелер мен басқа объектiлерге дейiнгi ара-қашықтықты радиолокациялық өлшеу кезiнде алынуы мүмкiн, көрiну мүмкiншiлiктерiн нақтырақ бағалауды ескеру керек.
3-тарау. Кемелердiң жалпы қозғалыс және
маневр жасау тәртiбi
17. Кемелер латеральдi жүйелi навигациялық жабдығы бар су жолдарымен қозғалған кезде, навигациялық жағдайдың белгiлерiн бағытқа ала отырып, кеме жолының шегiнде жүзу керек. Жол қызметкерлерi навигациялық жағдайды, кеме жүргiзушiнiң кеменi (құрамды) белгіден белгiге дейiн жеткiзуiн қамтамасыз ететiндей қылып орнатуы керек. Бұл кезде кемелер (құрамдар) мен су жолдары мөлшерiнiң белгiленген қатынасы сақталу керек (1 қосымша). Белгіленген кеме жолының шегi сыртында, сондай-ақ кеме жолы жабдықталмаған (олар кеме жүруiне жарамды болған жағдайда) су жолдарында кемелер тек қана кеме жүрiсiн реттеушi органдармен келiсiм бойынша немесе арнайы мақсаттағы кемелер ғана жүзе алады.
18. Екi жақты қозғалысы бар учаскелерде кеме қозғалыс белдеуiнiң оң жағымен, ал бұл қиын болғанда (жолдық, гидрометереологиялық немесе басқа жағдайлар бойынша) - кеме жолының осiн ұстай отырып және сонымен қатар қарсы келе жатқан кемелермен сол жақ борттарымен қауiпсiз ажырауға дайындықты қамтамасыз ететiндей болып жүру керек.
19. Қазiргi шарттар мен жағдайларды ескере отырып, салыны сүйреушi кеме осы Ережелердiң 18 тармағының талаптарынан шегiнуiне болады.
20. Бiр бағытта қозғалған кезде, бiр-бiрiн басып озу ойы жоқ кемелер, құрамдар және салдық құрамдар берiлген шарттар мен жағдайларда берiлген жылдамдық кезiндегi өзiнiң тежеу жолын ескере отырып, өзара қауiпсiз ара-қашықтықты сақтау керек.
21. Әдетте, кеме айналымды тек қана өтiп бара жатқан кемелердiң арт жағынан орындау керек. Мұндай маневр жақындаған кемелердiң алдынан тек қана өзара қимылдар келiсiлгеннен кейiн жасалуы мүмкiн.
22. Жағалаудан, айлақ және басқалардан келе жатқан кеме, кеме жолы бойымен келе жатқан кемелердi кедергiсiз өткiзуi, ал қосымша кеме жолынан келе жатқан кеме негiзгi кеме жолымен келе жатқан кемелердi өткiзуi керек. Бiрдей мәндi қиылысатын кеме жолдарында кездесiп қалған кезде, өзiнiң оң жағында басқасы бар кеме соған жол беруi керек.
23. Кемелер айлақтар мен рейдiлерде маневр жасаған кезде, айрықшалық ретiнде, өзара келiсе отырып, бiр-бiрiн оң жақ бортымен өткiзудi iске асыруы мүмкiн; бұл кезде жылдам кемелер су ығыстырғыш жағдайда болу керек.
24. Осы Ережелердiң 17 тармағына сәйкес, көлдер мен су қоймаларында кеме жолының шегi сыртында жүзуге рұқсат етілген кемелер, мұндайда осы Ережелердiң 7-тарауында белгiленген навигациялық жабдықтың түбегейлi жүйелi учаскелерiне арналған сәйкес ережелердi басшылыққа алу керек.
25. Ұзындығы 20 м кем жалғыз кеме өз мөлшерлерiмен қысылған кемелер мен құрамдардың қозғалысын және маневр жасауын мүмкiндiгінше қиындатпау керек.
26. Су ығыстырмайтын жағдайдағы жылдам кемелердiң қозғалысы тек қана тәулiктiң жарық мезгiлiнде, 1.0 км кем емес қашықтықта шамсыз навигациялық қалқыма белгiлерi қарусыз көзбен көрiнгенде және айқын танылғанда рұқсат етiледi.
27. Жылдам кемелер қозғалыс кезiнде басқа кемелердiң кильватерi iшiнде жүзбеу керек.
28. Мұзды жағдайларда өз бетiнше жүзген кезде кемелер мен құрамдар осы Ережелердi басшылыққа алу керек, керуен құрамында мұздан өту кезiнде жүзу қосымша арнайы ережелермен кесiмделедi.
29. Мыналарға:
1) iшкi кеме жолдарында кемелердiң, салдардың және басқа қалқыма құралдардың өзiнше ағу қозғалысына;
2) апат жағдайлары мен кешендiк қызмет көрсету жағдайларын алып тастағанда, борттарымен арқандап байланған өзi жүзетiн, бiрақ екеуден артық емес, кемелердiң қозғалысына; бұл кезде сол жақ борты бос кеме қозғалыс пен маневр жасауды басқарады және белгi берудi қамтамасыз етедi;
3) арналардың апаттық-жөндеу қоршау шарбақтарының аумағында, арқанды өткелдерде (кеме жолының енi 200 м кем болғанда), көпiр аралықтарында, сондай-ақ егер бiр аралық арқылы жоғары әрi төмен қозғалыс жүзеге асырылса, көпiрден 500 м жоғары және төмен аралықта кемелердiң ажырауына және басып озуына.
Көпiрден 500 м жоғары және төмен аралықта ажырауға және басып озуға тыйым салу, ара қашықтығы 1 км және одан кем көпiрлерге қатысты емес, және ұзындығы 20 м кем жылдам кемелер мен су ығыстырғыш кемелерге таратылмайды;
4) кеме жолының енi 200 м кем болған кезде, траверзде үш кеме бiр мезгiлде орналасумен қатар ажырауына және басып озуына;
5) қозғалыс белдеуiн немесе барлық кеме жолын өзара қимылдары бойынша келiсiмге келмей, жақындаған кемеден 1.0 км кем аралықта кеменiң қиып өтуiне тыйым салынады; бұл кезде барлық жағдайда қиылысу тiк бұрышқа жақын бұрышпен жасалу керек.
4-тарау. Апат жағдайының алдын алу
30. Кеме жағдайды бағалауда сенiмсiз болған жағдайда (басқа кемелердiң жүрiсiнде түсiнбестiктер, белгiлердiң берiлмеуi немесе дұрыс расталмауы, бағдарды жоғалту, навигациялық жабдықтар белгiлерiнiң болмауы немесе ақауы болуы және басқалар) жүрiсiн азайту немесе өзара қимылдар келiсiлгенше немесе жағдай айқындалғанша қозғалысын тоқтатуға мiндеттi.
31. Кеме жолының шектеулi өлшемдi учаскелерiнде, шығанақтарда, арнаның құламасына, жағалауға жақындаған кезде жер снарядтардың, тұрған кемелердiң, доктардың, мұнай станцияларының, өткелдердiң, сүңгуiр кемелердiң жанынан өткен кезде оларға қауiптi толқындатуды тудырмас үшiн кеме төмендетiлген (ең азына дейiн) жылдамдықпен қозғалу керек.
32. Соқтығысу, ұрылу, бастырылу, қайырға отыру және басқа осы секiлдi жағдайлардың алдын алу үшiн қолданылатын кез-келген әрекеттер сенiмдi, уақтылы және жақсы кеме жүргiзу тәжiрибесiне сәйкес болуы керек.
33. Өз iс-әрекеттерiн көрсету немесе келiсу қажет болған жағдайларда кемелер бiр-бiрiнiң көз алдында орналасқан кезде осы Ережелердiң 166 тармағына сәйкес дыбыстық белгiлердi беру керек.
5-тарау. Ерекше жағдайлар
34. Кеме апат жағдайы кенеттен пайда болғанда тура қауiптен қашу немесе мүмкiн салдарларды кемiту үшiн, сол жағдайдың шарттарымен және мән-жайымен күштелiп отырған барлық шараларға, тiптi ол шаралар осы Ережелермен ескерiлмесе де, кiрiсуге тиiстi.
6-тарау. Сүйреудiң және итерудiң ерекше жағдайлары
35. Сүйреудiң ерекше жағдайларында қозғалысты, маневр жасауды және белгiлер берудi мыналар:
1) сүйреу немесе бiрнеше кемелер қосылып әрi сүйреп, әрi итергенде - егер сүйреу тапсырмасында басқалар анықталмаса, онда ең қуатты негiзгi қозғалтқышты сүйреушi (итергiш);
2) маневр жасағанда немесе қиындатылған учаскелерден (айналу кезiнде, айлаққа жақындағанда, алыстағанда, шлюздарға кiргенде, көпiр астымен, өткелдерден өткенде және басқа ұқсас жағдайларда) өткенде өз машиналарын пайдаланатын кемеге (құрамға) көмек көрсеткенде - көмек көрсетiлетiн кеме басқару керек.
36. Осы Ережелердiң 35-тармағында көрсетiлген сүйреу және көмек көрсету жағдайларында белгiлердi мыналар:
1) алдыңғы кеме - егер сүйреушiлер кильватерге қосылған болса;
2) сүйреушi - бiрiгiп сүйреген және итерген кезде;
3) сүйрейтiн темiр арқан берiлген кеме - егер сүйреудi борттарымен тоқтаған кемелер жасаса; бұл кезде темiр сүйреушi арқан қай кемеден берiлсе, сол кеменiң сол жақ борты бос болу керек;
4) сүйреушi - өзi жүзетiн кемеге көмек көрсеткен кезде беру керек.
37. Борт астымен сүйреген кезде (рейдiлiктен басқа) сүйретiлетiн кеме сүйреушi кеменiң оң жағында орналасу керек.
7-тарау. Кемелердiң айырылуы
38. Осы ереже сал құрамдарын алып тастағанда, су ығыстырғыш кемелер мен құрамдарға таратылады.
39. Қарама-қарсы қозғалған кезде кемелер сол жақ борттарымен берiлген жағдайда қауiпсiз жылдамдықпен айырылуы керек. Бұл кезде әрбiр кеме қаншалықты бұл қажет және қауiпсiз екендiгiне қарай, уақтылы оңға бұрылып және қарсы келе жатқан кеме артта қалғанша осылай жүрiп отыру керек.
40. Жол шарттары немесе басқа кез-келген себептер бойынша айырылу қиын болған жағдайда, жоғары қарай жүзетiн кеме төмен жүзетiн кеменi байқаған сәттен бастап, кездесу неғұрлым ыңғайлы жерде болатындай етiп, өз қозғалысын реттеу керек. Бұл кезде ол қаншалықты бұл қажет және қауiпсiз екендiгiне қарай алдын-ала оңға бұрыла отырып, қарсы келе жатқан кеменi сол жақ борты бойынша өткiзу керек.
41. Қарсы келе жатқан кеменi сол жақ бортымен өткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, жоғары жүзетiн кеме, айрықшалық ретiнде, қаншалықты бұл қажет және қауiпсiз екендiгiне қарай алдын-ала жүру жолы бойынша сол жаққа көшу керек және қарсы келе жатқан кеменi оң жақ борты бойынша өткiзiп жiберу керек.
42. Төмен жүзетiн кеме өткiзетiн кемеге жақындаған кезде алдын-ала жылдамдығын азайтып (ең аз жылдамдыққа дейiн), қаншалықты бұл қажет және қауiпсiз екендiгiне қарай сәйкес жаққа бұрылып және өткiзетiн кеме артта қалғанша осылай жүрiп отыру керек.
43. Жоғары қарай жүзетiн кеме бiрiншi болып алдын-ала, ал жол жағдайына байланысты көрiнiс шектеулi болғанда - қарсы келе жатқан кеменi көзбен байқаған кезде мынадай:
1) сол жақ борты бойынша айырылғанда (өткiзгенде) - сол жақ борттан бұлғау;
2) оң жақ борты бойынша өткiзгенде - оң жақ борттан бұлғау белгiлерiн беру керек.
44. Төмен жүзетiн кеме көрсетiлген айырылу (өткiзу) жағын қабылдауға және сәйкес борттан бұлғау арқылы шапшаң растауға мiндеттi.
45. Кейiн қарай жүретiн кеме, кеме жолымен жүзiп келе жатқан кемелердi жол осiне қараған борты жағынан өткiзу керек, сол үшiн ол сәйкес бортынан үш қысқа дыбыс пен бұлғау белгiлерiн беру керек.
46. Кеме жолына көлденең қарама-қарсы келе жатқан кемелер, жылдам кемелердi қосқанда, кез-келген борттарымен айырылуына болады; айырылу жағын оң жағалаудан келе жатқан кеме анықтайды және оны алдын-ала бұлғау белгiсiн берiп көрсетедi.
8-тарау. Сал құрамды кемелердiң айырылуы
47. Салды сүйрейтiн кеме бiрiншi болып алдын-ала, ал жол жағдайлары бойынша шектеулi көрiнiс кезiнде - қарсы келе жатқан кеменi көзбен көрген жағдайда, бұлғау арқылы айырылу немесе өту жағын көрсету керек. 48. Қарсы келе жатқан кеме сәйкес бортынан бұлғау белгiсiн шапшаң берiп, сал жүргiзушi көрсеткен бортпен айырылуды немесе өткiзудi жүзеге асыру керек.
9-тарау. Кемелердi, құрамдарды және сал
құрамдарын басып озу
49. Басып озу, ереже ретiнде, басып озылатын кеменiң (құрамның) сол жақ борты бойынша жүзеге асырылады. Сол жақ бортпен басып озу жолдық, метереологиялық және басқа жағдайларға байланысты қиындатылғанда, айрықшалық ретiнде, оң жақ борты бойынша басып озуға рұқсат етiледi.
50. Басқа кеменi (құрамды) басып озу ойы бар кеме, басып озылатын кемеге 0.5 км дейiн екi ұзақ және екi қысқа дыбыстар дабылымен сұраныс беру керек.
51. Басып озылатын кеме, сұранысты алған соң басып озу мүмкiн болған кезде, ол басып озуды рұқсат еткен бортынан бұлғау белгiсiн шапшаң берiп, жылдамдығын азайтып, қаншалықты қажет және қауiпсiз екендiгiне қарай қарама-қарсы жаққа бұрылып және басып озу аяқталғанша осылай жүрiп отыру керек.
52. Басып озатын кеме, басып озуға рұқсатты алған соң сәйкес бортынан бұлғау беру керек және басып озылатын кемеден бiржолата өтiп кеткенше және ол артта қалғанша қауiпсiз қашықтықты ұстап отырып, басып озу керек.
53. Басып озу мүмкiн болмаған кезде басып озатын кеме "Ескерту" белгiсiн беру керек. Мүндай жағдайда қайта сұраныс жасалмай берiлуi керек рұқсат алынбайынша, басып озуға тыйым салынады.
10-тарау. Жылдам кемелердiң айырылуы
және басып озылуы
54. Жылдам кемелер қарама-қарсы қозғалған кезде тек қана сол жақ борттарымен айырылу керек, бұл кезде бұлғауды бiрiншi болып жоғары бара жатқан кеме бередi.
55. Бiр жылдам кеменi екiншi кеменiң басып озуы басып озылатын кеменiң тек қана сол жақ бортымен жүзеге асырылу керек, бұл кезде басып озылатын кеме сұранысты алып және басып озуға рұқсат берiп, жылдамдығын шапшаң азайтып және басып озу аяқталғанша су ығыстырғыш жағдайда жүзiп отыру керек.
56. Сал жүргiзушiлерден басқа кемелердiң басып озатын және айырылатын жағын жылдам кеме анықтайды және көрсетедi. Бұл кезде, ереже ретiнде, айырылу сол жақ борттармен жүзеге асырылу керек, ал басып озу басып озылатын кеменiң сол жақ бортымен жасалу керек. Қарсы келе жатқан және басып озылатын кемелер көрсетiлген жақты бұлғаумен растап және айырылу немесе басып озу аяқталғанша өз жолынан таймау керек.
57. Осы Ережелердiң 7, 8 және 9-тарауларында көзделген жылдам кемелер өзара және басқа кемелермен айырылу және басып озу кезiнде су ығыстырғыш кемелер сияқты сондай белгiлермен және сондай ара-қашықтықта ауысып, берiлген жағдайда қауiпсiз болатын кемелер арасындағы интервалды сақтау керек.
11-тарау. Қаралмайтын және қиын учаскелерден өту
58. Егер қарсы келе жатқан кеменi алдын-ала көзбен көру мүмкiн болмаса, кеме қаралмайтын немесе реттелмеген қиындатылған учаскелерге жақындағанда жылдамдығын азайтып және бiр ұзақ дыбыс беру керек. Түнде бұл белгi жоғары бағытталған қуатты жарықтандырғыш құралдың сәулесiмен қайталанып берiлу керек.
59. Осындай ұзаққа созылатын учаске бойымен қозғалғанда, кеме әрбiр 2-3 мин сайын екi ұзақ дыбыс белгiсiн беру керек.
60. Басқа кемелер учаскенiң бос еместiгiне көздерi жеткен соң, айырылу (өту) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын қабылдау керек, ал егер учаске бiр бағытты қозғалысты болса - қарсы кеменiң өтуi үшiн қауiпсiз жерге тоқтау және күту керек.
61. Бiр бағытты қозғалысты учаскелерге бiр уақытта келген жағдайда, жоғары жүзетiн кеме қауiпсiз жерге тоқтап, төмен жүретiн кеменi өткiзу керек.
12-тарау. Түптереңдету және түптазалау снарядтарының
және суасты жұмыстарымен айналасушы
кемелердiң жанынан өту
62. Кеме жолында жұмыс жасайтын түптереңдету және түптазалау снарядына 1.0 км кем емес қашықтыққа жақындағанда кеме бiр ұзақ дыбыс беру керек.
63. Түптазалау снаряды кеменiң өтуiне жеткiлiктi болатындай кеме жолының бөлiгiн босату керек; және өту жағын түнде екi айналымдық (тенттық) шамдардың (егер жерснаряды сол жиекке кетiп қалса - жасылмен, оң жаққа кетiп қалса - қызылмен) жарығымен, күндiз - жарықимпульсты бұлғаумен немесе бұлғау жалаушасымен көрсету керек.
64. Түптазалау снаряды түнде өту жағын бiр айналым шамы жарығының (ақпен - кеме жолының сол жиегiнде жұмыс iстегенде, қызылмен - оң жиегiнде) жыпықтауымен, ал күндiз - бұлғау жалаушасымен көрсету керек.
65. Кеме рұқсат белгiсiн алған кезде сәйкес бортынан бұлғау берiп және қажеттi қауiпсiздiк шараларын қабылдай отырып өту керек.
66. Кеме жолында суасты немесе суғасүңгу жұмыстарын (кемелердi көтеру, трубалар, кабельдер жүргiзу және басқа) жүргiзiп жатқан кемемен белгiлер ауысу және жанынан өту осы Ережелердiң 62, 64, 65, 67, 68 69-тармақтарына сәйкес түптазалау снарядымен сияқты тәртiппен жүзеге асырылады.
67. Түптереңдету және түптазалау снарядына кемелер жоғарыдан және төменнен бiр уақытта келген кезде төмен жүзетiн кеме, ал жылдам кеме жүзу бағытына қарамастан, бiрiншi болып өтедi.
68. Өткiзiп жiберу мүмкiн болмаған кезде түптереңдету және түптазалау снаряды алдын-ала, бiрақ жақындап қалған кемеге 1.0 км кем емес аралықта, "Ескерту" белгiсiн беру керек.
69. "Ескерту" белгiсiн алған соң кеме қайта сұраныс жасамай, өтуге рұқсат алғанша дереу қозғалысын тоқтату керек.
13-тарау. Көпiрлерден, шлюздардан және арқанды
өткелдерден өту
70. Кемелерге көпiр астымен өту тек қана осы мақсаттарға тағайындалған, сәйкес навигациялық белгiлермен және шамдармен жабдықталған кеме жолы аралықтары арқылы ғана рұқсат етiледi (20 парақтағы 2-қосымша).
71. Бiр кеме жолы аралықты көпiрге жоғарыдан және төменнен бiр уақытта кемелер келген кезде, бiрiншi болып оны төмен қарай жүзетiн немесе бағытына қарамастан жылдам кеме өтедi.
72. Облыстық және аумақтық орталықтардан басқа барлық пункттерде, қалқыма көпiрлердi ажырату және олардан кемелер мен құрамдарды өткiзу тәулiктiң кез-келген уақытында, оларға соңғылар жақындаған кезде және 1.0 км кем емес қашықтықта олармен бiр ұзақ дыбыс берiлгенде жүзеге асырылу керек. Облыстық және аумақтық орталықтарда ажырату және өткiзу арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады.
73. Кеме шлюзге немесе арқанды өткелге жақындаған кезде "Назар аударыныз" белгiсiнiң траверзiнде, ал белгi жоқ болғанда оларға 1.0 км кем емес аралықта бiр ұзақ дыбыс беру керек.
74. Арқанды өткелдiң паромы келе жатқан кемелерге кеме жолын дер кезiнде босату және олар жақындаған кезде жағалаудан қозғалысты бастамау керек.
75. Шлюздар және қалқыма көпiрлер арқылы кемелердi өткiзу соңғылардың иелерiнiң бағдаршамдық (семафорлық) белгiлердi пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
76. Шлюздардың жақындау арналары iшiнде қозғалған кезде шлюздау барысында, шлюз камерасына кiргенде және одан шыққанда, осы Ережелердiң талаптарынан басқа, кеме қызметтегi кемелердi, құрамдарды және салдарды шлюздардан өткiзу ережелерiн орындау керек.
14-тарау. Зәкiрлi тұрақ
77. Кемелер, құрамдар мен салдар зәкiрге арнайы бөлiнген рейдiлерде орналасу және тұрақтану тәртiбiн сақтай отырып тұру керек.
78. Рейдiлер үшiн орындар, оларда кемелердiң, құрамдардың және салдардың орналасу мен тұрақтану тәртiбi белгiленген тәртiппен анықталады және жергiлiктi ережелер мен навигациялық сызбаларда көрсетiледi.
79. Жүру барысында, сондай-ақ арнайы рейдiлерi жоқ пункттерде зәкiрге тұру қажет болған кезде кемелер, құрамдар және салдар зәкiрлiк тұрақты кеме жолының жиегiне жақын жерден, ал бұл мүмкiн және қауiпсiз болғанда - басқа кемелердiң қозғалысына және маневр жасауына кедергi жасамау үшiн, жиегi сыртынан таңдау керек.
80. Кемелерден, салдардан, дебаркадерлерден, жерснарядтарынан, қалқымалы көпiрлерден және басқа жүзбелi құралдарынан берiлген зәкiрлер өтiп бара жатқан кемелер үшiн кедергi тудырмау керек.
81. Кемелер мен салдардың мына әрекеттердi жасауына:
1) кемелер үшiн апат қауiпi төнуi мүмкiн жағдайлардан басқа, жазықтықта немесе сызбада белгiленген (ақпараттық белгiлермен) су асты кабельдерi жүргiзiлген аумақтарда және өткелдерде, су қоршауларында және басқаларда зәкiр, лот, сүйретпе сымдарын беруiне немесе тоқтауына;
2) қайраңдарда, шығанақтарда, енсiздiктерде, тақау ағысы бар жағалауларда, көпiрлердiң, гидроқұрылымдардың жанында, дебаркадерлер ауданында, жолаушылар мен жүк айлақтарына, өткелдерге жақындағанда, навигациялық белгiлер маңайында, сондай-ақ тоқтау салдарынан қозғалыс, маневр жасау немесе басқа кемелердiң қалқымалық және жағалық навигациялық белгiлерi бойынша бағдар жасау қиындаған жол учаскелерiнде зәкiрге тоқтауына тыйым салынады.
3-бөлім. Шектеулі көру кезінде
кемелердің жүзуі
82. Осы бөлiмнiң ережелерi, шағын өлшемдi және желкендiлерден басқа, навигациялық жабдықтың латеральды жүйелi су жолдарында көру мүмкiндiгi 1 км кем кезде барлық кемелер мен құрамдарға тарайды.
83. Шектеулi 1 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде, қозғалыс тек қана бүзылмай жұмыс iстейтiн радиолокатормен, компаспен және УҚТ радиостанциямен жабдықталған, тұтану температурасы 60 градус төмен мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар кемелерге ғана рұқсат етiледi.
84. 83-тармаққа сәйкес жабдықталған жылдам кемелерге суығыстыру қалпында ең жақын қауiпсiз тұраққа дейiн ғана қозғалуға болады.
85. Шектеулi көру кезiнде қозғалу, басып озу және айырылу туралы шешiм қабылдаған кезде мұндай әрекеттердiң қауiптiлiк және мақсатқа лайықтылық дәрежесiн, алдағы болатын жүзудiң шарттары мен жағдайларына байланысты жан-жақты бағалау қажет. Шын мәнiнде көру қашықтығына, қозғалыстың үдемелiлiгiне, кемелер (құрамдардың) мен жолдардың мөлшер қатынастарына, осы ауданда радиолокаторды пайдалану тиiмдiлiгiне ерекше назар аудару керек.
86. Кемеде көзбен көру және тың тыңдау арқылы байқаумен бiрге үздiксiз бiлiктi радиолокациялық байқау жүргiзiлу керек; бұл кезде кеменi басқару постында, тұтқа үстаушыдан басқа, басшылық құрамнан кемежүргiзушi мамандығы бар (олардың бiрi капитан) кем дегенде екi тұлға болу керек.
87. УҚТ радиобайланыс бойынша келiссөз жүргiзу кезiнде әңгiме өзара әрекеттерiн үйлестiрудi қажет ететiн кемемен жүргiзiлiп тұрғандығын (салыстырмалы байқалатын бағдарлардың орналасу орнын көрсету, өзара арақашықтықты, пеленгтердi бiр уақытта өлшеу және басқалар арқылы) анықтау керек.
15-тарау. Қозғалу тәртiбi
88. Шектеулi I км кем көру жағдайында мыналарға рұқсат етiледi:
1) кеме жолының енi 100 м кем болған кезде - жалғыз кемелерге тек қана жоғары қарай қозғалуға;
2) кеме жолының енi 100 м және одан артық, бiрақ 200 м кем болған кезде жалғыз кемелерге - екi жақты қозғалыс, ал итеретiн кемелерге - тек қана жоғары қарай қозғалуға;
3) кеме жолының енi 200 м және одан артық болған кезде кемелер мен құрамдарға - екi жақты қозғалуға (бұл жағдайда сал құрамдарына тек қана көлдер мен су қоймаларымен қозғалуға рүқсат етiледi).
89. Кеме жолының енiне тәуелсiз, арналарда жалғыз және итеретiн кемелердiң екi жақты қозғалысы траверз бойынша екi жағалау және бағыт бойынша екiден кем емес кеме (құрам) ұзындығы көрiнетiн кезде ғана рұқсат етiледi.
90. Кемелер мен итеретiн құрамдардың көпiр астымен өтуiне, кеме жүру аралықтарында сол аралықтарды 0.5 км кем емес қашықтықта оларды берiк тануға және оларға жақындаған кезде сенiмдi бағыт алуға (көзбен немесе техникалық құралдар көмегiмен), мүмкiндiк беретiн навигациялық жабдық құралдары болғанда ғана рұқсат етiледi. Бұл кезде кеме жолы аралықтарының енi мынадай болу керек:
1) жалғыз және бiржiптi итеретiн кемелер үшiн - кеменiң (құрамның) 5 еселенген енiнен кем емес;
2) басқа итеретiн құрамдар үшiн - 3 еселенген құрам енiнен кем емес.
91. Өзенмен сал сүйрейтiн кеме көру мүмкiндiгi 1.0 км кем кезде қозғалысты жақын тұраққа дейiн ғана жалғастыруына болады.
92. Кемелер мен құрамдар бiр бағытта қозғалған кезде шектеулi 1.0 км кем көру мүмкiндiгi жағдайында, егер олар бiрiн-бiрi басып озу ойы болмаса, кез-келген жағдайда берiлген жылдамдық үшiн 5-еселенген тоқтау жолынан кем болмайтын өзара қауiпсiз арақашықтықты сақтау керек.
93. Қозғалысын тоқтатқан немесе жүзуге рұқсат етiлмеген кемелер, олар мүмкiндiгiнше қозғалысын жалғастыратын басқа кемелердiң бағытталуына және өтуiне қиындық тудырмайтын жерлерде тұрақталуы керек.
94. Қозғалыс барысындағы және тұрақта тұрған кемелер осы Ережелердiң 32-тарауына сәйкес дыбыстық белгiлер беру керек. Айырылу, өткiзу және басып озу барысында кемелер өзара келiсiм бойынша мезгiл-мезгiл сәйкес борттан жарықимпульсты (жарықтық) бұлғауларды қоса алады, ал көзбен көрiнетiн қашықтыққа жақындаған кезде осы Ережелердiң 166-тармағында көрсетiлген дыбыстық белгiлердi беруiне болады.
95. Шектеулi көрiнiс кезiнде мыналар:
1) егер көзбен көру мүмкiндiгi кеменiң (құрамның) үш ұзындығынан кем болса, енi 200 м кем кеме жолында кемеге (итеретiн құрамға) айырылуға және басып озуға;
2) егер көзбен көру мүмкiндiгi кеменiң екi ұзындығынан кем болса, айлақтарға, шлюздардың жақындау палдарына кемелердiң арқандап байлануына тыйым салынады.
96. Жергiлiктi ережелермен нақты жағдайларға қарай шектеулi көрiнiс кезiнде кемелердiң қозғалуына тыйым салынатын учаскелер белгiленуi мүмкiн.
16-тарау. Кемелердiң айырылуы (өткiзу)
97. Кемелер шектеулi 1.0 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде, УҚТ радиобайланыс бойынша айырылысуға (өткiзуге) ең ыңғайлы жер туралы алдын-ала келiсу керек және оны сол жақ борттарымен ғана, мынадай жолмен жүзеге асыру керек:
1) жоғары қозғалатын кеме келiсiлген жерге жақындағанда қаншалықты қажет және қауiпсiз болғанына қарай оңға бұрылып, тоқтап немесе жылдамдығын ең азына дейiн кемiтiп және қарсы келген кеменi (құрамды) сол жақ борты бойымен өткiзу керек;
2) төмен қозғалатын кеме келiсiлген жерге жақындағанда алдын-ала жылдамдығын ең азына дейiн кемiтiп, қаншалықты қажет және қауiпсiз болғанына қарай оңға бұрылып және қарсы кеме артқы жақта қалғанша осылай қозғалып отыру керек;
3) жоғары қозғалатын кеме салдық құраммен айырылуды сал жүргiзушi көрсеткен борт бойымен жүзеге асыру керек.
17-тарау. Кемелердi басып озу
98. 1.0 км кем көру мүмкiндiгi шектеулi кезде мыналарға:
1) кеме жолының енi 100 м және одан артық болған кезде 95-тармақтың1-тармақшасын ескере отырып, жалғыз кемеге басқа кемелер мен құрамдарды басып озуға;
2) кеме жолының енi 200 м және одан артық болған кезде итеретiн (сүйрейтiн) құрамға салдық және басқа құрамдарды басып озуға;
3) кемелер мен құрамдарды басып озу тек қана басып озылатындардың сол жақ борты жағынан; салдық құрамдарды басып озу - сал жүргiзушiнiң нұсқауы бойынша рұқсат етiледi.
99. Басқа кеменi қуып жететiн кеме, 1.0 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде УҚТ радиобайланыс бойынша басып озуға рұқсат алып, басып озу орнын және өзара сақтандыру шараларын ұйғару керек.
100. Басып озылатын кеме 1.0 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде басып озуды рұқсат еткен соң, жылдамдығын ең азына дейiн кемiтiп, қаншалықты қажет және қауiпсiз болғанына қарай оңға бұрылып, басып озу аяқталғанша осылай жүрiп отыру керек.
101. Басып озатын кеме 1.0 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде басып озуға рұқсат алған соң, басып озылатын кеме толығымен өтiлiп кеткенге және артта қалғанға дейiн одан қауiпсiз ара қашықтықты ұстай отырып, сақтықпен айналып өту керек.
4-бөлiм. Кемелер мен салдардың шамдары және
белгілері
18-тарау. Шамдар мен белгiлердiң қолданылуы. Анықтамалар
102. Шамдарға қатысты ережелер (16 парақтағы 3-қосымша) күн батқаннан шыққанға дейiн (түнде) орындалуы керек, сондай-ақ шектеулi көру мүмкiндiгi кезiнде; бұл кезде, осы Ережелермен нұсқалған шамдардың орнына қате есептелiп қалуы мүмкiн немесе олардың көрiнуiн нашарлатуы мүмкiн немесе байқауға кедергi болатын басқа шамдар қойылмау керек.
103. Белгiлерге қатысты Ережелер (16 парақтағы 3-қосымша) күн шыққаннан батқанға дейiн (күндiз) орындалуы керек.
104. Кеме жолы жиегiнен тыс орналасқан жөндеу кәсiпорындарының және тұрақтау пункттерiнiң акваторияларында жөндеуде немесе суық тұрақта тұрған кемелер, егер олар басқа қозғалатын кемелерге кедергi тудырмаса, нұсқалған шамдар мен белгiлердi алып жүрмеуiне де болады.
105. Шағын өлшемдi және желкендi кемелер шамдар мен белгiлердi алып жүредi (3 қосымша).
106. Осы тарауда мынадай анықтамалар қолданылады: топтық шам - кеменiң диаметральды жазықтығында орналасқан, үздiксiз жарықпен көкжиектiң 225 градус доғасын жарықтандыратын және кеменiң тура алдыңғы жағы бағытынан бастап әрбiр борт траверзiнiң артында 22.5 градусқа дейiн жарық түсiретiндей етiп орнатылған ақ шам;
борттық шамдар - оң бортта жасыл шам және сол бортта қызыл; бұл шамдардың әрқайсысы үздiксiз жарықпен көкжиектiң 112.5 градус доғасын жарықтандыратын және кеменiң тура алдыңғы жағы бағытынан бастап сәйкес борт траверзiнiң артында 22.5 градусқа дейiн жарық түсiретiндей етiп орнатылған;
артқы шамдар - кеменiң артқы жағында орналасқан, үздiксiз жарықпен көкжиектiң 135 градус доғасын жарықтандыратын және кеменiң тура артқы жағы бағытынан бастап әрбiр борт жағына 67.5 градусқа дейiн жарық түсiретiндей етiп орнатылған ақ шам;
сүйретулiк шам - кеменiң диаметральды жазықтығында орналасқан, кеменiң тура артқы жағы бағытынан бастап әрбiр борт жағына 67.5 градусқа дейiн 135 градус доғаны жарықтандыратын сары шам;
айналма шам - көкжиектiң 360 градус доғасын үздiксiз жарықтандырып тұратын шам;
жылтыл шам - реттелген уақыт аралықтарынан кейiн жылтыл беретiн шам;
жарықимпульстық (жарықтық) бұлғау - кеме траверзінен бастап алдыңғы жағына қарай 112.5 градус (диаметральды жазықтықты 22.5 градус жабатын) және кеме траверзінен бастап артқы жағына қарай 112.5 градус (диаметральды жазықтықты 22.5 градус жабатын) доғаны жарықтандыратын жылтыл ақ шам. Сәйкес борттық белгілермен бірдей түсті жарықимпульстық (жарықтық) бұлғаулар қолданылуы мүмкін. Жарықимпульсты бұлғаулар түнде де, күндіз де қолданылады. Оның болмаған кезінде бұлғау күндіз бұлғау-жалауымен, түнде - жарықтық бұлғаумен беріледі.
19-тарау. Шамдардың көріну ұзақтығы
107. Осы Ережелермен нұсқалған шамдар 1-кестеде көрсетілгендерден кем емес арақашықтарда көрінетін болу керек.
Шамдардың көріну қашықтығы, км.
_____________________________________________________________________
Шам, түсі Өзі жүзетін кемелерде Өз бетімен жүзбейтін кемелерде
_____________________________________________________________________
ұзындығы ұзындығы ұзындығы ұзындығы 20 м және 20 м-ден 50м және 50
артық кем артық м-ден
кем
_____________________________________________________________________
Топтық ақ 8 5.5 4 2
Борттық: қызыл 3.7 3.7 - -
жасыл 3.7 3.7 - -
Артқы ақ 3.7 3.7 - -
Сүйретулік сары 3.7 3.7 - -
Айналма: ақ 3.7 3.7 1.85 1.85
қызыл 1.85 1.85 1.85 1.85
сары 1.85 1.85 - -
жасыл 1.85 1.85 1.85 1.85
көк 1.85 1.85 - -
Жарықимпульсты бұлғау: күндіз 2 2 - -
түнде 4 4 - -
Жарықтық бұлғау (түнде) 4 4 - -
_____________________________________________________________________
Ескертулер:
1) ұзындығы 12 м кем өзі жүзетін кемелердің шамдарының көріну қашықтығы:
топтық - 3.7 км, борттық - 1.85 км;
2) шамдар мен белгілердің өзара орналасуы, олардың арасындағы қашықтықтар 2 парақтағы 4-қосымшада көрсетілген.
20-тарау. Жүру барысындағы механикалық қозғалтқышты
жалғыз кемелер
108. Механикалық қозғалтқышты жалғыз кемелер мыналарды:
1) топтық шамды, ұзындығы 50 м және одан артық кеме екiншi топтық шамды алып жүруiне болады, бұл кезде олардың бiреуi басқасының алдында және төмен орналасуы керек;
2) борттық шамдарды;
3) табанымен төмен үшбұрыш құрай орналасқан үш артқы шамдар, енi 5 м және одан кем кемеде - диаметральды жазықтықта бiр артқы шамды алып жүру керек.
109. Өткелдерде немесе айлақ акваторияларының шекараларында (яғни, қалаiшiлiк желiлерде) жұмыс iстейтiн механикалық қозғалтқышты су ығыстырғыш жолаушылар кемесi, сондай-ақ өзi жүзетiн қозғалыс барысындағы сал жалғыз кемеге нұсқалған (108-тармақ) шамдардан басқа, жылтыл айналма сары шамды алып жүру керек.
110. Мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар жүру барысындағы өзi жүзетiн кеме, жалғыз кемеге нұсқалған шамдардан басқа (108-тармақ), айырылу және басып озу кезiнде айналымдық қызыл шамды көрсете алады.
111. Қозғалу барысындағы кеме жолын қадағалау кемесi, осы Ережелердiң 108-тармағымен жалғыз кемеге нұсқалған шамдардан басқа, айналма жылтыл көк шамды алып жүруiне болады.
21-тарау. Итерумен айналысатын және
итерiлетiн кемелер
112. Итерумен айналысатын механикалық қозғалтқышы бар кеме мыналарды:
1) табанымен төмен үшбұрыш болып орналасқан, үш топтық шамды, олардың жоғарғысы диаметральды жазықтықта орналасуы керек;
2) борттық шамдарды;
3) табанымен төмен үшбұрыш болып орналасқан, үш артқы шамдар және олардың үстiнде сүйрету шамы, ал енi 5 м және одан кем кеме - тек қана бiр сүйрету шамын алып жүру керек.
113. Мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар кемелердi итерумен айналысатын механикалық қозғалтқышты кеме, осы Ережелердiң 112-тармағымен нұсқалған шамдардан басқа, айырылу және басып озу кезiнде айналма қызыл шамды көрсете алады.
114. Итеретiн кемелер мыналарды:
1) жалғыз - алдыңғы жақта бір топтық шамды;
2) құрамда - алда келе жатқан кеменiң әрқайсысы алдыңғы бөлiгiнде бiр топтық шам алып жүру керек.
22-тарау. Темiр арқанмен және борт астында сүйреумен
айналысатын кемелер
115. Темiр арқанмен сүйреумен айналысатын механикалық қозғалтқышты кеме мыналарды:
1) тiгiнен орналасқан екi топтық шамды;
2) борттық шамдарды;
3) кеменiң диаметральды жазықтығында орналасқан бiр артқы шамды және олардың үстiнде сүйрету шамын;
4) сал немесе аралас құрамдарды (сал мен кемелер) сүйрегенде - осы тармақтың 2,3 тармақшаларымен нұсқалған шамдарды және тiгiнен орналасқан үш топтық шамдарды алып жүру керек.
116. Мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар кемелердi сүйреумен айналысатын механикалық қозғалтқышты кеме айырылу немесе басып озу кезiнде оған осы Ережелердiң 115-тармағымен нұсқалған шамдардан басқа, айналма қызыл шамды көрсетуiне болады.
117. Өтуiне көмектесетiн сал немесе аралас құрам жанындағы кеме, бұл жұмыстың орындалу әдiсiне қарамастан тiгiнен орналасқан үш топтық шамды және кеменiң диаметральды жазықтығында орналасқан бiр артқы шамды алып жүру керек.
118. Кильватерге қосылған бiрнеше кемелер темiр арқанмен сүйреген кезде басты сүйреушi 115-тармақпен нұсқалған шамдарды, ал қалған сүйреушiлер - борттық шамдардан басқа, сондай шамдарды алып жүру керек.
119. Борттарымен байланған және құрамды немесе салды темiр арқанмен сүйрейтiн кемелер, осы Ережелердiң 115-тармағымен нұсқалған, iшкi борттық шамдардан басқа, шамдарды алып жүру керек.
120. Өздiгiнен жүзбейтiн кеменi борт астымен сүйреу барысында сүйрейтiн кеме механикалық қозғалтқышты жүру барысындағы жалғыз кеме сияқты, осы Ережелердiң 108-тармағымен нұсқалған, шамдарды алып жүру керек.
121. Кеме итергiшi бар құрамды темiр арқанмен сүйреген кезде осы Ережелердiң 115-тармағымен нұсқалған сүйреушi сияқты шамдарды, ал итеретiн кеме - бiр топтық шамды, сүйрету шамын және одан төмен көлденең орналасқан екi артқы шамдарды алып жүру керек. Итерушiнiң енi 5 м және одан кем болған кезде ол бiр сүйрету шамын алып жүредi.
122. Жалғыз кемеге немесе өз машинасын пайдаланатын итерiлетiн құрамға темiр арқанмен сүйреу көмегiн көрсету кезiнде, маневр жасауда немесе қиындатылған учаскелерден өту кезiнде, көмек көрсететiн кеме, осы Ережелердiң 115-тармағына сәйкес сүйрейтiн кеме сияқты шамдарды алып жүру;
көмек көрсетiлетiн жалғыз кеме - осы Ережелердiң 108-тармағымен нұсқалған, ал итеретiн кеме - осы Ережелердiң 121-тармағына сәйкес шамдарды алып жүру керек.
123. Басқа кеменiң немесе құрамның бортына байланған өздiгiнен жүзетiн жүру барысындағы (өз қозғалтқыштарын пайдаланатын немесе пайдаланбайтын) кеме, кеменiң диаметральды жазықтығында орналасқан бiр топтық және бiр артқы шамды алып жүру керек, бұл кезде негiзгi кеме (құрам) өз шамдарын өзгертпейдi. Мұнай бункершiсi, сондай-ақ тазалайтын кеме отын беру немесе жиналған лас суларды қабылдау кезiнде қосымша айналма қызыл шамнан алып жүру керек.
23-тарау. Сүйреу кезiндегі және тұрақтағы
өздiгінен жүзбейтiн кемелер
124. Өздiгiнен жүзбейтiн кемелер оларды темiр арқанмен, борт астымен сүйреген уақытта, сондай-ақ тұрақта (сүйреушiмен бiрге немесе онсыз) мыналарды:
1) ұзындығы 50 м кем жалғыз кеме - бiр айналымдық ақ шамды (борт астымен сүйреген кезде бұл шам топтық шаммен ауыстырылуы мүмкiн);
2) ұзындығы 50 м және одан артық жалғыз кеме - алдыңғы және артқы бөлiгiнде бiр-бiр айналма ақ шамнан (борт астымен сүйреген кезде бұл шамдар сәйкес топтық және артқы шамдармен ауыстырылуы мүмкiн);
3) құрамда - әрбiр кеменiң алдыңғы бөлiгiнде және әрбiр соңғы кеменiң артқы бөлiгiнде бiр-бiр айналма ақ шамнан алып жүру керек.
125. Мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар өздiгiнен жүзбейтiн тұрақтағы кемелер, осы Ережелердiң 124-тармағымен нұсқалған шамдарға қоса әрбiр кемеде бiр айналма қызыл шамнан алып жүру керек; күндiз олар белгiлiк "Б" жалауын (қалқанын) алып жүру керек.
126. Тұрақтағы өздiгiнен жүзбейтiн итергішi бар немесе онсыз кемелер, осы Ережелердiң 124 және 125-тармақтарына сәйкес жүк түрiне байланысты сүйретiлетiн кемелер сияқты шамдарды алып жүру керек.
127. Темiр арқанмен итерушi құрамында сүйрелген кезде өздiгінен жүзбейтiн кемелер, осы Ережелердiң 114-тармағына сәйкес итерiлетiн кемелер сияқты шамдарды алып жүру керек.
128. Жүру жағында орналасқан рейдіде немесе жағалауда тұрған өздiгiнен жүзбейтiн қосылған кемелер тобында және алдыңғы счалдың барлық кемелерi кеменiң алдыңғы бөлiгiнде, ал соңғы (артқы) счал кемелерi - кеменiң артқы бөлiгiнде де бiр айналма ақ шамнан алып жүру керек.
129. Мұнай тасымалдаушы, мұнай бункерлiк және тазалайтын станциялар, осы Ережелердiң 125-тармағына сәйкес мұнай жүктерi бар сәйкесетiн мөлшерлi өздiгiнен жүзбейтiн кемелер сияқты шамдар мен белгiлердi алып жүру керек.
130. Дебаркадер дiңгекте бiр айналма ақ шамды және кеме жолы жағынан көрiнетiн қондырғы қабырғасында бiр ақ шамды алып жүру керек.
131. Тұрақта және жағадан жағаға қозғалу кезiнде арқанды өткел паромы айналма ақ шам алып жүру керек, паромдық өткелдiң арқаны төбесi қорғаныш қалқандарымен жабылған шамдармен екi жағалаудан жарықтандырылуы керек.
132. Өздiгiнен жүзбейтiн қайырда тұрған кеме осы Ережелердiң 124-тармағынасәйкес ол үшiн орнатылған түрақтық шамдарды, одан басқа қалқыма навигациялық белгiнiң деңгейiнде - егер оның жанынан басқа кемелердiң өтуi мүмкiн болса, кеменiң кеме жолына шығып тұратын бөлiгiнде айналма ақ шамды, егер өту мүмкiн болмаса үш айналма қызыл шамды, күндiз - көрiнетiн жерде тiгiнен орналасқан үш қара шар немесе ұқсас заттарды алып жүру керек.
24-тарау. Тұрақтағы өзi жүзетiн кемелер
133. Тұрақта тұрған механикалық қозғалтқышы бар жалғыз кеме мыналарды:
1) алдыңғы бөлiгiнде бiр айналма ақ шамды (дiңгекте, жалау сапта, алдыңғы штакте);
2) 180 градус секторда (траверзден 90 градустан) көрiнетiн жүру жағының жүру көпiрi шетiнде бiр ақ шамды;
3) көлденең орналасқан екi артқы шамды;
4) енi 5 м және одан кем кезде - дiңгекте бiр айналма ақ шамды;
5) күндiз зәкiрде тұрған кезде - алдыңғы бөлiктiң неғұрлым көрiнетiн жерiнде қара шарды алып жүру керек (енi 5 м және одан кем кеме қара шарды алып жүрмеуiне болады).
134. Мұнай жүктерi, олардың қалдықтары, жарылғыш немесе улы заттары бар тұрақта тұрған өзi жүзетiн кеме, 133-тармақпен нұсқалған шамдар мен белгiлердi және қосымша олардан бөлек - айналма қызыл шамды, күндiз - белгiлiк "Б" жалауын (қалқанын) алып жүру керек.
135. Тұрақта тұрған құрамдары (салдары) бар итергiштер мен сүйрегiштер осы Ережелердiң 135-тармағымен нүсқалған өзi жүзетiн жалғыз кеме сияқты шамдар мен белгiлердi алып жүру керек.
136. Қайырдағы өзi жүзетiн кеме осы Ережелердiң 133, 134-тармақтарына сәйкес ол үшiн орнатылған тұрақ шамдарын және одан басқа, егер оның жанынан басқа кемелердiң өтуi мүмкiн болса кеменiң кеме жолына шығыңқы бөлiгiнде навигациялық қалқыма белгiлер деңгейiнде - айналма ақ шамды, егер өту мүмкiн болмаса - үш айналма қызыл шарды, күндiз - көрiнетiн жерде тiгiнен орналасқан үш қара шарды немесе ұқсас заттарды алып жүру керек.
25-тарау. Салдар мен тіреулiк жүзбелi құралдар
137. Қозғалыс барысындағы салдар мыналарды:
1) ұзындығы 60 м кем болған кезде - салдың артқы бөлiгiнде бiр айналма ақ шамды;
2) ұзындығы 60 м және одан артық, бiрақ 120 м кем болған кезде - екi айналма ақ шамдарды (бiрi сүйреушi бекiтiлген бас бөлiгiнде, басқасы - артқы бөлiгiнде);
3) ұзындығы 120 м және одан артық, бiрақ 240 м кем болған кезде - салдың бұрыштарында төрт айналма ақ шамдарды;
4) ұзындығы 240 м және одан артық, бiрақ 480 м кем болған кезде - салдың борттары бойында алты айналма ақ шамдарды (екеуi бас бөлiкте, екеуi - ортада және екеуi - артқы бөлiкте); ұзындығы 480 м және одан артық болған кезде салдың борттары бойында әрбiр 240 м (толық немесе толық емес) сайын екi айналма ақ шамдар қосылады;
5) кошельдiк сал - екi айналма ақ шамды, бiрi - бас бөлiкте, екiншiсi - артқы бөлiкте;
6) ұзындығы 60 м кем сал-сигара - сигараның артқы бөлiгiнде бiр айналма ақ шамды, ұзындығы 60 м және одан артық болған кезде - оның шеттерiнде бiр айналма ақ шамнан алып жүру керек.
138. Сал құрамдары, егер салдағы шамдар дауыл жағдайларынан өшiп қалса және оларды шығарып қою мүмкiн болмаса, көлмен немесе су қоймасымен қозғалған кезде басқа кемелердiң жақындауымен мезгiл-мезгiл сүйреушiнiң қуатты жарықтандырғыш құралымен жарықтандырылып тұру керек.
139. Салдар жүрiс жолындағы тұрақтарда, жүру кезiндегiдей шамдарды алып жүру керек.
140. Қалыптастыру рейдiнде тұрған салдар, кеме жолы жағынан әрбiр 500 м (толық немесе толық емес) сайын навигациялық белгiлердiң сәйкес шамдары қандай болса, сол түстес айналма шамдар алып жүру керек.
141. Орман запандары мен айлақтарының орман бағыттаушы және орман қоршаушы қалқыма құрылғыларының шеттерiнде, сондай-ақ бар ұзындығы бойымен әрбiр 100 м сайын, қалқыма навигациялық белгiлердiң сәйкес шамдары қандай болса, сол түстес айналма шамдарды алып жүру керек.
142. Қалқыма айлақ-понтондар, насостық станциялар, шомылғылар және басқалар кеме жолына шығыңқы бөлiгiнде, ұзындығы 50 м кем болған кезде бiр айналма ақ шамды, ұзындығы 50 м және одан артық болған кезде - әрбiр 50 м сайын айналма ақ шамдарды алып жүру керек.
26-тарау. Техникалық флоттың кемелерi
143. Кез-келген құрылымдағы және мақсаттағы түптереңдету снаряды кеме жолында жұмыс iстеген кезде мыналарды:
1) дiңгекте бiр айналма жасыл шамды;
2) кеме жолының оң белдеуiнде жұмыс iстеген кезде, жүру жағынан алдыңғы және артқы бөлiктерде тент биiктiгiнде орналасқан қосымша екi айналма (тенттық) қызыл шамды; сол белдеуiнде жұмыс iстеген кезде - сәйкес екi айналма жасыл шамды (кеме жолына көлденең жұмыс iстеген кезде - су асты өткелдерi үшiн траншеялар дайындау және басқалар - жоғарыда көрсетiлген екi тенттық шамдар жерснарядының алдыңғы және артқы жақтарында шеттерiне сәйкес орналасу керек);
3) рефулерлiк снарядтың қалқыма топырақөткiзгiшiнде - әрбiр 50 м сайын айналма шамдарды (топырақ кеме жолының оң жақ жиегiнiң сыртына төгiлгенде қызыл, сол жақ сыртына - ақ) алып жүру керек.
144. Кеме жолының бар енi бойынша жұмыс iстеген кезде көпқалақтық жерснаряды бiр айналма жасыл шамды, дiңгекте қосымша - төрт тенттік шамды (екi қызыл, кеме жолының сол жақ жиегiне қараған жағында, екi жасыл - оң жағына) алып жүру керек.
145. Су асты жұмыстарымен (сүңгуiр жүмыстарынсыз кемелердi көтеру, құбырларды, кабельдердi жүргiзу және басқалар) айналысатын түптазалау снарядтары мен кемелерi дiңгекте бiр айналма жасыл шамды, күндiз - белгiлiк "А" жалауын (қалқанын) алып жүру керек.
146. Кеме жолында немесе оның сыртында топырақ өндiретiн қалқыма крандар және түптереңдету снарядтары (тек қана кеме жолының шекарасынан тыс жұмыс iстеген кезде) зәкiрде тұрған өздiгiнен жүзбейтiн сәйкес мөлшерлi кемелер сияқты шамдарды алып жүру керек.
147. Сүңгуiр жұмыстарымен айналасатын кеме тiгiнен орналасқан екi айналма жасыл шамды, күндiз - екi белгiлiк "А" жалауын (қалқанын) алып жүру керек.
148. Өздерiнiң негiзгi амалдарын орындаумен аиналысып тұрмаған, суасты жұмыстарын жүргiзуге арналған жүру барысындағы және тұрақта тұрған түптереңдету және түптазалау снарядтары сәйкес өзi жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелер сияқты шамдар мен белгiлердi алып жүру керек, бұл кезде топырақөткiзгiште әрбiр 50 м сайын айналма ақ шамдар қойылу керек.
27-тарау. Балық аулайтын кемелер
149. Құралдарда тұрған, өзендерде ау құратын немесе жiберiлген аумен бiрге ағыс бойымен жүзетiн балық аулайтын кеме, оң жағалауда жұмыс iстеген кезде дiңгекте - тiгiнен орналасқан екi қызыл, сол жағалауда - екi ақ айналма шамдарды; күндiз - екi қызыл немесе екi ақ сәйкес белгiлiк жалауларды алып жүру керек. Жiберiлген құралдар бойымен әрбiр 100 м сайын қайықтарда немесе басқа құралдарда сәйкес қалқыма навигациялық белгiлерiнiң түсiмен түстес айналма шамдар шығарылып қойылу керек.
150. Осы Ережелердiң 149-тармағында көрсетiлген кеме жанынан өтетiн кемелердi алдын-ала мынадай белгiлермен: түнде оң жағалауда жұмыс iстеген кезде - қызыл шамды жыпылықтатумен, сол жағалауда - ақ шамды жыпылықтатумен; күндiз - сәйкес қызыл немесе ақ бұлғаужалауымен ескерту керек. Жанынан өтетiн кеме сәйкес борттан бұлғау беру арқылы өту жағын растау керек.
151. Көлдерде және су қоймаларында, сондай-ақ навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар учаскелерде балық аулаумен айналасатын кеме мыналарды:
1) тралдеу кезiнде - тiгiнен орналасқан екi айналма шамды (олардың iшiнде жоғарғысы - жасыл, төменгiсi - ақ); күндiз төбелерiмен қосылған екi конустан тұратын белгiнi (кеме ұзындығы 20 м кем кезде көрсетiлген белгiнiң орнына кәрзеңке қойылуына болады);
2) аулаудың басқа (тралдеуден бөлек) түрлерi кезiнде - тiгiнен орналасқан екi айналма шамдарды (олардың iшiнде жоғарғысы қызыл, төменгiсi - ақ); күндiз - 151-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес тралдеу кезiндегiдей белгiнi (немесе кәрзеңке);
3) егер ол суға қатысты жүрiсi болса, осы Ережелердiң 151-тармағының 1,2-тармақшаларында көрсетiлген шамдарға қосымша тағы да 108-тармақтың 2 және 3-тармақшаларымен нұсқалған борттық және артқы шамдарды алып жүру керек.
152. Жүру барысындағы немесе тұрақта тұрған балық аулаудан бос балық аулайтын кеме сәйкес мөлшерлi өзi жүзетiн немесе өздiгiнен жүзбейтiн кеме сияқты шамдарды алып жүру керек.
153. Балық аулап жүрген кемелерге мыналарға:
1) балық аулау құралдарын кеме жолының жартысынан артығына торлауға;
2) көпiрлердiң кемежолдық аралықтарынан 1.0 км кем қашықтықта кеме жолына балық аулау құралдарын торлауға;
3) шектеулi 1.0 км кем көру мүмкiндiгi кезiнде кеме жолына шығуға;
4) жақындаған кемелердiң алдында балық аулау құралдарын торлауға тыйым салынады.
5-бөлiм. Дыбыстық белгілер
28-тарау. Жалпы талаптар мен анықтамалар
154. Ұзындығы 7 м және одан артық механикалық қозғалтқышты кемелердiң, сондай-ақ түптереңдету снарядтарының ұзақ және қысқа дыбыстар шығаруға қабiлеттi дыбысбелгiлiк құрылғылары болу керек.
Бұл құрылғылармен берiлетiн дыбыстық белгiлер ұзындығы 20 м және одан артық кемелерден берiлгенде - 2.0 км кем емес, ұзындығы 20 м кем кемеден берiлгенде - 1.0 км ара қашықтыққа естiлуi керек.
155. Түнде дыбыстық белгiлер жарықпен (қуатты жарықтандырғыш құралмен, айналма ақ шаммен) қайталануы мүмкiн, бұл кезде жарықтың сәулесi басқа кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн шағылыстырмау керек.
156. "Қысқа дыбыс" терминi ұзақтығы 1 с, "ұзақ дыбыс" ұзақтығы 4 секундтан 6 секундқа дейiн созылатын дыбысты бiлдiредi.
157. Экипажы бар өздiгiнен жүзбейтiн кеменiң дыбыстық белгiлердi беру үшiн қоңырауы немесе металдық заты болу керек.
158. Үлкен елдi мекендерде және жолдың кей учаскелерiнде (апат оқиғаларының белгiлерi мен авария жағдайларының алдын алу үшiн арналған белгiлерден басқа) дыбыстық белгiлердiң берiлуi жергiлiктi ережелермен шектелуi мүмкiн.
159. Осы Ережелермен нұсқалған белгiлер орнына қате есептелуi мүмкiн дыбыстық белгiлердiң берiлуiне тыйым салынады.
29-тарау. "Ескерту" белгiсi
160. Кеме осы жағдайдан туындайтын, осыған байланысты шаралардың (қозғалысты тоқтатқанға дейiн) қабылдануын талап ететiн қауiп туралы басқа кеменi ескерткiсi келген кезде, бестен кем емес қысқа дыбыстарды беру керек.
161. Сәйкес дыбысбелгiлiк құрылғылар болмаған кезде, өздiгiнен жүзбейтiн кемелер бұл белгiнi қоңырау немесе металл затты жиi ұру арқылы беру керек.
30-тарау. "Борт сыртында адам" белгiсi
162. Бөрт сыртына адам құлаған кезде және суға батқанды құтқарған кезде кеме үш ұзақ дыбыс беру керек.
31-тарау. Шектеулi көру кезiндегi белгiлер
163. Жүру барысындағы өзi жүзетiн кеме шектеулi көру мүмкiндiгi кезiнде 2 минуттан артық емес уақыт аралығы сайын бiр ұзақ дыбыс беру керек.
164. Кемелердi немесе салдарды итеретiн немесе сүйрейтiн кеме шектеулi көрiнiс кезiнде 2 минуттан артық емес уақыт аралығы сайын бiр ұзақ және екi қысқа дыбыс беру керек.
165. Кеме жолының шекарасында зәкiрде немесе қайырда тұрған өзi жүзетiн жалғыз кеме немесе құрам шектеулi көру мүмкiндiгi кезiнде жақындаған кемелердi ескерту үшiн бiр қысқа, бiр ұзақ және бiр қысқа дыбыстар беру керек. Экипажы бар өздiгiнен жүзбейтiн кеме бұл жағдайда қоңырауды немесе металл затты жиi ұру арқылы белгi беру керек.
32-тарау. Маневр нұсқаулары мен ескерту белгілерi
166. Бiр-бiрiнiң көз алдында орналасқанда кемелермен қолданылатын белгiлер мынадай:
1) бiр қысқа дыбыс - "Мен өз бағытымды оңға өзгертемiн";
2) екi қысқа дыбыс - "Мен әз бағытымды солға өзгертемiн";
3) үш қысқа дыбыс - "Менiң қозғалтқыштарым артқа жол жүру үшiн жұмыс жасайды";
4) төрт қысқа дыбыс - "Мен айналым жасамақпын", "Мен тоқтамақшымын";
5) бiр қысқа және бiр ұзақ дыбыстар - "Жүрiстi арттыруды сұраймын";
6) бiр ұзақ және бiр қысқа дыбыстар - "Жүрiстi азайтуды сұраймын";
7) бiр ұзақ, бiр қысқа және бiр ұзақ дыбыстар "Радиобайланысқа шығуды сұраймын";
8) күндiз бұлғау жалауының, түнде ақ шамның көлденең қозғалысы - "Тоқтауыңызды сұраймын";
9) бiр ұзақ, бiр қысқа, бiр ұзақ және бiр қысқа дыбыстар - "Мен Сiздi түсiндiм" деген мағыналарды бiлдiредi.
167. Айлаққа, кемежайларға жақындаған кезде жолаушылар кемесi бiр ұзақ дыбыс, жолға шығарда - бiр ұзақ және үш қысқа дыбыстар беру керек.
33-тарау. Апат белгiлерi
168. Кеме апатқа ұшырағанда және көмек талап еткенде, келесi белгiлердi пайдалану немесе шығарып қою керек (бiрге немесе бөлек қолданыла алады):
1) дыбыстық белгiлердi беруге арналған кез-келген аппаратпен үздiксiз дыбыстық белгi беру, сондай-ақ қоңырау немесе металл затты үздiксiз соғу керек;
2) айналма шаммен, қуатты жарықтандырғыш құралмен жиi жыпылықтау немесе жалауды немесе шамды (жоғары-төмен) тiгiнен қозғау;
3) қызыл жұлдыздар шашатын, қысқа уақыт аралағында бiр-бiрден жiберiлетiн ракеталарды немесе гранаталарды;
4) қызыл түстi парашюты бар ракета немесе қызыл түстi фальшфеер;
5) жанып тұрған смолалы немесе майлы бөшкеден кемедегi жалын;
6) үстiнде немесе астында шар немесе шарға ұқсас бiрдеме орналасқан шаршылы жалаудан тұратын белгi;
7) жан-жаққа созылған қолдардың жәй және қайталана көтерiлуi мен түсiрiлуi;
8) апаттың радиотелеграфтық белгiсi;
9) апат туралы радиотелефон хабарламасы.
169. Жоғарыда аталған белгiлердi апат және көмек қажеттiлiгiн көрсетуден басқа мақсаттарда қолдануға немесе шығарып қоюға тыйым салынады.
6-бөлiм. Шағын өлшемді және желкенді кемелердің жүзуі
170. Осы бөлiмнiң ережелерi iшкi су жолдарындағы шағын өлшемдi (желкендiлердi қоса алғанда) және желкендi шағын өлшемдi емес кемелерге таратылады және басқа бөлiмдердiң ережелерiн ескере отырып қолданылу керек.
34-тарау. Шағын өлшемдi және желкендi кемелердiң қозғалу
тәртiбi
171. Жалғыз немесе сүйретiлетiн (итерiлетiн) шағын өлшемдi кемелермен бiрге келе жатқан шағын өлшемдi кемелер, сондай-ақ желкендi кемелер кеме жолының шегiнен (орнатылған қозғалыс белдеулерiнен немесе навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар ұсынылған бағыттардан) тыс жүру керек. Жол шарттарына байланысты мұндай қозғалыс мүмкiн болмаған жағдайда, олар кеме жолы бойымен жолдың оң жиегiн жағалай, одан 10 м дейiн аралықта бiр қатармен жүре алады. Бұл кезде олар шағын өлшемдi емес кеме жолындағы кемелердiң қозғалысын және маневр жасауын қиындатпау керек, ол үшiн дыбыстық және көзбен көру белгiлерiмен ауыспай-ақ олардың жолынан алдын-ала кету керек.
172. Шағын өлшемдi және желкендi кемелер қажет болғанда кеме жолын қиып (орнатылған қозғалыс белдеулерiнен немесе навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар ұсынылған бағыттардан) өте алады, сондай-ақ кеме жолын қия отырып, ереже ретiнде, өтiп бара жатқан шағын өлшемдi кемелердiң артынан айналуына болады. Жақындаған кемелердiң бағытын қиып өту маневрi оларға 0.5 км кем емес аралықта аяқталу керек. Қиып өту тiк бұрышқа жақын бұрышпен және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жасалуы керек. Кеме жолын нұсқалған орындарда қиып өту жағдайларында бұл шарттар да орындалуы керек.
173. Шағын өлшемдi және желкендi кемелердi шлюздар арқылы өткiзу, қолданылып жүрген олар арқылы кемелердi өткiзу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
174. Шағын өлшемдi және желкендi кемелерге, олар өндiрiстiк тапсырмаларды орындағаннан басқа жағдайларда, мыналарға:
1) жүрiп келе жатқан немесе тұрған шағын өлшемдi емес кемелердiң, жерснарядтарының, жүзбелi крандар мен басқалардың жанында және олардың арасында маневр жасауға немесе тоқтауға;
2) кеме жолының шегiнде (қозғалу белдеуiнде,ұсынылған бағытта), сондай-ақ қалқыма навигациялық белгiлердiң жанында тоқтауға немесе зәкiрге тұруға;
3) жолаушы және жүк айлақтарының, дебаркадерлердiң жанында, олардан 200 м кем аралықта жоғары және төмен тоқтауға;
4) көру мүмкiндiгi 1.0 км кем шектеулi кезде, ал желкендi кемелерге мұнан басқа түнде де, кеме жолына шығуға тыйым салынады.
175. Желкен астында келе жатқан, сонымен бiрге мотормен қозғалысқа келтiрiлетiн шағын өлшемдi емес кемеге кеме жолында түнде жүзуге тыйым салынады, ал күндiз осы Ережелердiң 171-тармағына сәйкес тек қана 10 метрлiк белдеу шекарасында ғана рұқсат етiледi.
176. Көру мүмкiндiгi 0.5 км шектеулi жағдайда, сондай-ақ 0.5 км кем ара қашықтықта жарықтандырылмаған бағдарнамалар қарусыз көзбен танылатын тәулiктiң қараңғы кезiнде, жылдам шағын өлшемдi кеме тек қана суығыстырғыш жағдайда қозғалысты жүзеге асыра алады.
177. Шағын өлшемдi және желкендi кемелерге кеме жолы бойымен 10 метрлiк белдеуден тыс жүзу тек қана кеме жүрiсiн реттейтiн органдармен келiсiлген шарттарда спорттық және басқа ұйымдастырылған шараларды өткiзген кезде ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
178. Айлақтардың акваторияларында, арналарда және жолдың бөлек учаскелерiнде шағын өлшемдi және желкендi кемелердiң жүзуiне жергiлiктi ережелермен тыйым салынуы немесе шектелуi мүмкiн, немесе олар үшiн бөлек қозғалу белдеулерi орнатылуы мүмкiн.
179. Шағын өлшемдi және желкендi кемелер шектеулi көру мүмкiндiгi кезiнде су қоймаларында, көлдер мен навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар аудандарда жүзу кезiнде осы бөлiмнiң ережелерiнен басқа, осы Ережелердiң 40-бөлiмiн басшылыққа алу керек.
35-тарау. Шағын өлшемдi және желкендi
кемелермен айырылу және басып озу
180. Осы бөлiмде белгiленген ережелер шағын өлшемдi және желкендi кемелерге кеме жолынан тыс жүзген кезде, оны қиып өткенде, навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар учаскелерде жүзгенде, сондай-ақ бұл кемелер кеме жолында бiрiн-бiрi басып озған жағдайларда таратылады.
181. Қарсы келген бағыттарда келе жатқан екi шағын өлшемдi моторлы кемелер сол борттарымен айырылу керек.
182. Екi шағын өлшемдi моторлы кемелер қиылысатын бағыттарда жақындасқанда, өзiнiң оң жағында басқасы бар кеме жол беру керек.
183. Егер екi желкендi кеме соқтығысу қаупi мүмкiн болатындай етiп жақындаса, олардың iшiнде бiрi екiншiсiне мынадай әдiспен жол беру керек:
1) кемелер әртүрлi галстармен келе жатса, онда сол галспен келе жатқан кеме басқа кемеге жол беру керек;
2) кемелер бiр галспен келе жатса, онда желдегi кеме, жел астындағы кемеге жол беру керек;
3) егер сол галспен келе жатқан кеменiң жел жағында басқа кеме болса және ол басқа кеменiң оң немесе сол галспен келе жатқанын анықтай алмаса, онда бұл сол кемеге жол беру керек.
184. Моторлы кеме желкендiмен қақтығыс қаупi болатындай етiп жақындасса, моторлы кеме желкендiге жол беру керек.
185. Басқа кемеге оның артқы шамының (шамдар) секторында, яғни траверз соңынан 22.5 градус артық бағыттан жақындаған шағын өлшемдi немесе желкендi кеме басып озатын болып есептеледi және оның моторлы немесе желкендi екенiне қарамастан, басып озылатын кеменi оның жолынан тыс жүрiп отырып, мынадай тәсiлдермен айналып өте алады:
1) кеме жолында - тек қана оның сол борты бойымен; басып озылатын шағын өлшемдi кеме жылдамдықты азайту арқылы тезiрек басып озуға септiгiн тигiзу керек (бұл кезде траверзде бiр мезгiлде екi кеменiң болуына тыйым салынады);
2) кеме жолынан тыс, оны қиып өткенде және навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар учаскелерде - кез-келген борт бойымен.
186. Шағын өлшемдi және желкендi кемелер айырылу мен басып озуды бұлғаулармен ауыспай-ақ жасай беру керек, бұл кезде олар өз әрекеттерiн осы Ережелердiң 166-тармағына сәйкес маневр нұсқауларының дыбыстық белгiлерiмен көрсете алады.
36-тарау. Шағын өлшемдi және желкендi
кемелердiң шамдары, белгiлерi мен дабылдары
187. Ескекпен, желкен астында немесе сүйретiлiп келе жатқан шағын өлшемдi кеме айналма ақ шамды алып жүру немесе оны дайындап, басқа кемелер жақындағанда көрсету керек; желкендi шағын өлшемдi кеме шамдарды осы Ережелердiң 190-тармағына сәйкес алып жүре алады.
188. Стационарлық немесе аспалық моторлы шағын өлшемдi кеме, оның қуатына қарамастан, жүру барысында борттық және артқы шамдарды алып жүру керек; борттық шамдар бiр қол шамда қиыстырылуы мүмкiн.
189. Басқа (басқалар) шағын өлшемдi кеменi сүйрететiн немесе итеретiн шағын өлшемдi кеме, осы Ережелердiң 187, 188, 192-тармақтарымен көзделген сәйкес жалғыз кеме шамдарды және белгiлердi алып жүру керек.
190. Ұзындығы 7 м және артық желкендi кеме жүру барысында мыналарды:
1) борттық шамдарды;
2) артқы шамды;
3) дiңгек топы жанында тiгiнен орналасқан екi айналма ақ шамдарды (олардың iшiнде жоғарғысы - қызыл, төменгiсi - жасыл) алып жүру немесе басқа кемелер жақындаған кезде желкендi ақ жыпылықтайтын жарықпен жарықтандыру керек.
191. Ұзындығы 20 м кем желкендi кемелерде борттық немесе борттық және артқы шамдар бiр қол шамда қиыстырылуы мүмкiн; борттық және артқы шамдарды қиыстырған кезде, 190-тармақтың 3-тармақшасында көрсетiлген шамдарды алып жүруiне тыйым салынады.
192. Желкен астында келе жатқан және сонымен бiр мезгiлде мотормен қозғалысқа келтірілетiн кеме, күндiз неғұрлым жақсы көрiнетiн жерде төбесi төмен қараған қара конус түрiндегi белгiнi, түнде - осы Ережелердiң 108 және 188-тармақтарына сәйкес, өзi жүзетiн сәйкес өлшемді кеме сияқты шамдарды алып жүру керек.
193. Басқа кемелер жүзуi мүмкiн жерде зәкiрде тұрған кезде шағын өлшемдi немесе желкендi кеме бiр айналма ақ шам алып жүру керек.
194. Балық аулаумен, сүңгуiр және басқа жұмыстармен айналасатын шағын өлшемдi немесе желкендi кеме, оларды орындау кезiнде осы Ережелермен көзделген қосымша шамдарды (белгiлердi), орындалып жатқан жұмыс мiнездемесiне сәйкес алып жүру керек.
195. Басқа кемелердiң қозғалыс жолында жүрiсiн немесе басқаруын жоғалтқан шағын өлшемдi немесе желкендi кеме, бұл туралы оларды алдын-ала күндiз байқалатын затты басынан жоғары айналдыру арқылы, түнде - ақ шамды айналдыру арқылы ескерту керек. Осы белгiлерге қосымша дыбыстық "Ескерту" белгiсi берiлуi мүмкiн (30-тарау).
196. Апатқа ұшыраған немесе көмектi қажет ететiн шағын өлшемдi немесе желкендi кеме осы Ережелердiң 34-тараумен көзделген белгiлердi бере алады.
197. Ұзындығы 7 м және одан артық желкендi кеменiң 1.0 км кем емес аралықта естiлетiн қысқа және ұзақ дыбыстар шығаратын дыбысбелгiлiк құрылғысы болу керек.
198. Су қоймаларында, көлдерде және навигациялық жабдықтың түпкiлiктi жүйесi бар учаскелерде шектеулi көрiнiс кезiнде жүру барысындағы және тұрақтағы шағын өлшемдi және желкендi кемелер осы Ережелердiң 213-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетiлген дыбыстық белгiлердi, ал сәйкес дыбысбелгiлiк құрылғылар болмаған кезде - қоңырауды немесе металл затты жиi соғу арқылы "Ескерту" белгiсiн беру керек (30-тарау).
7-бөлiм. Навигациялық жабдықтың түбегейлі
жүйесі бар учаскелерде кемелердің жүзуі
37-тарау. Жалпы ережелер
199. Навигациялық жабдықтық түбегейлi жүйесi бар учаскелердiң шекаралары жергiлiктi ережелерде, лоцияларда немесе навигациялық сызбаларда көрсетiледi.
200. Осы тараудың ережелерiмен ескерiлмеген жағдайларда, жылдам, желкендi және шағын өлшемдi кемелердi қоса алғанда, барлық кемелер навигациялық жабдықтың түбегейлi жүйесi бар учаскелер бойынша жүзген кезде осы Ережелердiң басқа тарауларының талаптарын орындауы керек.
201. Егер кеме басқа кемеге оның артқы шамының (шамдарының) секторында, яғни оның траверз соңынан 22.5 градус бағыттан жақындаса, онда кеме басып озатын болып есептеледi. Егер кеменiң басып озатын екенiне қатысты күмән болса, онда бұл дәл солай деп есептеп және соған лайық iс-әрекет жасау керек.
202. Егер кеме қозғалтқыштардың, қозғағыштардың, корпустың руль құрылғыларының, басқа тетiктердiң бұзылуына немесе гидрометеорологиялық құбылыстардың қиын әсерлерiне байланысты (4 парақтағы 5-қосымша) осы Ережелердiң талаптарына сай маневр жасай алмаса, кеме басқарылу мүмкiндiгiнен айрылған болып саналады.
203. Басқарылу мүмкiндiгiнен айрылған кеме неғұрлым жақсы көрiнетiн жерде тiгiнен орналасқан екi айналма қызыл шамдарды; егер оның суға қатысты жүрiсi болса, онда қосымша - борттық және артқы (артқыларды) шамдарды алып жүру керек. Күндiз бұндай кеме неғұрлым жақсы көрiнетiн жерде тiгiнен орналасқан екi қара шар немесе ұқсас заттарды алып жүру керек.
204. Балық аулаумен айналысатын кемелер бекiтiлген қозғалыс белдеулерiмен немесе ұсынылған бағыттармен келе жатқан кемелердiң қозғалысын қиындатпау керек.
205. Жүрiс кезiнде әрбiр кеме (басып озу жағдайын алып тастағанда) мына тiзiмде өзiнен кейiн көрсетiлген кемелерге жол беру керек:
1) механикалық қозғалтқышы бар жалғыз кеме, құрамды (салды алып тастағанда) итеретiн немесе сүйрейтiн кеме;
2) желкендi кеме;
3) балық аулаумен айналысатын кеме;
4) салды сүйрейтiн кеме;
5) басқарылу мүмкiндiгiнен айрылған, суасты немесе сүңгуiр жұмыстарымен айналасатын кеме.
206. Гидроұшақ суда барлық кемелерден тыс тұру және олардың қозғалысын қиындатпау керек. Бiрақ қақтығысу қаупi болған жағдайларда ол осы бөлiмнiң ережелерiн механикалық қозғалтқышы бар кеме сияқты, бiрақ дыбыстық белгiлер мен бұлғауларды бермей, орындау керек.
38-тарау. Кемелердiң айырылуы және басып озу
207. Осы тараудың ережелерi бiр-бiрiнiң көз алдында орналасқан механикалық қозғалтқышы бар кемелерге қолданылады. Бұл тарауда "кеме" терминi, сал құрамдарын алып тастағанда, кемелер мен құрамдарды бiлдiредi.
208. Екi кеме қарама-қарсы немесе қарама-қарсы дерлiк бағытта қақтығысу қаупi пайда болатындай жақындасқанда, олардың әрқайсысы сол жақ борттарымен өтiп кету үшiн өзiнiң бағытын оңға қарай өзгерту керек. Егер мұндай жағдайдың бар екенiне қатысты күмән болса, онда жағдай бар деп есептеп, соған лайық iс-әрекет жасау керек.
209. Екi кеме қиылысатын бағыттармен, қақтығысу қаупi пайда болатындай келе жатса, онда өзiнiң оң жағында басқасы бар кеме соған жол беру керек; бұл кезде ол басқа кеменiң бағытын алдынан қиып өтпеу керек.
Жол берiлген кеме өз бағытын және жылдамдығын сақтауға мiндеттi. Дегенмен, жол беруге мiндеттi кеме бұл үшiн сәйкес әрекеттердi қабылдамай тұрғаны ол үшiн айқын болғанда, кеме тек қана өзi маневр жасау арқылы қақтығысудан құтылу үшiн шаралар қабылдау керек.
210. Басып озу кезiнде басып озатын кеме (желкендi және салды сүйрейтiндердi қоса алғанда) басып озылатын кеме толығымен өтiп кеткенше және артта қалғанша оның жолынан шеткерi жүру керек.
211. Маневр жасау кезiнде, айырылу мен басып озуды қоса алғанда, механикалық қозғалтқышы бар кемелер (шағын өлшемдiлердi алып тастағанда) өз маневрларын, осы Ережелердiң 166-тармағына сәйкес, дыбыстық белгiлер беру арқылы бiлдiру керек.
39-тарау. Бiр-бiрiнiң көз алдында орналаспаған
кемелердiң жүзуi
212. Осы ереже көру мүмкiндiгi шектеулi аудандарда немесе осындай аудандардың жанында жүзетiн бiр-бiрiнiң көз алдында орналаспаған кемелерге (соның iшiнде радиолокаторы, УҚТ радиостанциялары жоқтарына) қатысты.
213. Көру мүмкiндiгi шектеулi аудандарда немесе олардың жанында кемелер осы Ережелердiң 32-тарауымен көзделген белгiлерден басқа, мына белгiлердi:
1) механикалық қозғалтқышы бар жүрiс барысындағы, бiрақ суға қатысты қозғалысы жоқ (дрейфтегi) кеме әрбiр 2 минуттан артық емес уақыт сайын - екi ұзақ дыбысты;
2) басқарылу мүмкiндiгiнен айрылған, балық аулаумен айналысатын кеме, сондай-ақ ұзындығы 7 м және одан артық жүрiс барысындағы желкендi кеме әрбiр 2 минуттан артық емес уақыт сайын - бiр ұзақ және екi қысқа дыбысты;
3) көзбен көрiнетiндей болып жақындаған кезде - осы Ережелердiң 166-тармағында көрсетiлген дыбыстық белгiлердi беру керек.
214. Әрбiр кеме шектеулi көру мүмкiндiгiнiң астам жағдайлары мен шарттарына қатысты орнатылған қауiпсiз жылдамдықпен қозғалу керек. Механикалық қозғалтқышы бар кеме өз машиналарын шапшаң маневр жасауға дайын ұстау керек. Жылдам кеме су ығысгырғыш жағдайда жақын қауiпсiз тұраққа дейiн ғана жүру керек.
215. Басқа кеменiң бар екендiгiн тек қана радиолокатор көмегiмен айқындаған кеме, шамадан тыс жақындау жағдайының дамуын және (немесе) қақтығысу қаупiнiң бар ма екендiгiн анықтау керек. Егер бұл осылай болса, онда ол дер кезiнде айырылу үшiн әрекеттер қабылдау керек. Осы арада әрекет бағыт өзгерту болып табылса, онда мүмкiндiгiнше мыналарды:
1) егер басқа кеме траверз алдында орналасса және басып озылатын болмаса, онда бағытты солға өзгертудi;
2) траверзде немесе траверз соңында орналасқан кеме жағына бағыт өзгертудi болдырмау керек.
216. Өз траверзi алдында деп шамалаған басқа кеменiң тұманды белгiсiн естiген немесе траверз алдында орналасқан басқа кемемен жаңадан тыс жақындасудан сақтана алмайтын әрбiр кеме, жүрiсiн ең азға дейiн кемiту немесе, егер қажет болса, қозғалысын тоқтата тұруы сәне кез-келген жағдайда қақтығысу қаупi өткенше өте ақырын жүрiп отыру керек.
40-тарау. Ерекшелiктер
217. Осы Ережелер күшiне енгеннен кейiн 10 жыл iшiнде кез келген өзi жүзетiн кеме, осы Ережелермен нұсқалған көлденең орналасқан екi артқы шамның орнына, бұрын орнатылған көкжиектiң 180 градус доғасын жарықтандыратын екi гакабортты шамдарды алып жүруiне болады.
218. Сүйрегiштер мен итергiштер осы Ережелер күшiне енгеннен кейiн 5 жыл мерзiмге дейiн сүйреу шамын орнатудан босатылады. Ол орнатылғанша сүйрегiштер кемелерді, құрамдарды және салдарды сүйреген кезде, осы Ережелердiң 120-тармағында көзделген, сәйкес өлшемдi жүру барысындағы жалғыз өзi жүзетiн кеме сияқты шамдарды алып жүру керек, ал итерумен айналысатын кемелер - диаметральды жазықтықта орналасқан бiр артқы шамды және одан төмен бұрын қойылған, көлденең орналасқан екi ақ гакабортты шамдарды (итерушiнiң енi 5 м және одан кем болған кезде - бiр артқы шамды) алып жүру керек.
219. Әскери кемелер осы Ережелердiң көру қашықтығына, жарықтандыру секторларына, шамдар мен белгiлердiң өзара орналасуына және дыбыстық белгiлердiң естiлу қашықтығына қатысты талаптарын, олардың қызметтерi мен құрылымдарының ерекшелiктерiн ескере отырып, бiрақ осы Ережелердiң қолданылуын қиындатпайтындай етiп орындай алады.
220. Әскери кемелер және кемелер осы Ережелермен көзделмеген, бiрақ қателесiп осы Ережелермен көзделген шамдардың, белгілердің немесе дабылдардың орнына есептеуге болмайтын, қосымша шамдар мен белгілерді алып жүре алады және дыбыстық және жарықтық белгілерді бере алады.
8-бөлім. Кемелерді және басқа жүзу құралдарын
пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың
жауапкершілігі
221. Кемелерді, салдарды және басқа жүзу құралдарын қолданатын және пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдіктерді, осы Ережелермен белгіленген талаптарды орындамағаны немесе күнделікті кеме жүргізу тәжірибесімен немесе берілген шарттың ерекше жағдайларымен орындалуы талап етілетін қандай болмасын сақтықты елемеуден болуы мүмкін салдарлар үшін жауапты.
9-бөлім. Кемелерді және басқа жүзу құралдарын
пайдаланатын заңды тұлғалардың міндеттері
222. Қарамағында ішкі су жолдарындағы көпірлер, бөгеттер және басқа ғимараттар бар шаруашылықпен айналысатын субъектілер мыналарға:
1) ғимараттар ауданында өз қаржылары есебінен навигациялық қоршауларды (стационарлық және қалқыма белгілерді) және кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге;
2) табиғатты қорғау органдарымен келісім бойынша ғимараттардың ауданында түптереңдету мен тазалауды жүргізуге;
3) ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелеріне сәйкес қалқыма көпірлердің кеме жолы аралықтарын (кеме иелерінен қосымша қандай болмасын ақы алмай) ашуға міндетті.