Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 наурызда № 6843 тіркелді.

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.03.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 95 бұйрығымен
бекітілген

Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің қарамағындағы кеме қатынасы шлюздері (Өскемен, Бұқтырма, Шульба) арқылы флотты қауіпсіз өткізуді ұйымдастырудың және оның технологиясы тәртібін айқындайды.

      2. Кеме қатынасы шлюздері арқылы флотты өткізудің ерекшелік жағдайлары навигациялық карталарда, лоцмандық сипаттауларда және жол ақпаратында көрсетеді.

      3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) кеменің вахталық бастығы (капитанның вахталық көмекшісі) - вахтадағы бүкіл жеке құрам оперативті бағынатын, кемені басқаратын лауазымды тұлға;

      2) қарсы шлюздеу - кемелердің аралық бас жағы арқылы камерадан камераға өтуімен көп сатылы шлюздердегі оларды бір уақытта екіжақты шлюздеу;

      3) кіру және шығу бағдаршамдары - тиісінше шлюз камерасына кіруді камерадан шығуды реттейтін бағдаршам;

      4) шлюз шекарасы - айлақтық қабырғалары бар шлюзді қамтитын, су жолдары учаскелерін шектейтін төменгі және жоғарғы беттердегі алыс бағдаршамдардың тұстамасы;

      5) алыс бағдаршам - кемелердің шлюздің айлақтық қабырғасына, соңғысы болмаған кезде шлюзге жақындап келуін реттейтін бағдаршам. Айлақтық қабырға болған кезде алыс бағдаршам оның шлюзден алыс шетінде орналастырылады; айлақтық қабырға болмаған кезде - кіреберіс каналдың жағалауында;

      6) екі жақты кеме өтуі - қарсы бағыттарда кезекпен жүзеге асырылатын жүйелі кеме өткізулер қатарындағы кеме өтуі;

      7) флот бойынша диспетчер - флот қозғалысын басқаратын және жүзу мен шлюздеуді үйлестіру үшін басқа кеме иелерінің кемелерімен байланысты жүзеге асыратын маман;

      8) көп сатылы шлюз - камералары әр түрлі деңгейде жүйелі орналасқан және жалпы аралық бас жақтары бар шлюз;

      9) шлюз вахтасының бастығы - шлюз шекарасында кемелердің өтуіне басшылықты жүзеге асыратын және шлюз механизмдерінің жұмысын басқаратын маман, оған шлюздің бүкіл вахталық персоналы оперативті бағынған;

      10) бір жақты кеме өтуі - бір бағытта жүзеге асырылатын жүйелі кеме өткізулер қатарындағы кеме өтуі;

      11) аралық бағдаршам - екі жақты шлюздеу кезінде шлюздеуді күтетін кемелердің тұрақ орындарының шлюзге жақын шекарасын белгілейтін және кіру бағдаршамымен бірлесіп, кемелердің шлюз камерасына кіруін реттейтін, ал бір жақты шлюздеу кезінде айлақ қабырғасындағы тоқтату белгісінің тұстамасына дейін кемелердің өтуіне рұқсат беретін және тыйым салатын бағдаршам;

      12) шлюз камерасының пайдалы үзындығы - тоқтату белгілерімен шектелген камера ұзындығының бір бөлігі, оның шектерінде кемелер мен құрамдар шлюздеу кезінде тоқтап тұрады;

      13) шлюздерге кіреберіс каналдар - төменгі және жоғарғы бьефтер жағынан шлюз шекарасына кемелер мен құрамдардың жақын келуіне арналған кеме қатынасы каналдары. Кіреберіс каналдардың шекарасы навигациялық карталарда көрсетіледі;

      14) тоқтату белгісі - шлюз камерасының пайдалы ұзындығының шекарасын және айлақтық қабырғада кемелерді арқандап байлау аймағының немесе кіреберіс каналдағы олардың тұрағының шекарасын белгілеу үшін қызыл түсті электр сигналы және (немесе) қалқанда қызыл түс жолағының суреті;

      15) кеме өткізу - камераға кірген және одан шыққан кезде кемелер қозғалысын, сондай-ақ шлюздеуді қамтитын шлюз арқылы кемелердің өтуі бойынша барлық ұйымдастыру-технологиялық операциялар кешені;

      16) шлюздеу - шлюз механизмдерінің жұмысымен (қақпалармен және бекітпелермен маневрлеу) және камераны толтыру немесе босатумен байланысты бір бьеф деңгейінен екінші бьеф деңгейіне кемелерді тікелей ауыстыру бойынша технологиялық операцияларды кешені. Көп сатылы шлюздерде шлюздеу процесіне қосымша кемелердің камерадан камераға өтуі бойынша операциялар кіреді.

      4. Шлюздеу кемелерінің шөгуі мен габариттік мөлшері шлюздер королдеріндегі (шектеріндегі) тереңдікке және кемінде төменде көрсетілгендей олардың камераларының нақты ені мен ұзындығына қатысты қорлармен қамтамасыз етіледі.

      Королдердегі (шектердегі) тереңдік бойынша жиынтық қор осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленеді.

      Ені бойынша (жиынтық қор): ені 18 метр дейінгі шлюздерде - 0,8 метр, 18 метрден жоғары - 1,0 метр.

      Жеке кеме (құрам) ұзындығы шлюзден өту кезінде оның камерасының пайдалы ұзындығынан кемді құрайды.

      5. Кеме қатынасы шлюздері арқылы шлюздеуге мынадай белгіленген габариттерден аспайтын техникалық жарамды кемелер мен құрамдарға рұқсат етіледі:

      1) ені бойынша - 17,2 метр;

      2) ұзындығы бойынша - 98 метр;

      3) биіктігі бойынша - 10 метр;

      кемелердің барынша шөгуі - 2,25 метр.

      Бұқтырма шлюзінде қарсы шлюздеуге шлюздеу кемелері мен құрамдарының жиынтық ені олардың арасындағы саңылауды есепке ала отырып, 17,2 метр аспайтын кемелер жіберіледі.

      6. Кез келген енді шлюздерде камера қабырғаларында қақ болған кезде кемелерді шлюздеуге қақтар шетінен ені бойынша кемінде 0,4 метр жиынтық қоры кезінде рұқсат етіледі.

      7. Шлюздеуге бағыт алған кемелерде техникалық жарамды рулмен басқаруы, дистанциялық автоматты басқару, басты қозғалтқыштардың іске қосу баллондарында ауаның қажетті қысымы, сондай-ақ шлюздерге тартылған және сенімді бекітілген зәкірлері болады.

      8. Шлюздеуге мыналар жіберілмейді:

      1) мынадай өнімдерінің жылыстауы бар мұнай құю кемелері;

      2) түсірілген зәкірлері бар, бөтен заттар болатын зәкірлері бар кеме (трос, сым және т.б.);

      3) борт габаритінен корпусының немесе қондырмаларының зақымдалған элементтері, жүк бөлігі немесе басқа заттар шығып тұратын кеме;

      4) суда су ағатын немесе шлюздеуге қажетті мүкәммалмен жинақталмаған кеме;

      5) экипаждың вахталық мүшелері қауіпсіздік құралдарымен (сақтандыру құтқарғыш кеудешемен) қамтамасыз етілмеген кеме;

      6) су қоймалары бойынша жүзуге рұқсаты жоқ кеме;

      7) кеме иелерінде кемеге құжаттары: (кеменің техникалық паспорты, куәлігі, кемені басқаруға, кемені техникалық куәландыру құжаттары) жоқ кеме;

      8) кеме иелері шлюздеуге төлем жүргізбеген немесе шлюздеуге арналған шартты жасаспаған бөгде ұйымдардың кемелері.

2. Кемелер мен құрамдардың шлюздер арқылы өтуін
ұйымдастыру тәртібі

      9. Флоттың шлюзге сапары кезінде оның қозғалысын ұйымдастыруды, кемелердің шлюз арқылы өтуін кеме иелері жүзеге асырады.

      10. Кемелердің шлюздер арқылы өтуін басқару мен ұйымдастыруды осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шлюздері арқылы жеңілдікпен шлюздеу жүргізу кестесін ескере отырып, сондай-ақ флоттың шлюзге нақты жақын келуін ескере отырып, шлюздер вахталарының бастықтары жүзеге асырады. Флот бойынша диспетчер немесе кеме иесі берген еркін нысандағы өтінім болған кезде кеме өткізу жүргізіледі.

      Кесте бойынша жұмыс істейтін кемелер үшін алдын ала өтінім талап етілмейді.

      11. Шлюздеуге келе жатқан кемелердің вахталық бастықтары ультрақысқатолқынды (бұдан әрі - УҚТ) радиобайланысы бойынша флот жөніндегі диспетчерге немесе шлюз вахтасының бастығына кемінде 1,5 сағатта (егер бұл УҚТ радиостанция жұмысы жағдайы бойынша мүмкін болмаса, онда тұрақты байланысты орнатудың барынша қашықтығынан) шлюз шекарасына жақын келудің есептелген уақыты туралы, кеменің техникалық жай-күйі, габариттері және шөгуі туралы, сондай-ақ жүк тегі туралы хабарлайды, бұл туралы кеме журналында жазу жазылады.

      Шлюз шекарасына кемінде I километр жақындаған кезде кемелердің вахталық бастықтары УҚТ радиобайланысы бойынша шлюз вахтасы бастығынан кеме өткізу тәртібі туралы нақтыланған деректерді сұратады.

      12. Шлюзге жақындауда флоттың шоғырлануы кезінде шлюз вахтасының бастығы жақындап келе жатқан кемелердің вахталық бастықтарын кеме өткізудің мүмкін болатын кідіруі туралы ескертеді, кеме қозғалысы режимі және шлюз шекарасына және тұрақ орнына шамалаған кіру уақыты бойынша ұсыныстар береді.

      Шлюздеуді күтіп шлюз шекарасы шегінде кемелер мен құрамдардың тоқтап тұруына мыналарда рұқсат етіледі:

      1) Бұқтырма шлюзінде - оң айлақ қабырғасында, төменгі кіреберіс каналда, канал арқылы темір жол көпірінен бір пыжға төмен, жоғарғы бьефте - бетонды айлақта екі пыжға.

      2) Өскемен шлюзінде - оң айлақ қабырғасында, төменгі кіреберіс каналда, тоқтау-сигналынан канал арқылы темір жол көпіріне дейін бір пыжға, жоғарғы бьефте - жоғарғы айлақтық қабырғада екі пыжға немесе рейдте.

      3) Шульба шлюзінде - төменгі бьефте кеме жүрісінің оң жағалаулық жиегінде, "Ветловый" аралы бойымен, 2974,7 километрден 2973,7 километрге дейін жүргізіледі. Жоғарғы бьефте оң жағалауда Шульба Гидроэлектростансасы плотинасынан 650 метр жақын емес қашықтықта кемелер тоқтап тұрады.

      Бұқтырма және Өскемен шлюздерінде мынадай орындарда тұрақтау жүзеге асырылмайды:

      1) төменгі кіреберіс каналдарда - бетон плиталар немесе тас төселген қоршау дамбаларының еңісінде;

      2) жоғарғы бьефте - оң жақтық бағыттағы палдарда және гидроэлектростанциясы қоршағыш буйларында;

      3) Рейдтерде шлюздер арқылы өтуді күтудегі кемелердің тоқтауы шлюзге жақындау немесе шлюздеу кемелерінің шлюзден кету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді есепке ала отырып, диспетчердің (вахта бастығының) нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      Шлюздеуге келе жатқан және олардың рейдтердегі шлюздерге жақындауларда уақытша тоқтап тұруы басқа функцияларды орындаумен байланысты кемелердің вахталық бастықтары шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) мақсаты мен жоспарланған уақыты туралы хабарлайды, ал көрсетілген функцияларды орындағаннан кейін шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) кеме өткізуіне дайын екені туралы баяндайды.

      15. Кесте бойынша жұмыс істейтін жолаушыларды және басқа кемелерді өткізу олардың қозғалыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Басқа кемелер олардың шлюзге келуі ретінде өткізіледі, ал шлюздерге келу кезек бар болған жағдайда олардың өтуінің мынадай дәйектілігі қамтамасыз етіледі:

      1) бірінші кезек - 1 және 2 класс мұнай өнімдері немесе олардың

      қалдықтары бар мұнай құю кемелері мен құрамдар, жарылғыш және

      уландырғыш заттары бар кемелер, тез бұзылатын жүктері және мал бар

      кемелер;

      2) екінші кезек - арнайы объектілер және техникалық флот кемелері;

      3) үшінші кезек - құрғақ жүкті өздігімен жүретін кеме және итерілетін құрамдар, 3 және 4 класс мұнай өнімдері немесе олардың қалдықтары бар мұнай құю кемелері мен құрамдар;

      4) төртінші кезек - құрғақ жүкті тіркеп сүйретілетін құрамдар;

      5) бесінші кезек - жоғарыда айтылғанға жатпайтын кемелер.

      Барлық жағдайда төтенше жағдайларды жою үшін келе жатқан кемелер шлюз арқылы бірінші кезектен тыс өткізіледі.

      Шлюз шекарасында флот көп шоғырланған кезде шлюз диспетчері (вахта бастығы) қалыптасқан жағдай негізінде жинақталған флотты барынша тез және қауіпсіз өткізуді көздейтін шлюздеу жоспарын жасайды. Осындай жағдайда шлюз камерасының пайдалы алаңын неғұрлым толық пайдалану мақсатында жоғарыда көрсетілген флотты кезекпен өткізуден ауытқуға жол беріледі. Бұл ретте кестеден шыққан жолаушылар кемелерін бірінші кезекте өткізу шаралары қолданылады.

      16. Кеме қатынасы шлюздері мен көлік флотын неғұрлым тиімді пайдалану, сондай-ақ суды үнемдеу мақсатында келесі кемелерді бірлесіп және қарсы шлюздеуге рұқсат етіледі:

      1) құрғақ жүкті кемелер мен құрамдар, 2, 3, 4 класты мұнай өнімдері тиелген (немесе олардың қалдығымен), мұнай құю өздігінен жүретін кемелерімен техникалық флоттың кемелері;

      2) құрғақ жүкті кемелермен және құрамдармен және техникалық флоттың кемелерімен жолаушылар кемелері (соның ішінде жылдамдықты).

      Кез келген кемелерді уландырғыш және жарылғыш жүктерді тасымалдаған кемелермен бірлесіп шлюздеуге, сондай-ақ 1 класты жүгі және оның қалдығы бар және 1 класты жүк қалдығына мұнай өнімі тиелген кемені басқа кемелермен бірлесіп шлюздеуге жол берілмейді.

      17. Бірлескен және қарсы шлюздеу кезінде мынадай талаптар сақталады:

      1) жолаушылар жылдамдықты кемелер шлюзге соңғы болып кіреді және олардың траверзінде басқа суығыстырғыш кемелердің (шағын өлшемді кемелерден басқа) болмайтындай етіп камераға орналастырылады;

      2) мұнай құю өздігінен жүретін кемелер шлюзге кіріп, бірінші болып тұрады;

      3) құрғақ жүкті кемелер камераға мұнай құю өздігінен жүретін кемелер траверзіне олардың борттары арасындағы интервал кемінде 1 метр болатындай жағдайда қойылады;

      4) үлкен өлшемді кемелер шлюзге кіріп, бірінші болып тұрады, содан соң ұзындығы 25 метрден кем кемелер кіреді;

      5) ұзындығы 25 метрден кем кеме мен үлкен мөлшерді кемелерді қарсы шлюздеу кезінде камерадан камераға өтуді бірінші өлшемді кемелер бастайды, ал олар арқандап байланғаннан кейін үлкен өлшемді кемелер өтеді.

      18. Шлюз вахтасының бастығы кемелердің шлюздің кіреберіс каналына кіруге рұқсат береді және кемелерге кіреберіс каналдарда жүзу шарттары туралы, олардағы кемелер туралы ақпаратты береді.

      19. Өздігінен жүретін кемелердің капитаны мен барж шкиперлері кемелердің алыс бағдаршамдарға немесе каналға кіруге жақындау сәтінен бастап және шлюздеу аяқталуға дейін (шлюз шегінен шығуға) шлюз вахтасының бастығының өкіміне бағынады. Кемелердің кіреберіс каналдарда, жоғарғы бьефте, алыс бағдаршам шекарасында қозғалысы кезінде және өздігінен жүретін кемелермен шлюздеу уақытында капитандар, ал өздігінен жүрмейтіндерді - шкиперлер басқарады. Шлюздердің кіреберіс каналдарында қозғалған кезде кемелер мен құрамдардың өзара басып озуына тыйым салынады.

      20. Шлюздердің айлақтық қабырғаларына кемелердің жақындауына рұқсатты бағдаршамның (жасыл) немесе УҚТ радиобайланысы бойынша рұқсат ететін сигналды қосу жолымен шлюз диспетчері (вахта бастығы) береді.

      21. Екі жақты кеме өтуі кезінде айлақ қабырғасында өткізуді күтіп тұрған кеме өзінің форштесімен аралық бағдаршамның қызыл сигналы кезінде оның аралық тұстамасын кесіп өтпейді. Бір жақты кеме өтуі кезінде өтуді күткен кемелер тоқтау белгісі тұстамасына жақын емес айлақтық қабырғаға қойылады, олардың өтуіне аралық бағдаршамның жасыл сигналы кезінде рұқсат етіледі (бұл ретте шлюздің кіру бағдаршамы қызыл сигналды көрсетеді).

      22. Осы рейд үшін кеме радиобайланысын ұйымдастыру жөніндегі орнатылған нұсқамалар шекарасы шегінде радиостанцияның УҚТ шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) берілген радиобайланыс арнасына қосылады. Көрсетілген шекаралар шегінде радиобайланыстың осы арнасында флотты шлюз арқылы өткізуге ғана қатысты келіссөздер жүргізіледі.

      Шлюздер диспетчерлері (вахта бастықтары) кеме өтуіне қатысты радиостанцияның УҚТ бойынша барлық келіссөздерді 300,2 килогерц жиілігі бар арнада жүргізеді.

      23. Кеме өтуіне қатысты радиостанцияның УҚТ бойынша барлық келіссөздер шлюздің орталық басқару пультында белгіленеді.

      24. Шлюз королында түпкі жағында су қоры ең аз рұқсат етілетін мөлшерді құрайтын кемелердің вахта бастықтары шлюзге кіргенге дейін тексеріледі және шлюздің вахта бастығына нақты шөгуді хабарланады.

      25. Шлюз вахтасының бастығы:

      1) шлюз шекарасында кеме қозғалысын басқарады (алыс бағдаршамдар);

      2) кеме жүргізушілеріне шлюз королындағы тереңдіктер туралы хабарлайды;

      3) айлақ қабырғасында және шлюз камерасында кемелер мен құрамдарды ретімен қоюды шлюздің пайдалы алаңын оңтайлы пайдалануды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ осы Қағидаға 17-тармақтың талаптарын ескере отырып басқарады;

      4) кемелердің шлюз камерасына кіру, камерадан камераға ауысу (көп сатылы шлюздерде) және шлюзден шығу кезектілігін хабарлайды;

      5) шлюздеу процесін барлық шлюздеу кемелерін тоқтату аяқталғаннан және радиобайланыстың УҚТ бойынша кемелердің вахта бастықтарынан шлюздеуге дайындалуы туралы хабарламаны алғаннан кейін немесе бір қысқа дыбыс сигналымен және кеме өткізушінің растауынан кейін ғана бастайды;

      6) шлюз камерасын жоғарғы кіреберіс каналынан су алумен толтыруды және шлюз камерасынан төменгі кіреберіс каналға су жіберуді тек шлюздің айлақтық қабырғасындағы кемелер тоқтағаннан кейін бастайды;

      7) айлақтық қабырғада қарсы кеме өтуін күткен арқандап байланбаған кемелер болған кезде кемелердің шлюз камерасынан шығуға рұқсат етілмейді;

      8) шлюзделетін кемелердің вахталық бастықтарына кіреберіс каналдарда келе жатқан және тұрған кемелер туралы, кіреберіс каналдарда қойылған белгілер туралы хабарлайды;

      9) кеме құжаттарын, сондай-ақ төлем тапсырмасын немесе шлюздеуді жүзеге асырғаны үшін ақы төлеу туралы түбіртекті.

      26. Кемелердің вахта бастықтары шлюз диспетчерінің айлақ қабырғасына кемелерді (құрамдарды) ретімен орналастыру, кеме өткізу тәртібі және шлюз камерасында ретімен орналастыру бойынша нұсқауларын орындайды. Алынған нұсқаулар радиобайланыс УҚТ бойынша расталады, ал ол болмаған кезде немесе жарамсыз болғанда - "Мен сіздерді түсіндім" деген дыбыстық сигнал берумен.

      Егер кеме қандай да бір себеппен кеменің немесе құрамның маневрлік мүмкіндіктеріне, метеожағдайлар және басқаларына байланысты алған талаптарды орындамаса, онда бұл жағдай шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) хабарланады. Бұл ретте кеменің вахталық бастығы шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) қабылдаған тиісті шешімін күтеді.

      27. Осы Қағида бұзылған кезде шлюз вахтасы бастығының шлюздеуге және кеменің одан арғы қозғалысына тыйым салу құқығы болады.

      Бүл жағдайда шлюз вахтасының бастығы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылық сипаты туралы акті жасайды және осы факті туралы шлюз бастығына немесе оны алмастыратын адамға дереу хабарлайды.

      Кеме гидротехникалық құрылысты зақымдығын немесе гидротехникалық құрылыстан өткенде кеме зақымданған жағдайда кеме қозғалысын тоқтатады, шлюз вахтасы бастығы нұсқаған жерге тоқтап,ол дереу болған оқиға туралы шлюз бастығына немесе оны алмастыратын адамға дереу хабарлайды.

      28. Жарылғыш және уландырғыш заттары бар кеме айлақ қабырғаларында тоқтаусыз шлюзге кіруге қамтамасыз етіледі.

      29. Екі жақты кеме өтуі кезінде шлюз камерасында кемелер қозғалысының басталуына аралық және кіру бағдаршамдарының жасыл сигналы кезінде рұқсат етіледі.

      Бір жақты кеме өтуі кезінде шлюз камерасында кеме қозғалысының басталуына кіру бағдаршамының жасыл сигналы кезінде рұқсат етіледі.

      Көп сатылы шлюздерде бір камерадан екіншісіне ауысуға кіру бағдаршамының жасыл сигналы кезінде рұқсат етіледі.

      Екі жақты және бір жақты кеме өтуі кезінде шлюз камерасынан шығуға шығу бағдаршамының жасыл сигналы кезінде рұқсат етіледі.

      30. Шағын өлшемді кемелер онымен бірлесіп шлюздеудегі кемелердің бәрінен кейін және тек дауыс зорайтқыш байланысы бойынша немесе кеме өткізуші арқылы берілген шлюз вахтасы бастығының рұқсатымен кіреді.

      31. Бағдаршамда сигналдың болмауы тыйым салу сигналы (қызыл сигналға сәйкес келетін) болып табылады. Бұл жағдайда радиобайланыстың УҚТ арқылы берілген шлюздің вахта бастығының рұқсатымен ғана кеме қозғалысын жалғастырады.

      32. Шлюз камерасында ретімен қойылғаннан және арқандап байланғаннан кейін кеме камераның пайдалы ұзындығын шектейтін тоқтау сигналы шегінде болады.

      33. Кеменің вахта бастығы кеме өтуі кезінде:

      1) шлюз вахтасының бастығына кеменің техникалық жай-күйі, талап етілетін қауіпсіздік талаптарының орындалуы туралы және кеме өткізуіне дайындығы туралы дәйекті хабарлайды;

      2) шлюзге кіру алдында радиобайланыстың УҚТ бойынша шлюз вахтасы бастығына осы Қағиданың 7-тармағының талаптарының орындалуы туралы хабарлайды;

      3) радиобайланыстың УҚТ бойынша шлюз вахтасы бастығымен тұрақты байланыста болады;

      4) кемені арқандап байлау үшін көрсетілген орында оны жеткілікті басқаруды және тоқтатуды қамтамасыз ететіндей сағатына 10 километр жылдамдықпен шлюзге кіреді; бүл ретте екі және одан көп басты қозғалтқышы бар су ысырғыш кемелерде, олардың біреуі кері жүру режимінде шлюз қақпасы тұстамасынан кеменің алдыңғы жағы өтуден кешікпей іске қосылады;

      5) радиобайланыстың УҚТ бойынша немесе бір қысқа дыбыспен шлюз камерасында арқандап байлаудың аяқталуы туралы шлюз вахтасының бастығына хабарлайды;

      6) шлюзден түсірілген мачталарымен (биіктің габариттік мөлшерлерге байланысты шлюздерде) өтеді;

      7) жүзбелі крандар тек түсірілген жебемен өтеді;

      8) егер кеме шөгуі 220 сантиметр құраса, шлюз королын бұрамалармен жұмыс істемей ең аз жылдамдықпен өтеді.

      34. Көп сатылы шлюздеуде кемелерді қарсы шлюздеуге рұқсат етіледі. Қарсы шлюздеуге осы Қағидаға сәйкес белгіленген габариттік мөлшерлер бойынша қормен өтетін, 1 сыныпты мұнай құю кемелері мен жарылғыш және уландырғыш заттары бар кемелерден басқа, барлық типтегі жекелеген кемелер мен құрамдарға рүқсат етіледі. Қарсы шлюздеуді өткізу және кемелердің бір камерадан басқасына өту кезектігі туралы шешімді шлюз вахтасының бастығы қабылдайды.

      35. Айлақ қабырғаларында және шлюз камераларында кемені арқандап байлау тиісті байлау қанаттарымен жүргізіледі. Ұзындығы 25 метрден астам кемелер бір борт бойынша орналасқан кемінде екі байламмен (алдынан және артынан) арқандап байланады. Ұзындығы 25 метрден кем кемелер кеме ортасында бір кнехтке арқандап байланады. Жүзбелі рымға арқандап байлауды вахта персоналы жүзеге асырады. Шағын өлшемді флот ағызу терезелерінің ерекше орналасуына байланысты Бұқтырма шлюзінің екінші камерасында шлюздің оң жағы бойынша арқандап байланады.

      36. Шлюздеу кезінде кеме тартылған арқандарда болады, бұл ретте берілген арқандап байлау аяқ жағында бақылаушы болады, ол шлюз камерасын толтыру немесе босату кезінде арқандардың орналасуын қарайды.

      Кеменің вахта бастығы капитан көпіршесінде болады және кеме жағдайын бақылайды, ал шлюздің кеме өткізушісі камера маңында немесе шлюздің бас жағында болады және шлюздеу кемелері мен камераның жүзбелі рымдар жағдайын бақылайды.

      Кеме арқандарын беру қақпа толық ашылғаннан кейін және камераға кіруде немесе одан шығуда бағдаршамның рұқсат ететін сигналы болған кезде жүргізіледі.

      37. Шлюз шекараларында зәкірлерді, руль, қондырғыларды, өсу бұрамаларын жоғалту кіреберіс каналға немесе камераға үзілген кнехт және ірі габаритті бөлшектер құлаған жағдайлардың барлығы туралы кемелердің вахта бастықтары дереу шлюз диспетчеріне (вахта бастығына) хабарлайды.

      38. Шлюз камерасына өздігінен жүрмейтін кемелерді кіргізу кемінде 150 ат күші қозғалтқыш қуаты бар сүйрегіш теплоходпен жүзеге асырылады.

      39. Су асты қанатты жылдамдықты кемелер камерадан камераға және шлюзден шығу кезінде сағатына 10 километр аспайтын жылдамдықпен жүреді.

      40. Шлюз камерасында мұз болған кезде кеме өтуіне жеке өздігінен жүретін кемелерге, бір желілі итерілетін құрамдарға және бір сүйрететін баржасы бар құрамдарға ғана жол беріледі.

      41. Шлюз шекарасында мыналарға жол берілмейді:

      1) кемелерді осы мақсатқа арналмаған конструкцияға немесе басқа заттарға арқандап;

      2) қозғалыстағы кемелердің инерциясын басу үшін жүзбелі рымдарды пайдалану;

      3) шлюз диспетчерімен (вахта бастығымен) келісусіз алыс

      бағдаршамдардың тұстамасынан кіреберіс каналдарға кіру және кеме өтуі

      қажет емес кемелерге шлюздің айлақтық қабырғаларында тұрақтап тұру;

      4) кемелердің қарсы кеме өтуін күтіп, айлақтық қабырғада аралық бағдаршамға жақын, ал бір жақты кеме өтуі кезінде тоқтау белгісіне жақын аялдау;

      5) қайта тиеу жұмыстарын кіреберіс каналдар шегінде және айлақ қабырғаларында шлюз басшылығымен және шлюз диспетчерімен (вахта бастығымен) келісусіз;

      6) кемелердің айлақтық қабырғаларда және жағалаудың бетон бекітпелеріне жақын тұраққа тұру (кемені басқа тәсілмен тоқтату мүмкін болмағанда, ал одан әрі қозғалу аварияға ұшыратуға әкелетін болғанда ғана көрсетілген орындарда зәкірлерді беруге жол беріледі) зәкірде тұруы;

      7) кемелердің арқандап байлау сынақтарын жағалау құламаларында және гидротораптар шекараларында, арнайы бөлінген және тиісті жабдықталған орындарда сынауды қоспағанда, жүргізіледі;

      8) шлюз есігін ашқан және жапқан кезде шлюз камерасындағы кемелердің бұрамалармен жұмысы;

      9) шлюз диспетчерінің (вахта бастығының) рұқсатынсыз (авариялық оқиғаларды қоспағанда) кемелердің жолаушыларының команда мүшелерінің шлюз аумағына шығуы және шлюз аумағынан отырғызылуы;

      10) мұнай құю кемелерінің кеме өтуі кезінде шлюз камерасының бойымен алаңда ашық от жағу және қандай да бір отпен (электрмен дәнекерлеу, автоген дәнекерлеуі және басқалар) жұмыс жүргізу;

      11) шлюз және оған кіреберіс каналдар шегінде болған кезде кемелерде радио тарату зор дыбысты қондырғыларды қосу және жұмысы;

      12) шлюзге кіреберісте және камерада кеме рубкасы мен шлюздің басқару пульті үй-жайында прожекторлармен жарықтандыру;

      13) шлюз қабырғасы мен бас жағы, пал, айлақтық қабырғалар және басқа конструкцияларының бетіне жазулар жазу және басқа таңбалар басу;

      14) борт сыртына қоқыс тастау және балласты азайту;

      15) қақпалардың толық ашылмауы кезінде кемелерді өткізуді жүргізу;

      16) фото және бейне түсірулер.

      42. Аз габаритті қорымен немесе жоғары жүгімен кемелердің шлюз арқылы біржолғы өтуі шлюз басшылығымен келісу бойынша жүзеге асырылады, бұл туралы шлюздік вахта журналына және кеменің кемелік журналына жазу жазылады.

      43. Техникалық жарамды кемелердің шлюзден біржолғы өтуі мынадай жағдайда жүзеге асырылады:

      1) межелі пунктке флотты қауіпсіз өткізу үшін мүмкіндіктің болмауы;

      2) жөндеу орнына кемені алып өту қажеттігі;

      3) кеме қатынасы құрылысының үздіксіз жұмысын сақтау.

      Бұл ретте техникалық жарамсыз кемелердің біржолғы өтуі Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі болған кезде жүргізіледі.

      44. Кесте бойынша алдын ала қарау және жөндеу үшін немесе шлюзді біржолғы шығару үшін шлюздерді уақытша шығару (3 сағаттан астам) шығару туралы шлюз басшылығы кеме иелерін алдан ала хабардар етеді және хабарлама хатын таратады.

  Кемелердің кеме қатынасы шлюздері
арқылы өту қағидасына
1-қосымша

Королдердегі (шектердегі) тереңдік бойынша жиынтық қор

Шлюз түрі

Королдегі (шектердегі) тереңдік м

Кеме түбіндегі қор, м

Темір-бетон

2,5 дейін

0,25

2,5 жоғары

0,4

  Кемелердің кеме қатынасы шлюздері
арқылы өту қағидасына
2-қосымша

Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнының Өскемен, Бұқтырма, Шульба шлюздері арқылы жеңілдікпен шлюздеуді жүргізу кестесі

Шлюздің атауы

Жұма

Сенбі

Жексенбі

Жоғары

Төмен

Жоғары

Төмен

Жоғары

Төмен

Өскемен шлюзі

12.00 ден 13.00 дейін

12.00 ден 13.00 дейін

12.00 ден 13.00 дейін

12.00 ден 13.00 дейін

18.00 ден 19.00 дейін

18.00 ден 19.00 дейін

Бұқтырма шлюзі

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

Шульба шлюзі

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

15.00 ден 16.00 дейін

  Кемелердің кеме қатынасы шлюздері
арқылы өту қағидасына
3-қосымша

Бұзушылық сипаты туралы АКТІ

      20 жылғы "___"________________

      Біз, төменде кол қойған ____________________________________________,

      ___________________________________________________________тұлғасында

      (қызметі. Л.Ж.Ә.. ал бөтен куәгерлер үшін тұрғылықты жері)

      Мыналар туралы осы актіні жасадық:

      Кеме _________________________________, қуаттылығы_______________а.к.

      шөгуімен ______________см,__________________тиесілі шлюзденді (төмен, жоғары)___________, бос, жүктелген немесе кеме құрамымен ____________

      Құрам ұзындығы ____________м., ені_________м., кеменің шөгуі______см.

      Кеменің шөгуі құрады ________________________________________________

      (әр қайсысының шөгуін көрсету)

      Байлау тәсілі келесіні құрады________________________________________

      (сипаттама беру)

      Кемедегі вахтада болды: палубалық командасы

      бойынша______________________________________________________________

      (қызметі, А.Ж.Ә.)

      ___________________________________________________, машина командасы

      бойынша _____________________________________________________________

      (қызметі, А.Ж.Ә.)

      Ауа райы жағдайын, жел бағытын және күшін, бағдаршам оттарын көрсету

      _____________________________________________________________________

      Авария мынадай жағдайлар кезінде болды:______________________________

      _____________________________________________________________________

      (тәулік уақытының дәл көрсете отырып аварияның толық сипаттамасын

      беру, жүру жылдамдығы, шлюзге кіруі, шлюзден шығуы немесе

      камерадан камераға өтуі)

      Шлюз тетіктері мен жабдықтарының зақымдануы__________________________

      (бұзылуға сипаттама беру)

      Адамдармен болған жазатайым оқиғалар ________________________________

      (зардап шегушінің А. Ж. Ә. және

      _____________________________________________________________________ тұрғылықты жерін, жынысын, жарақатын көрсету, қандай

      шаралар қолданды)

      Шлюздің тұрып қалуы сағатпен _______________________________________.

      Басқа кемелердің тұрып қалуы ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кеме атауын және әр кеме бойынша тұрып қалу уақытын көрсету)

      Қолдар:______________________________

      ______________________________

      ______________________________