Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 5 қараша N 340 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қараша тіркелді. Тіркеу N 984

Қолданыстағы
      Екiншi деңгейдегi банктердiң депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.):
      1) Заң департаментімен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      2) Осы қаулыны және бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) міндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Халықаралық қатынастар басқармасын (Сембиев Н.Қ.) Қазақстан

Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың 
салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) 
ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында және 
республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
                             Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық Банкі Басқармасының
                             1999 жылғы 5 қарашадағы
                             N 340 қаулысымен
                              Бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Екінші деңгейдегі Банктеріндегі
      жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті
         ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі
     


      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбi мен жағдайларын, оны iске асыру тетiгiн белгiлейдi, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн және екiншi деңгейдегi банктермен және олардың салымшыларымен (депозиторларымен) өзара қарым-қатынасын реттейдi. <*>
      Ескерту: Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

                    1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудi (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.
      Қор қызметiнiң мақсаты осы Ережеде белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердегi салымға (депозитке) салынған жеке тұлғалардың ақшасын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Осы Ереженi қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) банк-агент - Қормен агенттiк келiсiм негiзiнде салымшыларға (депозиторларға) өтеу төлемi бойынша iс-шараларды жүзеге асыратын банк;
      2) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банк (бұдан әрi - қатысушы банк) - жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлген және қатысушының куәлiгi бар банк; <*>
      3) қатысушы банктiң салымшысы (депозиторы) - қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлген қатысушы банкте салымдары (депозиттерi) бар жеке тұлға; <*>
      4) салым (депозит) бойынша өтеу - Қор салымшыға төлеуi тиiс ақша сомасы;
      4-1) осы Ереженiң 19-тармағында көзделген жағдайларда осы Ережеге сәйкес қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге кепiлдiк берiлетiн қатысушы-банк салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерiнде Қорға аударатын банктiң төлемi ақша сомасы; <*>
      5) салымдар (депозиттер) бойынша өтеу үшiн қатысушы банктер бұрын аударған мiндеттi күнтiзбелiк жарна сомасы, қордың активтерiн және жарғылық капиталының бiр бөлiгiн орналастырудан түскен кiрiс жетiспеген жағдайда қатысушы банктер осы Ережеде белгiленген тәртiппен қорға аударатын ақша сомасы; <*>
      6) мiндеттi күнтiзбелiк жарна - қатысушы банктер Қорға тоқсан сайын аударып отыратын ақша сомасы; <*>
      7) Салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға арналған резерв - Қордың жарғылық капиталы, мiндеттi күнтiзбелiк және қосымша жарналар ерiксiз таратылатын қатысушы-банктiң Қордың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiнде алынған банк төлемi, ақшасы, сондай-ақ жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қордың таза кiрiсiнiң мөлшерiнде осы Ережеге сәйкес құралатын және салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға арналған ақша сомасы; <*>
      8) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушының куәлiгi (бұдан әрi қатысушының куәлiгi) - Қордың банкке беретiн және банктiң жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысуын куәландыратын құжат;
      9) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi - негiзгi қызметi осы Ережеде белгiленген тәртiппен салымдар (депозиттер) бойынша төлемдi өтеу болып табылатын Қор және қатысушы банктер құратын жүйе; <*>
      10) төтенше жарна - осы Ережеде белгiленген тәртiппен өтеу үшiн Қор қарызға алған ақшаны өтеу мақсатында қатысушы-банктер Қорға аударатын ақша сомасы. <*>
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банк операцияларын жүргiзуге берген лицензияларда жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктiк есепшоттарын ашу және жүргiзу құқығына тiкелей нұсқау болса, осы Ереженiң талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) банктiң өз капиталынан асатын мөлшерде қабылдауға құқығы бар банктер қатысады.
      Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) банктiң өз капиталынан асатын мөлшерде қабылдауға құқығы жоқ банктер де қатыса алады. <*>
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      4. Қатысушы банк ерiксiз таратылған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) объектiсi қатысушы банктiң мерзiмдi салымдарды (депозиттердi) (салынған салым (депозит) сомасын және Ұлттық Банк Басқармасының қатысушы банктiң лицензиясының күшiн жою туралы қаулысы қабылданғанға дейiн ол бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар бойынша Ұлттық Банктiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан елу процент мөлшерiнде есептелетiн сома шегiнде немесе АҚШ долларындағы және еуродағы салымдар бойынша салынған салым (депозит) сомасын теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен есептелген жеке тұлғалардың сыйақысын (мүддесiн)) қайтару жөнiндегi банктiк салым шарттарымен немесе салым құжаттарымен расталған мiндеттемелерi болып табылады. Мынадай мiндеттемелер бұған жатпайды: <*>
      - ұсынушыға берiлген салымдар (депозиттер);
      - жеке тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша олардың салымдары (депозиттерi) - кепiлдiктерi;
      - банк акцияларының 5 проценттен астамын иеленетiн дауыс беру құқығы бар басшы қызметкерлер мен акционерлердiң салымдары (депозиттерi);
      - банктiк салым шартын жасау күнi сыйақы ставкасы Қордың Директорлар кеңесi ұсынатын салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы ставкаларының шектi көлемiнен асатын салымдарға (депозиттерге). <*>
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      5. Қор салымшыға (депозиторға) салым (депозит) бойынша өтеудi осы салым (депозит) салынған қатысушы банк ықтиярсыз таратылған жағдайда, осы осы Ережеде белгiленген тәртiппен төлейдi және мынадай жағдайларда: қатысушы-банк салым (депозит) бойынша мiндеттеменi орындаған жағдайда;
      салымшының салымы (депозитi) бойынша осы Ережеде белгiленген мөлшерде өтеу төленген жағдайда тоқтатады. <*>
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

                  2-тарау. Қорды құру тәртібі

      6. Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылады. Қордың акцияларын

Қазақстан Республикасының Үкiметi сатып алуына болады.
<*>

     Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.  

V011624_

 
    
     7. Қордың жарғылық капиталы 1 (бiр) миллиард теңге. 
     8. Қордың қызметiне Директорлар кеңесi жалпы басшылық жасайды, ол 
жетi адамнан тұрады. Қордың Директорлар кеңесiнiң құрамына Ұлттық Банктiң 
төрт өкiлi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен және Қазақстан 
Қаржыгерлерi ассоциациясынан бiр-бiр өкiл және Қордың ағымдағы қызметiне 
басшылық жасайтын және Ұлттық Банк тағайындайтын Қордың Бас Директоры 
кiредi.
<*>

     Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі           
              басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 
              274 қаулысымен.  

V011624_

 
     
     9. Қордың банктiк есепшоттары тек қана Ұлттық Банкте ашылады.
     10. Қордың ақшасы:
     1) Қор активтерiнен кемiнде 80% мөлшерде - мемлекеттiк бағалы 
қағаздарға;
     2) Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) салынады. 
     
               3-тарау. Қордың және оның Директорлар кеңесінің қызметi,
                        құқықтары және мiндеттерi
     
     11. Қор мынадай негiзгi қызметтердi орындайды:


      1) қатысушы банк ықтиярсыз таратылған жағдайда, оның салымшыларына (депозиторларына) салымдар (депозиттер) бойынша осы Ережеде белгiленген көлемде және тәртiппен өтем төлейдi;
      2) активтердi басқарады;
      3) қатысушылардың куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi;
      4) Қор Жарғысында, осы Ережеде және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
      12. Өз қызметiн орындаған кезде Қор:
      1) Ұлттық Банкпен ақпарат алмасу туралы келiсiм жасауға және осыған сәйкес қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi және осы банктерде кепiлдiк берiлген салымдардың (депозиттердiң) жалпы сомасы туралы банктiк құпия болатын мәлiметтерден басқа мәлiметтер алуға; <*>
      2) Ұлттық Банкке қатысушы банктердiң банк заңдарын және осы Ереженiң талаптарын бұзған оқиғалары туралы хабарлап отыруға;
      3) осы Ережеде белгiленген тәртiппен қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесінен шығаруға және қатысушының куәлігiн қайтып алуға;
      4) <*>
      5) ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктен ерiксiз таратылатын қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты қанағаттандыруды талап етуге; <*>
      6) өз өкiлiн банктi уақытша басқаратын әкiмшiлiктiң құрамына кiргiзуге;
      7) өз өкiлiн қатысушы банктiң тарату комиссиясының құрамына кiргiзуге сот алдында өтiнiш жасауға;
      8) өз құзыры шегiнде басқа да заңды iстердi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      13. Өз қызметiн атқарған кезде Қор:
      1) <*>
      2) Ұлттық Банкке өз қызметi туралы қаржы есебiн, оның iшiнде жылдық есептi, Ұлттық Банк белгiлейтiн тәртiппен, нысанмен және мерзiмде берiп отырады; <*>
      2-1) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу үшiн, сондай-ақ шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшiн iшкi рынокта шетел валютасын сатып алуға құқығы бар. <*>
      2-2) өзiнiң жылдық балансын, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептi қатысушы банктерге ұсынады және мерзiмдi басылымдарда жариялап отырады. <*>
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      14. Қор Директорлар кеңесінің құзыры:
      1) банктердi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне кiргiзу туралы шешiм қабылдау;
      2) қатысушы банктердiң Қорға мiндеттi күнтiзбелiк және басқа жарналарды енгiзуiнiң ставкалары мен мерзiмiн осы Ережеге сәйкес белгiлеу;
      3) қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргiзу және/немесе оған жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтату мен қайтарып алуды қоса алғанда банк заңдарында көзделген ықпал етудiң шектелген шаралары мен санкция қолдану туралы Ұлттық Банк алдында өтiнiш жасауға шешiм қабылдау;
      4) қатысушы банктердi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне)

мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығару туралы шешiм 
қабылдау;
     5) Қор активтерiн келiсiм бойынша Ұлттық Банкке сенiмдi басқаруға 
өткiзу туралы шешiм қабылдау;
     6) ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктiң салымшыларына өтем төлеу 
туралы шешiм қабылдау;
     7) банк-агенттi таңдау Директор бекiтетiн iшкi ережелерге 
сәйкес;
<*>

     8) Қор Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау және Қордың лауазымды 
адамдарын тағайындау;
     9) Қордың жыл сайынғы кiрiстерi мен шығыстары сметасын бекiту;
     10) осы Ережеге сәйкес басқа да өкiлеттiктер.
     Ескерту: 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
              2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.  

V001279_

  
     Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.  

V011624_

 
     
     15. Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерi өз мiндеттерiн атқару 
барысында қатысушы банктердiң жұмысы туралы өздерiне мәлiм болған барлық 
ақпаратты тек қызмет мақсатында ғана пайдалануға мiндеттi және алынған 
мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
жауап бередi.
<*>

     Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі          
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 
              қаулысымен.  

V001279_

 
               4- тарау. Қатысушы банктiң мiндеттерi
     
     16. Қатысушы-банк:


      1) осы Ережеге және Қор Директорлар кеңесінің шешiмдерiне сәйкес мiндеттi күнтiзбелiк және басқа жарналарын уақытылы және толық көлемде төлеуге;
      1-1) осы Ережеге сәйкес банктiң мiндеттi күнтiзбелiк және басқа да жарналары мен төлемдерiн жасау тәртiбi мен мерзiмi туралы және осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi, оның iшiнде Қордың банктiң келiсiмiнсiз оның банктiк есепшоттарынан мерзiмiнде төленбеген күнтiзбелiк, басқа да жарналар және төлемдер сомасындағы ақшаны алуға құқығын көздейтiн Қормен Шарт жасау; <*>
      2) осы Ережеде көзделген мәлiметтердi Қорға уақытылы және толық көлемде берiп тұруға;
      3) қатысушы банктi ықтиярсыз тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күннен кейiн салымшылар (депозиторлар) алдындағы мiндеттемелердiң орындалғаны туралы Қорға дереу хабарлауға;
      4) осы Ереженiң 19-тармағында көзделген жағдайларда алты ай iшiнде кепiлдiк берiлетiн салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелердi дербес өтеуге немесе банктiң салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелердi өтеу үшiн қажеттi сомада Қорға төлемдер жасауға; <*>
      5) клиенттерге қатысушы банк куәлiгiнiң номерiн және берiлген күнiн көрсете отырып, өзiнiң жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысатыны туралы, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу туралы жазбаша хабарлау жолымен және клиенттердiң жазбаша және ауызша сұрақтарына жауап беру жолымен хабарлауға;
      5-1) осы Ережеге сәйкес банктiк салым шартында жеке тұлғаның салымына (депозитiне) кепiлдiктiң болуы немесе болмауын мiндеттi түрде көрсетуге; <*>
      6) салымшылар (депозиторлар) алдында мiндеттемелердi толық және

уақытында орындау мүмкiн болмай қалған жағдай туындағаны туралы Қорға 
дереу хабарлауға;
     7) Ерiксiз таратылған жағдайда Қор Директорлар кеңесі бекiтетiн 
нысандар бойынша мәлiметтердi және қатысушы банктiң жеке тұлғалардың 
салымдарға (депозиттерге) салған ақшасын қабылдауын растайтын банк 
куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн;
<*>

     8) осы Ережеде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
     Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.  

V001279_

 
     Ескерту: 16-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі     
              басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 
              қаулысымен.  

V011624_

 
    
     17. Қатысушы банк осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтамаған 
жағдайда Ұлттық Банк оған ықпал етудiң банк заңдарында көзделген шектеулi 
шараларын және санкция қолдануға құқылы.
     
              5-тарау. Қатысушының куәлiгiн беру
                  және қайтарып алу тәртiбi
     


      18. Осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес ресiмделетiн қатысушының куәлiгi банкке осы банктi жеке тұлғалардың мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне енгiзу туралы Қор Директорлар кеңесінің шешiмi қабылданған жағдайда берiледi. Қор қатысушы банктердiң тiзiлiмiне тиiстi ақпаратты енгiзу арқылы қатысушылардың куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi. <*>
      Қатысушының куәлiгiн алған банктер қатысушы банктердiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
      Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

      19. Қатысушы банк мынадай жағдайларда:
      1) барлық банк операцияларын жүргiзуге лицензияны қайтарып алуды қоспағанда жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге қатысушы банктiң лицензиясын қайтарып алған кезде;
      2) қатысушы банкке қатысты Мiндеттi күнтiзбелiк, басқа да жарналар мен банктiң төлемдерiн жасау тәртiбi мен мерзiмi туралы шартқа сәйкес Қордың мерзiмiнде төленбеген күнтiзбелiк және басқа да жарналары және банктiң келiсiмiнсiз оның банктiк есепшоттарынан банк төлемдерi сомасындағы ақшаны алу түрiнде жүйелi түрде (он екi кейiнгi күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан да көп рет) шараларды қолданған кезде және осы Шарттың талаптарын орындамауына жауапкершiлiк болған кезде;
      осы Ереженiң 16-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындауға мiндеттi, осыдан кейiн банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылады және одан қатысушының куәлiгi қайтарып алынады.
      Сонымен бiрге қатысушы банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылады және қатысушы банктiң заңды тұлға ретiндегi қызметi тоқтатылған жағдайда оның қатысушы куәлiгi қайтарып алынады. <*>
      Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      20. Банк жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылғанда және одан қатысушы куәлiгi қайтарып алынғанда банк қатысушы банктер тiзiмiнен шығарылады. Қатысушы банктiң жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылғаны және одан қатысушы куәлiгi қайтарылып алынғаны туралы хабарлама осы шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде банкке және Ұлттық Банкке жiберiледi.
      Осы хабарламаны алған банк үш жұмыс күнi iшiнде қатысушы куәлiгiн Қорға қайтаруға мiндеттi.
      21. Қор Директорлар кеңесінің банкке қатысушы куәлiгiн беру туралы немесе қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру жүйесiнен шығару және одан қатысушы куәлiгiн қайтарып алу туралы шешiмi жиырма жұмыс күнi iшiнде - банкке қатысушының куәлiгiн беру туралы, үш жұмыс күнi iшiнде - қатысушы банктi шығару және қатысушының куәлiгiн қайтарып алу туралы республикалық газеттерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады. <*>
      Ескерту: 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      22. Қор республикалық газеттерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тоқсан сайын қатысушы банктердiң тiзiлiмiн және қатысушы банктердiң тiзiлiмiндегi өткен тоқсандағы өзгерiстер туралы мәлiметтерді жариялап тұрады. <*>
      Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

                6-тарау. Салымдар (депозиттер) бойынша
                өтем үшiн резерв қалыптастыру тәртiбi

      23. Қор салымшылар алдындағы мiндеттемелерiн орындау үшiн Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, басқа ұйымдардан қарыз алуға немесе олардың кепiлдiгiмен Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасынан жоғары емес ставка бойынша қарыз алуға құқылы.
      24. Мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасы Ұлттық Банк бекiткен әдiстемеге сәйкес әрбiр қатысушы банк үшiн оның қаржы жағдайына байланысты жеке белгiленедi және мiндеттi күнтiзбелік жарнаны төлеу алдында есеп беретiн тоқсанның соңғы күнiне салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн сомасынан 0,125%-тен 0,375%-ке дейiн болады. <*>
      Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

      25. Қор қатысушы банкке мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасының өзгергенi туралы Қор Директорлар кеңесі белгiлеген мерзiмде хабарлайды. <*>
      Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_

      26. Осы Ережеге сәйкес оларды қайтару жөнiнде кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер қатысушы банктiң депозиттерiнiң жиынтық сомасына проценттiк ара қатынасы ретiнде белгiленетiн қатысушы банкке қатысты оның қаржылық жағдайына байланысты мiндеттi күнтiзбелiк жарналарының ең көп жиынтық мөлшерiн жеке белгiлеуге құқылы, содан соң қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарналарын төлеудi тоқтатады. Қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарының жиынтық мөлшерi ең көп мөлшерден төмендеген кезде қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарна төлей бастауға тиiс. <*>
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      27. Қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарна сомасының есебiн мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасының абсолюттi мәнiн есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 1-i күнгi жағдай бойынша қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн салымдар (депозиттер) сомасын көбейту жолымен шығарып отырады. <*>
      Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_

      28. Қатысушы банктер Ұлттық Банктегi Қор есепшотына мiндеттi күнтiзбелiк жарналарын осы Ережеге сәйкес өздерi аударып отырады.
      29. Салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн резерв қалыптастыру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      салымдар /депозиттер/ бойынша толық көлемде өтем үшiн қатысушы банктер бұрын төлеген мiндеттi күнтiзбелiк жарналар, банк төлемдерi сомасы және жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс пайдаланылады; <*>
      салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн бұрын құралған сома жетiспеген жағдайда Қордың жарғылық капиталының ақшасы пайдаланылады, бiрақ 500 млн. теңгеден аспауы керек;
      салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн бұрын құралған сома жетiспеген жағдайда салымдар /депозиттер/ бойынша жетiспеген өтем сомасының 50%-iн қатысушы банктер Қордың банктiк есепшотына аудару арқылы енгiзiледi, ал салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн жетiспейтiн соманың қалған 50%-i осы Ереженiң 23-тармағына сәйкес Қордың қарыз алуы есебiнен төленедi. <*>
       Ескерту: 29-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      30. Қатысушы банктердiң қосымша және төтенше жарналар салу ставкалары мен мерзiмiн Қордың Директорлар кеңесі қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн банктер тартқан салымдарға (депозиттерге) мөлшерлес етiп белгiлейдi. <*>
      Ескерту: 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_

      30-1. Жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн резервке жатқызылады. <*>
      Ескерту: 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 30-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      31. Салымдар (депозиттер) бойынша өтем ретiнде Қор төлеген таратылған қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты Қордың болашақ талаптарын қанағаттандыру есебiнен, сондай-ақ қатысушы банктер тартқан қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн салымдар /депозиттер/ мөлшерiне байланысты қатысушы банктердiң төтенше жарналары есебiнен өтеледi, оның мөлшерi мен мерзiмiн Қор Директорлар

кеңесі белгiлейдi.
<*>

     Ескерту: 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.  

V001279_

  
     Ескерту: 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
              2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.  

V011624_

 
     
     32. Ұлттық Банктiң қатысушы банкке банк заңдарында көзделген 
шектелген ықпал ету шараларын және санкция қолдануы бұл банктi мiндеттi 
күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеуден босатпайды.
    
            7- тарау. Салымдар /депозиттер/ бойынша өтем төлеу 
                       тәртiбi мен шарттары
     
     33. Қор қатысушы банктiң әрбiр салымшысына /депозиторына/ салымдары 
(депозиттерi) және қайтару жөнiндегi 
мiндеттемелерге кепiлдiк берiлген ол бойынша есептелген сыйақы (мүдде), 
бойынша мынадай мөлшерде өтем төлейдi:
     200 мың теңгеге дейiнгi салымдар (депозиттер) (негiзгi борыш және 
есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 100 %;
     200 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейiнгi салымдар (депозиттер) 
(негiзгi борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 200 мың теңге және 
200 мың теңгеден асқан сомадан 80 %;


      400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейiнгi салымдар (депозиттер) (негiзгi борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 360 мың теңге және 400 мың теңгеден асқан сомадан 60 %;
      600 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейiнгi салымдар (депозиттер) (негiзгi борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 480 мың теңге және 600 мың теңгеден асқан сомадан 40 %;
      800 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейiнгi салымдар (депозиттер) (негiзгi борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 560 мың теңге және 800 мың теңгеден асқан сомадан 20 %;
      1 млн. теңгеден жоғары салымдар (депозиттер) (негiзгi борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 600 мың теңге және 1 млн. теңгеден асқан сомадан 10 %. <*>
      Бiр салымшының (депозитордың) салымдары (депозиттерi) бiр салым (депозит) ретiнде жинақталып қаралады.
      Салым (депозит) бойынша есептелген сыйақы (мүдде) сомасы сыйақы (мүдде) салымның (депозиттiң) негiзгi берешегiн көбейтуге бағытталған жағдайлардан басқа кезде өтеуге жатпайды.
      Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

      34. Өтем салым салынған валютамен төленедi. Шет ел валютасымен өтем мөлшерi салым (депозит) салынған қатысушы банктi ықтиярсыз тарату туралы соттың шешiмi күшiне енген күнi Ұлттық Банк кеден және салық төлемдерін есепке алу мақсатында белгiлеген шет ел валютасының теңгеге шаққандағы ресми бағамы бойынша айқындалатын, осы Ереженiң 33-тармағында көрсетiлген өтем мөлшерiне сәйкес келедi. <*>
      Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
               қаулысымен. V001279_

      35. Қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығару және банктен қатысушының куәлiгiн қайтарып алу Қор Директорлар кеңесінің банктен қатысушының куәлiгiн қайтарып алу туралы шешiмi қабылданған күнге дейiн осы банкке салынған салымдар (депозиттер) бойынша Қордың мiндеттемелерiн тоқтатпайды. <*>
       Ескерту: 35-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

      36. Қатысушы-банктi ықтиярсыз тарату туралы соттың шешiмi күшiне енген күнгi жағдай бойынша салымдарды (депозиттердi) өтеу есебiн қатысушы банк көрсетiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қорға тапсыруы тиiс. <*>
       Ескерту: 36-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      37. Қор қатысушы-банктi ықтиярсыз тарату туралы соттың шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейтiн агент-банк, салымшылардың (депозиторлардың) салымдар (депозиттер) бойынша өтемдердi алатын жерi (жерлерi) мен кезеңдерi туралы екi республикалық газетке хабарлама жариялайды. Осы ақпаратты салымшы (депозитор) тiкелей Қордан алуға құқылы. <*>
       Ескерту: 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      38. Қор агенттiк келiсiм негiзiнде мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиiс агент банк арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейдi:
      банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болуы тиiс;
      банктiң касса операцияларын жүргiзуге лицензиясы болуы тиiс.
      Агент банктi таңдаған кезде мыналар ескерiледi:
      банктiң агенттiк келiсiмдi жасаған күнге дейiн алты ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
      салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу үшiн қажеттi орындарда филиалдардың және/немесе есеп айырысу-касса бөлiмдерiнiң болуы;
      банк Қор және қатысушы банктердiң салымшыларына салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеудiң неғұрлым тиiмдi талаптарын ұсынады.
      Өзге талаптардан басқа депозиттер бойынша Қор және агент банк арасында жасалатын өтем төлеуге арналған агенттiк келiсiмде мiндеттi түрде агент банктiң Қордың агент банкке салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеуге аударған салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резерв ақшасын уақтылы және мақсатты пайдалануы жөнiндегi мiндетi болуы тиiс.
      Қор агент банктiң қызметiне сыйақы төлемейдi. <*>
       Ескерту: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      39. Қор агент-банк арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеген кезде агент-банкке төлем жасау көзделген салымдар (депозиттер) бойынша өтелуге тиiстi соманы көрсете отырып, салымшылардың (депозиторлардың) тiзiмiн бередi және агент-банктiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк есепшотына қажеттi сомасын аударады. <*>
       Ескерту: 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_

      40. Қатысушы банктiң салымшысы (депозиторы) қатысушы банктi ықтиярсыз тарату туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн екі айдың iшiнде агент-банкке салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеуi туралы өтiнiш жасайды. Өтiнiшке банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары мен олардың көшiрмелерi қоса салынуы тиiс. <*>
      Егер салымшының (депозитордың) осы өтiнiштi жасауына мүмкiндiк бермеген жағдайлар кедергi келтiрген болса, Басқарманың шешiмi бойынша салымшының (депозитордың) өтiнiшi негiзiнде өтiнiш жасау мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
      Ескерту: 40-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      41. Агент-банк ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктегi салымдар (депозиттер) туралы Қордан және салымшыдан (депозитордан) алынған мәлiметтердi салыстырып тексередi. Салымшының (депозитордың) қатысушы-банкке талап ету құқығы расталған кезде Қор 15 жұмыс күнi iшiнде салымшыға (депозиторға) агент-банк арқылы өтем төлейдi. Егер өтем төлеген кезде комиссия шығыстарын төлеу көзделсе, олар агенттiк келiсiмге сәйкес Қор есебiнен төленедi. <*>
      Қор салымдар (депозиттер) бойынша өтемге арналған резерв жетiспеген жағдайда салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол мерзiм 60 жұмыс күнiнен аспауы керек.
      Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      42. Салымдар (депозиттер бойынша) өтем жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда ғана төленедi.
      Салымшыға (депозиторға) өтем төлеген кезде салым (депозит) бойынша өтеуге ұсынылған сомадан толық емес көлемде банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқасында және олардың көшiрмелерiнде салымшыға (депозиторға) төленген өтемнiң сомасын көрсеткен Қордың агент-банкiнiң белгiсi және салымшының (депозитордың) көрсетiлген соманы алғандығын растайтын қолы қойылады. Аталған құжаттардың түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылады, ал агент-банк олардың көшiрмелерiн Қорға бередi. <*>
      Ескерту: 42-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 42-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
               қаулысымен. V011624_

      43. Салымшыға (депозиторға) салым (депозит) бойынша өтеуге мәлiмделген сома толық көлемде төленген жағдайда банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары және олардың агент банк куәландырған көшiрмелерiн агент-банк Қорға жiбередi. <*>
      Ескерту: 43-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
      Ескерту: 43-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      43-1. Агент банк агенттiк келiсiмнiң барлық шарттарын орындаған кезде ол салымшыларға (депозиторларға) төленуi тиiс, бiрақ олар талап етпеген ақшаны салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резервке есептеу үшiн Қорға қайтарады. <*>
      Ескерту: 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      44. Салымдар (депозиттер) бойынша төленген өтем туралы ақпарат және төлемдi растайтын құжаттарды агент-банк ай сайын Қорға жiберiп отырады. Қор өз кезегiнде осы ақпаратты ықтиярсыз таратылатын қатысушы банкке жiбередi. <*>
      Ескерту: 44-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      44-1. Қатысушы банктiң тарату комиссиясының Қормен талаптарды қанағаттандыруы жөнiндегi есеп айырысуы банктердi ықтиярсыз тарату мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар Қордың салымдар (депозиттер) бойынша өтемдi есептеуге сәйкес, ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктен алған, бiрақ Қордың нақты төлеген өтем сомасынан асатын ақша сомасы резервке салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн жiберiледi. <*>
      Ескерту: 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_

      45. Егер қатысушы банк салымшы (депозитор) хақында да кредитор немесе кепiлшi ретiнде болған жағдайда салым (депозит) бойынша өтеу мөлшерi салымшыға (депозиторға) төленуге тиiстi салым (депозит) бойынша өтелетiн сома мен қатысушы банктiң орындау мерзiмi жеткен қарсы талаптарының сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленедi.
      46. Қатысушы-банктiң салымшысы (депозиторы):
      1) өзi салым (депозит) салған банктен жеке тұлғалардың салымдарына

(депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне 
банктiң қатысуы туралы мәлiмет (ақпарат) алуға;
     2) Қорға қатысушы банктiң салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi 
мiндеттемелерiн орындамау фактiлерi туралы хабарлауға;
     3) Қордан салымдар (депозиттер) бойынша осы Ережеде белгiленген 
шарттармен өтем алуға;
     4) қатысушы банктен өз талаптарын Қордан алынған салымдар 
(депозиттер) бойынша өтемнен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге 
құқылы.
     
                      8-тарау. Қорытынды ережелер
     
     47. Салымшыларға (депозиторларға) өтем төлеуге байланысты мәселелер 
бойынша туындаған даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
     48. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес шешiледi.
     
     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкінің Төрағасы
     
    
     
     ______________________________________________________________________


                                   Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/ мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру /сақтандыру/ ережесiне N 1 Қосымша <*>

     Ескерту:  Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.  

V001279_

 
 
    _______________________________________________________________________
     
     "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/ 
     кепiлдiк беру /сақтандыру/ қоры" жабық акционерлiк қоғамы
     
      Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/
                 мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру
              /сақтандыру/ жүйесiне қатысушының
     
                        Куәлігі
     
     _____________________жыл     N ___________________
     
     Осы куәлiк _______________________________________
                      /банктiң атауы/
     
     жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/ мiндеттi ұжымдық 
кепiлдiк беру /сақтандыру/ жүйесiне қатысатынын растайды. 
     Аталған банк ықтиярсыз таратылған кезде оның теңгемен, АҚШ долларымен 
және еуромен салынған мерзiмдiк салымды (депозиттi) қайтару жөнiндегi 
мiндеттемелерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк 
құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен кепiлдiк берiледi.
     
     "Қазақстанның жеке тұлғалардың
     салымдарына /депозиттерiне/
     кепiлдiк беру /сақтандыру/ қоры"
     жабық акционерлiк қоғамы
     Директорлар кеңесінің төрағасы                 /қол қоятын жерi/
     
                                                   МО
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
     Икебаева А.Ж.