Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 354. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 қараша N 1279 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200 қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 P991438_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiндегi:
      2-тармақтағы 9) тармақшада "өнiмдерiн" деген сөзден кейiн "оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн оқушылардан түсетiн төлем; оқушылардың жұмысы үшiн мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі