Жекелеген кеден режимдерінің шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті және уақытша сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерді лицензиялаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 3 қараша N 530-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 973. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952368_ және лицензиялау туралы заңдарға U952200_ сәйкес Бұйырамын:
      1. Жекелеген кеден режимдерiнің шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (1-қосымша).
      2. Кеден қоймасын, еркiн қойманы, уақытша сақтау қоймасын және бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға арналған лицензиялардың нысандары бекiтiлсiн (2, 3, 4, 5-қосымшалар).
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Кеден режимдерiн және кедендiк ресiмдеудi бақылауды ұйымдастыру бас басқармасы (Байболов М.) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
      5. Баспасөз қызметi (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      7. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға
                                                 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 03.11 N 530-Б бұйрығына 1-қосымша


      Жекелеген кеден режимдерiнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын
      қызметтi және уақытша сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулердi
             лицензиялаудың тәртiбi туралы нұсқаулық

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық лицензиялау туралы заңдарға және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден қоймасын, еркiн қойманы, бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға арналған лицензияларды берудің тәртiбiн, сондай-ақ берiлген лицензияларды тоқтата тұрудың, қайтарып алудың тәртiбiн айқындайды. Лицензияны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
      2. Кеден органдары лицензияны тиiстi үй-жайлары немесе орындары кеден қоймасына, еркiн қоймаға, уақытша сақтау қоймасына (бұдан әрi - қоймалар) және бажсыз сауда жасайтын дүкенге қойылатын талаптарға жауап беретiн тұлғаларға берiледi.
      3. Қоймалардың және бажсыз сауда жасайтын дүкеннің құрылымына және жабдықталуына қойылатын талаптарды Кеден комитетi айқындайды.

      2. Лицензия берудiң тәртiбi

      4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысымен бекiтiлген нысанда лицензия беру туралы тұлғаның өтiнiшi;
      2) қызмет аумағында үй-жай немесе орын орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының қоймалардың және бажсыз сауда жасайтын дүкеннің құрылымы мен жабдықтарына қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келуi туралы қорытындысы;
      3) лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек.
      5. Лицензиялау туралы заңдармен белгiленген негiздемелер бойынша лицензиялар берiлмейдi.

      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың және лицензияны
      қайтарып алудың тәртiбi

      6. Лицензиат лицензияда көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда Кеден комитетiнің шешiмi бойынша лицензияның қолданылуы алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн.
      7. Кеден комитетi қызмет аумағында қоймалары немесе бажсыз сауда жасайтын дүкенi тұрған кеден органының қойылған талаптарға сәйкес еместiгi туралы не кеден заңдарының бұзылу фактiлерi туралы қорытындысы негiзiнде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.
      8. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткi болған себептер жойылғаннан кейiн лицензияны қолдануды қайта күшiне енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап лицензияны қолдану қайта күшiне енедi. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру және оның қолданылуын күшiне енгiзу туралы шешiм Кеден комитетiнің бұйрығы нысанында қабылданады.
      9. Лицензиялау туралы заңдармен белгiленген жағдайда лицензия сот

тәртiбiмен қайтарып алынады.
     10. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру 
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңына сәйкес кеден ережелерiн бұзғаны үшiн салынатын жаза түрiнде 
қолданылады.
     
     4. Лицензияның қолдану күшiн жою
     
     11. Лицензия:
     1) лицензиялар қайтарып алынған;
     2) тұлға кәсіпкерлiк қызметiн тоқтатқан, заңды тұлға қайта құрылған 
немесе таратылған жағдайда өзiнің қолданылуын тоқтатады.
     12. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензияның қолданылуы
сақталады.
     
     5. Қорытынды ережелер
     
     13. Кеден органдарының лицензиялауға байланысты шешiмдерiне тұлғалар 
заңдармен белгіленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева А.Ж.