"Қазақстан Республикасындағы кеден қызметі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бұйырамын: 1. Мыналар бекітілсін: 1) Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (1-қосымша); 2) Еркін айналымдағы тауарларды есепке алу кітабының нысаны (2-қосымша). 2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Кедендік режимдер мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастырудың Бас басқармасы (М. Байболов) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін. 4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б.Жұмабаевқа жүктелсін. 6. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді. Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 ж. 03.11. N 533-Б бұйрығына 1-қосымша
Еркін қойманың қызметін ұйымдастыру туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 71-бабына сәйкес еркiн қойманың кедендiк режимi дегенiмiз - шетелдiк тауарлар тиiстi үй-жайларда кеден бажын, салықтарды алмастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан сақталатын, отандық тауарлар Заңда айқындалатын тәртiппен экспорттаудың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын жағдайларда орналастырылатын және пайдаланылатын кеден режимi.
2. Еркiн қоймаларда ұқсатуға арналған (спирттен басқа) тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
3. Еркiн қойма - еркiн қойманың кеден режимiне сәйкес онда тауарларды орналастыруға арналған арнайы қойма.
4. Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясын алғаннан кейiн тағайындалады.
5. Заңның 3-бабына сәйкес еркiн қоймалардың аумағы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылады.
6. Еркiн қойманың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
7. Еркiн қоймаларда уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойма бөлiгiнде тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтайтын жағдайларды қоспағанда, тауарлар еркiн қоймаларда шексiз мерзiмдерде сақталуы мүмкiн.
2. Еркiн қоймаларды жайғастыру мен жабдықтауға және
иелерiне қойылатын талаптар
8. Еркiн қоймаларды жайғастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар еркiн қойманың кедендiк тәртiбiне қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк өлшемдерiне байланысты белгiленедi.
9. Еркiн қойманы тағайындауға арналған үй-жай немесе орын өрт қауiпсiздiгiнің талаптарына, санитарлық-тұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
1) жайғасуы мен жабдықталуы мыналарды:
кедендiк бақылаудан басқа, еркiн қоймадан тауарларды орналастыру және алып кету;
белгiленген рұқсат пункттерiнен тысқары қойма аумағына бөгде адамдардың тауарларға енiп кету мүмкiндiгiн болдырмауды қамтиды;
2) аумақ бүкiл көлемi бойынша белгiленген және қоршалған болуы тиiс;
Қажет болған кезде кеден органдары еркiн қойманы тағайындауға арналған үй-жайды немесе орынды қосарланып жабылатын, олардың бiреуi қызметiнің ауқымында дәл осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болатын құрылғылармен жабдықтауды талап етуге құқықты.
3) еркiн қойманың кеден режимiне орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi үй-жайлардың немесе орындардың иелерiне қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, кеден органдарының қызметкерлерiне арналған жабдықтар мен байланыс құралдары берiлуi тиiс.
10. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойманың бөлiгi уақытша сақтау орнына қойылатын мiндеттi талаптар туралы Кеден комитетiнің бұйрығымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек.
11. Еркiн қоймалар олар жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiм бойында белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
12. Еркiн қоймалар иелерiнің мiндеттерi Заңның 78-бабында айқындалған.
13. Кеден органы қойма иесiнің талап-тiлегi бойынша еркiн қойманы тауарларға, еркiн қойманың өткiзу мүмкiндiгiне және еркiн қойманың жұмыс iстеуiне қатысы бар басқа да факторларға байланысты пайдалану рәсiмiн келiседi.
3. Тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде
тауарларды кедендiк ресiмдеу
14. Тауарларды еркiн қоймаға орналастыру уақытша сақтау рәсiмiне сәйкес не жүк-кеден декларациясы негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
15. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын еркiн қойманың
оқшауланған бөлiгiнде тұрған тауарлар еркiн қойманың кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделгеннен кейiн еркiн қойманың басқа бөлiгiне ауыстырылуға жатады. 16. Уақытша сақтау орындарында (еркiн қоймадан басқа) уақытша сақтауда тұрған тауарларды еркiн қоймаға орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. 17. Еркiн қойма еркiн қойманың кедендiк режимiне қойылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзілетін орын болуы мүмкiн. 18. Еркiн қоймаға тауарларды әкелу немесе одан әкету кезiнде қойманың иесi осы ниетi туралы кеден органының алдын ала құлақтандыруға мiндеттi. Құлақтандырудың нысаны мен оны берудің мерзiмiн кеден органы белгiлейдi. 4. Еркiн қоймалардағы тауарлармен жүргізiлетiн операциялар 19. Еркiн қоймаларда мынадай операциялар жүргiзiлуi мүмкін: 1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде: тазарту; желдету; кептiру (оның iшiнде жылу ағысын келтiре отырып); сақтаудың оңтайлы температуралық режимiн жасау (салқындату, тоңазыту, жылыту); қорғаныш құндағына орналастыру; қорғаныш мақсатында майлау және консерванттармен өңдеу; таттан қорғау үшiн сырлау; алдын ала сақтандыру саңылауларын қалдыру; коррозияларға қарсы жамылғылармен жабу; 2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiнде: топтарға бөлу; жөнелтiмдердi ресiмдеу; сорттау; құндақтау; қайта құндақтау; маркiлеу; тиеу, түсiру, қайта тиеу; жеткiзе жинақтауға немесе жұмыс жағдайына келтiруге байланысты қарапайым операциялар; тауарларды ұтымды орналастыру мақсатында қойманың шегiнде ауыстыру; тауарларды көрме алаңдарына орналастыру; тестiден өткiзу; 3) ұқсату жөнiндегi операциялар:
әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталуға тиiстi монтажды құрастыру мен қиыстыруды қоса алғанда, басқа тауарларды жасау (өңдеу);
ұқсастандыру ұқсатудың бiрден бiр шарты болып табылатын ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды ұқсастандыруға мүмкiндiк беретiн сипаттамаларын өнiмдердi ұқсату кезiнде сақтай отырып өзiнің жеке сипатын шетелдiк тауарлар жоғалтатын, тауар өңдеудің түрi;
тауарларды жөндеу, оларды қалпына келтiрудi қоса алғанда;
ұқсату тауарларын өндiрудi жеңiлдетуге, оларды толық және iшiнара ұқсату процесi барысында пайдалануға арналған кейбiр тауарларды пайдалану. Мұндай операция осы тармақшаның көрсетiлген абзацтарының бiрiнде екiншi болып орындалуы мүмкiн.
Бүлiнген мүлiктердi монтаждау, бұзу, бүлдiру, алып тастау және/немесе жою;
4) өзге де операциялар, мыналарды:
тауарларды технологиялық жабдықтар және оларға қосалқы бөлшектер ретiнде пайдалану;
тауарларды тиеу-түсiру техникасы, еркiн қоймаларда пайдаланылатын өзге де техникалық құралдар ретiнде пайдалану;
көрмелер ұйымдастыру.
20. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көрсетiлген еркiн қоймаларда орналастырылған тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) 1), 2) тармақшаларда көрсетiлгендерi - кедендiк органды құлақтандыра отырып;
2) 3), 4) тармақшаларда көрсетiлгендерi - кеден органының рұқсаты
бойынша, мұндай рұқсаттың нысанын кеден органы белгiлейдi. 21. Осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген операциялар тоғыз таңбалы деңгейдегi сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасы бойынша сыныптау кодын өзгертуге байланысты, осы тауарлардың сипаттамаларын (сапаларын) өзгертуге тиiстi емес. 22. Еркiн қоймада орналасқан және кедендiк бақылауға жататын тауарлардың Заңның 208-бабына сәйкес кеден органы ұқсастыруы мүмкiн. Ұқсастырудың тәсiлiн қойма иесiнің пiкiрiн ескере отырып, кеден органы белгiлейдi. 5. Еркiн қоймада сақтаулы тауарлар туралы есеп пен есептiлiк 23. Еркiн қоймада сақтаулы тауарлар еркiн қойманың кедендiк режимiне сәйкес мiндеттi түрде есепке алынуға жатады. 24. Еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, сақталатын, жасалатын, ұқсатылатын, сатып алынатын, сатылатын және қоймадан әкетiлетiн тауарлар туралы есеп жүргiзедi және кеден органдарына есеп берiп тұрады. 25. Еркiн қоймалардағы тауарлармен болған кез келген өзгерiстер есеп құжаттарында көрсетiлуi тиiс. 26. Еркiн қоймаларды сақтаулы тауарлардың есеп нысанын қойманың иесiмен келiсiм бойынша кеден органы белгiлейдi. Бұл ретте есептеудiң жүйесiне: 1) есеп кiтабы; 2) кедендiк есеп құжаты енгiзiледi. 27. Есеп кiтабы есептің басқа да жүйелерiне пайдаланылуына қарамастан, белгiленген нысанда, оның ішінде автоматты түрде жүргiзiледi. Кiтапты жүргiзудің тәртiбiн кедендiк органдар айқындайды. 28. Есеп кiтабындағы жазбалар мынадай тәртiппен:
1) орналастырылатын тауарлар туралы - еркiн қоймаға тауарларды орналастыру сәтiнде, бiрақ тауарларды еркiн қоймаға әкету сәтiнен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей;
2) әкетiлетiн тауарлар туралы тауарларды еркiн қоймалардан тiкелей әкету кезiнде енгiзiлуi тиiс.
29. Кеден органының келiсiмiмен есеп кiтабын онда барлық қажеттi мәлiметтер болатындай жағдайда белгiленген нысаннан өзгеше жүргiзуге рұқсат етiледi.
30. Кеден органдары еркiн қоймаларға орналастырылатын және қоймалардан әкетiлетiн тауарларға кедендiк есеп құжатының нысанында есеп жүргiзедi. Кедендiк есеп құжаты ретiнде жүк-кеден Декларациясы пайдаланылады.
31. Еркiн қоймада сақтаулы, жасалатын және өңделетiн тауарларды есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi жүргiзу үшiн қолданылатын құжаттар пайдаланылады. Мұндай құжаттарда: тауарлардың атаулары мен ұқсастырылған белгiлер, олардың сапасы, тауарлар мен көлiк құралдарының еркiн қойманың шегiнде қозғалуы туралы мәлiметтер, еркiн қоймада олармен болған кез келген өзге де өзгерiстер көрсетiлген жағдайда.
32. Еркiн қоймада орналасқан тауарлардың есеп құжаттары кемiнде бес жыл сақталады.
33. Еркiн қоймаларды иеленушiлер тапсыратын еркiн қоймаларда
орналасқан тауарлар туралы есептердің нысаны мен кестесiн қызмет аумағында осындай қоймалар орналасқан кеден органдары белгiлейдi. Бұл ретте есеп кеден органдарына үш айда кемiнде бiр рет берiлiп отыруы керек. 34. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын қолдан қолдануға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептердің берiлуiн талап етуге құқықты. Мұндай жағдайда есептi еркiн қойманың иесi кеден органының бастығы жазбаша талап қойған күннен бастап жетi күннің iшiнде беруi тиiс. 6. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу ушiн жауаптылық. Кеден бажын, салықтарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану 35. Кеден бажын, салықтарды алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану Заңның 79-бабына сәйкес жүргiзiледi. 36. Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуi үшiн жауапкершiлiктi еркiн қоймаға тауарларды орналастырған адам көтередi. 7. Еркiн қойма иесiнiң еркiн қоймаларға тауарларды орналастыратын адамдармен және кеден органдарымен өзара қатынасы 37. Еркiн қоймалардың иелерi мен еркiн қоймаларға тауарларды орналастырушы адамдардың қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 38. Еркiн қоймалардың иелерi кеден органдарымен еркiн қоймалардың иелерiмен кеден органдары бiрлесiп бекiткен өзара қатынастың сызба-жобасы бойынша әрекет етедi. 8. Еркiн қойманы тарату 39. Еркiн қойманы тарату туралы талап Кеден комитетi бұйрығының нысанында қабылданады. 40. Еркiн қойманы тарату туралы шешiм қабылданған сәттен бастап еркiн қоймада орналасқан барлық тауарлар уақытша қоймада сақтаулы және таңдап алынған кедендiк режимге сәйкес кедендiк ресiмделуге жатады деп есептелiнедi. 41. Еркiн қойманы тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.